Жұмыс бағдарламасы мамандықтың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты Қр мжмбс 08. 367-2006 және типтік бағдарлама негізінде әзірленген бакалавриаттың



Дата27.06.2016
өлшемі170.72 Kb.
#161080
түріЖұмыс бағдарламасы
Жұмыс оқу бағдарламасының Нысан

титулдық парағы ПМУ ҰС Н 7.18.3/30


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Көліктік техника және логистика кафедрасы

Жүк және коммерциялық жұмыстар негіздері пәнінен


050901 – Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру мамандық студенттеріне арналған

ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар


Мамандықтың мемлекеттік жалпыға Нысан

міндетті білім беру стандарты және типтік ПМУ ҰС Н 7.18.1/06


бағдарлама негізінде әзірленген жұмыс
оқу бағдарламасын бекіту парағы
БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

________ Н.Э. Пфейфер

2010 ж. «___»________

Құрастырушы: ________аға оқытушы, магистр, Имангазинова Д. Б.


Көліктік техника және логистика кафедрасы
Жүк және коммерциялық жұмыстар негіздері пәні бойынша
050901 – Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру мамандық студенттеріне арналған
ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Жұмыс бағдарламасы мамандықтың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты ҚР МЖМБС 3.08.367-2006 және типтік бағдарлама негізінде әзірленген бакалавриаттың 050901 – Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру мамандығы бойынша типтік оқу бағдарламасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің (РОӘК) 22 маусым 2006 ж. хаттамасымен бекітілді және қосылды.


2010 ж. «_23 »___08___ кафедра отырысында ұсынылған №1 хаттама.
Кафедра меңгерушісі ____________ Е. К. Ордабаев 2010 ж. «_23_» ___08___

Металлургия, машина жасау және көлік факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған 2010 ж. «_24_»__08_____ №1 хаттама



ОӘК төрағасы _____________ Ж. Е. Ахметов 2010 ж. «_24_»____08____

КЕЛІСІЛДІ
ММжК Факультет деканы ___________ Т. Т. Тоқтағанов 2010 ж. «_24_»__08__


МАҚҰЛДАНДЫ:

ОҮЖжӘҚБ бастығы ___________ А.А. Варакута 20__ ж. «____»_____________


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

20__ж. «___»______________ №____ хаттама



1 Пәннің мақсаты - студенттердің жүк коммерциялық жұмыстарды басқару және ұйымдастыру негіздерін меңгеруі; студенттердің жүк және коммерциялық операциялары мен жүк тасымалдау технологияларын орындау бойынша жұмыстарын ұйымдастыруды істей білуі; жүк және коммерциялық жұмыстарында математикалық әдістер мен ақпараттық технологияларды қолдану.

Пәннің міндеті - көліктің жүк және коммерциялық жұмыстар негіздерін оқу.

Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттерде:

- жүк және коммерциялық жұмыстардың техникалық құралдарын, көліктік-логистикалық жүйеде тасымалдауды ұйымдастыру тәсілдерін жетілдіруді;

- коммерциялық істер жөніндегі мамандардың тасымалдауды ұйымдастыру және басқаруды;

- көліктік құқықтық негіздері, тарифтер құру, көліктік экспедициялық қызмет көрсетудің жаңа әдістері, жүктерді аралас, халықаралық қатынастарда тасымалдауды білу;

- жаңа жетілдірілген технологияларда жүк және коммерциялық жұмыстарды ұйымдастыра білуі;

- АБЖ және тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыру және автоматтандыру, АБЖ шартында есептеу техникаларын пайдалана білуі;

- техникалық құралдарды жетілдіру, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ете білуі, әр түрлі жүктерді тасымалдау барысында қоршаған ортаны сақтау, әсіресе, қауіпті, ауыр және төгілмелі жүктерді икемді болу;

- контейнерлер мен автомобильдердің қажетті парктерін есептеу;

- жүк тасымалдау үшін тасымалдау төлемдерін анықтау;

- календарлы жоспар құрастыру;

- тасымалдау құжаттарын толтыру тәжірибелік машықтарды иемдену қажет.


2 Пререквизиттер

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар қажет:

«Жоғары математика», «Информатика», «Метрология, стандартизация және сапаны басқару», «Өміртіршілік қауіпсіздігі».
3 Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет:

«Біртұтас көлік жүйесі», «Көліктік құралдар», «Тиеу-түсіру жұмыстарының технологиясы мен механизациясы», «Көліктік логистика», «Көлік құралдары мен құрылыстарды жобалаудың негіздері», «Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорны менеджменті».


4 Пәннің мазмұны

4.1 Пәннің тақырыптық жоспары


№ р/с



Тақырыптар атауы

Сабақ түрлері бойынша қарым-қатынастық сағаттар саны

дәрістер

тәжірибелік (сем)

СӨЖ

1

Кіріспе

1

-

6

2

Жүк және коммерциялық жұмысты басқару негіздері

1

-

6

3

Жүк және коммерциялық жұмыстардың техникалық құралдары және концентрация беруі

2

3

6

4

Жүк және коммерциялық операциялардың орындалу технологиясы. Жүк тарифтері

1

3

6

5

Кірме жолдардың жұмысын ұйымдастырудың жалпы негіздері

2

-

6

6

Жаппай тасымалданатын жүктерді тасымалдау технологиясы

1

3

6

7

Жүктерді аралас қатынаста тасымалдаудың жүк және коммерциялық операцияларын басқару

2

3

6

8

Жүктерді халықаралық қатынаста жүк тасымалдаудың жүк және коммерциялық операцияларын басқару

2

-

6

9

Тасымалдау жауапкершіліктері

1

3

6

10

Темір жол көлігіндегі жүк және коммерциялық жұмыстарын жетілдіру жолдары

2

-

6

БАРЛЫҒЫ :

15

15

60


4.2 Пән тақырыптарының мазмұны


1 тақырып. Кіріспе

«Жүк және коммерциялық жұмыстар негіздері» пәнін оқыту мақсаты және басқа пәндермен байланысы. Көліктік жүйедегі жүк және коммерциялық жұмыстардың ролі. Жүк және коммерциялық жұмыстардың орындаудың техникалық негіздері. Жүк және коммерциялық жұмыстарды ұйымдастыру аймағы. Жүк және коммерциялық жұмыстар мақсаты.

2 тақырып. Жүк және коммерциялық жұмысты басқару негіздері

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ. Жол бөлімшесі. Станса. Жүк және коммерциялық жұмыстарды басқару құрылымын ұйымдастыру.

Қатынас түрлері және жүк тасымалдау түрлері. Жергілікті, тікелей, тікелей аралас, тікелей халықаралық теміржол – су қатынасы. Ұсақ, азтонналы, вагондық және маршруттық тасымал.

Жүк тасымалдау үрдісін реттеу. «Теміржол көлігі туралы» заң. Жүк тасымалдау ережелері.

Тасымалдау жоспарын ұйымдастыру негіздері. Тасымалдау жоспарының негізгі көрсеткіштері. Жүк айналымы. Вагонға тиелетін жүк саны. Статистикалық жүктеме. Динамикалық жүктеме. Тасымалдаудың орташа қашықтығы. Жеделдетілген жоспарды құрастыру тәртібі.

3 тақырып. Жүк және коммерциялық жұмыстардың техникалық құралдарды және концентрация беруі

Жүк жұмыстарының концентрациясы. Жүк жұмыстарын жоспарлау. Жүк стансаларының түрлері. Жүк стансаларын басқару құрылымын ұйымдастыру.

Көліктік – қоймалық кешен және жүк фронттары. Көліктік – қоймалы кешендердің құрылғыларының түрлері. Жүк фронттарын есептеу теориясы.

Салмақты өлшеу құрылғылары, тасымалданатын жүк мөлшері. Таразылардың түрлері. Таразылардың құрылымы. Салмақты, мөлшерді өлшеу жұмысын автоматтандыру.

Жүк фронттарының құрылғыларының экономикалық – математикалық тиімді модельдерін құрастыру.

4 тақырып. Жүк және коммерциялық операциялардың орындалу технологиясы. Жүк тарифтері

Стансаның жүкті қабылдау және тиеу жұмысының технологиясы. Жүкті тасу мерзімі. Вагонға жүкті тиеу тәртібі. Вагонда пломбылау.

Тарифтер, тасымалдау құнын анықтау және коммерциялық операцияларды автоматтандыру. Жүк тарифін құру және түрлері. Жүк тасымалдау құнын анықтау (АЖО ТВК).

Жүктерді тасымалдау кезінде көрсетілетін операциялар. Вагондарға коммерциялық тексеріс жүргізу. Жүктерді қайта тиеу. Сұрыптау. Комерциялық ақауларды жөндеу.

Жүкті жеткізу мерзімін анықтау.

Стансалар мен жүк кешендерінің ақпараттық жүйелері. Коммерциялық операцияларды орындаудың автоматты түрі. Жүк стансаларының автоматты басқару жүйесі.

Жүктерді ұсақ, аз тонналы қатынастарда тасымалдау; пакеттерде және контейнерлерде. Тасымалдау мінездемесі. Тасымалдауды ұйымдастыру.

Көліктік – экспедициялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру. Көліктік – экспедициялық қызмет көрсету түрлері.

Жүк вагондарының паркі. Вагонның жүк көтерімділігін пайдалану. Вагонды пайдалану сипаттамасы. Вагонның жүккөтерімділігін және сыйымдылығын арттыру шаралары.

Ашык жылжымалы құрамда жүктерді бекіту және орналастыру. Вагонның көлденең тұрақтылығы. Жүкті бекіту түрлері. Көлденең, тік және біріңғай инерциялық күштер. Күштің есептік мәні. Арнайы вагондарда жүкті бекіту және орналастыру ерекшеліктері.

5 тақырып. Кірме жолдардың жұмысын ұйымдастырудың жалпы негіздері

Өндірістік көліктің түрлері, кірме жолдар және оларды пайдалану ережелері. Пайдалануға ашық кірме жолдар.

Кірме жолдар мен станциялардың жетілдірілген технологиялық үрдістері. Кірме жолдар мен станциялардың біріңғай технологиялық үрдісі.

Кірме жолдарындағы жүк және коммерциялық операциялар.

Кірме жолдарды пайдалану шарттары.

6 тақырып. Жаппай тасымалданатын жүктерді тасымалдау технологиясы

Жанатын рудно-металликалық жүктерді тасымалдау технологиясы. Жанатын, металлургиялық жүктердің сипаттамасы. Жаппай тасымалданатын жүктерді тасымалдау кезіндегі ерекшеліктер.

Сусымалы жүктерді тасымалдау технологиясы. Сусымалы жүктердің сипаттамасы. Сусымалы жүктерді маршруттармен тасымалдау ерекшеліктері. Стансада мұнай өнімдерін құю технологиясы. Төгу стансасының жұмысы.

Орман жүктерін тасымалдау технологиясы. Орман жүктерін тасымалдау шарттары мен сипаттамасы. Орман жүктерін тиеу, түсіру және сақтау. Орман жүктерін тасымалдауға арналған жылжымалы құрам түрі.

Нан жүктерін тасымалдау технологиясы. Нан жүктерінің сипаттамасы және тасымалдау шарттары. Астық өнімдерін тиеу-түсіру жұмысын ұйымдастыру.

Тасымалдауды маршруттау. Маршруттар түрі.

7 тақырып. Жүктерді аралас қатынаста тасымалдаудың жүк және коммерциялық операцияларын басқару

Қауіпті жүктерді тасымалдау. Қауіпті жүктердің түрлері. Жүкті қабылдау, тиеу, құжаттар толтыру. Жеке қауіпті жүктерді тасымалдаудың ерекше шарттары. Апат жағдайларын жою.

Габаритсіз жүктерді тасымалдау технологиясы. Теміржол габариттері. Габаритсіз жүктердің бөлінуі. Габаритсіздікті есептеу.

Жолаушыларды, жүкті және почтаны тасымалдау кезінде көрсетілетін операциялар. Жолаушылар тарифі және жиналымдар.

8 тақырып. Жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдаудың жүк және коммерциялық операцияларын басқару

Тікелей аралас теміржол-су қатынасы. Өсудің қалпы мен болашағы. Тасымалдау шарттары. Тасымалдау құжаттарын толтыру.

Ауыстыру пунктінің жұмыс технологиясы, олардың жұмыс технологиясын жоспарлау және ұйымдастыру. Ауыстыру пунктінің өңдеу қабілеттілігі.

9 тақырып. Тасымалдау жауапкершіліктері

Халықаралық қатынаста нормативті-құқықтық бақылау. Халықаралық теміржол қатынастарында келісім жасау.

Жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдауды ұйымдастыру және орындау. Қайта тиеу және қайта тиемеу қатынасы. Вагондарды бірге пайдалану және ауыстырма парктер. Қайта тиеу құжаттары, тарифтер.

Шекаралы стансалардың жұмыс технологиясы. Шекаралы стансалардың сипаттамасы. Шекаралы стансалардағы АБЖ. Тасымалдау шарттарын өзгерту, жеткізу мерзімі.

Кедендік операциялар.

10 тақырып. Темір жол көлігінде жүк және коммерциялық жұмыстарын жетілдіру жолдары

Тасымалдау кезіндегі теміржол мен жүк жөнелтушілердің жауапкершілігі.

Сақталмаған тасымалдау түрлері. Сақталмаған тасымалдаудың анализдері, оларды құжаттандыру. Актің жалпы түрі. Коммерциялық акты. Сақталмаған тасымалдау кезінде жүргізілетін анализдер мен санақтарға ақпаратты жүйелерді пайдалану.

Сақталмаған шағымдарды қарау шарттары. Шағымдарды қарау және беру мерзімі.

4.3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны және тізімі


1) 3 тақырып. Жүк және коммерциялық жұмыстардың техникалық құралдарды және концентрация беруі

Қойма түрін және ашық қойма параметрлерін анықтау.

Көліктік – қоймалық кешен және жүк фронттары. Көліктік – қоймалы кешендердің құрылғыларының түрлері.

2) 3 тақырып. Жүк және коммерциялық жұмыстардың техникалық құралдарды және концентрация беруі

Жабық қойманың негізгі параметрлерін анықтау.

Көліктік – қоймалық кешен және жүк фронттары. Көліктік – қоймалы кешендердің құрылғыларының түрлері.

3) 3 тақырып. Жүк және коммерциялық жұмыстардың техникалық құралдарды және концентрация беруі

Жүктік аула құралын есептеу.

Салмақты өлшеу құрылғылары, тасымалданатын жүк мөлшері.

4) 3 тақырып. Жүк және коммерциялық жұмыстардың техникалық құралдарды және концентрация беруі

Механизация құралдарын таңдау.

Жүк фронттарының құрылғыларының экономикалық – математикалық тиімді модельдерін құрастыру.

5) 4 тақырып. Жүк және коммерциялық операциялардың орындалу технологиясы. Жүк тарифтері

Паддонда және контейнерде жүк тасымалдау.

Жүктерді ұсақ, аз тонналы қатынастарда тасымалдау; пакеттерде және контейнерлерде.

6) 6 тақырып. Жаппай тасымалданатын жүктерді тасымалдау технологиясы

Тиеу-түсіру пункттары мен қоймалар.

Орман жүктерін тиеу, түсіру және сақтау.

Астық өнімдерін тиеу-түсіру жүмысын ұйымдастыру.

7) 7 тақырып. Жүктерді аралас қатынаста тасымалдаудың жүк және коммерциялық операцияларын басқару

Қауіпті жүк тасымалдауды ұйымдастыру

Қауіпті жүктерді тасымалдау. Қауіпті жүктердің түрлері. Жүкті қабылдау, тиеу, құжаттар толтыру. Жеке қауіпті жүктерді тасымалдаудың ерекше шарттары.

8) 9 тақырып. Тасымалдау жауапкершіліктері

Жүк фронттарының өлшемдерін есептеу.

Жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдауды ұйымдастыру және орындау.
4.4 Студенттің өздік жұмысының мазмұны
4.4.1 СӨЖ түрлерінің тізімі



СӨЖ түрі

Есеп беру нысаны

Бақылау түрі

Сағатқа шаққандағы көлемі

1

Дәріс сабағына дайындалу

Конспект

Сабаққа қатысу

20

2

Тәжірибелік сабақтарға дайындалу (сабақ тақырыбы бойынша материал оқу,есеп дайындау)

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

20


4

Аудиториялық сабақтар мазмұнына кірмеген материалды оқу

Конспект

(және басқа)



Коллоквиум

(және басқа)



10

5

Бақылау шараларына дайындалу




РК 1, РК 2, тестілеу

10

Барлығы:

60

4.4.2 Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі

1) 1 тақырып. Кіріспе

Жүк және коммерциялық жұмыстардың орындаудың техникалық негіздері. Жүк және коммерциялық жұмыстарды ұйымдастыру аймағы. Жүк және коммерциялық жұмыстар мақсаты.

Ұсынылатын әдебиет: [10].

2) 2 тақырып. Жүк және коммерциялық жұмысты басқару негіздері

Қатынас түрлері және жүк тасымалдау түрлері. Жергілікті, тікелей, тікелей аралас, тікелей халықаралық теміржол – су қатынасы. Ұсақ, азтонналы, вагондық және маршруттық тасымал.

Ұсынылатын әдебиет: [10, 15].

3) 2 тақырып. Жүк және коммерциялық жұмысты басқару негіздері

Жүк тасымалдау ережелері. Тасымалдау жоспарын ұйымдастыру негіздері. Тасымалдау жоспарының негізгі көрсеткіштері. Жүк айналымы.

Ұсынылатын әдебиет: [10, 15].

4) 4 тақырып. Жүк және коммерциялық операциялардың орындалу технологиясы. Жүк тарифтері

Жүк тарифін құру және түрлері. Вагонға жүкті тиеу тәртібі. Вагонды пломбылау.

Ұсынылатын әдебиет: [7, 8].

5) 4 тақырып. Жүк және коммерциялық операциялардың орындалу технологиясы. Жүк тарифтері

Жүктерді қайта тиеу. Сұрыптау. Комерциялық ақауларды жөндеу. Жүкті жеткізу мерзімін анықтау. Коммерциялық операцияларды орындаудың автоматты түрі.

Ұсынылатын әдебиет: [7, 8].

6) 4 тақырып. Жүк және коммерциялық операциялардың орындалу технологиясы. Жүк тарифтері

Көліктік – экспедициялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру. Вагонды пайдалану сипаттамасы. Арнайы вагондарда жүкті бекіту және орналастыру ерекшеліктері.

Ұсынылатын әдебиет: [7, 8].

7) 5 тақырып. Кірме жолдардың жұмысын ұйымдастырудың жалпы негіздері

Пайдалануға ашық кірме жолдар. Кірме жолдарындағы жүк және коммерциялық операциялар. Кірме жолдарды пайдалану шарттары.

Ұсынылатын әдебиет: [10].

8) 6 тақырып. Жаппай тасымалданатын жүктерді тасымалдау технологиясы

Жаппай тасымалданатын жүктерді тасымалдау кезіндегі ерекшеліктер. Сусымалы жүктерді тасымалдау технологиясы. Нан жүктерін тасымалдау технологиясы.

Ұсынылатын әдебиет: [10, 12, 15].

9) 7 тақырып. Жүктерді аралас қатынаста тасымалдаудың жүк және коммерциялық операцияларын басқару

Габаритсіз жүктерді тасымалдау технологиясы. Жолаушылар тарифі және жиналымдар.

Ұсынылатын әдебиет: [10, 15, 16].

10) 8 тақырып. Жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдаудың жүк және коммерциялық операцияларын басқару

Тасымалдау шарттары. Тасымалдау құжаттарын толтыру. Ауыстыру пунктінің өңдеу қабілеттілігі.

Ұсынылатын әдебиет: [3, 5, 7, 8].

11) 9 тақырып. Тасымалдау жауапкершіліктері

Шекаралы стансалардың жұмыс технологиясы. Тасымалдау шарттарын өзгерту, жеткізу мерзімі. Кедендік операциялар.

Ұсынылатын әдебиет: [9, 10, 11].

12) 10 тақырып. Темір жол көлігінде жүк және коммерциялық жұмыстарын жетілдіру жолдары

Сақталмаған тасымалдау түрлері. Актің жалпы түрі. Сақталмаған шағымдарды қарау шарттары.

Ұсынылатын әдебиет: [3, 4, 5, 6].



5 Әдебиеттер тізімі

Негізгі


  1. Гражданский кодекс Республики Казахстан. Алматы, Юрист, 2004.

  2. Закон Республики Казахстан №266-11 «О железнодорожном транспорте» от 8.12.2001.

  3. Временный устав железных дорог Республики Казахстан №70 от 19.01.96 г., Алматы, 1996.

  4. Служебная инструкция к Соглашению о международном железнодорожном грузовом сообщении. Официальное издание. М., 1998.

  5. Правила перевозок грузов. Алматы, Медиа-Транспорт, 2005.

Қосымша

  1. Правила перевозок грузов железнодорожным транспортом. Справочник. М. Юртранс, 2003.

  2. Тарифное руководство №1, 2, 3. М.: Транспорт, 1994.

  3. Тарифное руководство №4 (кН. 1, 2, 3). М.: Транспорт, 2001.

  4. Технические условия погрузки и крепления грузов. М.: Транспорт, 1990.

  5. Управление грузовой и коммерческой работой на железнодорожном транспорте. Учебник для ВУЗов. А. А. Смехов, В. В. Повороженко, А. Т. Дерибас и др.; Под ред. А. А. Смехова. 1990.

  6. Типовой технологический процесс работы грузовой станции. М.: Транспорт, 1989.

  7. Правила перевозок опасных по железным дорогам. М.: Транспорт, 1997.

  8. Правила безопасности и порядок ликвидации аварийных ситуаций с опасными грузами при перевозке их по железным дорогам/ Под ред. А. М. Островского. Новосибирск, 1997.

  9. Таблица калибровки железнодорожных цистерн. М.: Транспорт, 2000.

  10. Дерибас А. Т. и др. Контейнерная транспортная система. М.: Транспорт, 1989.

  11. Пашков А. К., Полярин Ю. М. Пакетирование и перевозка тарно-штучных грузов. М.: Транспорт, 2000.


Мамандық жұмыс оқу Нысан

жоспарынан көшірме ПМУ ҰС Н 7.18.3/32

050901 – Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру

мамандығының жұмыс оқу жоспарынан көшірме

«Жүк және коммерциялық жұмыстар негіздері» пән атауы




Оқу нысаны

Пәннің көп еңбекті қажет етуі

Семестр бойынша бақылау нысандары

Сем


Семестр бойынша студенттердің жұмыс көлемі

кре-дит-тер

академиялық сағат

кре


Аудиториялық сабақ

(ак. сағат)



СӨЖ

(ак. сағат)



Бар-лығы

ауд

СӨЖ

емт

естр

дит

тер


бар-лығы

дәр

тәжірибе

лік


бар

лы

ғы



СӨЖ

ОБ база-сындағы іштей

2

90

30

60

5

5


2

30

15


15

90

30


Кафедра меңгерушісі __________ Е. К. Ордабаев 2010 ж. «_23_» __08___

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет