Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы « 19 » маусымдағы
№ 636 қаулысымен
бекітілген
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы
-
Бағдарлама паспорты
Бағдарламаның атауы
|
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы
|
Әзiрлеу үшiн негiздеме
|
Қазақстан Республикасының Президентi – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен 2013 жылғы 23 қаңтардағы кеңестің № 01-7.1 хаттамасы
|
Әзiрлеуге және іске асыруға жауапты
мемлекеттiк орган
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
|
Мақсаттарға, нысаналы
индикаторларға, мiндеттерге, нәтижелер
көрсеткiштерiне қол жеткiзуге жауапты
мемлекеттiк және өзге де органдар
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері
|
Бағдарлама мақсаты
|
Жұмыспен тұрақты және нәтижелi қамтуды ұйымдастыру, жұмыссыздық деңгейінің өсуін төмендету және өсуіне жол бермеу арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу
|
Бағдарламаның мiндеттерi
|
Экономика салаларының білікті кадрларға қажеттілігін болжау тиімділігін қамтамасыз ету;
Жұмыс (тұрақты, уақытша) орындарын құруды жоспарлауды үйлестіру;
Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуал үшін ғаламдық дағдарыстың ықтимал теріс салдарын төмендету және экономикалық өсу үшін қажетті негізді қамтамасыз ету;
Кәсіпкерлік белсенділікті дамыту;
Облысішілік және ауданішілік көші-қонды жоспарлау есебінен еңбек ресурстарының кәсіптік және аумақтық ұтқырлығын арттыру;
Жұмыс істейтін жастардың ұтқыр бөлігінің бейімделуі және өмір сүруі үшін жағдай жасау;
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты нәтижелі жұмыспен қамтуды арттыру, олардың мәртебесін заңдастыру;
Әлеуметтік қолдау шараларының атаулылығын күшейту, масылдықты төмендету және еңбек белсенділігін ынталандыру.
|
Бағдарламаны iске
асыру мерзiмi және кезеңдерi
|
1-кезең – 2013 – 2015 жылдар
2-кезең – 2016 – 2020 жылдар
|
Нысаналы индикаторлар
|
Жұмыспен қамту 2020 жол картасында қойылған мiндеттердi iске асыру барысында мынадай нәтижелерге қол жеткiзу жоспарланып отыр:
2016 жылға қарай:
кедейлiк деңгейi 6 %-дан аспайтын болады;
жұмыссыздық деңгейi 5,0 %-дан аспайтын
болады;
өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жалпы санындағы нәтижелі жұмыспен
қамтылғандардың үлесі 64,5 %-ға дейін ұлғаяды.
2020 жылға қарай нәтижелерге қол жеткізу индикаторлары Жұмыспен қамту 2020 жол картасының бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін айқындалатын болады.
|
Қаржыландыру көздерi және көлемі
|
Жұмыспен қамту 2020 жол картасын iске асыруға республикалық бюджетте:
2013 жылға – 104, 9 млрд. теңге;
2014 жылға – 100,6 млрд. теңге;
2015 жылға – 98,7 млрд. теңге көзделген.
Келесi жылдары Бағдарламаны қаржыландыру көлемi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттi тиiстi жоспарлы кезеңге қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.
|
-
Кіріспе
1. Мемлекет басшысы 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету саясатын жаңғырту жөніндегі міндеттерді қойды.
Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының біріне жатады. Лайықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету – халықты әлеуметтік қорғаудың негізі, адам ресурстарының әлеуетін дамытудың және іске асырудың маңызды шарты, қоғам игілігін өсірудің және өмір сүру сапасын арттырудың негізгі құралы.
Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер барысында қарқынды дамып келе жатқан еңбек нарығы құрылды, халықтың экономикалық белсенділігі және жұмыспен қамтылу деңгейі артуда. Соңғы 12 жыл ішінде жұмыс істейтін тұрғындардың саны 6 698,8 мың адамнан 8 507,2 мың адамға көбейіп, ал жұмыссыздық деңгейі 2001 жылғы 12,8 -дан 2012 жылдың соңына 5,3 -ға төмендеді.
Жол картасы (2009 – 2010 жылдар) шеңберінде жұмыс орындарын сақтау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің арнайы шараларын әзірлеу мен іске асыру әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстың әсерімен байланысты уақытша экономикалық қиын жылдарында да жұмыспен қамтудың жоғары деңгейін сақтауға мүмкіндік берді.
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) 2009 және 2010 жылдардағы жол карталарын және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асырудың логикалық жалғасы болып табылады.
Бағдарлама дағдарысқа қарсы ден қою тетіктерін, еңбек нарығын реттеудің тиімділігін арттыру, оның ішінде еңбек нарығын болжау және мониторингілеу, табысы аз, жұмыссыз мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты жұмыспен қамтудың белсендi шараларына тарту тетіктерін қамтиды.
3. Ағымдағы ахуалды талдау
2. Елімізде жүргізілген әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар барысында қарқынды дамушы еңбек нарығы құрылды:
1) халықтың экономикалық белсенділік деңгейі 1991 жылғы 68,6 -дан 2012 жылы – 71,7 -ға дейін артты, экономикалық белсенді халықтың саны 7,7 млн. адамнан 9,0 млн. адамға дейін көбейді;
2) жұмыс істейтін халықтың саны 7,7 млн. адамнан 8,5 млн. адамға көбейді. Бұл ретте жеке кәсіпорындарда жұмыспен қамту басым;
3) жұмыссыздық деңгейі 2 еседен астам – 2000 жылғы 12,8 -дан 2012 жылы 5,3 -ға дейін төмендеді. Жұмыссыз халықтың саны 474,8 мың адамды құрады, бұл 2000 жылмен салыстырғанда 2 есеге аз.
Алайда, еңбек нарығын сипаттайтын оң көрсеткіштерге қарамастан, бүгінгі таңда елімізде экономикалық белсенділігі өте төмен халық тобы бар, бұл:
1) 474,8 мың жұмыссыз, олардың ішінде ең үлкен топ - 34 жасқа дейінгі адамдар;
2) 1,1 млн-ға жуық нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар, бұлар тіркелмеген өзін-өзі жұмыспен қамтыған жұмыскерлер, жеке қосалқы шаруашылығында тек өзі тұтыну үшін өнім өндірумен айналысатын адамдар және отбасылық кәсіпорындардың ақы төленбейтін жұмыскерлері;
3) 646,4 мың табысы аз азаматтар, олардың бір бөлігі жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға жатады.
Жалпы бұл 2,0 млн-ға жуық адам, олардың шамамен 80 -ы ауылда тұрады.
2,8 млн. жұмыспен қамтылғандар зейнетақы жинақтары мен әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайды.
5 жұмыссыздық деңгейін қамтамасыз ету үшін еліміз бойынша 2020 жылға дейін қосымша 508 мың адамды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету қажет.
Ахуалды Қазақстандағы экономикалық өсу қарқынын 5 -ға дейін бәсеңдетуге алып келген және жаңа жұмыс орындарын дамыту мен құруды тағы да кідіртуі мүмкін ғаламдық дамудың тұрақсыздығы ушықтыруы мүмкін.
Бұған қоса, ауылда жаңа жұмыс орындарының құрылуы жеткіліксіз, бұған елеулі түрде мыналар кедергі болуда:
1) өткізу нарықтарынан шалғайлық;
2) көліктік, өндірістік және коммуналдық инфрақұрылымның дамымауы;
3) қаржыландыруға қол жетімділіктің болмауы, ауылда екінші деңгейдегі банктер өкілдіктерінің болмауы;
4) ауылда тұратын тұрғындар біліктілігінің төмендігі.
Кемшін тұстарының арасында сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламаларда республика, облыс, аудан, ауыл деңгейінде құрылатын жұмыс орындарының саны бойынша тұтас және объективті жоспарлардың жоқтығын атап өту қажет.
Өткен ғасырдың 90-жылдарының соңында жұмыспен қамту қызметінде жүргізілген институционалдық өзгерістер еңбек нарығын реттеудің тиімділігін төмендетті.
Осылайша, қалыптасқан ахуал кедейлікті төмендету қарқынын бәсеңдетіп қана қоймай, жаңа экономикалық өсу айналымына өту жағдайларында жұмыс күшіне сұранысқа қарамастан еліміздегі еңбек ресурстарын толық пайдаланбау дегенді де білдіреді.
Әлемдік практикада осындай проблемаларды шешу үшін еңбек нарығының белсенді бағдарламалары (бұдан әрі – ЕНББ) қолданылады. ЕНББ еңбек ресурстарын дамыту (кәсіптік даярлау және қайта даярлау), жұмыс күшіне сұранысты ұлғайту (жалақыны/жұмыспен қамтуды субсидиялау), еңбек нарығын реттеуді жетілдіру (жұмыспен қамту қызметтерін құру, ақпараттық сүйемелдеу), мемлекет (мемлекет жұмыспен қамту және оқытуды қамтамасыз ету жөніндегі жоғары сапалы қызмет көрсетуге міндеттенген, ал ЕНББ қатысушысы қарқынды жұмыс іздеуді жүзеге асыруға міндеттенген жағдайда «құқықтар мен міндеттер» немесе «өзара міндеттемелер» стратегияларын) жүзеге асыратын әлеуметтік қолдау жүйесімен еңбек күштерін жандандыруды үйлестіру арқылы жүзеге асырылады.
Экономикалық тұрғыдан ЕНББ нәтижелі жұмыспен қамту ықтималын ұлғайтуды, еңбек өнімділігі мен жалақының өсуін, әлеуметтік тұрғыдан – жұмыссыздықты төмендетуді, еңбек белсенділігін өсіруді және адами әлеуетті дамытуды жоспарлайды.
Бастапқыда мұндай бағдарламалар экономикалық депрессия және жұмыссыздықтың деңгейі жоғары болған кездерде қолданылған, ал қазіргі уақытта - экономикасы өтпелі елдерде өнеркәсіптік қайта құрылымдаудың кері әсерін азайту және еңбек нарығынан анағұрлым шалғай жатқан халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын кіріктіру үшін пайдаланылады.
Осы негізде қол жеткізілетін оң нәтижелер ЕНББ қазақстандық еңбек нарығында әзірлеу және қолдануға өзекті сипат береді.
Бұл тұрғыдан Жол картасы мен Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру барысында жинақтаған біздің мүмкіндіктеріміз еңбек нарығында туындайтын қатерлерді басқару тәжірибесіне күш береді.
Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында қойған халықты жұмыспен қамту саясатын жаңғырту жөніндегі міндеттерді және баяндалған проблемаларды ескере отырып, осы Бағдарлама әзірленді.
4. Бағдарламаның мақсаты, мiндеттерi және нысаналы
индикаторлары
4.1. Бағдарламаның мақсаты
3. Жұмыспен тұрақты және нәтижелi қамтуды ұйымдастыру, жұмыссыздық деңгейінің өсуін төмендету және өсуіне жол бермеу арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу
4.2. Бағдарламаның нысаналы индикаторлары
4. 2016 жылға қарай:
1) кедейлiк деңгейi 6,0 %-дан аспайтын болады;
2) жұмыссыздық деңгейi 5,0 %-дан аспайтын болады;
3) өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жалпы санындағы нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың үлесі 64,5 %-ға дейін ұлғаяды;
2020 жылға қарай нәтижелерге қол жеткізу индикаторлары Жұмыспен қамту 2020 жол картасының бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін айқындалатын болады.
5. Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде қамтылғандардың (санаттар бойынша жалпы санындағы) үлес салмағы:
1) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 2013 жылы – 4,0 %, 2014 жылы – 4,8 % және 2015 жылы – 7,1 %;
2) жұмыссыздар 2013 жылы – 20,0 %, 2014 жылы – 22,0 % және 2015 жылы – 25,0 %;
3) күнкөрісі төмен отбасылардың еңбекке жарамды мүшелерi (тартылған) 2013 жылы – 18,0 %, 2014 жылы – 19,0 % және 2015 жылы – 20,0 % болады.
4.3. Бағдарламаның мiндеттерi
6. Бағдарламаның негізгі міндеттері:
1) экономика салаларының білікті кадрларға қажеттілігін болжау тиімділігін қамтамасыз ету;
2) жұмыс (тұрақты, уақытша) орындарын құруды жоспарлауды үйлестіру;
3) Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуал үшін ғаламдық дағдарыстың ықтимал теріс салдарын төмендету және экономикалық өсу үшін қажетті негізді қамтамасыз ету;
4) кәсіпкерлік белсенділікті дамыту;
5) облысішілік және ауданішілік көші-қонды жоспарлау есебінен еңбек ресурстарының кәсіптік және аумақтық ұтқырлығын арттыру;
6) жұмыс істейтін жастардың ұтқыр бөлігінің бейімделуі және өмір сүруі үшін жағдай жасау;
7) өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты жұмыспен нәтижелі қамтуды арттыру, олардың мәртебесін заңдастыру;
8) әлеуметтік қолдау шараларының атаулылығын күшейту, масылдықты төмендету және еңбек белсенділігін ынталандыру болып табылады.
7. Бағдарламаны іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;
2) кәсіпкерлікті дамыту арқылы:
жеке кәсіпкерлік бастаманы қолдау;
тірек ауылдарды кешенді дамыту арқылы жұмыс орындарын құру;
3) жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу:
оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.
4.3.1. Жұмыс орындарын құру мониторингі және жоспарлау
8. Қолданыстағы мемлекеттік, салалық бағдарламалар шеңберінде экономика салаларының білікті кадрларға қажеттілігіне болжам жасаудың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында өңірлер мен жекелеген мамандықтар бөлінісінде 2020 жылға дейін жұмыс орындарын құру бойынша сандық көрсеткіштер болжанатын болады.
Әзірленетін мемлекеттік (салалық) бағдарламалар жұмыс орындарын құру бөлігінде Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен (бұдан әрі – Бағдарлама операторы) келісіледі.
Орталық мемлекеттік органдар бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджет өтінімін қалыптастыру кезінде республикалық бюджет қаражаты есебінен мәлімделген жобалар бойынша жұмыс орындарын құру жоспарларын Бағдарлама операторымен келіседі.
Жергілікті атқарушы органдар бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджеттік өтінімді қалыптастыру кезінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен мәлімделген жобалар бойынша жұмыс орындарын құру жоспарларын жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келіседі.
Жұмыс орындарын құру жөніндегі жоспарларда мемлекеттік және жеке инвестициялар:
1) мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде мемлекеттік қолдаумен коммерциялық жобалар;
2) жеке бастамалар шеңберінде (мемлекеттің қолдауынсыз) жобаларды іске асыру;
3) мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде жобаларды іске асыру;
4) республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен салу және реконструкциялау, күрделі және ағымдағы жөндеу жөніндегі жобаларды іске асыру;
5) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы құрылатын жұмыс орындары туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс.
9. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде, оның ішінде республикалық меншіктегі объектілерге әлеуметтік-мәдениет объектілерінің құрылысы кезінде кемінде 30 , әлеуметтік-мәдениет объектілерін реконструкциялау кемінде 40 , күрделі, ағымдағы жөндеу және абаттандыру бойынша кемінде 50 инфрақұрылымдық жобалар іске асырылатын ауданда тұратын Бағдарламаға қатысушылар үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша жұмыс орындарын ұсынуды қамтамасыз етеді.
10. Аталған инфрақұрылымдық жоба іске асырылып жатқан ауданда (қалада) қажетті еңбек ресурстары болмаған жағдайда аудандардың (қалалардың) жұмыспен қамту орталықтарының жазбаша келісімі болған жағдайда сырттан қосымша еңбек ресурстарын тартуға жол беріледі.
11. Қалалардың және аудандардың жергілікті атқарушы органдары жылына екі рет (есепті жылдың 1 қаңтардағы және 1 шілдедегі жай-күйі бойынша) 5 қаңтарда және 5 шілдеде Бағдарлама операторы бекіткен нысан бойынша облыстың жергілікті атқарушы органдарына жұмыс орындарын құру жоспарларын ұсынады.
Жұмыс орындарын құру жөніндегі жоспарлар қалалардың және аудандардың Жұмыспен қамту карталарында көрініс табатын болады.
12. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары жылына екі рет (есепті жылдың 1 қаңтардағы және 1 шілдедегі жай-күйі бойынша) 10 қаңтарда және 10 шілдеде орталық мемлекеттік органдарға жетекшілік ететін салаларға сәйкес жұмыс орындарын құру жоспарларын ұсынады.
Жұмыс орындарын құру жөніндегі жоспарлар облыстардың Жұмыспен қамту картасында көрініс табатын болады.
13. Мемлекеттік (салалық) бағдарламаларды іске асыратын орталық мемлекеттік органдар жетекшілік ететін салалары бойынша орталық мемлекеттік органдардың жоспарларын ескере отырып, жұмыс орындарын құру жөніндегі жиынтық деректерді қалыптастырады әрі 25 қаңтарда және 25 шілдеде Бағдарлама операторына ұсынады.
Жұмыс орындарын құру жөніндегі жоспарлар республикалық Жұмыспен қамту картасында көрініс табады.
14. Өңірлердің Жұмыспен қамту картасын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты Бағдарлама операторы бекітеді.
Жұмыспен қамту карталары еңбек нарығын болжауды, мониторингін жүзеге асыру және еңбек ресурстарына сұраныс пен ұсынысты теңгерімдеуге жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын реттеудің тиімділігін арттыру мақсатында жасалады және бесжылдық перспективаға жылдар бойынша және әрбір аудан, облыстық бағыныстағы қала, облыс, Астана және Алматы қалалары бойынша толтырылады.
15. Орталық мемлекеттік органдар жетекшілік ететін салалары бойынша және жергілікті атқарушы органдар ұсынылған жоспарларға сәйкес жұмыс орындарын құруға мониторинг жүргізеді.
16. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – ВАК) отырысында:
1) республика бойынша және өңірлер бөлінісінде жұмыс орындарын құру жоспары қаралады және мақұлданады;
2) жыл қорытындысы бойынша облыстардың әкімдері жұмыс орындарын құру, жұмыссыздық деңгейі және кедейлік жоспарын іске асыру және Бағдарламаны іске асыру бойынша есеп береді;
3) жыл қорытындысы бойынша мемлекеттік (салалық) бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық мемлекеттік органдар басшыларының салалар бойынша жұмыс орындарын құру жоспарын іске асыру туралы есептері тыңдалады.
Бағдарлама операторы жұмыс орындарын құру және республика бойынша еңбек нарығындағы ахуалға мониторинг қорытындысы бойынша есеп береді.
17. Жұмыспен қамту карталарының іске асырылуын ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында Бағдарлама операторы «Жұмыспен қамту картасы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін әзірлейді.
18. Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында Бағдарлама операторы, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар мен халықты жұмыспен қамту орталықтары мынадай бағыттар бойынша жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен ынтымақтастықты жүзеге асырады:
1) бос орындардың және Бағдарламаға қатысушылардың деректер қорына қолжетімділік беру;
2) Бағдарлама шеңберінде ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары туралы Бағдарламаға қатысуға үміткерлерге консультация беру;
3) Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.
19. Қойылған міндеттерді шешу мақсатында Бағдарлама операторы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайтын болады.
4.3.2. Бағдарламаға қатысушылар
20. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың, жұмыссыздар, табысы аз адамдар, ішінара жұмыспен қамтылғандар, еңбекке қабілетті мүгедектер, бітіргеннен кейін бір жыл ішінде жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбы, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.
21. Бағдарламаға қатысу үшін басымдық мынадай санаттарға:
1) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастарға;
2) он сегізден жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиленушілеріне, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
3) ауылды жерлерде тұратын әйелдерге;
4) зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 50 жастан асқан адамдарға;
5) жалпыға бірдей белгіленген зейнетақы жасына дейін зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерге;
6) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін және мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды алушы болып табылатын адамдарға;
7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босатылған адамдарға;
8) бас бостандығынан айыру орындарынан және (немесе) мәжбүрлі емдеуден босатылған адамдарға;
9) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқартылуына байланысты жұмыстан босатылған адамдарға беріледі.
4.3.3. Бірінші бағыт:
Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету
22. Бірінші бағыт әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті орташа немесе жоғары қалалар мен ауылдық елді мекендерде, саяжай кенттерінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жолымен халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған және жұмыс орындарын шұғыл құруға және жұмыссыздық деңгейін бақылауға мүмкіндік береді.
23. Инфрақұрылымдық жобалар мынадай басымдықтар бойынша іске асырылатын болады:
1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу (сумен жабдықтау, кәріз, газбен, жылумен, электрмен жабдықтау жүйелерінің объектілері);
2) әлеуметтік-мәдени объектілерін күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ойын-сауық және демалыс объектілері, оның ішінде республикалық меншік объектілері);
3) инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу (қалалық автомобиль жолдары, кентішілік және ауылішілік жолдар, кірме жолдар, аудандық маңызы бар жолдар, плотиналар, бөгеттер мен көпірлер);
4) ауылдық жерлердегі фельдшерлік-амбулаторлық пункттер, дәрігерлік амбулаториялар салу (ауылдағы авариялық, бейімделмеген және саман объектілерінің проблемаларын шешетін объектілерге баса назар аударылады);
5) елді мекендерді абаттандыру (көшелердi жарықтандыру және көгалдандыру, иесi жоқ объектiлердi бұзу, қатты тұрмыс қалдықтары полигондарын, шағын сәулет нысандарын, қоршауларды, балалардың ойын алаңшаларын көрiктендiру).
24. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары және орташа ауылдық елді мекендерде аталған бағыттың барлық бес басымдығы бойынша, қалаларда бірінші, екінші және үшінші басымдық бойынша іске асырылады.
25. Саяжай кенттерінде коммуналдық меншіктегі объектілер бойынша бірінші, екінші және үшінші басымдықтар іске асырылады.
Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде тірек ауылдық елді мекендерге басымдық беріледі.
26. Республикалық бағдарламалар әкімшілері мен өңірлер арасында қаражат республикалық меншіктегі әлеуметтік-мәдени объектілерді күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуге бөлінеді. Жобаларды іске асыруға арналған қаражат ВАК-тың ұсынымы негізінде, бірақ бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің 5 -ынан аспайтын мөлшерде бөлінеді.
Өңірлер арасында қаражат мынадай тәртіппен бөлінеді:
1) 80 - халықтың санына барабар түрде;
2) 20 - алдыңғы жылғы:
Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыру;
жұмыссыздар санын қысқарту;
өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандардың санын қысқарту;
табысы аз халықтың (атаулы әлеуметтік көмек алушылар) санын қысқарту бойынша жұмыс нәтижесіне байланысты бөлінеді.
27. Республикалық меншіктегі объектілерді қоспағанда, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жергілікті атқарушы органдардың тарапынан кемінде 10 қоса қаржыландырылған жағдайда жүзеге асырылады.
Инфрақұрылымдық жобаларды іріктеуді және қаражат бөлуді жергілікті атқарушы органдар дербес жүзеге асырады. Бөлінген қаражаттың кемінде 70 -ы жаңа инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін ауылдық жерлерге жіберіледі.
28. Жаңа инфрақұрылымдық жобалар бойынша іріктеу бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің келісімімен өңірлерді дамыту жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлеген әдістемеге сәйкес жүзеге асырылады
29. Халықты жұмыспен қамту орталықтары инфрақұрылымдық жобаға жұмысқа орналастыру үшін сол ауданда (қалада) тұратын Бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша құрылтайшы болып айқындалған жұмыс берушіге жібереді. Астана және Алматы қалалары үшін уақытша тіркелімді пайдалануға болады.
30. Іске асыру тетігі:
1) теңгерімінде республикалық меншіктегі әлеуметтік-мәдени объектілері бар орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi бөлiнген жалпы қаржыландыру лимиттерiн негізге алып, Бағдарлама шеңберiнде iске асыру үшiн инфрақұрылымдық жобаларды:
ауылдық елдi мекендердiң әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетiн (жоғары немесе орташа);
мемлекеттiк сараптамадан өткен объектiлердi салуға, реконструкциялауға, күрделi жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманың болуын;
инфрақұрылымдық жобалар шеңберiнде орташа және (немесе) ағымдағы жөндеудi жүзеге асыру жоспарланып отырған ақаулар ведомосының, сметалық құжаттаманың, орындалатын жұмыс көлемiнiң шығыстар сметасының болуын;
құрылатын жұмыс орындарының санын, оларға Бағдарламаға қатысушылардың басым тәртiппен жұмысқа орналасуын және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісілген орташа айлық жалақысының мөлшерiн ескере отырып, iрiктеудi жүзеге асырады.
2) облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкiмдерi iске асыру ұсынылатын инфрақұрылымдық жобаларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес талап етілетін техникалық құжаттаманы және инфрақұрылымдық жобаларды таңдау негiздемесiн қоса отырып, республикалық бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсiне қарау үшiн ұсынады;
3) жобаларды қарау барысында республикалық бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi жобалардың техникалық құжаттамада ұсынылған бағыттардың басымдықтарына, құрылатын жұмыс орындарының санына сәйкестiгiн тексередi. Жоба Бағдарлама операторымен жұмыс орындарын құру бөлігінде келісілгеннен кейін тиiстi қорытынды дайындайды;
4) республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң iске асырылуы көзделген инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;
5) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде, оның ішінде республикалық меншіктегі объектілерге әлеуметтік-мәдениет объектілерінің құрылысы кезінде кемінде 30 , күрделі, ағымдағы жөндеу және абаттандыру бойынша кемінде 50 инфрақұрылымдық жобалар іске асырылатын ауданда тұратын Бағдарламаға қатысушылар үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша жұмыс орындарын ұсынуды қамтамасыз етеді.
Инфрақұрылымдық жоба іске асырылып жатқан ауданда (қалада) қажетті еңбек ресурстары болмаған жағдайда, аудандардың (қалалардың) жұмыспен қамту орталықтарының жазбаша келісімі болған жағдайда оны сырттан тартуға жол беріледі.
6) инфрақұрылымдық жобаларды iске асыруға қатысуды қалайтын және оған мүмкiндiгi бар Бағдарламаның әлеуеттi қатысушылары халықты жұмыспен қамту орталықтарына Бағдарламаға қатысуға өтiнiшпен жүгінеді және қажеттi құжаттарды ұсынады;
7) халықты жұмыспен қамту орталығы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыратын жұмыс берушілердің еңбек ресурстарына қажеттілігін ескере отырып, өтiнiш берушiлердi Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы шешiм қабылдайды;
8) Бағдарламаға қатысушы мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасында әлеуметтiк келiсiмшарт жасалады;
9) халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаға қатысушыларды iске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар шеңберінде құрылған жұмыс орындарына жұмысқа орналасу үшiн жiбередi;
10) әлеуметтiк келiсiмшарт талаптарының орындалуын халықты жұмыспен қамту орталығы бақылайды.
Бағдарламаға қатысушылар мен Бағдарлама шеңберiнде инфрақұрылымдық жобаларды iске асыруға қатысатын жұмыс берушiлер туралы мәлiметтер әлеуметтiк-еңбек саласының бiрыңғай ақпараттық жүйесiнiң «Жұмыспен қамту» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнде орналастырылады;
11) республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлері өз құзыреттері шегінде Бағдарлама шеңберiнде iске асырылатын инфрақұрылымдық жобаларға мониторинг жүргiзедi.
Осы бағыт шеңберiнде нысаналы даму трансферттерiн аудару тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекiтiлген Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |