Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы



бет1/2
Дата24.04.2016
өлшемі312.5 Kb.
#78942
  1   2



Жұмыс оқу бағдарламасының

титулдық парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Журналистика кафедрасы

Интернеттегі анықтамалық-библиографиялық ресурстар пәні бойынша



БАҒДАРЛАМА (Syllabus)
6М091000 Кітапхана ісі мамандығының магистранттарына арналған

Павлодар



Жұмыс оқу бағдарламасының

титулдық парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19





БЕКІТЕМІН

Бекітемін

Факультет деканы_________

___________ Сарбалаев Ж.Т

(қолы) (Т.А.Ә.)

«___»_____________20__г.

Құрастырушы: Қапасова Б.Қ.филол.ғыл. кандидаты, доцент


Журналистика кафедрасы
Интернеттегі анықтамалық-библиографиялық ресурстар пәні бойынша
6М091000 Кітапхана ісі мамандығының магистранттарына арналған

Пән бағдарламасы (Syllabus)
Пән бағдарламасы (Syllabus) элективті пәндер катологі негізінде жасалды.
Кафедра мәжілісінде ұсынылды «__» ______201__ж. №__ хаттама
Кафедра меңгерушісі ________Алдабергенов Қ.М. «__» ______201__ж.
ГПФ оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды.

«__ » __________ 201___ж. №__ хаттама.


ОӘК төрайымы______________________ Ксембаева С.К.

1. Пәннің төлқұжаты.
Пәннің атауы Интернеттегі анықтамалық-библиографиялық ресурстар Таңдау пәні компонент

Кредит саны және оқу мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 1

Семестр: 1



Барлық аудиториялық сағат саны -45

Дәріс -30

Тәжірибешілік/семинар сабақ -15

МӨЖ- 90


ОМӨЖ- 22,5

Барлық сағат саны -135



Бақылау түрі

Емтихан


Пререквезиттер Жалпы шетел библиографиясы

Кәсіптендіру пәндерді оқыту әдістемесі



Постреквезиттер Қоғамдық байланыстар

Кітапханалық-библиографиялық

қызметінің маркетингі

2. Пәннің мақсаты мен міндеттері. Интернет анықтамалық-библиографиялық ресурстарды кітапханалық процестерді автоматтандыруды жүзеге асырады, ретроспективті қорға электронды каталогтың деректер базасын құрады; кітапхананың электрондық ресурстарын қалыптастыруды жүзеге асырады: тақырыптық толық-мәтінді деректер базаларын, электрондық кітапханасын құрады, сырттан толықмәтінді деректер базаларын алады, CD-ROM, аудио-бейнекөру құжаттар қорын қалыптастырады; электрондық ресурстарға, жерсеріктік теледидарлама мен Интернетке қатынауды ұсынады; құжаттарды электрондық жеткізуді ұйымдастырады; сервистік қызметтер көрсетеді. Бөлімнің құрылымына 2 мультимедиалық зал мен электрондық ресурстар залы кіреді.

Қазіргі ақпараттар ғасырында кітапхана ақпараттық технология көмегімен кітапханалық үрдістерді дамыту, электронды деректер базасын жасақтау, анықтамалық және библиографиялық қызметте әлемдік ақпарат жинақтаушы Интернетті пайдалану сияқты қызметтерді ұсынады. Интернет жүйесіне қосылу, кітапхананың өз мәліметтер қорын жасап, ақпараттық дәстүрлі емес тасымалдаушыларды ұсыну, күнделікті жұмысты жаңа электрондық технологияны пайдалану кітапхананың ақпарат алу көкжиегін кеңейте түседі. Әдебиеттерді өңдеу және жинақтау бөлімі қорды қалыптастырумен айналысады; ағымдық жинақтауды, толықтыруды, мерзімді баспасөзге жазылуды жүзеге асырады; кітапхана қорын жиынтық және жеке есепке алуды жүргізеді. Бөлім кітапхана құрылымдық бөлімдері үшін кітаптарды және басқа да материалдарды техникалық өңдеу, жүйелеу, каталогтауды жүзеге асырады; электронды каталогтың жаңа түсімдерінің мәліметтер базасын қалыптастырады, кітапхананың негізгі каталогтарын редакторлейді.

Интернет желісіндегі мәліметтерді миллиондаған мекемелер даярлайды. Әлемдік желідегі ақпараттарды тез тауып алуда іздеу серверлерінің көмегі зор. Оларда мыңдаған іріктелген құжаттардың, сайттардың адрестері сақталады. Көптеген іздеу серверлерінің ішінде кең тараған іздеу каталогтары(directories) мен машиналары (search engines) бар.

Мақсаты: әлемдік ақпараттандандыру және қоғамды компьютерлендіруге деген тенденция компьютерлік мәдениетке оқытуға, ақпаратты қоғам технологияларына, ақпараттық ресурстар мен қызмет көрсету жүйесін ұйымдастыруды құру және пайдалануына әртүрлі ақпараттарға көп аспектілі және оперативті түрде кіруді қамтамасыз етудің негіздерін оқыту.

Міндеттері: -біртұтас Интернеттік кітапханалық жүйені қалыптастыру, Интернет ресурстары жұмыстарын кеңейтудің негіздерін үйрету;

-кітапханалық үдерісте Интернет ресурстарымен кеңейту мүмкіндіктерін ашу;

-Интернетті пайдалану арқылы тиімді,сапалы қызмет көрсету;

-тапсырыс бойынша сайттар мен анықтамаларды, тақырыптарды іріктеу;

-мүделі тақырыпта жедел ақпарат таба алу;

-электрондық каталогтің тиімділігін арттыру.



3. Пәнді оқу қорытындысында магистрант мыналарды білуі керек:

а) Пәнді игертуде магистранттармен жүргізілетін жұмыстың негізгі бағыттарының бірі–Интернеттегі ақпараттық-библиографиялық мәліметтермен жұмыс істей білу;

б) кітапхананың ақпараттық библиографиясын Интернет ресурстарымен толықтыру, жазу мен оқу, басылым беттеріндегі кітапхана қоғамдық қызметіндегі библиографияны түсіну үшін өз жұмыс стильдерін қалыптастыру үшін барлық жұмыс тәсілдерін игерулері қажет;

Пәнді оқу қорытындысында мынаны істей алуы керек:

а)Интернеттегі анықтамалық- библиографиялық мәліметтерді талдай білу;

б) Интернеттегі анықтамалық- библиографиялық мәліметтерді кітапхана қызметінің құралы ретінде қолдана алу;

в) мамандығына сәйкес білімді меңгеріп кез-келген Интернеттегі ақпараттармен жұмыс істей білу;

г )кітапхана жұмысына қажет Интернеттегі анықтамалық- библиография заңдылықтарын теориялық және практикалық тұрғыда игеру;

д) кітапхана Интернеттегі анықтамалық- библиография ресурстары түрлері және қызметтік қабаттары бойынша қажетті білімдерінің болуы;



ж) Интернеттегі анықтамалық -библиография ресурстарын еркін қолдана алу.
4. Пәнді оқытудың тақырыптық жоспары

Сабақ түрлеріне қарай академиялық сағатқа бөлу





Аудитор сағат саны

МӨЖ



Тақырыптың атауы

Дәрісс

Тәжіриб

студиял

лабор

барлығыы

ОМӨЖ

1

Пәннің мақсат, міндеттері

3

1







9

2

2

Кітапхана ісін компьютерлендіру

3

1







9

2

3

Интернеттегі ауқымды іздестіру жүйелері


3

1







9

2

4

Құжаттарды электронды түрде жеткізу

3

1







9

2

5

Кітапхана ресурстарын толықтыру

3

1







9

2

6

Интернеттің ғаламдық кеңістігі

3

2







9

2

7

Ақпараттық-библиографиялық қызмет

3

2







9

2

8

ҮИИДМБ-н ақпараттық қолдау

3

2







9

2,5

9

Интернеттiң негiзгi қосымшалары

3

2







9

3

10

Internet Explorer браузерімен жұмыс істеу

3

2







9

3




Барлығы : 135 (2 кредит)

30

15







90

22,5


5.Қолданылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1.Гаффин А.Путеводитель по глобальной компьютерной сети Internet.- М.: Артос, 2010 (Просто о сложном).

2.Гилстер П. Навигатор INTERNET: Путеводитель для человека с компьютером и модемом.- М.: Джон Уайли энд Санз, 2009.- 735 с.

3.Соломенчук В. Интернет: краткий курс: Пособие для ускоренного обучения.- СПб.: Питер, 2009.- 288 с.: ил.

4. Интернетке кіріспе «Бүкілдүниежүзілік өрмек»: Әдістемелік құрал.-Алматы, 2010

5. Шөкіш А. Интернет – Америка барлаушылырының туындысы немесе ғаламдық ақпараттар туралы не білеміз?//Алтын орда.-2009.- ақпан.-Б.19

6.Назарбаев Н. Ә., Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы: Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы // Егемен Қазақстан. – 2010. – 31 наур.

7.Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуын кітапханлық ақпаратпен қамтамасыз етудің 2012 – 2014 жылдарға арналған Салалық бағдарламасы //Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханасы. – Алматы, 2011.

7. http://www.kz.index.kz - Орысша-қазақша мультмедиялық сөздік.
Қосымша:

Бубекина, Н. Экономические аспекты деятельности библиотек на современном этапе: Метод. пособие. - М.: Либерея, 1992. - 87с.

2. Блюменау, Д.И. Информация и информационньш сервис. - Л.: Изд-во «Наука», 1989. - 190с.

3. Бірәлиева, Н.Б. Ақпараттық менеджмент негіздері: Оқу құралы. - Алматы. Экономика, 2000. - 96 б.

4. Воробьев, Г.Г. Документ: информационный анализ. М.:Наука, 1973. -225с.

5. Горшков, Ю.А Бюджетное планирование библиотечных услуг в новых условиях хозяйствования: [В условиях рынока] // Советское библиотековедение. - 1990. - ГУТ. - С. 39.

6. Герасимова, Л.Н. Маркетинг информационных продуктов и услуг: Учеб. Пособие: в 2 ч. М.: 1997 - 115с.

6.Дәріс сабақтарының мазмұны.

1 Дәріс. Пәннің мақсат, міндеттері.

1.Интернет анықтамалық-библиографиялық ресурстары.

2. Әдебиеттерді өңдеу және жинақтау бөлімі.

Интернет анықтамалық-библиографиялық ресурстарды кітапханалық процестерді автоматтандыруды жүзеге асырады, ретроспективті қорға электронды каталогтың деректер базасын құрады; кітапхананың электрондық ресурстарын қалыптастыруды жүзеге асырады: тақырыптық толық-мәтінді деректер базаларын, электрондық кітапханасын құрады, сырттан толықмәтінді деректер базаларын алады, CD-ROM, аудио-бейнекөру құжаттар қорын қалыптастырады; электрондық ресурстарға, жерсеріктік теледидарлама мен Интернетке қатынауды ұсынады; құжаттарды электрондық жеткізуді ұйымдастырады; сервистік қызметтер көрсетеді. Бөлімнің құрылымына 2 мультимедиалық зал мен электрондық ресурстар залы кіреді.

Қазіргі ақпараттар ғасырында кітапхана ақпараттық технология көмегімен кітапханалық үрдістерді дамыту, электронды деректер базасын жасақтау, анықтамалық және библиографиялық қызметте әлемдік ақпарат жинақтаушы Интернетті пайдалану сияқты қызметтерді ұсынады. Интернет жүйесіне қосылу, кітапхананың өз мәліметтер қорын жасап, ақпараттық дәстүрлі емес тасымалдаушыларды ұсыну, күнделікті жұмысты жаңа электрондық технологияны пайдалану кітапхананың ақпарат алу көкжиегін кеңейте түседі. Әдебиеттерді өңдеу және жинақтау бөлімі қорды қалыптастырумен айналысады; ағымдық жинақтауды, толықтыруды, мерзімді баспасөзге жазылуды жүзеге асырады; кітапхана қорын жиынтық және жеке есепке алуды жүргізеді. Бөлім кітапхана құрылымдық бөлімдері үшін кітаптарды және басқа да материалдарды техникалық өңдеу, жүйелеу, каталогтауды жүзеге асырады; электронды каталогтың жаңа түсімдерінің мәліметтер базасын қалыптастырады, кітапхананың негізгі каталогтарын редакторлейді.

Интернет желісіндегі мәліметтерді миллиондаған мекемелер даярлайды. Әлемдік желідегі ақпараттарды тез тауып алуда іздеу серверлерінің көмегі зор. Оларда мыңдаған іріктелген құжаттардың, сайттардың адрестері сақталады. Көптеген іздеу серверлерінің ішінде кең тараған іздеу каталогтары(directories) мен машиналары (search engines) бар.

Мақсаты: әлемдік ақпараттандандыру және қоғамды компьютерлендіруге деген тенденция компьютерлік мәдениетке оқытуға, ақпаратты қоғам технологияларына, ақпараттық ресурстар мен қызмет көрсету жүйесін ұйымдастыруды құру және пайдалануына әртүрлі ақпараттарға көп аспектілі және оперативті түрде кіруді қамтамасыз етудің негіздерін оқыту.

Міндеттері: -біртұтас Интернеттік кітапханалық жүйені қалыптастыру, Интернет ресурстары жұмыстарын кеңейтудің негіздерін үйрету;

-кітапханалық үдерісте Интернет ресурстарымен кеңейту мүмкіндіктерін ашу;

-Интернетті пайдалану арқылы тиімді,сапалы қызмет көрсету;

-тапсырыс бойынша сайттар мен анықтамаларды, тақырыптарды іріктеу;

-мүделі тақырыпта жедел ақпарат таба алу;

-электрондық каталогтің тиімділігін арттыру.


2 Дәріс. Кітапхана ісін компьютерлендіру.

1.Жаңа жұмыс жүйесі.

2. Кітапханалардың әлемдік электрондық ресурстар жүйесі.
Кітапхана ісін компьютерлендіру арқылы бұрын кітапхананың қолы жетпеген жаңа жұмыс жүйесін ашып, қалыптасқан ескі операцияларды жойып, модернизациялау арқылы барлық жұмыс барысының тиімділігін арттыруға қол жеткізілді.

Кітапхана жаңа технологияны меңгерген, танылған ақпараттық орталық, мәдени-тарихи мұрасын сақтау және дамыту орталығы ретінде өмір сүріп, дами береді.

Мемлекеттік бағдарламада қарастырылған елдің экономикасын әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттігінің өсуін қамтамасыз ететін басым секторларын дамыту бағытында кітапхана қорын белсенді түрде жаңғырту керек. Еліміздің кітапханалар қорларын аймақтарды индустриялық-инновациялық дамыту тақырыбы бойынша қалыптастыру. Кітап қорын толықтыруда соңғы шыққан заманауи кітаптарды алуға, қашықтағы дерекқорларға жазылуға, әрбір ғылым саласы бойынша мерзімдік басылымдардың сапалысын жаздыртып алуға кеңес береміз. Әсіресе бағдарламада айтылған мұнай-газ секторы, мұнай химиясы, кен металлургиясы саласы бойынша, химия, атом өнеркәсібі бойынша, ішкі сұраныс негізінде салаларды дамыту және басқа да салалар бойынша кітап қорын толықтыру қажет. Ғылым салалары бойынша еліміздің баспаларынан шығатын кітаптар әлі де жұтаң, аз таралыммен басылады. Сондықтан ақпараттар толыққанды болу мақсатында мерзімдік басылымдарды: «Ақиқат», «Аnalytic», «Индустрия Казахстана», «Промышленность Казахстана», «Казахстан спектр», «Саясат-Policу», «Вестник КазНУ» (барлық серияларын), «Экономика и статистика», «Курсив», «Экономика», «Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана» және тағы басқаларын жаздыртып алуды және ондағы мақалаларды электрондық каталогқа дер уақытында құйып отыруға кеңес береміз.

Кітапханалардың әлемдік электрондық ресурстар жүйесіне қолы жетуін ұйымдастыру қажет. Бағдарламада қойылған міндеттер - өндіріс пен өнеркәсіпке аса мән беру, ғылыми технологияны дамыту болып отыр. Әлемдік тәжірибеге назар аударып, ғаламдық рынокты жаулаудың жолдарын үйрену қазақстандық азаматтардың басты міндеті. Бұл орайда кітапхананың атқарар рөлі ақпараттық әлеуетін үнемі дамыту арқылы, шағын бизнес, шикізат өңдеу және өндіріс технологиясы бойынша қазіргі заманғы кітаптарды алғаннан өзге толықмәтінді дерекқорларға жазылып, ірі отандық және шетелдік кітапханалармен бірлесіп қызмет атқару. толықмәтінді дерекқорларға жазылып, ірі отандық және шетелдік кітапханалармен бірлесіп қызмет атқару.


3. Дәріс.Интернеттегі ауқымды іздестіру жүйелері.

1.Әлемдік желідегі ақпараттар.

2.Қазақстан Республикасының анықтамалық іздестіру жүйелері
Интернет желісіндегі мәліметтерді миллиондаған мекемелер даярлайды. Әлемдік желідегі ақпараттарды тез тауып алуда іздеу серверлерінің көмегі зор. Оларда мыңдаған іріктелген құжаттардың, сайттардың адрестері сақталады. Көптеген іздеу серверлерінің ішінде кең тараған іздеу каталогтары(дірецторіес) мен машиналары (сеарцһ енгінес) бар.

һттп:\\ууу.алтавіста.цом - АлтаВіста ақпараттық іздестіру жүйесі 1995 жылы желтоқсан айында ашылған. Ол қазіргі таңда индекстелген һтмл- құжаттар (350 миллионға жуық) көлемімен алдыңғы қатарда. АлтаВіста қарапайым және кеңейтілген іздестіру мүмкіндігін және УУУ арасында жұмыс істеуде қосымша сервистерді ұсынады. Арнаулы “Һелп” (көмек) деген бөлімде барлық парақтарды қолданушылар интерфейсі сілтемелермен жабдықталған. Ол қарапайым қолданушыларға өздерінің тапсырыстарын дұрыс құрастыруда көмек бере алады. Әлемнің 25 тілінде ақпарат іздестіру мүмкіндігі бар.

һттп:\\ууу.һотбот.цом –ҺотБот – іздестіру жүйесі арқылы құжаттар ішінде кездесетін бір немесе бірнеше терминдер арқылы, жеке фразалар бойынша іздестіру мүмкіндігін береді. Құрамында аудео, видео немесе анимациялары бар файлдарды іздестіруге де болады.

һттп:\\ууу.гоогле.цом – 'ГООГЛЕ' ақпараттық іздестіру жүйесі 1999 жылы қыркүйек айында ашылған. Бүгінгі күндері Сеарцһенгінеуатцһ.цом эксперттерінің айтуына қарағанда базаның көлемін 560 млн құжаттар құрайды. Жүйе қолданушыларға қарапайым және кеңейтілген іздестіру интерфейсін ұсынады. Көптеген тілдерде сонымен қатар орыс тілінде ақпарат іздеу мүмкіндігі бар.

һттп:\\ууу.яһоо.цом – Яһоо – тез іздестіретін анықтамалықтардың бірі. Ақпараттарды жеке сөздер бойынша немесе классификатор бойынша іздеу мүмкіндігін береді.

һттп:\\ууу.апорт.рұ – Апорт - ақпараттық іздестіру жүйесі алдыңғы қатардағы іздестіру жүйесіне кіреді. Бүгінгі күндері мәліметтер көлемін 20 млн индекстелінген құжаттар құрайды. Жүйеде іздестірудің кең спектрлі мүмкіндіктері бар. Онда қарапайым және кеңейтілген іздестіру мүмкіндіктері ұсынылады. Ақпараттарды ағылшын және орыс тілінде іздеуге болады.

һттп:\\ууу.яндех.рұ – Яндекс – ақпараттық іздестіру жүйесі 1997 жылы ашылған. Бүгінгі күндері базадағы индекстелінген құжаттар көлемі 33 милионға жуық. Ақпараттық іздестіру жүйесі логикалық операторлармен белгіленген өзінің меншікті жүйесін қолданады, сонымен қатар көптеген түрлі іздестіру функцияларын ұсынады.

http:\\www.rambler.ru – Rambler – іздестіру жүйесінде Ресейның және ТМД елдеріндегі серверлерде орналасқан 12 миллионға жуық мәліметтер индекстелінген. Өзекті сөз бен қатар классификаторлар арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.

Қазақстан Республикасының анықтамалық іздестіру жүйелері

http://www.site.kz - "Весь УУУ-Казахстан" – Қазақстандық іздестіру порталы, ол Интернет әлеміндегі жүздеген мың серверлер мен сайттарды табуда көмек береді. Өзекті сөз бен қатар классификаторлар арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.

http://tabu.nursat.kz – ТАБУ іздестіру жүйесі КЗ доменіндегі ресурстар мен қатар Қазақстаннан тысқары жерлердегі еліміз туралы веб-парақтарды іздестіруге арналған. Өзекті сөз бен қатар классификаторлар арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.

http://akolya.hypermart.net - қазақ тіліндегі ақпараттарды, веб-парақтарды іздестіруге болады. Өзекті сөз арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.

Большая энциклопедия Казахстанского Интернета - http://www.lyakhov.kz

Виртуалды энциклопедиялық және анықтамалық басылымдар

Рубрикон – http://www.rubricon.ru Серверден көптеген отандық белгілі энциклопедиялар мен сөздіктерге шығуға болады. Олардың арасында «Большая Советская Энциклопедия»(1969-1979), Энциклопедический словарь Брокгауза и Эфрона(1890-1906), «Малая медицинская энциклопедия». Энциклопедиялық сөздіктер «История Отечества» және «Всемирная история», В.Даль және басқаларының «Толковый Словарь живого великорусского языка» т.б. Барлық ақпараттар толық мәтінде иллбстрацияларымен және әдебиеттер тізімімен қоса берілген.

Брітанніца энциклопедиясы – http://www.britannica.com Әлемдегі авторитеттік энциклопедияның желілік нұсқасында 72 мыңға жуық барлық салалар бойынша мақалалар жинақталған. Іздестіру нәтижесі мақалалар мен бірге Интернет ресурстарға да сілтеме береді, сондай-ақ журналдардағы таңдаулы шығарылымдарды да ұсынады.Көптеген жағдайларда иллюстрациялар, таблицалар, бейнефайлдар қамтылған.

Мегаэнциклопедия Кирилла и Мефодия - http://www.km.ru Ірі көлемдегі электрондық мәтіндік мәліметтер базасы.

Брокгаузъ он-лайн - http://www.russia.agama.com/bol Әйгілі энциклопедиялық сөздіктің қысқартылған нұсқасы, құрамында 46 000-ға жуық мақалалар енген.

Биографическая база данных на сервере компании Біограпһy- http://www.biography.com Ежелгі дәір батырлары мен қатар әр елдің қазіргі замандағы қайраткерлері туралы 25 мыңға жуық қысқаша мағлұматтар баhttp://www.translate.ru -Онліне – переводчик компании «Промт» Промт компаниясының онліне – аудармашысы. Серверде интерактивтік сөздіктердің толық кешені берілген. Ол екі жаққа бірдей тәржімалайтын ағылшын ,неміс тілдері және біржақтылы француз, итальян тілдерінен аударуды қамтамасыз етеді

http://www.tilashar.kz – Тілашар – Қазақ тілін оқып үйренушілерге арналған «Хабар» Агенттігінің «Тілашар» телебағдарламасы негізінде ашылған сайт. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытуда, онліне сабақтар жүргізуде сайттағы методикалық бөлімдерді пайдалануға болады.Сайтта қазақша-орысша лингвистикалық сөздік берілген. http:\\www.altavista.com - AltaVista ақпараттық іздестіру жүйесі 1995 жылы желтоқсан айында ашылған. Ол қазіргі таңда индекстелген html- құжаттар (350 миллионға жуық) көлемімен алдыңғы қатарда. AltaVista қарапайым және кеңейтілген іздестіру мүмкіндігін және WWW арасында жұмыс істеуде қосымша сервистерді ұсынады. Арнаулы "Help” (көмек) деген бөлімде барлық парақтарды қолданушылар интерфейсі сілтемелермен жабдықталған. Ол қарапайым қолданушыларға өздерінің тапсырыстарын дұрыс құрастыруда көмек бере алады. Әлемнің 25 тілінде ақпарат іздестіру мүмкіндігі бар.

http:\\www.hotbot.com –HotBot – іздестіру жүйесі арқылы құжаттар ішінде кездесетін бір немесе бірнеше терминдер арқылы, жеке фразалар бойынша іздестіру мүмкіндігін береді. Құрамында аудео, видео немесе анимациялары бар файлдарды іздестіруге де болады.

http:\\www.google.com – GOOGL ақпараттық іздестіру жүйесі 1999 жылы қыркүйек айында ашылған. Бүгінгі күндері Searchenginewatch.com эксперттерінің айтуына қарағанда базаның көлемін 560 млн құжаттар құрайды. Жүйе қолданушыларға қарапайым және кеңейтілген іздестіру интерфейсін ұсынады. Көптеген тілдерде сонымен қатар орыс тілінде ақпарат іздеу мүмкіндігі бар.

http:\\www.yahoo.com – Yahoo – тез іздестіретін анықтамалықтардың бірі. Ақпараттарды жеке сөздер бойынша немесе классификатор бойынша іздеу мүмкіндігін береді.

http:\\www.aport.ru – Апорт - ақпараттық іздестіру жүйесі алдыңғы қатардағы іздестіру жүйесіне кіреді. Бүгінгі күндері мәліметтер көлемін 20 млн индекстелінген құжаттар құрайды. Жүйеде іздестірудің кең спектрлі мүмкіндіктері бар. Онда қарапайым және кеңейтілген іздестіру мүмкіндіктері ұсынылады. Ақпараттарды ағылшын және орыс тілінде іздеуге болады.

http:\\www.yandex.ru – Яндекс – ақпараттық іздестіру жүйесі 1997 жылы ашылған. Бүгінгі күндері базадағы индекстелінген құжаттар көлемі 33 милионға жуық. Ақпараттық іздестіру жүйесі логикалық операторлармен белгіленген өзінің меншікті жүйесін қолданады, сонымен қатар көптеген түрлі іздестіру функцияларын ұсынады.

http:\\www.rambler.ru – Rambler – іздестіру жүйесінде Россияның және ТМД елдеріндегі серверлерде орналасқан 12 миллионға жуық мәліметтер индекстелінген. Өзекті сөз бен қатар классификаторлар арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.

Қазақстан Республикасының анықтамалық іздестіру жүйелері

http:\\www.site.kz - "Весь WWW-Казахстан" – Қазақстандық іздестіру порталы, ол Интернет әлеміндегі жүздеген мың серверлер мен сайттарды табуда көмек береді. Өзекті сөз бен қатар классификаторлар арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.

http://tabu.nursat.kz – TABU іздестіру жүйесі KZ доменіндегі ресурстар мен қатар Қазақстаннан тысқары жерлердегі еліміз туалы веб-парақтарды іздестіруге арналған. Өзекті сөз бен қатар классификаторлар арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.

http://akolya.hypermart.net - қазақ тіліндегі ақпараттарды, веб-парақтарды іздестіруге болады. Өзекті сөз арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.

Большая энциклопедия Казахстанского Интернета - http://www.lyakhov.kz
4. Дәріс. Құжаттарды электронды түрде жеткізу

1.Құжаттарды электронды түрде жеткізу.

2.Мәліметтер базаларымен жұмыс істеу.
Құжаттарды электронды түрде жеткізу (ЭДД), Мәліметтер базаларымен жұмыс істеу, қажетті ақпараттарды тауып, тапсырыс беру.

Құжаттарды электронды турде жеткізу (Электронная доставка документо (ЭДД)) дегеніміз тапсырыс берілген құжаттардың электрондық көшірмелерін дайындап коммуникация жетістіктерін арқылы пайдаланушыға жеткізу. Пайдаланушылар қажетті ақпараттарды әлемдік электрондық ақпараттар базасынан тапсырыс арқылы алуына болады. Электрондық көшірмелер сканермен цифрлау (оцифрование) арқылы жүзеге асырылады. Құжаттарды электронды турде жеткізудің (ҚЭЖ) басты технологиялық кезеңдері: 1) тапсырысты өңдеу 2) тапсырылған ақпараттарды іздеу 3) табылған ақпараттың электрондық көшірмесін дайындау 4) электрондық көшірмені тапсырыс берген пайдаланушыға жіберу Құжаттарды электронды турде жеткізумен (ҚЭЖ) түрлі мекемелер мен кітапханалар айналысады.

Мәліметтер базасы (МБ)

БД ИНИОН – http://www.inion.ru МБ ИНИОН (Қоғамдық Ғылымдар Жөніндегі Ақпараттардың Ғылыми интституты) Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар жөніндегі библиографиялық мәләметтер базасы 1980 жылдардан бері жүргізіледі. Мәліметтер базасына институт кітапхансына түскен кітаптар мен жинақтар, журналдардағы мақалалардың аннотациясы әлемнің 140 тілінде берілген. Мәліметтер базасын қолдану ақылы.

БД «ВИНИТИ»(Всероссиийский Институт Научной и Технической Информации) - http://www.viniti.ru МБ «ВИНИТИ» 1981 жылы институттың жаратылыстану және техникалық ғылымдар жөніндегі Реферативтік Журналындағы (РЖ) материалдар негізінде құрылған. Базаға мынандай басылымдар түрі енген: кітаптар, конференция материалдары, мерзімдік басылымдар, патенттер, нормативтік құжаттар, депоненттік ғылыми еңбектер. МБ-сы ай сайын толықтырылып отырылады Мәліметтер базасын қолдану ақылы.

БД ГЦНМБ(Государственная Центральная Научная Медицинская Библиотека) http://www.scsml.rssi.ru Мемлекеттік Орталық Медициналық Ғылыми Кітапхананың мәліметтер базасы өзінің қорын 1988 жылдан бастап құрастырды. МБ-ы кітапхана жаздырып алатын мерзімдік басылымдар мен электрондық каталогтан тұрады, оған кітаптар, мақалалар, диссертациялардың авторефераттары кіреді. Мәліметтер базасын қолдану ақылы.

Глоссарий ББС ('Бұллетен Боард Сyстем') – электрондық хабарландыру тақтасы, электронды тақтаның компьютерлік аналогі. Бұл модем арқылы байланысуға болатын компьютерде сақталатын мәліметтер, онда басқаларға арналған хабарламаларды қалдыруға, бұрын жазылған мәліметтерді оқуға болады. Әдетте бұл бейкоммерциялық жүйе болып саналады
5. Дәріс. Кітапхана ресурстарын толықтыру


  1. Баспа өнімдері жөніндегі ақпарат.

  2. Кітапхана ресурстарын толықтыру және каталогтау бөлімі.

Библиография (грек тілінде biblion – кітап drapho – жазу) – баспа өнімдері жөнінде ақпараттық мағлұмат беріп, оларды жүйелі насихаттайтын ғылыми-практикалық қызметтің бір саласы. Ол кітаби мұраларды, библиография тарихын, теориясын, библиографиялық қызметті ұйымдастыру жолдарын зерттейтін ғылыми пән ретінде де қолданылады. Баспа өнімдерін іріктеп, оларды жүйелі түрде саралау, ғылыми сипаттама беру және қысқаша мазмұнын ашу арқылы библиография ғылым мен мәдениет дамуының деңгейін айқындауға көмектеседі, ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағыт сілтейді, белгілі бір ғылыми қағидаларды, саяси, философиялық және эстетикалық көзқарастарды, технтка жетістерін таратуға мүмкіндік туғызады. Ежелгі Грекияда пайда болып, кітап шығару ісімен айналысты, әдеби және ғылыми сынмен салаласа дамыған. Кейін білімдердің дараланып, сала-салаға бөлінуіне байланысты библиография ғылымының жеке бір саласына айналды.

Қазақстанда 1937 жылы баспа өнімдерінің міндетті данасын бір орталыққа жинау белгіленген. Осының негізінде баспасөз өнімдерін тіркеу және оларды мазмұнына, ғылыми және идеялық мәніне қарай топтастыру жұмыстары жүрді. Библиография атқаратын қызметіне қарай – ағымдағы, өткенді шолу (ретроспективті) және ұсыныс, тақырыбына қарай - әмбебап (жалпы) және салалық болып бөлінеді. Сонымен қатар библиографияның қосымша түрлері: библиографияның библиографиясы – библиографияның жалпы жағдайын, дамуын қадағалайтын және еліміздің белгілі ғалымдарының, ақын-жазушыларының, мемлкеттік және қоғам қайраткерлерінің өмірі мен қызметі туралы мәлімет беретін библиография (өмірбаяндық) деген түрі де болады.

Қазіргі кезде ғылым мен техниканың өркендеуіне байланысты ақпараттық-библиографиялық процестер де автоматтандырылған. Библиографтар құрастырған көрсеткіштерді белгілі бағдарлама бойынша компьютерлерде бастып шығарады. Әлемдік деңгейде жұмыс істеу үшін Интернетке қосылу библиография Арнаулы мәліметтерді сақтау мақсатында техникалық баспа материалдары (микрофиштер, магниттік таспалар, дискеттер) пайдаланылады.

Кітапхана ресурстарын толықтыру және каталогтау бөлімі қорды қалыптастырумен айналысады; күнделікті толықтыру, қайта толықтыру, мерзімді басылымдарға жазылу, кітап айырбасын жүзеге асырады; кітапхана қорының жиынтық және жекелей есебін жүргізеді. Толықтырудың негізгі үрдістері автоматтандырылған: жекелей есепке алу, мерзімді басылымдарға жазылу, тіркеу есебін жүргізу. Кітапхананың құрылымдық бөлімдері үшін кітаптар мен басқа материалдарды жүйелеуді, каталогтауды және техникалық өңдеуді бір орталықтан жүзеге асырады; жаңа түскен басылымдарға электронды каталогтың ДБ қалыптастырады; кітапхананың бас каталогын ұйымдастырады, жүргізеді, саралайды; оқу кітапханаларының ведомстваға қарасты жоғары оқу орындары мен колледж кітапханаларының каталогтарымен жұмыстарына әдістемелік басшылықты жүзеге асырады. Бөлім қызметкерлері студенттер үшін кітапханалық-библиографиялық білім негіздері бойынша сабақтар өткізеді.

Электрондық ресурстар бөлімі негізгі кітапханалық процестерді автоматтандыруды программалық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, ретроспективті қорға электронды каталогтың деректер базасын құрады; кітапхананың электрондық ресурстарын қалыптастыруды жүзеге асырады: тақырыптық толық-мәтінді деректер базаларын, университеттің электрондық кітапханасын құрады, сырттан толықмәтінді деректер базаларын («Заң», «Юрист», «EBSCO Publishing», «Elsevier», «Science» және т.б.) алады, CD-ROM, аудио-бейнекөру құжаттар қорын қалыптастырады; электрондық ресурстарға, жерсеріктік теледидарлама мен Интернетке қатынауды ұсынады; құжаттарды электрондық жеткізуді ұйымдастырады; сервистік қызметтер көрсетеді. Бөлімнің құрылымына электрондық ресурстар залы мен мультимедиалық зал кіреді.

6. Дәріс. Интернеттің ғаламдық кеңістігі

1.Интернет тарихы.

2. МЭКҚ ҚазҰЭК электронды каталогы.
Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi.Оны соғыс бола қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан.Алпысыншы жылдардың аяғында Пентагон ядролық соғыс бола қалғанда компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе жасады, тaжiрибенiң ойдағыдай жүргiзiлу барысында ARPA net желiсi пайда болып, ол Калифорниядағы жaне Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютердi ғана бiрiктiрдi.Кейiн ARPAnet бейбiт мақсатқа қызмет еттi, оны негізінен ғалымдар мен мамандар пайдаланды.Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда болды.Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі.

1990-шы жылдары Интернетке енушілер саны күрт өсті, ал 2000 жылы оған 5 млн компьютер қосылып, пайдаланушылар саны 200 миллионнан асты.

Интернеттiң мүмкiндiгi шексiз.Талғамыңыз бен көңiл күйiңiзге қарай одан сiздi қызықтыратын көп нәрсе табуға болады.Yйден шықпай газеттiң тың номерiн парақтағыңыз келеме, мейiлiңiз, тек WWW немесе Web деп аталатын aлемдiк шырмауықты қолдансаңыз жетедi. Гиперсiлтеме жүйесi арқылы қажеттi басылымықызды санаулы минуттар iшiнде тауып аласыз .

Планетамыздың кез келген нүктесiндегi ауа райын, ақпараттық агенттiктiң соңғы жаnалықтарын бiлгiңiз келсе Интернет жaрдем беруге aзiр. Шалғай елдерге сапар шексеңiз сiзге қажет елмен, қаламен, қонақ үймен таныса аласыз.Интернеттен ғалым да, бизнесмен де, компьютерлiк ойын әуесқойы да, бәрi-бәрi қажет ақпарат таба алады. Интернет күнделiктi тұрмыс пен жұмыстың айнымас құралына айналып келедi.

Интернеттің негізі АҚШ-да жасалғанымен, оның нақты қожайыны жоқ. Әрбір үкімет, компания, университет ақпараттық қызмет ұсына отырып , бұл желінің тек қана өз бөлігіне иелік жасайды.

Алайда, Интернетке жеке дара ешкім де қожалық жасай алмайды. Сондықтан ол шын мәнінде адамзаттың әлемдік қазынасы болып табылады.

Осы орайда кітапхана оқырман сұранысын толыққанды қанағаттандыруда жетекші ақпарат орталықтарымен, еліміздің және Ресейдің ірі және арнаулы кітапханаларымен тығыз байланыста болып, олардың электрондық кітапханалары мен мәліметтер базасын, онлайндық каталогтар мен электрондық журналдарын пайдалануға кеңес береміз. Олар: ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы – ҚазҰЭК порталы www.kazneb.kz, «Медикус» толық мәтінді мәліметтер базасы, Бүкілресейлік ғылыми-техникалық ақпараттар институты (ВИНИТИ), Ресей Ұлттық кітапханасы (РНБ) – nlr.ru, Ресей мемлекеттік кітапхансының (РГБ) диссертациялар электрондық кітапханасы – diss.rsl.ru., East View Rublications мәліметтер базасы – www.ebiblioteka.ru, «Интегрум» мәліметтер базасы – svc.integrum.ru, SpringerLink электронды мәліметтер базасы және басқалары.

МЭКҚ-ҚазҰЭК қоры мазмұны жағынан әмбебап әрі оған кітапханалық сақтау нысаны болып табылатын (кітаптар, журналдар, диссертациялар, оқу-әдістемелік басылымдар және т.б) құжаттардың кез келген түрі енгізілген.

Сондықтан Қазақстанның кез келген нүктесінен МЭКҚ ҚазҰЭК электронды каталогынан іздестіру жүргізуге және Қазақстанда жарық көрген кітаптардың толықмәтінді электронды көшірмелерін қарау мүмкіншілігі бар. Пайдаланушы жеке электронды поштасы арқылы қажетті кітап үзіндісіне электронды тапсырыс бере алады.
7. Дәріс. Ақпараттық-библиографиялық қызмет


  1. Виртуальды анықтамалық қызмет.

  2. ick@nabrk.kz электрондық поштасы.

Ақпараттық-библиографиялық қызмет кітапхананың ақпарараттық қорларын толықтырып, аша түседі. Сондықтан кітапханалар дер кезінде және толық түрде электрондық каталогқа үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының Мемлекеттік бағдарламада қаралған экономиканың басым секторларына қатысты мәліметтерді жинақтап, пайдаланушыларға ұсына білу керек. Әр кітапхана қашанда өз мәліметтік базаларын толықтырып отыратындарына күмәніміз жоқ. Бірақ электрондық каталогқа библиографиялық жазбаларды құр енгізу ізденетін пайдаланушыларға толық мағлұмат бермеуі мүмкін. Сондықтан құжатқа толық қолжетімділік болуы үшін, әрі дерек көздерін барынша ашу мақсатында оның мұқабасын, мазмұнын сканерлеп, библиографиялық жазбаға қосымша тіркеп(бекітуге) қоюға болады. Бұл жаңа әдіс Ұлттық академиялық кітапханасында қолданысқа енгізілген. Мұндай әдістің ыңғайлығы сол, әр оқырман өзіне керекті дерек көзін мыңдаған ақпарат ішінен таңдай білуге жәрдемдеседі. Әрбір аймақ өздерінің өңірлеріне қатысты индустриялық жобалар мен өндіріс салалары бойынша инновациялық жаңалықтарды тақырыптық мәліметтер базасына жинақтауға кеңес береміз.

Қазірде барлық облыс орталықтарындағы кітапханаларда құрылған «Виртуальды анықтамалық қызмет» елдің түкпір-түкпіріндегі оқырмандардың сұраныстарын қанағаттандырарлық дәрежеде болғаны жөн. Мысалы ҚР ҰАК-ның «Виртуальды анықтамалық қызметі» (spravka@nabrk.kz) тәулік бойы және тегін жұмыс істеп, оқырмандардың, оның ішінде алыс елдімекендерден, алыс және жақын шетелдерден хабарласқан оқырмандардың сұраныстарын 1-3 тәулік көлемінде орындайды, сондықтан күрделі сұрақтар туындағанда осы анықтаманың қызметіне жүгінуге болады.

ҮИИДМБ жүзеге асыру мақсатында мемлекетіміз жаңа заңдар («Ғылым туралы» жаңа заң, «Білім туралы» заң жобасы, басқа да өзгерістер мен толықтыруларға ұшыраған заң актілері) қабылдап жатыр. Осыған орай кәсіпкерлердің, ғалымдардың, білім саласы қызметкерлерінің, ауыл кәсіпкерлері, шағын және орта бизнес құрушылардың құқық мәселесі бойынша сұраныстарын қазірде барлық облыстарда жолға қойылған «Заң-Закон» құқықтық мәліметтер базасы арқылы толық қанағаттандыруды ұсынамыз. Осы бағытта Интернетпен жұмыс істеудің стандарттық бағдарламаларын қолдана отырып, оn-line режимде құқықтық ақпараттарға оқырмандардың еркін қол жетімділігін қамтамасыз етуді; құқықтық актілердің ресми мәтіндерін қабылдау және мәліметтер базасының сақталуын қамтамасыз етуді; өзіндегі ақпараттық-құқықтық мәліметтер базалары мен қорлардың есебінен ақпараттық ресурстарды толықтыруды; құқықтық ақпараттарды насихаттауға кеңес береміз.

Мысалы, әлемдегі дамыған елдердегі өндірістік құрал-жабдықтар мен құрылғылардың жаңа түрлері дүниеге келіп жатады, шаруашылықты оңтайлы басқару тәжірибесі, өркениетке жету жолындағы маркетингтік, менеджментік тәсілдерін, капитал мен еңбек ресурстарын, жер мен жеке меншікті, өндіріс пен шикізатты қалай тиімді пайдаланады, міне, осындай ақпараттарды кітапханашы кітапхана веб-сайтында тақырыптық бөлімдерде (Мысалы: «Бизнес идея», «Инновация игілігі», «Бизнес-Ақпарат» «Бизнес-Информ» т.т.) жинақтап, пайдаланушылардың назарына ұсынуға болады. Мұндағы мақсат ақпараттарды бір жерде жинақтап, пайдаланушылардың сұранысын тез және сапалы қанағаттандыру. Мысалы ҚРҰАК барлық қазақстандық ғалымдар, экономистер, мемлекеттік қызметкерлер үшін ақпараттық даму қоры арқылы Дүниежүзілік банктің электронды кітапханасы мәліметтер базасына қолжетімділік жасай алады. Дүниежүзілік банк 4000-нан аса құжатын ұстайтын интерактивті, іздестіру үшін мүмкіндігі бар порталын ұсынады. Дүниежүзілік банктің электронды кітапханасы әлеуметтік-экономикалық даму саласындағы жұмыстардың барынша толық жинағының бірі болып саналады.

Ғылыми ақпараттарды Интернеттен іздестіруге қолжетімділік ұйымдастырып, ick@nabrk.kz электрондық поштасы арқылы консультативті көмек бере алады.
8. Дәріс.ҮИИДМБ-н ақпараттық қолдау.


  1. Құжаттарды электронды түрде жеткізу.

  2. Интернетте жұмыс істеу қызметі.

Инновацияның негізі - адам капиталы. Сондықтан, дамыған мемлекеттер денсаулық, білім- ғылым, тарихи мұраларды жандандыруға ерекше ден қойған. Интелектуалды - ғылыми потенцияларға көңіл бөлу, бәсекеге қабілетті дамыған елдердің қатарына қосылуды мақсат ететін Қазақстан үшін де басты ұстанымдардың бірі. Елімізде индустрияландыруға иек артып, экономикалық саясатта үлкен бетбұрыстар жасалуда. 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы (ҮИИДМБ) ұлттық экономиканы әртараптандыру мен жаңғыртуға, инновация мен шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған. Өңірлерде жүзеге асатын бұл бағдарламаға тек қана қаржылық қана емес, ақпараттық та қолдау қажет-ақ, онсыз ғылыми зерттеулер жүзеге аспай, жаңа технологиялар өндіріске енгізілмес еді.

Бәсекеге қабілетті экономиканы құруда заманауи кітапханалардың рөлі мен алар орны қандай? ҮИИДМБ-сын жүзеге асыруда кітапханаларымыздың қандай көмегі болады? Кітапханалар миссиясы – біліммен қамтамасыз ету және оны тарату, пайдаланушыларға өзекті ақпараттарды дер кезінде ұсыну болып табылады. Егер ҮИИДМБ-ның алдына қойып отырған міндеттеріне зер салсақ, басты мақсат мемлекеттің күш-жігерін экономиканың мынадай басым секторларын дамытуға топтастырылады: мұнай-газ секторы, тау-кен металлургия кешені, атом және химия өнеркәсібі; келесі 15-20 жылда әлемдік экономикада үстем рөлге ие болатын «болашақ экономикасының» секторлары: ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, биотехнологиялар, баламалы энергетика, ғарыш қызметі; машина жасау, құрылыс индустриясы, фармацевтика; агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл өнеркәсіп, туризм. Ендеше еліміздің кітапханаларының алдында тұрған міндет те осы экономиканың басты секторларын дамытуға ақпараттық жағынан қолдау көрсету болмақ, яғни ғылыммен айналысам деушілерге толыққанды ақпараттар беру, халықтың, бизнес өкілдерінің ақпараттық-мәдениетінің қалыптасуына жәрдемдесу.

Экономиканың басым секторлары бойынша кітапхананың ақпараттық қорларын барынша толықтыру, анықтамалық-библиографиялық жұмыстарын бағыттау, көпшілік жұмыстарының аясын кеңейту, кітапхана қызметкерлерінің үздіксіз білімін жетілдіру арқылы жүзеге аспақ. Мақсат елге бағдарламаның алға қойған міндеттерін жеткізу, түсіндіру, озық технология жаңалықтарын ғалымдарымызға, кәсіпкерлерге, өндіріс саласы мен ауыл шаруашылық қызметкерлеріне ұсыну. Ақпарат алуда жәрдемдесу, сұраныстарын толық қанағаттандыру. Кітапхана – жаңа индустриялық саясатты насихаттау құралы болмақ. Инновацияның негізі - адам капиталы. Сондықтан, дамыған мемлекеттер денсаулық, білім- ғылым, тарихи мұраларды жандандыруға ерекше ден қойған. Интелектуалды - ғылыми потенцияларға көңіл бөлу, бәсекеге қабілетті дамыған елдердің қатарына қосылуды мақсат ететін Қазақстан үшін де басты ұстанымдардың бірі. Елімізде индустрияландыруға иек артып, экономикалық саясатта үлкен бетбұрыстар жасалуда. 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы (ҮИИДМБ) ұлттық экономиканы әртараптандыру мен жаңғыртуға, инновация мен шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған. Өңірлерде жүзеге асатын бұл бағдарламаға тек қана қаржылық қана емес, ақпараттық та қолдау қажет-ақ, онсыз ғылыми зерттеулер жүзеге аспай, жаңа технологиялар өндіріске енгізілмес еді.

Бәсекеге қабілетті экономиканы құруда заманауи кітапханалардың рөлі мен алар орны қандай? ҮИИДМБ-сын жүзеге асыруда кітапханаларымыздың қандай көмегі болады? Кітапханалар миссиясы – біліммен қамтамасыз ету және оны тарату, пайдаланушыларға өзекті ақпараттарды дер кезінде ұсыну болып табылады. Егер ҮИИДМБ-ның алдына қойып отырған міндеттеріне зер салсақ, басты мақсат мемлекеттің күш-жігерін экономиканың мынадай басым секторларын дамытуға топтастырылады: мұнай-газ секторы, тау-кен металлургия кешені, атом және химия өнеркәсібі; келесі 15-20 жылда әлемдік экономикада үстем рөлге ие болатын «болашақ экономикасының» секторлары: ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, биотехнологиялар, баламалы энергетика, ғарыш қызметі; машина жасау, құрылыс индустриясы, фармацевтика; агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл өнеркәсіп, туризм. Ендеше еліміздің кітапханаларының алдында тұрған міндет те осы экономиканың басты секторларын дамытуға ақпараттық жағынан қолдау көрсету болмақ, яғни ғылыммен айналысам деушілерге толыққанды ақпараттар беру, халықтың, бизнес өкілдерінің ақпараттық-мәдениетінің қалыптасуына жәрдемдесу.

Пайдаланушыларға қашықтық қызметтің «Құжаттарды электронды түрде жеткізу», «Тізім жіберілімдер» түрлерін белсенді қолдануға кеңес береміз. Мысалы кітапханаға келе алмайтын оқырмандар үшін және кітапхана қорынан керекті ақпаратын таба алмаса «Құжаттарды электронды түрде жеткізу қызметін» пайдалану тиімді. Осы қызмет арқылы шетел кітапханаларының қорынан және мәлімет базаларынан құжаттарды іздестіріп, құжаттардың фрагменттерін көшіріп және электронды форматқа ауыстыруға болады.

Еліміздегі ірі кітапханалар мен шетел кітапханаларының электронды каталогтары мен библиографиялық мәліметтер базасын тәжірибеде қолдану аймақтық кітапханаларға ақпараттарды пайдаланушыларға толыққанды ұсынуда жәрдемі зор. Мысалы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы – ҚазҰЭК edd@nabrk.kz, ҚР Ұлттық кітапханасы – nirk.kz, Қоғамдық ғылымдар бойынша ақпараттар институты (ИНИОН) – inion.ru, Орталық ғылыми медициналық кітапхана, Бүкілресейлік ғылыми-техникалық ақпараттар институты (ВИНИТИ), Ресей Ұлттық кітапханасы (РНБ) – nlr.ru, Ресей мемлекеттік кітапхансы (РГБ) – rsl.ru және басқаларының каталогтары мен библиографиялық дерек базаларын пайдалану оң нәтиже бермек.

«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ұсынылатын мемлекеттік қызмет көрсетулерді кітапхана ақпаратты тиімді пайдалану мақсатында пайдаланушыларына ұсына алады. Кітапханашының міндеті пайдаланушыға тіркелу мен электрондық қызметтің тізіміндегі тармақтарға кілт сөзбен ене білуді үйрету. Бүгінде «Электрондық үкімет» дамуының игі нәтижесі ретінде, БҰҰ-ның рейтингіне сәйкес, Қазақстан әлемдегі алдыңғы қатарлы 50 елдің құрамына кіріп, мүмкін болатын 192-нің 46 –ы орында тұр.

ҮИИДМБ экономикалық басым секторларының бірі ауыл шаруашылық саласы. Еліміз бойынша ауылдық кітапханалардың саны 3366, олардың ішінде автоматтандырылғаны 1433. Ауыл шаруашылығын дамытуда бірден-бір көмек - кәсіпкерлерге ғылыми басылымдардың беттерінде жарияланып жатқан жаңалықтармен таныстыру, олардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру тағысын тағылар ауыл кітапханаларының басты міндеті.

Осы орайда мүмкіншіліктері мол облыстық кітапханалар ауылдық жерлерге библиокеруен ұйымдастыруларына кеңес береміз. Ондағы мақсат ауыл тұрғындарын бағдарламаның мақсат-міндеттерімен таныстыру, ауыл шаруашылығы салаларының кәсіби сайттарымен таныстыру, Интернет мүмкіндіктерінің шексіздігін паш ету, ақпараттық мәдениеттерін қалыптастыруға жәрдемдесу. Осы орайда кітапханаларға «Интернет-маркетолог», «Жаңа ақпараттық технология», «Алғашқы қадам», «Электронды пошта – заманауи байланыс құралы ретінде», «Интернетте жұмыс істеу қызметі» тақырыптарында тренингтер өткізу арқылы ауыл мамандарына БАҚ және Интернетке жарнама жариялауды, олардан ақпарат ала білуді, бір сөзбен айтқанда, ақпараттық-коммуникативтік технологиялар білімін жетілдіруде көмектесуді ұсынамыз.

Ауыл шаруашылығы дамыған елдердің тәжірибесін терең зерделеп, еліміздің хал-ахуалына сәйкестендіріп қолдана білу қажет. Сондықтан ауыл шаруашылық өнім өндірушілер үшін еліміздің ғылыми басылымдарынан , таяу және алыс шетел кітапханалары электрондық дерек базаларынан тізбе-тізімдерді әр түрлі формада жасақтап ұсыну қажет. Мысалы мынадай тақырыптарда: «Шетелдегі ауыл шаруашылық тәжірибе», «Ауыл шаруашылық ғылымы», «Қолданбалы аграрлық зерттеулер», «Агроөнеркәсіп кешені», «Ауыл аймақты дамыту экономикасы». Сондай-ақ қашықтан қызмет түрлерін ұсынуға кеңес береміз. Бұл арада баса айта кететін мәселе, ауыл кітапханашылары осы бағдарламаға қандай ма үлес қосамыз десе жергілікті әкімдермен бірлесе жұмыс істесе, оң нәтижеге жетері сөзсіз. «Жалғыздың үні шықпас» деген халқымыз, кітапханашылар өздері ғана шабылмай, мектеп ұжымымен, қоғамдық бірлестіктермен, ауыл шаруашылық кәсіпкерлерімен бірлесе, кітапхана кеңістігін ұсына отырып, шебер ұйымдастыра білуі керек.

Көпшілік шаралар – ҮИИДМБ-н ақпараттық қолдауда басты құрал.
9. Дәріс. Интернеттiң негiзгi қосымшалары.

1.E-mail (Electronic Mail) -электрондық почта.

2. Көру жабдықтары
TCP/IP – Интернет желісіне қосылған компьютерлер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтерді бір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды құрастыру хаттамасы.

IP (Internet Protocol) – мәліметтерді оны алушының адресі көрсетілген шағын тақырыптары бар бірнеше бөліктерге немесе дестелерге бөлетін желіаралыќ хаттама TCP (Transmission Control Protocol) – мәліметті жөнелту ісін басќаратын хаттама, ол жілідегі аќпарат дестелерін дұрыс жеткізу үшін жауапты болып саналады

Интернеттiң негiзгi қосымшалары

E-mail (Electronic Mail) -электрондық почта. Желі тұтынушылары арасында мәлімет алмасу ісін жүзеге асыратын қызмет жүйесі. Ол арнайы почта программалары көмегімен жүзеге асырылады, мысал ретінде, Outlook Express программасын атауға болады. Оның көмегімен сіз санаулы минуттар ішінде хабарды жеткізе аласыз. Ол үшін клавиатурада тиісті хабар мәтінін теріп, белгілі электрондық адреске жіберсеңіз болғаны. Осынау тәсілдеме арқылы достарыңызбен, әріптестеріңізбен араласуға болады.

E-mail адрестік құрылымы:

есім@ мекеме.домен

Мысалы:

common@pushkinlibrary.kz

dina_m@mail.kz

Usenet - бір-бірімен жаңалыќтар алмасып отыратын бейкоммерциялық, бейформалдық дәлірек айтќанда анархиялық үйелер тобы. Белгілі бір серверде кездеседі.

Usenet – тегі жаңалықтар тобы – дүние жүзіндегі адамдардың пікірлесетін, яғни аќпарат алмасуына арналған электрондық пікірталас топтары.Мұндай жаңалыќ топтарында белгілі бір тақрыпқа рналған көптеген мақлаларды оқуға болады, олар әртүрлі тақырыптарды талқылауға да арналады. Usenet-тегі жаңалықтар ретінде оқыған мақалаңызға жауап беруге және өз ойларыңызды мақала ретінде жариялауға болады(тақырыптар түрлі)

FTP (File Transfer Protocol) - Файлдарды жіберу протоколы– бұл көбінде үлкен көлемдегі файлдарды жіберу кезінде ќолданылатын Интернттің ќосымшасы. FTP көмегімен кез келген файлдарды жіберуге және ќабылдауға болады.

Чат (IRC –Internet Real Chat) –Интернеттің тағы да бір ќосымшасы,желіде наќтылы уаќытта интерактивті сұхбаттасу. Әңгімелесушілер бір-бірімен өз компьютерлеріндегі клавиатурада сөздерді теріп жібереді және ол сөздер бірнеше секундтардан кейін сұхбаттасушыларға монитордан көрінеді, осындай тәсілмен әңгімелесулеріне болады.

World Wide Web (WWW немесе Web) - гипермәтіндік құжат

Интернет мәліметтерін жеңіл көруге болатын графикалық интерфейс мүмкіндігін береді.

Web- тің әр бетінің басқа парақтармен байланысын көрсететін сілтеме белгілері бар, оны бір-бірімен байланысқан парақтардан тұратын өте үлкен кітапхана деуге болады.Бір тораптық компьютерде орналасқан мәліметтер Web кітабы секілді, ал оның беттері кітап парақтарын көзге елестетеді.Бұл беттердегі мәліметтер дүниенің кез келген нүктесінде орналаса береді.Солар арқылы жер шарындағы барлық серверлік компьютерлердегі ақпараттар көз алдыңызда орналасады, мұнда қашықтағы-қымбат, жақындағы-арзан деген ұғым жоқ, олардың бағасы тек мәліметтің көлеміне немесе сіздің байланысып отырған уақытыңыздың ұзақтығына байланысты.

Түйінді компьютерлердегі мәліметтің бірінші беті кітаптың мазмұны тәрізді, әрбір беттің URL (Universal Resorse Locator) форматында берілген өзіндік адресі болады.Ол беттердегі мәліметті оқу «көру жабдықтары» деп аталатын арнайы программалар арқылы орындалады.

Көру жабдықтары

Веб парақтардағы мәліметтерді оқу "көру жабдықтары” деп аталатын арнайы программалар арқылы орындалады, ол "to browse” парақтау, қарау деген ағылшын сөзінен шыққан атау. Интернеттегі Web- парақтарын оқып, экранда көрсетуге арналған программалардың кең тараған түрлері Microsoft Internet Explorer, Netscape Navigator.
10. Дәріс.Internet Explorer браузерімен жұмыс істеу.

1.Ақпараттарды сақтау және белгі жасау.

2.Белгі жасау.
Егер сізге белгілі бір веб-парақ ұнаса, және де ол парақ сізге үнемі қажет болып тұрса ол адреске белгі салып қоюға болады. Белгі жасау үшін «Избранное-Добавить в избранное» деген менюді таңдап алу ќажет. Келесі кезектегі терезеден белгінің атын және белгі саќталатын папканы таңдау ќажет. Мысалы сіз мынандай http://www.rubricon.ru адрестегі веб-параќты ќарап отырсыз және оны белгі жасап саќтағыңыз келді, ол үшін «Избранное – Добавить в избранное» деген менюді аламыз. Онда «Добавление в избранное» деген терезе пайда болады, «имя» деген жолда веб-параќ алғашќы атауымен тұрады, оны сіз өз ќалауыңыз бен өзгертуіңізге де болады. «Добавить в избранное» деген терезеде папкалар тізімі берілген, оның сәйкес келетін біреуін таңдауыңызға болады. Егер папканы таңдап алмасаќ саќталатын адресіміз «Избранное» деген бастапќы папкаға жазылады. Көрсетілген папканың ешќайсысы сәйкес келмеген жағдайда жаңадан папка ашуға болады, ол үшін «Создать папку» деген команданы таңдаймыз.

Веб-параќтарды саќтап белгі жасау арќылы біз кез келген уаќытта ќажетті адрестерді жылдам мониторға шығара аламыз. Ол үшін аспаптар таќтасынан «Избранное» деген папканы таңдаймыз, пайда болған терезеден ќажетті адресті аламыз.

Егер веб-параќ сізге ағымдағы мазмұнымен ғана ќажет болса аќпараттарды саќтаудың мынандай жолдары бар: 1) Веб-параќты толығымен сақтау.

Веб-парќ толығымен жүктелген соң аспаптар таќтасынан «Файл-Файл сохранить как» (сурет1)деген команданы таңдаймыз, пайда болған терезеден «Сохранить веб-страницу» командасында «Тип файла» деген жолда «Веб-страницу полностью» (сурет2) деп көрсетілуін ќадағалау керек.

2) Суретті сақтау.

Веб-парақтағы суретті жеке саќтау үшін тышќанды суреттің үстінде ұстап тұрып оң жаќ түймесін шертеміз. Пайда болған контекстік менюден «Сохранить рисунок как» (сурет3) деген команданы таңдап аламыз да ќажетті папканың ішінде саќтаймыз. Егер сіз суретті жұмыс істеп отырған файылыңызға ќойғыңыз келсе контекстік менюден «Копировать» (сурет4) деген команданы таңдап аласыз да ќайтадан өз файылыңызға ауысып «Вставить» деген команданы орындайсыз.

3) Мәтіндік ақпартты сақтау.

Көптеген Веб-парақтарда бізге қажеттірегі – мәтіндер. Оны айырбастау буфері арќылы саќтау сенімді және ыңғайлы. Алдымен ќажетті мәтінді белгілеп аламыз да «Копировать» деген тапсырманы таңдаймыз(мысалы аспаптар таќтасынан «Правка-Копировать» немесе CTRL-C өзара байланысқан клавиштер арќылы жүзеге асыруға болады.

Адрестiк жүйе

Интернет-қосымшаларының адрестiк құрылымы (негiзгi парақ)

қосымша://қосымша.мекеме.домен

Ұйымдық тиiстiлiгi бойынша домендер атаулары

gov - үкіметтік

org - үкіметтен ,коммерциядан тыс

edu - білім

com -коммерциялық

mil - әскери

net - желілік Мысалдар: http://www.loc.gov (АҚШ Конгресінің кітапханасы) http://www.cnn.com (CNN Компаниясы) Ұйымдық тиiстiлiгi бойынша домендер атаулары. Қосымша ( 2000 ж. қараша айынан, International Corporation for Assigned Names and Numbers)

museum - музейлер name - жеке есімдер

aero - авиакомпании coop - бірлескен, коммерциялық

biz - бизнес info - ақпараттық

pro - кәсіпқой Аймактық белгiсi бойынша домендер атауы

uk - Великобритания us - США

ru - Россия se - Швейцария

kz - Казахстан de - Германия

ua - Украина fr - Франция Мысалдар:

http://www.lme.uk (Лондонның металдар биржасы) http://www.ukg.kz (Рейтинг, Усть- Каменогорск)

Әлемдегі авторитеттік энциклопедияның желілік нұсқасында 72 мыңға жуық барлық салалар бойынша мақалалар жинақталған. Іздестіру нәтижесі мақалалар мен бірге Интернет ресурстарға да сілтеме береді, сондай-ақ журналдардағы таңдаулы шығарылымдарды да ұсынады.Көптеген жағдайларда иллюстрациялар, таблицалар, бейнефайлдар қамтылған. Құжаттарды электронды турде жеткізу (Электронная доставка документо (ЭДД)) дегеніміз тапсырыс берілген құжаттардың электрондық көшірмелерін дайындап коммуникация жетістіктерін арқылы пайдаланушыға жеткізу. Пайдаланушылар қажетті ақпараттарды әлемдік электрондық ақпараттар базасынан тапсырыс арқылы алуына болады. Электрондық көшірмелер сканермен цифрлау (оцифрование) арқылы жүзеге асырылады.

BBS (Bulleten Board System) – электрондық хабарландыру татқтасы, электронды тақтаның компьютерлік аналогі. Бұл модем арқылы байланысуға болатын компьютерде сақталатын мәліметтер, онда басқаларға арналған хабарламаларды қалдыруға, бұрын жазылған мәліметтерді оқуға болады. Әдетте бұл бейкоммерциялық жүйе болып саналады

Domain – домен. Бір компьютермен басқарылатын немесе бір желілік жұмыс машинасының басшылық етуімен істейтін информациялық желі қорлары тобы.

HTTP (Hyper-Text Transmission Protocol) – гипермәтінді жіберу хаттамасы. WWW-да клиент пен сервер арасында қатынас болу үшін қолданылатын хаттама.

Броузер - Көрсеткі. Ол "to browse” парақтау, қарау деген ағылшын сөзінен шыққан атау. Интернеттегі Web- парақтарын оқып, экранда көрсетуге арналған программалар (кең тараған түрлері Microsoft Internet Explorer, Netscape Navigator)

TCP/IP – Интернет желісіне қосылатын компьютерлер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтерді бір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды құрастыру хаттамасы.

Usenet – бір-бірімен жаңалықтар алмасып отыратын бейкоммерциялық, бейформалдық жүйелер тобы

URL-адрестері-бұл Интернетте орналасқан құжаттардың адресін жазудың арнайы формасы.Ол - желінің қай серверінде орналасса да, керекті мәліметті айнытпай қатесіз табуды қамтамасыз ететін сөз тіркесі.

Homepage – Web жүйесіндегі байланысқан мәліметтерді алғашқы іске қосу парағы. World Wide Web жүйесіне саяхатты бастайтын парақ.


WWW (World Wide Web) – Интернет мәліметтерін жеңіл көруге болатын графикалық интерфейс мүмкіндігін береді. Web- тің әр бетінің басқа парақтармен байланысын көрсететін сілтеме белгілері бар, оны бір-бірімен байланысқан парақтардан тұратын өте үлкен кітапхана деуге болады.Бір тораптық компьютерде орналасқан мәліметтер Web кітабы секілді, ал оның беттері кітап парақтарын көзге елестетеді.Бұл беттердегі мәліметтер дүниенің кез келген нүктесінде орналаса береді.

Провайдер (Internet Service Provaider) – Интернетпен қарапайым тұтынушылардың тікелей қатынас құруын жүзеге асыратын заңды тұлға.

FTP (File Transfer Protocol) Файлдарды жіберу протоколы– бұл көбінде үлкен көлемдегі файлдарды жіберу кезінде ќолданылатын Интернттің ќосымшасы. FTP көмегімен кез келген файлдарды жіберуге және ќабылдауға болады.

Чат (IRC –Internet Real Chat) –Интернеттің тағы да бір ќосымшасы,желіде наќтылы уаќытта интерактивті сұхбаттасу. Әңгімелесушілер бір-бірімен өз компьютерлеріндегі клавиатурада сөздерді теріп жібереді және ол сөздер бірнеше секундтардан кейін сұхбаттасушыларға монитордан көрінеді, осындай тәсілмен әңгімелесулеріне болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет