ЖҰмыс бағдарламасы мамандығы: 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»



бет1/6
Дата17.06.2016
өлшемі0.49 Mb.
#143309
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

НУТРИЦИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН





051102 - «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы үшін

«Азық-түліктің ҚАУІПСІЗДІГІ»
элективтік циклы бойынша


оқу-әдістемелік кешені
Курс - 5

Алматы, 2012


Мазмұны
Жұмыс бағдарламасы………………………………………………………………..
Силлабус……………………………………………………………………………..
Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік ұсыныстар……………………………
Студенттердің өз бетінше орындайтын жұмыстарының

әдістемелік ұсыныстары…………………………………………………………….


Студенттердің оқытушы жетекшілігімен өз бетінше орындайтын

жұмыстарының әдістемелік ұсыныстары……………………………………………


Пән бойынша білім мен дағдыларын бағалау үшін

бақылау-өлшеу құралдары …………………………........................................................................



«Бекітемін»

Оқу-әдістемелік жұмыс бойынша проректор,

м.ғ.д., профессор К.А. Тулебаев

________________________

«____» ___________ 2012 ж.


«Азық-түліктің ҚАУІПСІЗДІГІ»
элективтік циклы бойынша
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Мамандығы: 051102 - «Қоғамдық денсаулық сақтау»
Курс - 5
Семестр –ІХ, Х
Тәжірибелік (семинарлық) сабақтар 30 сағат
ОСӨЖ 14 сағат
СӨЖ 46 сағат
Барлығы 90 сағат
Бақылау формасы: емтихан

Алматы, 2012

1.1.Пәннің жұмыс бағдарламасының құрылымы


  1. Жалпы мәліметтер.

ЖОО аты: С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті.

Кафедра: нутрициология.

Мамандығы: 051102 - «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Оқу сағаттарының көлемі- 90 сағат

Сабақ өтетін курсы мен семестрі- 5 курс, IХ, Х семестр.

2. Бағдарлама

2.1. Кіріспе

Тағам организмнің зат алмасу күйі және ағзалар мен жүйелердің функционалдық жағдайына, қоршаған ортаның қолайсыз факторларының әсеріне тұрақтылыққа маңызды әсер етеді. Сондықтан тағам қауіпсіздігінің мәселесі осы саладағы биохимиктер, микробиологтар, технологтар, токсикологтар, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарын сондай-ақ тұтынушының да жұмыла кұш салуын талап етеді.



2.2. Элективтік цикл мақсаты:

Адам денсаулығы мен ұрпақ генофонды қалыптасуында маңызды роль атқаратын азық-түліктің сапасы мен қауіпсіздігін анықтау әдістерін меңгеріп, игерген, жоғары білікті бакалаврларды дайындау.



2.З. Оқыту міндеттері:

  • Гигиеналық нормативтерге сәйкес азықтардың жіктелуі туралы заманауи білімді

қалыптастыру;

  • Азық-түліктің сапасы мен қауіпсіздігінің көрсеткіштері туралы білімді қалыптастыру;

  • Мекеме өндіруші қадағалайтын азықтың тағамдық құндылығы мен қауіпсіздігінің талаптарға сай болуы туралы өнеркәсіптік бақылаудың білімдерін қалыптастыру.

2.4.Оқытудың ақырғы нәтижесі:

Білімді қалыптастыру:

  • Азық-түліктерді стандарттау бойынша Халықаралық ұйымдардың сарапшыларымен ISO (ИСО) қабылданған негізгі терминдер мен ұғымдарды үйрету.

  • Жоғары сапалы азықтарға қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты мәселелерді айқындау.

  • Еліміздегі және шет елдердегі халық денсаулығы мен денсаулық сақтаудағы перспективалық мәселелерді шешудегі жағдайларымен таныстыру.

  • Еліміздегі ұлт саулығын сақтаудағы тағами саясат пен денсаулық сақтаудағы заңдылықтар және тағам саласындағы қабылданған құжаттардың негіздері туралы білімді қалыптастыру.

Дағдыларды қалыптастыру:

  • азық-түліктің сапасына жауап беретін арнайы мамандарды дайындау;

  • азық сапасының тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттігін сыртқы және ішкі нарықта қадағалау мен қамтамасыздауға үйрету.

  • қолданыстағы гигиеналық нормативтер талаптарының қадағалануын бақылау.

2. 5 Пререквизиттер

-микробиология, жалпы гигиена, қоршаған орта мен денсаулық.



2.6 Постреквизиттер

  • магистратура пәндері

2.7. Тақырыптық жоспар:
Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары



Тақырып

Сабақты өткізу формасы

сағаты

1.

Азық-түліктерді стандарттау, оның гигиеналық және құқықтың маңызы.

Оқулық, әдістемелік құралмен жұмыс, ауызша сұрау.

6

2.

Азыққа санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу.

Оқулық, әдістік құралмен жұмыс, ауызша сұрау.

6

3.

Азық-түліктер, материалдар мен бұйымдар сапасы мен қауіпсіздігінің көрсеткіштері жайында тұтынушыларға арналған ақпарат.

Оқулық, әдістік құралмен жұмыс, ауызша сұрау

6

4.

Сапасыз және қауіпті азық шикізаттарының сараптамасы, оларды қолдану немесе жою.

Оқулық, әдістік құралмен жұмыс, ауызша сұрау

6

5.

Халық денсаулығына, азық-түліктің сапасы мен қауіпсіздігінің мониторингісі.

Оқулық, әдістемелік құралмен жұмыс, ауызша сұрау

6




Барлық сағат:




30

ОСӨЖ тақырыптық жоспары



Тақырып

Сабақты өткізу формасы

сағат

1

Азық-түліктің қауіпсіздігінің ҚР нормативтік-заңдылық негіздері.

Жазбаша жұмыс

6

2

Азық-түліктердің гигиеналық көрсеткіштері бойынша стандарттар мен техникалық жағдайларға сәйкестігін зерттеу.

Жазбаша жұмыс, тест тапсырмаларын шешу

6

3

Азық-түліктің қауіпсіздігін бағалау және критерийлері.

Тест тапсырмаларын шешу

2




Барлық сағаты:

14



СӨЖ тақырыптық жоспары



Тақырып

Сабақты өткізу формасы

сағат

1.

Трансгенді тағам.

Рефераттық хабарлама, презентация

6

2.

Қауіпті азық ластаушылары.

Рефераттық хабарлама, презентация

6

3.

Қауіпті азық-түліктер.

Рефераттық хабарлама, презентация

6

4.

Уытты азық-түліктер.

Рефераттық хабарлама, презентация

6

5.

Е класындағы тағамдық үстемелер.

Рефераттық хабарлама, презентация

6

6.

Гендік модифицирленген тағам: мүмкіндіктері мен қауіп төну болжамы.

Рефераттық хабарлама, презентация

6

7.

Мұздатып қатырылған тағам өнімдері.

Рефераттық хабарлама, презентация

6

8.

Суррогат өнімдер, олардың маңызы.

Рефераттық хабарлама, презентация

4




Барлық сағаты:

46

    1. Оқыту мен сабақ жүргізу әдістері:

- Тәжірибелік сабақ: оқытушымен бірге теориялық материалды талқылау; оқу әдебиеттерімен жұмыс жасау, тапсырмаларды орындау(сұрақтарға жазбаша жауап жазу, кестелер толтыру т.б.); тест жазу, ауызша сауал.

- Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысы (ОСӨЖ) - оқытушының белсенді кеңес беруімен пән тақырыптарын студенттердің өзбетінше оқуы

- Студенттердің өзбетінше орындайтын жұмысы (СӨЖ) – әдебиеттермен жұмыс, ғаламтор-ресурсы, электрондық тасымалдағыштағы оқу және ғылыми материалдармен жұмыс, презентация және тақырыптық рефераттар жасау.



2.9 Білім мен дағдыларды бағалау әдістері

Күнделікті бақылау: t –құзырлық қалыптасу деңгейін бағалау:

t =(Z+N+K+P+S)/n

n – барлық құзыр бойынша тапсырмалар саны

Z: z1+z2+…+znбілімі үшін бағасы

N: n1+n2+…+nnдағдысы үшін бағасы

K: k1+k2+…kn коммуникативтік құзыр үшін бағасы

P: p1+p2+…+pnқұқықтық құзыр бағасы

S: s1+s2+…snСӨЖ бағасы

Әрбір құзыр 100-балдық шкаламен бағаланады.




Дәстүрлі баға

Критерийлер

Балл

«А» 4

Сабаққа қатынасу, ауызша талдауда толық жауап беру, тестілеу «95-100%», берілген тапсырмаларды толық орындау

95-100 б.

«А-» 3,67

Сабаққа қатынасу, ауызша талдауда аздап қателіктер жіберу, тестілеу «90-94%», берілген тапсырмаларды нақты орындамау

90-94 б.

«В+» 3,33

Сабаққа қатынасу, ауызша талдауда аздап қателіктер жіберу, тестілеу «85-89%»

85-89 б.

«В» 3,0

Сабаққа қатысу, ауызша талдауда дөрекі қателіктер жіберу, тестілеу «80-84%»

80-84 б.

«В-» 2,67

Сабаққа қатысу, ауызша талдауда дөрекі қателіктер жіберу, тестілеу «75-79%», тапсырманы толық орындамау.

75-79 б.

«С+» 2,33

Сабаққа қатысу, ауызша талдауда дөрекі қателіктер жіберу, тестілеу «70-74%».

70-74 б.

«С» 2,0

Сабаққа қатысу, ауызша талдауда дөрекі қателіктер жіберу, тестілеу «65-69%», тапсырманы толық орындамау.

65-69 б.

«С-» 1,67

Сабаққа қатысу, ауызша талдауда дөрекі қателіктер жіберу, тестілеу «60-64%», тапсырманы толық орындамау.

60-64 б.

«D+» 1,33

Сабаққа қатысу, ауызша талдауда дөрекі қателіктер жіберу, тестілеу «55-59%», тапсырманы толық орындамау.

55-59 б.

«D-» 1,0

Сабаққа қатысу, ауызша талдауда дөрекі қателіктер жіберу, тестілеу «50-54%», тапсырманы толық орындамау.

50-54 б.

«F» 0

Қатысу, материалды білмеу, тапсырманы орындамау

0-49 б.




Сабаққа қатыспау

0 б.


Аралық бақылау r – коллоквиум. Өткізу саны мен формасы пән саясатымен анықталады.

Студентті қорытынды бағалаудың жіберу рейтингісі 60 %-н кем болмауы тиіс, пән бойынша семестрді бағалау мына формуламен есептеледі:



R1= (t+r1+r2)/*0.6

t – күнделікті бақылау

r1 - алғашқы рейтинг

r2 - екінші рейтинг

Қорытынды бақылау – интегрирленген емтихан, екі кезеңнен тұрады:

1) тестілеу,

2) ауызша( билет бойынша, тәжірибелік дағдыларды т.б тексеру)

Е = (Е12)/2*0,4

мұндағы Е1 –емтиханның I кезеңінің балы,



Е2 – емтиханның I І кезеңінің балы.

ҚР (қорытынды рейтинг) = ЖР (жіберу рейтингі) + ҚБР (қорытынды бақылау рейтингі)

I = R х 0,6 + E х 0,4,

I – қорытынды бағалау

R– жіберу рейтингі

E – қорытынды бақылауды бағалау (пән бойынша емтихан)

Қорытынды рейтинг - жіберу рейтингісі 60% және қорытынды бақылау емтихан - 40% құрайды.



2.10 Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

  1. Королев А.А. Гигиена питания. Москва, 2006. С. 530.

  2. Петровский К.С., Ванханен В.Д. Гигиена питания (учебник). М., Медицина, 1982г. С.

  3. Тағам гигиенасы, Оқу құралы. 2010. 156 бет.

  4. Ванханен В.Д., Лебедева Е.А. Руководство к практическим занятиям по гигиене питания. М., Медицина, 1987г.

  5. Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. Метаболические основы питания с курсом общей биохимии. Алматы, 1998г.

  6. Соловей И. Лучшая книга о питании. Минск, 2009, С. 350.

  7. ҚР тұрғындарының денсаулығын сақтау мен қорғау Кодексі 18.09.2009ж.

Дополнительная литература:

  1. Шарманов Торегельды. Питание – как важнейший фактор здоровья человека. Алматы, 2010. С. 480.

  2. Красовский О.А. Генетически модифицированная пища: возможности и риски // Человек, 2002, № 5, с. 158-164.

  3. Монастырский О. ГМ-монстры рвутся на наши поля и оккупируют прилавки // Экос, 2003, № 3, с. 42-47.

  4. Поморцев А. Мутации и мутанты // Фaкел, 2003, № 1, с. 12-15.

  5. Рогачев В. Генетическая революция, первые шаги. // Эхо планеты, 2000, № 28, с. 6-9.

  6. Свердлов Е. Что может генная инженерия. // Здоровье, 2002, № 1, с. 51-54.

  7. Чечилова С. Трансгенная пища. // Здоровье, 2000, № 6, с. 20-23.

  8. ҚР «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы Заң» 4 мамыр 2010 жыл № 274-IV ҚРЗ.


«Азық түліктердің қауіпсіздігі»
элективтік циклы бойынша
СИЛЛАБУС

Мамандығы: 051102 - «Қоғамдық денсаулық сақтау»
Курс - 5
Семестр –ІХ, Х
Тәжірибелік (семинарлық) сабақтар 30 сағат
ОСӨЖ 14 сағат
СӨЖ 46 сағат
Барлығы 90 сағат
Бақылау формасы: емтихан

Алматы, 2012

1.1 ЖОО аты: С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті.

1.2 Кафедра: нутрициология.

1.3 Мамандығы: 051102 - «Қоғамдық денсаулық сақтау»

1.4 Оқу сағаттарының көлемі- 90 сағат

1.5 Сабақ өтетін курсы мен семестрі- 5 курс, IХ, Х семестр

1.6 Оқытушылар жөніндегі мәліметтер:


Аты-жөні


Ғылыми дәрежесі, лауазымы, атағы

Ғылыми қызығушылығы

Ғылыми жетістіктері

1

Шарманов Төрегелді Шарман ұлы

м.ғ.д., академик, кафедра меңгерушісі

Нутрициология, диетология, гигиена, санитария, эпидемиология, биология

Ресей ҒМА және ҚР ҰҒА академигі,

Қазақ Тағамтану академиясы жанындағы диссертациялық кеңестің төрағасы,

«Здоровье и болезнь» журналының негізін қалаушы, Ақтөбе медициналық академиясының қадірлі профессоры, Астана қаласының медициналық академиясының қадірлі профессоры,

Қарағанды қаласының медициналық академиясының қадірлі профессоры,

Алматы технологиялық университетінің профессоры, көптеген ғылыми - медициналық журналдардың бас редакторы, ДДҰ Леон Бернард атындағы сыйлығының иесі, «Тарлан» атты диплом премиясының иесі, «ҚазҰМУ алтын фонд» номинациясының иесі.


2

Алдашев Ахмет

Алдашұлы


м.ғ.д., профессор

нутрициология, диетология, гигиена, санитария, эпидемиология, биология

ҚТА жанындағы диссертациялық кеңестің мүшесі,

Қазақ энциклопедиясының медициналық секциясының жетекшісі, Қазақстан дәрігерлері мен провизорлар ассоциациясының вице-президенті, Біріншілік звенодағы отбасылық дәрігерлер мен терапевттерге санат беру комиссиясының мүшесі, бірқатар ғылыми-медициналық журналдың редакциялық мүшесі, МАК комиссиясының мүшесі



3

Бужикеева Алима Батыршаевна

б.ғ.к., доцент оқу ісіне жауапты


нутрициология, диетология, гигиена, санитария, эпидемиология, биология

Докторлық диссертация жұмысын орындауда, ОӘК мүшесі, проблемалық комиссия мүшесі, Қазақ тағамтану академиясының ғылыми бағдарламаларына қатысады


4

Ли Марина Вячеславовна

б.ғ.к., доцент

нутрициология, диетология, гигиена, санитария, эпидемиология, биология, қалыпты физиология

Әдістемелік жұмыстар бойынша жауапты, кафедра ішілік бақылауға жауапты, ЖШС ұйымдарының (Алматы қ) 4 стандартын құрастырушы, БАҚ арқылы салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттаушы, Қазақ тағамтану академиясының ғылыми бағдарламаларына қатысады

5

Хасенова Гулстан

м.ғ.к., доцент

нутрициология, диетология,

гематология



Кафедрада студенттердің ғылыми үйірмесіне жауапты, кафедраның кәсіподақ комитетіне жауапты, БАҚ арқылы салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттаушы, Қазақ тағамтану академиясының ғылыми бағдарламаларына белсенді қатысады

6

Бердығалиев Айдар

Болатұлы


М.ғ.к.,оқытушы

нутрициология, диетология, гигиена, санитария

Қазақ тағамтану академиясының ғылыми бағдарламаларына белсенді қатысады.

7

Кожахметова Айгуль Нагашбековна

Аға оқытушы

нутрициология, диетология, гигиена, санитария, эпидемиология

Кандидаттық диссертация жұмыс орындалуда.

БАҚ арқылы салауатты өмір салты мен тамақтануды насихаттау,

Қазақ тағамтану академиясының

ғылыми бағдарламаларына белсенді қатысады



8

Сукенова Динара Асыкбаевна

оқытушы

нутрициология, диетология, гигиена, санитария, эпидемиология

Эдвайзер . БАҚ арқылы салауатты өмір салты мен тамақтануды насихаттау,

Қазақ тағамтану академиясының

ғылыми бағдарламаларына белсенді қатысады.


9

Ушанская Елена Юрьевна

М.ғ.к., оқытушы

нутрициология, диетология, гигиена, санитария, эпидемиология

Эдвайзер.БАҚ арқылы салауатты өмір салты мен тамақтануды насихаттау, Қазақ тағамтану академиясының ғылыми бағдарламаларына белсенді қатысады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет