1 семинар - эссе білім берудегі психологияны түсінудің базалық деңгейін анықтауға арналған.
2-5 семинарларда психологиялық тренинг әдісі қолданылады. Әдіс үшін №10 тақырып таңдалған: Білім беру ортасында оқушының әлеуметтік-психологиялық комфорты.
Білімді, біліктерді және дағдыларды, сонымен бірге әлеуметтік дағдыларды дамытуға бағытталған белсенді оқыту әдісі. Тренинг — интерактивті оқыту формасы, оның мақсаты қарым-қатынастағы тұлғааралық және кәсіби мінез-құлық құзыреттіліктерін дамыту болып табылады.
Бағалау критерийі Дональд Киркпатриктің моделі бойынша.
Қатысушылардың реакцияларын бағалау.
Материалды меңгеру деңгейін бағалау.
Мінез-құлық деңгейін бағалау.
Нәтижелер деңгейін бағалау.
Жоба әдісі. Студент өзіне жақын және шынайы жағдаяттарға қатысады, олардан өзіндік тәжірибесі негізінде өтеді, міндеттерді шешу әдістерін табады және әлеуметтік-мәдени ортада өзара әрекеттесудің жаңа тәсілдерін, дағдылары мен құзыреттіліктерін меңгереді. Оқыту теориядан практикаға өтеді, теориялық білімдер эмпирикалық біліммен бірігеді. Студенттің білімді шынайы маңызды және қажетті ретінде қабылдағаны маңызды.
5-8 семинарларда кейс әдісі қолданылады. Кейс –технологиялар бойынша, студентке шынайы өмірлік жағдаятты саналы тұрғыда түсіну ұсынылады, оның сипаттамасы болашақ кәсіби іс-әрекетпен байланысты белгілі бір практикалық проблеманы көрсетіп қоймайды, сонымен бірге, аталған проблеманы шешуде қажетті білімнің белгілі кешенін өзектілейді. «Білім беру ортасындағы кикілжіңдер: кикілжіңнің түрлері мен олардың туындау себептері» атты №14 тақырыпты зерттеуде кейстің негізгі міндеті өмірлік жағдаяттты міндетті шешудегі өмірлік жағдаятты мұқият және нақты, толыққанды көрсетуден құралады. Бұл ретте оның мақсаты пациенттің проблемаларын анықтауда және қажеттіліктердің қанағаттандырылуын анықтауда теориялық білімді, практикалық біліктерді және дағдыларды бекіту болып табылады.
|