ЖҰмыс бағдарламасы павлодар 2009 Пәннің оқу үрдісінде алатын орны, мақсаты мен міндеті



бет5/7
Дата11.06.2016
өлшемі0.52 Mb.
#128349
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

14-тақырып. Дипломатиялық құқық.

Мемлекеттің сыртқы қатынастар органдары. Сыртқы қатынастардың мемлекетішілік органдары: парламент, мемлекет басшысы, үкімет, сыртқы істер ведомствосы – сыртқы қатынастарының жалпы құзіреттерінің органы ретінде. Басқа министерствалар және ведомствалардың ролі. Қазақстанның 1995 жылғы Конституциясы бойынша сыртқы қатынастар органдары. Қазақстан Республикасының Президенті. Қазақстан Республикасының Парламенті. Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігі. Сауда және өнеркәсіп министрлігі және оның сыртқы экономикалық байланыстарды дамытудағы ролі. Қазақстан Републикасының Президентінің 2004 жылғы 4 ақпандағы № 1287 «Қазақстан Республикасының Өкілеттілігі мен оған теңестірілген дипломатиялық ережелерін бекіту туралы» жарлығы.

Сыртқы қатынастардағы шетел органдары. Дипломатиялық өкілдіктер. Сауда. Өкілдігі. Консулдық. Халықаралық ұйымдардағы мемлекеттің өкілділіктері. Сыртқы қатынастардағы уақытша шетел органдары.

Ұсынылатын әдебиеттер: [2], 155бет; [3], 141бет



15-тақырып. Консулдық құқық.

Қазақстанның шетелдермен жасасқан консулдық конвенциялары. Консулдық мәселелері бойынша Қазақстан Заңдары. 1963 жылғы консулдық қатынастар жөніндегі Вена конвенциясы.

Консулдық артықшылықтар мен иммуниттер. Консулдық артықшылықтар мен имуниттердің дипломатиялық артықшылықтар мен иммуниттерден айырмашылығы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [5], 165-167бет; [6], 41бет



16-тақырып. Халықаралық қауіпсіздік құқығы.

Ұжымдық қауіпсіздік. Біріккен Ұлттар Ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік жүйесі. Аймақ негізіндегі ұжымдық қауіпсіздік. Аумақтық келісімдер және ұйымдар. Олардың қызметтерінің құқықтық жағдайлары. 1975 жылғы Европа ынтымақтастығы және қауіпсіздік жөніндегі қорытынды акт. Азия және басқа да континенттер жөніндегі аумақтық қауіпсіздік мәселелері. Азиядағы сенім шараларын бекіту мәселелері бойынша Қазақстанның бастамашылығы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [7], 100бет; [3], 141бет

17-тақырып. Қылмыспен күресудегі халықаралық ынтымақтастық.

Ынтымақтастық аясы:

а) Құлдықпен күрес, құл сатумен және адамдарды сатудың басқа да нысандары. 1926 және 1956 жылдардағы конвенциялар.

б) психотроптық заттар және есірткі құралдарын заңсыз өндіру және таратумен күрес. Ортақ конвенция

в) теңіздегі қарақшылықпен күресу;

г) әуе кемелерін заңсыз басып алу және азаматтық авиацияның қауіпсіздігіне бағытталған басқа да заңсыз әрекеттермен күресу. 1970-жылғы Гаага Конвенциясы. 1971-жылғы Монреаль Конвенциясы. Қазақстанның бір қатар көрші мемлекеттермен жасасқан әуе кемелерін айдап кетуді болдырмау туралы екі жақты шарттары.

д) әр түрлі нысандардағы халықаралық терроризм. 1973-жылғы халықаралық қорғауға ие тұлғаларға, сонымен бірге дипломатиялық агенттерге қарсы қылмыстарды болдырмау және жазалау туралы Конвенция. Жалдамалылық үшін жауапкершілікті халықаралық-құқықтық регламентациялау мәселелері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [17], 169-167бет; [19], 91бет



18-тақырып. Аумақ және шекара.

Мемлекеттік аумақ. Түсінігі және құрамдас бөліктері. Жер, су және әуе аумағы мемлекеттің өмір сүруінің қажетті шарты ретінде. Мемлекеттің аумақтық үстемдігі.

Мемлекеттердің аумағын шектеу. Халықтардың өз тағдырларын өздері анықтау құқығы – аумақтық шектеудің құқықтық негізі ретінде. Мемлекеттің аумағын өзгертудің құқықтық негіздері мен тәсілдері.

Мемлекеттік шекаралар. Шекара режимдері туралы шарттар. 1993-жылғы Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекараны қорғау туралы Заңы. Қазақстанның аумағы мен шекаралары.

Ұсынылатын әдебиеттер: [7], 100бет; [3], 141бет

19-тақырып. Халықаралық теңіз және өзен құқығы.

Аумақ сулары. Жағадағы мемлекеттің аумақ суындағы егеменділігі. Аумақ суының шекарасы. 1958, 1960-жылғы БҰҰ-ның Женева конференциялары мен БҰҰ-ның теңіз құқығына қатысты үшінші конфефренциясындағы аумақ суының көлемі туралы мәселелері.

Аумақ суының құқықтық режимі. Сауда кемелерінің бейбіт өту құқығы. Шетел әскери кемелерінің өту мәселелері. Мемлекеттік теңіз кемелерінің иммунитеті. 1958-жылғы аумақсуы мен іргелес зона туралы Конвенция. БҰҰ-ның теңіз құқығына қатысты үшінші конференциясы мен жағадағы мемлекеттердің заңнамалары бойынша аумақ суларының режимі.

Іргелес зона: түсінігі мен құқықтық режимі.

Ұсынылатын әдебиеттер: [17], 100бет; [19], 141бет

20-тақырып. Құрлықішілік мемлекеттердің құқықтық мәртебесі.

БҰҰ-ның теңіз құқығына қатысты конференцияларында құрлықішілік мемлекеттердің теңізге шығуы мәселелерін қарастыру.

Құрлықішілік мемлекеттердің теңізге еркін шығуы құқығын кодификациялау.

Халықаралық құқықтағы транзит еркіндігі түсінігі. Халықаралық құқықтағы транзит еркіндігін құрлықішілік мемлекеттердің пайдалануы. Құрлықішілік мемлекеттердің жағадағы көрші мемлекеттердің аумағы арқылы транзитін құқықтық регламентациялау. Көлік құралдарының транзиті.

Ұсынылатын әдебиеттер: [17], 101-103бет; [19], 112бет

21-тақырып. Халықаралық әуе құқығы.

Халықаралық әуе құқығы мәселелері бойынша негізгі халықаралық конвенцияларо. 1944-жылғы халықарлық азаматтық авиация туралы Чикаго Конвенциясы. Қазақстан Республикаысның авиацияға қатысты екіжақты шарттары.

Әуе кеңістігінің халықаралық режимі. Мемлекеттердің әуе кеңістігінен ұшу ережелері, шетелдік әуе кемелеріне ұшу құқығын беру тәртібі мен талаптар, аэропорттарды пайдалану тәртіптері мен шарттары. Қазақстан Республикасының халықаралық әуе кеңістігінде ұшу ережелері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [17], 116-103бет; [19], 119бет



22-тақырып. Ғарыш кеңістігін игеру және халықаралық құқық.

Ғарыш кеңістігі мен аспан денелерін еркін зерттеу мен пайдалану. Ғарыш кеңістігі мен аспан денелерін ұлттық деп жариялауға тиым салу. Ғарышта әскери қызметте тиым салу. Ғарыш кеңістігінде нақты зиянды тәжірибелер жүргізуді болдырмау. Мемлекет егемендігінің жоғарғы шегі мәселесі.

Ғарыш объектілері мен ғарышкерлердің құқықтық режимі. «Ғарыш объектісінің» түсінігі. Ғарыш объектілерін тіркеу. Ғарыш объектілері мен ғарышкерлерге юрисдикцияның таралуы мен оларды бақылау. Ғарыш объектілеріне меншік құқығы.Ғарышкерлердің оралуы мен оларды құтқаруға және ғарыш объектілерінің оралуына қатысты мемлекеттердің құқықтары мен міндеттері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [18], 109-103бет; [19], 115бет



23-тақырып. Халықаралық экологиялық құқық.

Жер атмосферасын зиянды әсерлерден қорғау. Жасанды әсер етулерді құқықтық реттеу. Климатқа және табиғатқа жасанды әсер теулерді құқықтық реттеу. 1976-жылғы әскери және басқа жағымсыз құралдарды пайдаланып Табиғатқа әсер етуге тиым салу туралы Конвенциясы.

Көшіп жүретін жануарларды қорғау. Жоғалу қаупі туған жануарлар мен өсімдіктерді және маңызды экожүйелерді сақтау. Жануарлар мен өсімдіктерді аурулар мен зиянкелтірушілерден сақтау. 1973-жылғы жоғалу қаупі туған жабайы фауна мен флораны халықаралық саудалау түрлері Конвенциясы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [17], 101-103бет; [19], 112бет



24-тақырып. Халықаралық гуманитарлық құқық.

Әсери қақтығыстарды регламентациялау мәселелері бойынша актілер. 1949-жылғы соғыс құрбандарын қорғау туралы Женева Конвенциясы және 1977-жылғы оған Қосымша хаттамалар. Соғысты жүргізу құралдарын шектейтін шарттар мен Конвенциялар. Әсери қылмыстар үшін және адамзатқа, бейбітшілікке қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік жүктейтін халықаралық актілер. Қазақстан тарихындағы соғыс жүргізуге қатысты әдет-ғұрыптық ережелер.

Комбатанттар (соғыспайтындар). Тұрақ және тұрақты еме қарулы күштер. Партизандар. Ұлт-азаттық қозғалыстардың қатысушылары. Жалдамалыларға комбатант мәртебесінің таралмауы. Комбатант еместер.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], 101-103бет; [11], 112бет



25-тақырып. Әлемдік діндер және халықаралық құқық.

Халықаралық қатынастарға қатысатын діни ұйымдардың заңдық ерекшеліктері. Халықаралық аренада қызмет атқаратын діни ұйымдарды саралау.

Ұсынылатын әдебиеттер: [11], 109-103бет; [19], 119бет

26-тақырып. Халықаралық дауларды бейбіт шешу құралдары.

Дауларды халықаралық ұйымдарда шешу. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ерекше ролі.

Халықаралық мәмілеге келтіру процедурасы. Қайырымды қызмет. Дедалдық. Тергеу және келісім комиссиялары және оларды ұйымдастыру. Мәмілеге келтіру процедурасына қатысты халықаралық келісімдер. Мәмілеге келтіру процедураларына Қазақстанның қатысуы.

Халықаралық аралық соттар (арбитаж). Аралық соттардың дамуының тарихы және оның қызмет ету процедурасы. Гаагадағы аралық соттың Тұрақты Палатасы. Халықаралық аралық соттардың түрлері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [9], 111-103бет; [19], 119бет

27-тақырып. Мұнай, ауыл шаруашылық және туризм саласындағы ынтымақтастықтың халықаралық-құқықтық нысандары.

ФАО-ны (азық-түлік және ауыл шаруашылық мәселелері бойынша ұйым) құру. ФАО БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі ретінде. ФАО міндеттері. Қатысушы мемлекеттердегі халықтың тамақтануын жақсарту және тұрмыс деңгейін көтеру. Азық-түлік және ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру тиімділігін жақсарту. ФАО органдары. Қазақстанның ФАО қызметіне қатысуы. Қазақстанның азық-түлік және ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру мен сақтаудың халықаралық тәжірибені пайдалануы.

Ауыл шаруашылықты дамытудың Халықаралық қоры ( ИФАД). ИФАД құрылымы. ИФАД-қа мүшелік. Атқару Комитетінің 6-сессиясында қабылданған ИФАД ережелері. ИФАД, 1982-жылдың қыркүйегі. ИФАД-тың мемлекеттерге қаржылық көмек көрсетуі: процедуралары, тендерлік құжаттар, контрактілерді бағалау.

Ұсынылатын әдебиеттер: [17], 101-103бет; [19], 112бет



28-тақырып. Қазақстанның әлемдік қауымдастықтың мүшесі және қазіргі халықаралық құқықтың субъектісі ретінде дамуы.

Қазақстанның көршілес мемлекеттермен қатынасы. Қазақстан Еуропа мен Азия-Тынық мұхиты аумағындағы елдердің өзара қарым-қатынасын байланыстырушы мемлекет ретінде.

Қазақстанның халықаралық қаржы-несиелік ұйымдардың қызметіне қатысуы.

Қазақстанның Тынық мұхитынан Жерорта теңізіне дейінгі транзиттік теміржол магисталін қамтамасыз етуге қатысуы.

Қазақстанның қауіпсіздік жүйесі аумақтық және планеталық қауіпсіздік жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде.

Қазақстанның НАТО Кеңесінің қызметіне қатысуы.




1 Баскин Ю. Фельдман Д.И. История международного права. –М. 1990. -207 с.

2 Бельсон Я.М. Интерпол в борьбе с преступностью. М., Наука. 1989. 239 с.

3 Боярс Ю.Р. Вопросы гражданства в международном праве. М., Международные отношения. 1986. – 160 с.

4 Верещетин В.С. Международное сотрудничество в космосе: павовое вопросы. –М.:наука, 1977. 264 с.

5 Даниленко Г.М. Обычай в современном международном праве М., Наука, 1988. -191 с.

6. Ержанов Т.К. Международно-правовой статус внутриконтинентальных государств. –Алматы: Данекер, 2003.

7 Колбасов О.С. Международно-правовая охрана окружающей среды. М., Международные тоношения, 1982. 237 с.

8 Кулжабаева Ж.О. Международное публичное право. Алматы, 2002. -467 с.

9 Попов В.И. Современная дипломатия. Теория и практика. Москва, 2004, -576 с.

10 Родинов К.С. Интерпол: вчера, сегодния и завтра. М., Международные отношения. 1990. 223 с.

11 Салимгерей А.А. Правовой статус каспицского моря (проблемы теории и практики). Алматы. 2003. -208 с.

12 Сарсембаев М.А. Международно-правовые отношения государств Центральной Азии Алматы: Галым. 1995. -368 с.

13 М.А. Сарсембаев. Международное космическое право и Казахстан. – Алматы: Данекер, 2003.

14 Сафонова О.Н. Соотношение международного права и национального права Республики Казахстан.-Алматы: Данекер, 2002.

15 Сборник международных конвенций. Республики Казахстан. –Автор-составитель К.К. Сарсембаев.- Алматы: Данекер 1997. -190с.

16 Токаев К.К Организация Объединенных Наций: Полвека служения миру. – Алматы: Атамура, 1995. -189с.

17 Тункин Г.И. Теория международного права. М. 2000, 416 с.

18 Ципин В. Церковное право. – Москва, 1994.

19 Шибаева Е.А. Право международной организации: Вопросы теории. М.: Международные отношения, 1986. – 159 с.

20 Токаев К.К. Преодление. Дипломатические очерки. Алматы. 2003. 656с.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі





Негізгі бөлім
ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1-тақырып. Қазіргі халықаралық құқық құқықтың ерекше жүйесі ретінде және оның мазмұны.

Халықаралық қатынас және халықаралық құқық. Халықаралық құқық және халықаралық қатынас, олардың арасындағы байланыс және бір-бірімен қарым-қатынасы. Халықаралық құқық халықаралық қатынастарды реттеуші заңды нормалардың жиынтығы ретінде.

Халықаралық құқық құқықтың ерекше жүйесі ретінде. Халықаралық-құқықтық қатынастарды реттейтін пән. Субъектілердің ерекшеліктері, нормаларды жүзеге асыру және қалыптастыру процесі, сонымен қатар оны қамтамасыз ету тәсілдері. Халықаралық-құқықтық мәжбүрлеу шаралары.

БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы халықаралық құқықты оқыту мен халықаралық құқықта құқықтық бідлімді тарату туралы резолюцияларды жиі қабылдауда. БҰҰ-ның мамандандырылған халықаралық соты мен мекемелерінің ролін арттыру – халықаралық құқықтық қатынастағы саяси жаңа ойды енгізудің, яғни халықаралық құқық ролін арттырудың, халықаралық қауымдастағы құқықтық мемлекеттердің және Еуропадағы қауымдастық пен қауіпсіздік ұйымы және «халық дипломатиясының» ролін арттыру және халықаралық құқықты нығайтудың құралы ретінде пайдаланылады.

Халықаралық жария құқығы және халықаралық жеке құқықтың арақатынасы.
2-тақырып. Халықаралық-құқықтық ғылым және халықаралық құқықтың тарихы.

Халықаралық құқықтың қалыптасуы және оның тарихының кезеңдері. Регионализм. Ежелгі дүниедегі халықаралық құқықтың негізгі институттары. Ежелгі ойшылдардың халықаралық құқық мәселелері туралы айтқан ой-пікірлері.

Орта ғасырдағы халықаралық құқық. Халықаралық құқықтың негізгі институттары. Осы дәуірдің халықаралық-құқықтық көзқарастары.

1648 жылғы Вестфаль конгресі және оның халықаралық құқықтың дамуындағы ролі. Гуго Гроций, оның замандастары және оның жолын қуушылар.

Халықаралық құқыққа француз революциясының тигізген ықпалы. 1815 жылғы Вена конгресі, 1856 жылғы Париж конгресі, 1884-1885 жылдардағы Берлин конференциясы. 1899 және 1907 жылдардағы Гаага әлем Конференциясы.

ХІХ және ХХ ғасырлар айрығындағы халықаралық құқықтың негізгі доктриналары. Қазақстандағы халықаралық құқықтың дамуы. Қазақстанның тәуелсіздігі және халықаралық құқық, халықаралық-құқықтық ілімнің Қазақстанда пайда болуы және дамуы.


3-тақырып. Қазақстан тарихындағы халықаралық-құқықтық институттардың пайда болуы және дамуы.

Қазақстан тарихындағы ынтымақтастықтың халықаралық-құқықтық нысанының пайда болуы. Қазақстандағы жүздердің Ресейге қосылуының халықаралық құқық тұрғфсфнан алғандағы көрінісі. Әдет-ғұрып, құран, шарттар Қазақстан тарихында халықаралық құқықтың қайнар көздері ретінде.

Қазақстан тарихында елшілік әдет-ғұрып дипломатиялық құқықтың қайнар көзі ретінде. Қазақстандағы әдет-ғұрып пен шарттардың арақатынасы.

Қазақстандағы жүздердің, қазақ хандарының сыртқы қарым-қатынасындағы мемлекеттік ішкі органдары. Шет елдердегі Қазақстан елшіліктерінің мақсаты. Қазақ хандарының шарттық тәжірибедегі шарттарының атауы. Қазақстандағы шарттарды жүзеге асыруды қамтамасыз етуші халықаралық-құқықтық құралдар.

Қазақстан тарихындағы сыртқы сауданың құқықтық мәселелері.

1924 жылғы Ұлттық-мемлекеттік реттеу Қазақстан және Орта Азия аумағындағы халықаралық-құқықтық құбылыс ретінде.

СССР-дің құрамындағы Қазақ ССР-нің халықаралық құқық субъектілігі.

Қазақстан Республикасы егемен, дербес мемлекет, қазіргі халықаралық құқықтың толыққанды, теңқұқылы субъектісі.


4-тақырып. Халықаралық құқықтың қайнар көздері.

Халықаралық шарт халықаралық құқықтың негізгі қайнар көзі ретінде. Халықаралық әдет-ғұрып. Халықаралық шарттар және халықаралық әдет-ғұрыптың өзара әрекеттесуі. Құқықтың жалпы қағидалары тәралы мәселелер. Халықаралық ұйымдардың ұсыным-резолюциясының маңызы. Халықаралық конференциялардың актілері. БҰҰ-ның Халықаралық сот және халықаралық төрелік шешімінің ролі. Халықаралық құқық доктриналарының маңызы. Мемлекеттердің сыртқы саяси және сыртқы экономикалық мәселелері бойынша заңдар-халықаралық құқық комиссиясы дайындаған негізгі жүйеленген актілері.

Қазіргі халықаралық құқықтың жүйесі. Жалпы халықаралық құқық және жергілікті нормалар. Нормалар және қағидалар. Халықаралық құқықтың салалары және институттары.
5-тақырып. Халықаралық құқықтың қағидалары.

Халықаралық құқықтың негізгі қағидалар жүйесі. БҰҰ-ы Жарғысының алатын орны. 1970 жылғы БҰҰ-ның халықаралық құқық қағидалары туралы декларациясы. 1975 жылғы Хельсинкидегі Кеңестің қорытынды актісінің маңызы. Қазақстанның осы актідерге қосылуы. Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары және мемлекеттің негізгі құқықтары мен міндеттері.

Мемлекеттердің егемендігінің теңдік қағидасы, оның мазмұны. Күш қолданбау және қорқытпау қағидасы, осы қағиданың қалыптасуы. 1928 жылғы Париж Пактісі. Күш қолданбау және күшпен қорқытпау қағидасының мазмұны. Баса-көктеудің (агрессия) ұғымын анықтау. Соғысты насихаттауға тыйым салу. Күш қолданбау қағидасы және мемлекеттердің өзін-өзі қорғау құқығы.

Шекаралардың мызғымастығы қағидасы. Оның күш қолданбау және күшпен қорқытпау қағидасымен органикалық байланысы.

Мемлекеттердің аумақтық тұтастық қағидасы.

Халықаралық қағидаларды бейбіт жолмен шешу қағидасы, оның мазмұны және оны қолдану әдістері.

Басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау қағидасы.

«Мәні бойынша мемлекеттің ішкі құзыретіне кіретін істер» ұғымы. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің шешімі бойынша қолданылатын шаралар және ішкі істерге араласпау қағидасы.

Халықтардың өзін-өзі анықтау және тең құқылық қағидасы, осы қағиданың қалыптасуы. Оның мазмұны. Халықтардың өз тағдырын шешу және өзін-өзі билеу құқығы. Халықтардың өзін-өзі анықтау және ұлттық егемендігі қағидасы.

Мемлекеттердің ынтымақтастығы қағидасы. Ынтымақтастық қағидасының мазмұны.

Адамдардың құқықтарын қорғау қағидасы. Осы аталған қағиданың сақталуын қамтамасы ету және араласпау қағидасына қатысты мемлекеттердің ынтымақтастығы.

Халықаралық міндеттемелерді адал орындау қағидасы. Қазіргі халықаралық құқықтағы осы аталған қағиданың дамуы және оның мазмұны.


6-тақырып. Халықаралық құқықтың субъектілері, мемлекетті тану және мемлекеттің құқық мирасқорлығы.

Халықаралық құқық субъектілерінің ұғымы анықтамасы. Хылықаралық қүұқық субъектіліктің мазмұны. Халықаралық құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттіліктің ерекшеліктері.

Халықаралық құқық субъектілерінің түрлері.

Мемлекет халықаралық құқықтың негізгі субъектісі ретінде. Мемлекеттік егемендіктің белгілері және ұғымы, оның әлеуметтік-саяси және заңдық мазмұны. Егемендік және мемлекеттің ішкі құзыреттері. Мемлекеттік егемендікті жоққа шығару концепциясы.

«Әлемдік» мемлекеттің, үкіметтің, парламенттің теориялары.

Халықаралық құқық субъектілері – мемлекеттердің түрлері. Халықаралық құқықтағы күрделі мемлекеттер.

Мемлекетті тану. Танудың заңдық зардаптары мен маңызы. Танудың нысандары мен түрлері: Де-юре, де-факто. Соғысушы және көтерілісуші тараптарды, күресуші ұлттарды, қарсыласу органдарын, үкіметтерді тану. Қуғындағы сырт үкіметтерді, эмигранттық үкіметтерді, уақытша үкіметтерді тану туралы мәселелер. Іс жүзіндегі қатынас және тану. Халықаралық қатынастарға мемлекеттердің қатысуы және оларды тану.

Мемлекеттің құқық мирасқорлығы. Әлеуметтік революция кезіндегі құқық мирасқорлығы туралы мәселелер. Мемлекеттердің біріккен және бөлінген кезеңдеріндегі құқық мирасқорлығы.

Аумақтық өзгерістер кезіндегі құқық мирасқорлығы. Құқық мирасқорлығы институтын жүйелеу жөніндегі мәселелер. Мемлекеттердің халықаралық шарттарға қатысты құқық туралы 1978 жылғы Вена Конвенциясы.

Халықаралық ұйымдардың құқық субъектілігі. Халықаралық ұйымдардың құқық субъектілігінің туынды сипаты. Халықаралық ұйымдардың құқық субъектілігінің құқықтық негіздері. Халықаралық құқық субъектілері – халықаралық ұйымдардың түрлері.

Халықаралық құқықтың спецификалық субъектілері (еркін қалалар, Ватикан).

Тұлғаның халықаралық құқық субъектілік туралы теориясы.


7- тақырып. Халықаралық шарттар құқығы.

Халықаралық құқықтағы шарттар құқығының анықтамасы. Шарттар құқығын жүйелеу. Халықаралық шарттар құқығы туралы 1969 жылғы Вена конвенциясы. Қазақстан тарихындағы шарттар құқығы. 2005 жыл 30 мамырдағы «Халықаралық шарттар» туралы Қазақстан Республикасының заңы.

Шарттарды жасасудың құқық қабілеттілігі. Шарттағы тараптар. Әмбебап және басқа да шарттарға қатысу құқығы. Шарттарды жасасқан кезде мемлекеттің атынан өкілдік ететін органдар. Шарттарға қатысу және халықаралық тану. Шарттар және үшінші мемлекеттер.

Шарттарды бекіту. Өкілеттілік. Мәтінін қабылдау. Консенсус. Мәтіндердің бірдейлігін анықтау. Шарттың міндеттілігіне келісім беру түрі. Қол қою және оның түрлері, бекіту, қабылдау, қосу. Көпжақты шарттарға қатысты мәмілелер. Мәмілелердің заңдық зардаптары. Депозитарий және оның қызметі. Шарттың күшіне енуі. Уақытша қолданудың мүмкіндігі. өзгерістер енгізу. Жариялау. Шарттарды тіркеу.

Шарттардың құрылымы. Преамбуласы, яғни кіріспе, негізгі және қорытынды бөлім. Шарттың тілі. Аутентикалық мәтіндер. Баламалы мәтіндер. Шарттардың атаулары. Қосымша.

Шарттардың әрекеті. «Шарттар сақталуы тиіс» қағидасының маңызы. Мемлекетшілік құқық және шарттарды сақтау. Шарттың уақыт пен кеңістіктегі күші. Шартты жүзеге асырудың тәртібі.

Шарттарды талқылау және оның түрлері: ресми (аутентикалық және аутентикалық емес) және ресми емес. Талқылаудың негізгі тәртібі: адалдық, мәтіндердің мәнісі, шарттың мәтіні, объектінің ролі және шарттың мақсаты. Шарттарды қолдану тәжірибесінде және тараптар арасындағы қосымша келісімдерді, шарттарды дайындаудағы құжаттардың атқаратын маңызы.

Шарттардың жарамсыздығы. Шарттардың жарамсыздығын негіздеу: халықаралық құқықтың императивтік нормаларына қарама-қайшылық, мәжбүрлеу. Шарттардың жарамдылығына дауласатын негіздер: қате, алдау, сатып алу, шарттарды жасасу құзыретіндегі конституциялық нормалардың бұзылуы.

Шарттарды тоқтата тұру мен тоқтатудың зардаптары.

Соғыс және шарттар. Соғыс біткеннен кейінгі шарттардың күшін қалпына келтіру.


8-тақырып. Халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі.

Үкіметаралық және үкіметтік емес халықаралық ұйымдар. Халықаралық үкіметаралық ұйымдар түсінігі. Халықаралық ұйымдар ролінің артуы және санының көбейе түсуі.

Халықаралық ұйымдардың жіктелуі (классификация).

Халықаралық ұйымдардың тарихы. Халықаралық әкімшілік одақтар. Ұлттар лигасы. Біріккен Ұлттар Ұйымы. БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелері, халықаралық ұйымдар.

Қазіргі халықаралық ұйымдардың заңдық табиғаты. Халықаралық ұйымдардың Жарғысы халықаралық шарттың ерекше түрі. Жарғы – халықаралық ұйымдар қызметінің заңдық негізі. Қазіргі халықаралық ұйымдардың негізгі қағидалары. Ұйымның құзыреттері және оның функциялары. Шарттық құқық қабілеттілік. Мемлекеттің халықаралық ұйымдардағы өкілдіктері.

Халықаралық ұйымдардағы мүшелік. Халықаралық ұйымдарға кіру тәртібі. Мүшелікті тоқтату: ұйымнан шығу. Мүшелікті тоқтата тұру. Халықаралық ұйымдар қызметіне Қазақстанның қатысуы.

Халықаралық ұйымдар органдары. Оларды қалыптастыру қағидалары және құзыреттерінің қатынастары.

Араб мемлекеттер Лигасы. Африка Бірлігі Ұйымы. Америка мемлекеттері Ұйымы. Оңтүстік-Шығыс Азия елдер Ассоциациясы.

Халықаралық конференциялар. Халықаралық конференциялардың (үкіметаралық) ұғымы. Халықаралық конференциялар және халықаралық ұйымдар. Халықаралық конференцияларға қатысушылар шеңбері. Жұмыс тәртібі. Қаулылардың түрлері және олардың құқықтық маңызы.

Халықаралық үкіметтік емес ұйымдар. Олардың Біріккен Ұлттар Ұйымы және мамандандырылған мекемелерінің жанындағы консультативтік мәртебесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет