ЖҰмыс бағдарламасы пән: Әлеуметтік мәнді аурулардың терапиясы және алдын алуы Пән коды


ЖИА (миокард инфаркті, стенокардия) бар болуын клиникалық белгілеріне қарай бекіту



бет7/14
Дата01.07.2016
өлшемі1.76 Mb.
#170020
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

ЖИА (миокард инфаркті, стенокардия) бар болуын клиникалық белгілеріне қарай бекіту.


  • ЖИА (миокард инфаркті, стенокардия) алып келетін себептерді анықтау.

  • Науқасты қосымша тексеру әдістері көмегімен тексеру.

  • Негізгі және қосымша шағымдарды жинау.

  • Ауру таризы мен өмір тарихын жинау.

  • ЖИА (миокард инфаркті, стенокардия) күдік туғанда науқасты клиникалық тексеру әдістерін (қарау, пальпация, перкуссия, аускультация) меңгеру.

  • Бастапқы синдромды анықтау.

  • Анализдерді интерпретациялау.


    4) Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    1. Жүректің ишемиялық ауруы синдромын (стенокардия, миокард инфакті) анықтау.

    2. Атеросклероз туралы түсінік.

    3. Негізгі этиологиялық факторлары.

    4. ЖИА негізгі белгілері.

    5. Жүректің ишемиялық ауруы, атеросклероздың даму механизмі.

    6. Жүректің ишемиялық ауруының диагностикасын – бұл патологияға қолданылатын негізгі препараттар.

    7. Стенокардияны емдеуге арналған препараттардың топтары.

    8. Жүрек-тамыр жүйесін қарау, пальпация, перкуссия, аускультация жүргізу.

    9. Жүректің ишемиялық ауруының анықтамасы.

    10. Стенокардияның анықтамасы.

    11. Миокард инфарктінің анықтамасы.

    12. Жүректің ишемиялық ауруына алып келетін себептер.

    13. Жүректің ишемиялық ауруының қауіп факторы.

    14. Атеросклероз, анықтамасы, себептері, диагностикалау әдістері.

    15. Жүректің ишемиялық ауруының симптомдары (ЖИА кезіндегі ауру ерекшеліктері).

    16. Жүректің ишемиялық ауруының диагностикасы (ЭКГ белгілері, ферменттері).

    17. Стенокардия кезіндегі шұғыл көмек.

    18. Миокард инфаркті кезіндегі шұғыл көмек.


    5) Білім берудің және оқытудың әдістері: тәжірибелік дағдыларды жасау
    6) Ұсынылған әдебиеттер: негізгі және қосымша

    7) Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер және т. б.)

    Сұрақтар:

    1. Стенокардияға анықтама беріңіз.

    2. Миокард инфарктіне анықтама беріңіз.

    3. Миокард инфарктіне алып келетін себептер.

    4. Стенокардияның қауіп факторлары.

    5. ЖИА кезіндегі ауырсынудың ерекшелігі.

    6. Стенокардияның ЭКГ белгілері.

    7. Миокард инфарктісінің ЭКГ белгілері.

    8. Миокард инфарктісінің ферменттері.

    Тесттер:

    1. ЖИА қауіп факторларына ... жатпайды.

    а) тұқым қуалауға бейімділік

    б) салқындау

    в) темекі

    г) семіздік

    д) гиподинамия

    2. Стенокардия ұстамасының ұзақтығы:

    а) бірнеше секундтан 1 минутқа дейін

    б) 30 минуттан 1 сағатқа дейін

    в) бірнеше сағат

    г) 1 минуттан 10 минутқа дейін

    д) бірнеше күн

    3. Стенокардияның электрокардиографиялық белгілері ... тіркеледі.

    а) ұстамадан кейін

    б) тұрақты түрде

    в) ұстама кезінде

    г) бірнеше күн көлемінде

    д) бір ай көлемінде

    4. Стенокардия ұстамасы кезіндегі дене температурасы:

    а) субфебрильді

    б) фебрильді

    в) субнормалды

    г) төмендеген

    д) қалыпты

    5. Стенокардиялық ауырсынудың орналасу орны:

    а) төс артында

    б) эпигастрий аймағында

    в) сол жауырын аймағында

    г) сол қолда

    д) сол қабырғаастында

    6. Стенокардиялық ауырсынудың сипаты:

    а) төс артында орналасады, қысып, басып ауырады

    б) шаншып ауырады

    в) жүрек ұшы аймағында орналасады

    г) корвалолды қабылдаған соң басылады

    д) оң жауырынға беріледі

    7. Жүрек бұлшықетінде бір немесе бірнеше некроз ошағымен байланысты туындайтын жіті ауру – бұл ...

    а) стенокардия.

    б) миокард инфаркті.

    в) миокардит.

    г) артериалды гипертензия.

    д) жүрек жеткіліксіздігі.

    8. Миокард инфаркті жиі … кездеседі.

    а) әйел кісілерде

    б) жастарда

    в) ер кісілерде

    г) балаларда

    д) ерлер мен әйелдерде

    9. Миокард инфарктіндегі ауырулар ... болады.

    а) қарқынды күйдіретін, басып тұратын сипатта

    б) сыздап ауыратын сипатта

    в) тұйық, екі жақты

    г) толғақ тәрізді

    д) айналдыра ауыратын

    10. Ауырсыну төс артында, жүрек аймағында орналасқан, сол қолға, иыққа беріледі – бұл ...

    а) жүрек ақаулары

    б) бронхиалды астма

    в) миокардит

    г) миокард инфаркті.

    д) диафрагмалды жарық

    11. Стенокардияның патогенетикалық белгісі:

    а) төс артының басып, қысып ауыруы

    б) тыныштық күйдегі жүрек аймағының шаншып ауыруы

    в) жүрек аймағындағы тұрақты шаншып ауыруы

    г) физикалық жүктемеден кейінгі қарыншалық экстрасистолия

    д) жүрек аймағындағы тұрақты сыздап ауыруы

    12. Миокард инфарктінің атипиялық түріне ... жатады.

    а) tumor

    б) аnginosus

    в) жүректік түрі

    г) абдоминалды (гастралгиялық) түрі

    д) аритмиялық

    13. Төс артындағы ауырсыну миокард инфарктінде ... беріледі.

    а) сол қолға, иыққа, мойынға

    б) оң қолға, иыққа, мойынға

    в) дененің екі бөлігіне де

    г) ешқайда берілмейді

    д) аяқтарға

    14. Миокард инфарктінің асқынуына ... жатпайды.

    а) кардиогенді шок

    б) жіті сол қарыншалық жеткіліксіздік

    в) жүрек аневризмасы

    г) миокардит

    д ) жүрек ырғағының бұзылуы
    Есептер:
    Есеп №1

    49 жастағы ер кісі, қарқынды терапия бөліміне ангинозды ұстамадан кейін 4 сағат өткенде түсті. Шағымдары төс артының қатты басып ауруы, ауру сезімінің сол қолға, иыққа, жауырынға, жаққа берілуі, өлімнен қорқыныш сезімі. Нитроглицеринді қабылдау көмектеспейді.

    Объективті: жағдайы ауыр. Тері жабындары бозарған, салқын жабысқақ тер басқан, еріндері көгерген. АҚ 70/50 мм с.б.б., РS-125 соққы/мин. Аритмиялы. Жүрек тондары тұйықталған, шоқырақ ырғағы. Өкпеде везикулярлы тыныс. Тыныс алу жиілігі 17 рет 1 минутта.

    1. Сіздің болжам диагнозыңыз және негізгі синдромды анықтаңыз.

    2. Тексеру жоспары.

    3. Емдеу принциптері. Шұғыл көмек.


    Есеп №2

    Науқас Р, 53 жаста. Кардиологқа 200 м қашықтыққа жүргенде, баспалдақпен бірінші қабатқа көтерілгенде суық далаға шыққанда пайда болатын төс артының ауырсынуына, оның сол иық пен мойынға таралуына шағымданып келді. Ауырсыну сезімі жүруді тоқтатқанда немесе нитроглицерин қабылдаған соң 3-5 мин соң тоқтайды.

    Объективті: жағдайы орта ауырлықта. Қабақтарында ксантелазмалар байқалады. АҚ 160/110 мм с.б.б., РS - 82 рет 1 мин. Ырғағы дұрыс аздап кернелген. Жүректің салыстырмалы тұйықтық шегі: оң төстің оң қырымен. Сол V қабырғааралықта сол жақ бұғана орта сызығы бойымен. Жоғарғы II қабырғааралықта. Cor тондары жүрек ұшында I тон әлсіреген, аортада ІІ тонның металдық акценті. Өкпеде везикулярлы тыныс.
    Сұрақтары:

    1. Сіздің болжам диагнозыңыз және негізгі синдромды анықтаңыз.

    2. Тексеру жоспары.

    3. Емдеу принциптері.


    Есеп №3

    Науқас С, түнгі уақытта төс артының нитроглицеринге әрең басылатын ауырсыну ұстама болған. Физикалық жүктемені жеңіл көтереді. Ұстама кезінде ЭКГ түсіргенде инфарктке ұқсас өзгеріс айқындалды, бірнеше минуттардан кейін ұстама басылғанда ЭКГ-дағы бұл өзгерістер ізсіз жоғалды.



    Сұрақтары:

    1. Сіздің болжам диагнозыңыз және негізгі синдромды анықтаңыз.

    2. Науқастың мұндай жағдайын қалай сипаттайсыз?

    3. Бұл науқасқа қандай дәрілер тағайындаған жөн?

    4. Болжамы қандай?

    1) Тақырып №5: Вирусты гепатиттер және бауыр циррозы. Этиологиясы, клиникасы, диагностикасы. Әлеуметтік мәні

    2) Мақсаты: Вирусты гепатиттердің этиологиясын және патогенетикалық механизмдерін анықтау. Вирусты гепатиттер кезінде зерттеу әдістерін оқыту. Студенттерге вирусты гепатиттер кезінде симптомдар мен синдромдарды анықтауды үйрету. Вирусты гепатиттер кезінде аспаптық зерттеу әдістерімен, таныстыру. Бауыр циррозының негізгі себептерін, этиологиясының және патогенезін білу. Бауыр циррозы дамуының қауіпті факторлары кезінде кезінде көмек көрсетуді және алдын алуды жүргізу;

    3) Оқыту мақсаты:

    Студент білуі тиісті:


    1. Бауырдың анатомо – физиологиялық ерекшеліктері.

    2. Гепатоциттердің негізгі рөлі және қызметі.

    3. Вирусты гепатиттердің этиологиясы және патогенезі.

    4. Вирусты гепатиттердің жіктелуі.

    5. ВГ кезінде науқастарды сұрастыру және қарау.

    6. Бауыр ауруы бар науқастың физикалды тексеру әдістері;

    7. Бауыр циррозының этиологиясы, патогенезі;

    8. Бауыр циррозының симптомдары және синдромдары;

    9. Бауыр циррозының диагностикасының негізгі лабораторлы-аспапты тексерулері



    Студент үйреніп алуы тиіс:

    1. Студенттерге вирусты гепатиттер кезінде зерттеу әдістерін үйрету (сұрастыру, ауру анамнезі, қарау, пальпация, перкуссия, аускультация).

    2. Студенттерге вирусты гепатиттер кезінде симптомдары және синдромдарын анықтауды үйрету.

    3. Студенттерді лабораторлық –аспапты тексеру әдістерімен таныстыру.

    4. Студенттерге вирусты гепатиттер кезінде зерттеу әдістерін үйрету (сұрастыру, ауру анамнезі, қарау, пальпация, перкуссия, аускультация).

    5. Студенттерге вирусты гепатиттер кезінде симптомдары және синдромдарын анықтауды үйрету.

    6. Студенттерді лабораторлық –аспапты тексеру әдістерімен таныстыру.


    4) Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    1. Вирусты гепатиттердің этиологиясын және патогенезін атаңыз.

    2. ВГ жіктелуі.

    3. ВГ кезінде науқастардың негізгі шағымдарын атаңыз.

    4. ВГ кезінде жетекші синдромдарды атаңыз.

    5. Сарғаюдың негізгі себептері.

    1. Вирусты гепатитпен науқастардың УДЗ зерттеу мәліметтері.

    2. Бауырдың анатомиялық ерекшелігі.

    3. Бауырдың топографиялық анатомиясы.

    4. Бауырдың физиологиялық ерекшелігі.

    5. Асцитке түсініктеме беру.

    6. Бауыр аурулары кезінде тері жамылғысы қалай өзгереді?

    7. Бауыр аурулары бар науқастарды жалпы қараудың әдістерін жүргізу.

    8. Бауыр циррозы бар науқастардың жалпы жағдайын бағалау.

    9. Асқорыту жүйесінің аурулары бар науқастарды сұрастырудың кезектілігі.

    10. Асқорыту жүйесінің аурулары бар науқастарды жалпы қараудың әдістері.


    5) Білім беру және оқыту әдістері: Муляждарда машықтану, науқаспен жұмыс жасау

    6) Ұсынылған әдебиеттер: негізгі және қосымша

    7) Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер).

    Сұрақтар:

    1. Вирусты гепатиттердің қандай диагностикалық критерийлерін білесіз?

    2.Вирусты гепатиттерге тән УДЗ өзгерістер?

    3. Маркерлер қалай аталады?

    4. Бауырдың циррозының дамуының негізгі себебі қандай?

    5. Бауырдың циррозының негізгі клиникалық критерийларын атаңыз?

    6. Бауырдың циррозымен науқастарды сұрастыру?

    7. Бауырдың циррозының қандай түрлерін білесіз?


    Тесттер:

    1. Бауыр қызметін анықтау үшін белок синтезінде қолданылады:



    1. Сулема сынамасы, Вельтман лентасы

    2. негізгі фосфотаза

    3. Холестерин,беталипопротеид

    4. Трасаминаза, альдолаза, лактотдегидрогеназа

    5. Квык-Пытель сынамасы

    2.Бауырдың ферменттік функциясын анықтау үшін қолданылады:

    1. Трасаминаза, альдолаза, лактотдегидрогеназа

    2. негізгі фосфотаза

    3. Сулема сынамасы, Вельтман лентасы

    4. Холестерин, беталипопротеид

    5. Квыка-Пытель сынамасы

    3. Бауырдың антитоксикалық функциясын анықтау үшін қолданады:

    1. Квыка-Пытель сынамасы

    2. Трасаминаза, альдолаза, лактотдегидрогеназа

    3. негізгі фосфотаза

    4. Сулема сынамасы, Вельтман лентасы

    5. Холестерин, беталипопротеид

    4. Бауырдың қандай патологияларында мұрыннан,қызыл иектен қанкетулер және теріасты қанқұйылулар кездеседі:

    1. жіті холецистит

    2. вирусты гепатит

    3. холангит

    4. өттас ауруы

    5. өт жолдары дискинезиясы

    5.Гепато-лиеналды синдром белгілерін атаңыз:

    1. бауырдың ұлғаюы

    2. бауырдың, көкбауырдың ұлғаюы

    3. іштің асцитке байланысты ұлғаюы

    4. барлығы

    6. ~ ... бауырдың экскреторлы функциясын анықтау үшін қолданылады.

    1. Негіздік фосфатаза

    2. Сулема сынамасы, Вельтман лентасы

    3. Холестерин, беталипопротеидтер

    4. Трансаминаза, альдолаза, лактатдегидрогеназалар

    5. Бензойлы қышқылды натрий /Квыка - Пытель/ сынамасы

    7~ ... бауырдың ферменттік функциясын анықтау үшін қолданылады.

    1. Трансаминаза, альдолаза, лактатдегидрогеназалар

    2. Негіздік фосфатаза

    3. Холестерин, беталипопротеидтер

    4. Сулема сынамасы, Вельтман лентасы

    5. Бензойлы қышқылды натрий /Квыка - Пытель/ сынамасы

    8~ ... бауырдың антитоксикалық функциясын анықтау үшін қолданылады.

    1. Бензойлы қышқылды натрий /Квыка - Пытель/ сынамасы

    2. Негіздік фосфатаза

    3. Холестерин, беталипопротеидтер

    4. Трансаминаза, альдолаза, лактатдегидрогеназалар

    5. Сулема сынамасы, Вельтман лентасы

    9. Гепатиттер кезінде диспепсия сипаты:

    1. тәбеттің төмендеуі, толу, ауырлықты сезіну, эпигастралді аймақта іш кебу сезімі, тұрақсыз дәрет

    2. тәбеттің төмендеуі, қыжыл, қышқылмен кекіру, жеңілдік әкелетін құсу

    3. тәбеттің төмендеуі, ауызда ащы дәм, кекіру, жүрек айну, кейде жеңілдік әкелмейтін құсу

    4. ауырсыну сол жақ қабырғаастына таралады

    5. іш кебу, ішінің шұрылдауы, сүт тағамдарын қабылдағаннан кейін жиі іш өту

    10. Бауырдың қандай патологияларында мұрыннан,қызыл иектен қанкетулер және теріасты қанқұйылулар кездеседі:



    1. жіті холецистит

    2. вирусты гепатит

    3. холангит

    4. өттас ауруы

    5. өт жолдары дискинезиясы

    11. Гепатолиеналды синдром белгілерін атаңыз:

    1. бауырдың ұлғаюы

    2. бауырдың, көкбауырдың ұлғаюы

    3. іштің асцитке байланысты ұлғаюы

    4. барлығы

    12.Холциститті анықтайтын өтті зерттеу нәтижелері:

    1. порция А: лейкоциттер 10 – 20 к.а, шырыш

    2. порция С: лейкоциттер 10 – 20 к.а, шырыш

    3. холестерин тұздарының кристлдары

    4. порция В: лейкоциттер 30 – 40 к.а, шырыш

    5. порция А: лейкоциттер 50 – 60 к.а, шырыш

    13.Холангиттер кезінде өттегі өзгерістер:

    1. порция В: лейкоциттер 10 – 20 к.а, шырыш

    2. порция А: лейкоциттер 10 – 20 к.а, шырыш

    3. холестерин тұздарының кристлдары

    4. порция В: лейкоциттер 30 – 40 к.а, шырыш

    5. порция А: лейкоциттер 50 – 60 к.а, шырыш

    14.Дуоденитті анықтауда өтті зерттеу нәтижелері:

    1. порция В: лейкоциттер 10 – 20 к.а, шырыш

    2. порция А: лейкоциттер 10 – 20 к.а, шырыш

    3. холестерин тұздарының кристлдары

    4. порция В: лейкоциттер 30 – 40 к.а, шырыш

    5. порция А: лейкоциттер 50 – 60 к.а, шырыш

    15. Өт тас ауруына байланысты сарғаю:

    а) мандарин, апельсиндерді көп қабылдағаннан

    б) қанда билирубин жиналғаннан

    в) өттің ішекке өтуіне кедергі болғаннан

    г) лак, бояулар әсерінен

    д) эритроциттер ыдырауынан

    16. Гемолитикалық анемияға байланысты сарғаю:

    а) мандарин, апельсиндерді көп қабылдағаннан

    б) қанда билирубин жиналғаннан

    в) өттің ішекке өтуіне кедергі болғаннан

    г) лак, бояулар әсерінен

    д) эритроциттер ыдырауынан

    17. Бауырдан тыс сарғаю сбебін көрсетіңіз:

    а) қанда билирубин жиналғаннан

    б) өт жолдарына тас біткеннен

    в) эритроциттер ыдырауынан

    г) апельсин, мандарин, сәбізді шамадан тыс көп жегеннен

    д) аталғандардың бәрі

    18. Механикалық сарғаюда қанда деңгейі өсетіні:

    а) тікелей билирубин

    б) тікелей емес билирубин

    в) билирбиннің екі түрі де бірдей өскеннен

    г) аталғандар қосарлануы мүмкін

    д) билирубин деңгейіне байланысты емес

    19. Паренхиматозды сарғаюда қандай деңгейі өсетіні:

    а) тікелей билирубин

    б) тікелей емес билирубин

    в) билирбиннің екі түрі де бірдей өскеннен

    г) аталғандар қосарлануы мүмкін

    д) билирубин деңгейіне байланысты емес


    Есептер:

    1.Науқаста бауыр ауруына күдік ретінде анализінде: жалпы белок 66 г/л. Альбуминдер 36%, у-глобулиндер 28%; билирубин 28 мкмоль/л. тікелей 18 мкмоль/л. Тікелей емес 10 мкмоль/л: тимол сынамасы 12 сд.: АЛТ 80 ед.. ACT - 66 ед., СФ - 186 МЕ/л.

          1. Анализ нәтижелерінің көрсеткіштерінің барлығы қалыптыдан ауытқуы бар ма?

          2. Қандай ауру туралы болады?

          3. Этиологиялық диагнозды анықтау үшін тағы қандай анализдер қажет?

    2.Науқас, 47 жаста, сатушы. Оң жақ қабырғаастының ауырсынуына, құсуға, қызбаға шағымданып келді. Сұрастыру кезінде науқастың ішімдік қолданатыны, яғни үш күн бұрын үлкен мөлшерде спирт қолданғаны анықталды. Қарағанда: тері жамылғылары сарғайған, тығыздалған, ұлғайған бауыр пальпацияланады. Қан анализі: гипербилирубинемия, аспартат- және аланин-аминотрансфераза жоғарылаған, гипоальбуминемия, гиперглобулинемия, ЭТЖ жоғарылаған, нейтрофилді лейкоцитоз.

    1. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

    2. Науқаста қандай асқыну бар?

    3. Қандағы трансаминазаның жоғарылауы нені көрсетеді?

    4. ЖҚА қандай өзгерістер болуы мүмкін?

    3. Науқас ас содасын немесе аздаған тамақ ішкенде басылатын «аштық сезімі» тәрізді, түнгі кеш ауырсынуларға, қыжылға, құсуға, іш қатуға шағымданады. 5 жылдан бері ауырады, асқыну кеш күзде пайда болады. Асқынулар арасында жағдайы жақсарады.

    Объективті: іші сәл қатыңқы және оң жақ эпигастралды аймақта ауырсынады. Мендель симптомы оң жақта ортаңғы сызықта кіндіктен жоғары оң мәнді.

    Бұл симптом қандай ауруға тән?

    4. Бауыр ауруы бар деп күдіктенген науқастың анализінде: жалпы белок 66 г/л. альбуминдер 36%, у-глобулиндер 28%; билирубин 28 мкмоль/л. тікелей 18 мкмоль/л. Тікелей емес 10 мкмоль/л: тимолды сынама 12 сд.: АЛТ 80 ед.. ACT - 66 ед., ЩФ - 186 МЕ/л.

    1. барлық анализдер қалыптыдан ауытқығанба?

    2. осы тексеру нәтижелері кездескенде қандай ауру туралы ойлауға болады?

    3. этиологиялық факторларын табу үшін тағы қандай тексерулер жүргізілуі керек.



    1) Тақырып: №6 Қантты диабет. Этиологиясы, клиникасы, диагностикасы. Терапиясы және алдын алуы.

    2) Мақсаты: Қантты диабеті ауруы кезінде сұрастырудың әдісін, негізгі шағымдарды және оның мәнін анықтауды, аурудың және өмірдің анамнезін жинауды үйрету. Науқасты жалпы қарауды дұрыс және кезегімен жүргізуді оқыту. Қантты диабетінің негізгі себептерін, этиологиясының және патогенезін білу. Қантты диабеті дамуының қауіпті факторлары кезінде кезінде көмек көрсетуді және алдын алуды жүргізу;

    3) Оқыту мақсаты:

    Студент білуі тиісті:

    • Қантты диабеті ауруы бар науқастың физикалды тексеру әдістері;

    • Қантты диабетінің этиологиясы, патогенезі;

    • Қантты диабетінің симптомдары және синдромдары;

    • Қантты диабетінің диагностикасының негізгі лабораторлы-аспапты тексерулері;

    Студент үйреніп алуы тиіс:

    • Қантты диабеті ауруы бар науқастарды сұрастыр, қарау, пальпация, перкуссия, аускультация жүргізу;

    • Қантты диабеті ауруы бар бар науқастарға лабораторлы-аспапты тексерулер нәтижесіне интерпретация жүргізу;

    4) Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    1. Қантты диабеті ауруы бар науқастарды сұрастыру.

    2. Қантты диабеті ауруы бар науқастардың анамнезі.

    3. Қантты диабетінің этиопатогенезі, клиникасы, диагностикасы.

    4. Қантты диабеті ауруы бар науқастардың ЭКГ, УДЗ тексеруі.

    5) Білім беру және оқыту әдістері: Тәжірибелік дағдыларды жасау.

    6) Ұсынылған әдебиеттер: негізгі және қосымша

    7) Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер).

    Сұрақтар:

    1. Қант диабетінің қандай түрлерін білесіз және олардың ерекшеліктері?

    2. Ұйқы безінің негізгі функциясы қандай?

    3. Қант диабетінің 1 типінің дамуының негізгі себебі қандай?

    Тесттер:

    1.Қант диабетінің симптомдары:

    а) көрудің анық болуы

    б) жаралардың баяу жазылуы

    в) тез шаршау

    г) ауыздың кебуі, құрғауы

    д) аталғанның барлығы

    2.Қант диабетінің даму себебі:

    а) көмірсудің алмасуын бұзылуы

    б) жүйке жүйесінің бұзылуы

    в) ағза мен тіндердің бұзылуы

    г) инсулиннің салыстырмалы жетіспеушілігі, зат алмасудың бұзылуы

    д) ақуыздың бұзылуы

    3.Аш қарында қандағы глюкозаның қалыпты мөлшері:

    а) 3,3-5,5

    б) 3,5-6,1

    в) 7,8

    г) 11,1


    д) 6,1-7,5

    4.Қант диабетінің 2-түрі тұқым қуалауға қатысы:

    а) тұқым қуаламайды

    б) әдетте тұқым қуалайды

    в) қуалайды, қуаламайды

    г) 2-ішде де тұқым қуалайды

    5.Қант диабетіне әсер ететін фаторлар:

    а) сезімдік, жас, жүйкелік стресс

    б) вирусты инфекциялар

    в) жүйкелік стресс

    г) ұйқышылдық

    д) дұрыс тамақтанбау

    6.Қант диабетіндегі емдәм №:

    а) №7


    б) №9

    в) №5


    г) №1

    д) №10


    7.Инсулинотерапияға көрсеткіштер:

    а) стресс, жарақат

    б) цирроз

    в) гиперлактоацедемиялық, гиперосмолярлық кома

    г) ангиопатия

    д) нейропатия

    8.«Қант диабеті» диагнозы қойылады, егер қандағы қант мөлшері… асса:

    а) 8,1 - 9,1

    б) 9,1 – 10,2

    в) 11,1

    г) 5,5 – 6,1

    д) дұрыс жауап жоқ

    9.Қант диабетінің орта ауырлықтағы ағымында инсулиннің мынандай көлемінде компенсацияланады:

    а) 60-80 ӘБ бір тәулік

    б) 20-60 ӘБ бір тәулік

    в) 10 – 20 ӘБ бір тәулік

    г) 80-85 ӘБ бір тәулік

    д) 80-90 ӘБ бір тәулік

    10.Қант диабетінде емдеудің асқынулары:

    а) аллергиялық реакция

    б) липодистрофия

    в) инсулинге тұрақтылық

    г) барлығы дұрыс

    д) Сомоджи синдромы



    Есептер:

    Науқас 18 жаста ес түссіз жағдайда БСМП-ның қабылдау бөліміне жеткізілді.Анасының сөзі бойынша Қант диабетімен ауырады.Тәулігіне 42 ЕД инсулин қабылдайды. Көп физикалық жұмыс істеген, инсулин қабылдамаған.Соңғы кезде әлсіздікке,шөлдеуге, ұйқысының бұзылуына,тәбеттің төмендеуіне шағымданған.

    Тексергенде: Тері жамылғысы құрғақ,бұлшық еті әлсіз,көз қарашығы кішірейген,жарыққа реакциясы жоқ.Пульс 90 рет минутына.АҚ 90/60 мм.с. б.ТЖ 24 рет минутына.Аузынан ацетон иісі шығады.

    1.Қандай диагноз қоясыз.

    2.Жедел көмек жоспарын құрастырыңыз.

    3.Қандай бөлімшеге жібересіз.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет