2
ӘОЖ 637.5 (075)
КБЖ 36.92 я 73
Ш 92
Шұжық және ет өнімдерінің технологиялық үрдісін
ұйымдастыру және
бақылау: Оқу құралы / Б.Ш.Джетписбаева, Ш.К.Хасенова, А.И.Матибаева,
Г.Ж.Ибадуллаева – Нұр-Сұлтан: «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес
акционерлік қоғамы, 2019 ж.
ISBN 978-601-333-802-6
Оқу құралы өзектендірілген типтік оқу жоспарына сәйкес әзірленген және
колледж студенттеріне 1225000 «Ет және ет өнімдерін өндіру»
мамандығы
бойынша КМ. 09 «Шұжық және ет өнімдерін өндірудің технологиялық
процесін ұйымдастыру және бақылау» кәсіптік
модулін зерделеу кезінде
пайдалануға арналған, сондай-ақ курс бойынша
бақылау сұрақтары мен
тапсырмаларын қамтиды.
Негізгі ұғымдардың нақты анықтамаларының,
белгілері мен
ерекшеліктерінің көмегімен студент жауабын тұжырымдай алады,
қысқа
мерзім ішінде ақпараттың маңызды бөлігін меңгеріп,
қайта өңдей алады,
қорытынды аттестацияны сәтті тапсыра алады.
Оқу құралында консервілеудің арнайы технологиясының теориялық
және практикалық
негіздері қарастырылған, сонымен қатар шикізатты
консервілеудің жаңа инновациялық әдістері сипатталған.
09 «Шұжық және ет өнімдерін өндірудің
технологиялық процесін
ұйымдастыру және бақылау» кәсіптік модулі бойынша осы оқу құралының
мақсаты болашақ маманның шикізатты тиімді
пайдалануға және берілген
сапалық сипаттамалары бар өнімдерді алуға бағытталған шұжық және ет
өнімдерін өндірудің технологиялық процестерін басқару саласында теориялық
білімі мен практикалық іскерлігін қалыптастыру болып табылады.
Оқу құралы колледж студенттеріне арналған және жұмысшы біліктілігі
бойынша және орта буын мамандарын дайындау үшін қолданылуы мүмкін.