3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өнімділігі тәулігіне 500-ден 1000 м3 дейін металды алу жөніндегі жуғыш аспаптар механизмдерін басқару. Құмды жуу және дезинтеграциялау. Астаулар мен люктердегі тау-кен массасының кептелімдерін жою. Металды алу жөніндегі жуғыш аппараттардың жұмысындағы бұзушылықтарды жою, ас сайын техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың: металды алу жөніндегі жуғыш аспаптардың, скруббердің, қосқыш аппаратуралардың, галькалы және эфельді люктердің, жұмыс тас құрағыштардың құрылғысын; астаулар мен люктердегі тау-кен массасының кептелімдерін жою тәсілдерін.
§ 24. Металды алу жөніндегі жуғыш аспаптардың моторшысы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өнімділігі тәулігіне 1000 м3 артық металды алу жөніндегі жуғыш аспаптар механизмдерін басқару.
Білуге тиіс: әртүрлі типтегі металды алу жөніндегі жуғыш аспаптардың, қолданылатын өлшеу және автоматика құралдарының құрылғысын және пайдалану ережесін; металды алу жөніндегі жуғыш аспаптардың жұмысындағы бұзушылықтардың туындау себептерін және оларды жою тәсілдерін; электр-слесарлық іс.
Ескерту.
Жуғыш аспаптарды реттеу және баптау жөніндегі жұмыстарды орындау және біліктілігі төмен металды алу жөніндегі жуғыш аспаптардың моторшысының жұмысына басшылық еткен кезде тарификация бір разрядқа жоғары жүргізіледі.
§ 25. Шағын литражды драгалардың пробуторшысы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Металл ұстап қалғыш астауға су мен құмның келіп түсуін реттеу. Қарпығыштардан астауға келіп түсетін құм кесектерін қолмен жұмсарту. Трафареттердің астауға бекітілуін қадағалау. Астаудың лайлануын жою.
Білуге тиіс: металл ұстап қалғыш астауда құрамында металл бар құмдарды жұмсарту және байыту процесін; құмның және бос жыныстардың сыртқы белгілерін.
§ 26. Гидромыс қондырғыларын көміртектендірушісі
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Гидромыс қондырғыларында мысты көміртектендіру процесін жүргізу. Науаларға судың келуін реттеу. Темір скрапты тиеу, қопсыту, жуу және тиеу. Мыстың тұну барысын және тұну сапасын қадағалау. Сынамаларды іріктеу. Тұнған мыстарды түсіру және тиеу. Зертханалық талдаулар бойынша тұнған мыстың сапасын бақылау. Тұндырғышты тазалау. Ағыстарды жою және науалардың ұсақ жөндеулері. Орталықтан тепкіш сорғыларды және шығырларды басқару және қызмет көрсету. Скрап шығыстарына және мыстың шығуына есеп жүргізу.
Білуге тиіс: мысты көміртектендірудің негізгі технологиялық процестерін; гидромедь қондырғылардың тәсімін, құрылғысын және жұмыс қағидаттарын; суды механикалық қоспалардан тазарту тәсілдерін; сорғылардың, қол және электр шығырлардың құрылғысын және пайдалану ережесін.
§ 27. Шлихтаушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шлихтарды өңдеу. Әртүрлі типтегі сеператорлар мен амальгаматорлардың жұмысын реттеу. Шлихтарды тиеу және түсіру. Амальгаманы жуу. Қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою.
Білуге тиіс: қызмет көрсететін сепараторлар мен амальгаматорлардың жұмыс қағидаттарын; шлих алтынын өңдеу тәсілдерін; асыл металдардың негізгі айырмашылық белгілерін; алтынның, күмістің, платинаның және басқа да сирек металдардың физикалық қасиеттерін.
§ 28. Шлюзші
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шлюздердің, кіші шлюздердің жұмысын; гидроұстағыштарды (қалталарды) тау-кен массасын жууын қадағалау. Шлюздердің, пульпалардың көлбеуін, шлюздер мен гидроұстағыштарғы судың берілуін реттеу. Түк жабындарды (маттарды) және шлюздерге арналған трафареттерді түсіру, тазалау және төсеу. Шлюздерден кіші шлюздерден бөгде заттарды жою. Шлюздер мен кіші шлюздердің лайлануын жібермеу, сондай-ақ шеткі үйінділерден шлюздерге пульпа ағынының тірелуін болдырмау. Гидроұстағыш шлюздерден концентратты түсіру (алу) және оның өңдейтін жерге көшіру. Жыралар мен эфель үйінділерінің разрез борттарының маңынан өрмелі қоршаулар орнату. Шлюздердің гидроқондырғыларының жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою.
Білуге тиіс: асыл металлдар мен концентраттарды ұстап қалудың гравитациялық әдістерін; шлюздердің, гидроұстағыштардың, кіші шлюздердің жұмыс қағидаттарын және оларды пайдалану ережесін; түк жабындар мен трафареттердің міндеттерін; трафареттер мен түк жабындарды шаю тәртібі; шлюздерді трафареттермен төсеу әдістерін.
2004 жылғы басып шығарылған БТБА-ның бұрын қолданыста болған атаулары көрсетілген, БТБА-ның осы бөлімінде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауларының тізбесі
р/с№
|
Осы бөлімде орналастырылған жұмысшылардың кәсіптерінің атауы
|
Разряд диапазоны
|
2004 ж.басып шығарылған БТБА-ның қолданыстағы шығарылымдары мен бөлімдері бойынша кәсіптердің атаулары
|
Разряд диапазоны
|
БТ
БА шығарылымының
№
|
Бөлімнің қысқартыл ған атауы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1.
|
Құрамында алтын бар кендерді байыту аппаратшысы
|
2-4
|
Құрамында алтын бар кендерді байыту аппаратшысы
|
2-4
|
4
|
Кен және алтын араласқан пайдалы қазбаларды шығару
|
2.
|
Алтын араласқан кен орындарының тау-кен жұмысшысы
|
2-4
|
Алтын араласқан кен орындарының тау-кен жұмысшысы
|
2-4
|
4
|
- " -
|
3.
|
Жеткеруші
|
3-4
|
Жеткеруші
|
3-4
|
4
|
- " -
|
4.
|
Құрамында алмас бар концентраттарды жеткеруші
|
3-4
|
Құрамында алмас бар концентраттарды жеткеруші
|
3-4
|
4
|
- " -
|
5.
|
Қашауға май құюшы
|
4
|
Қашауға май құюшы
|
4
|
4
|
- " -
|
6.
|
Драгашы
|
4-6
|
Драгашы
|
4-6
|
4
|
- " -
|
7.
|
Қымбат өнімдерді бақылаушы
|
3-4
|
Қымбат өнімдерді бақылаушы
|
3-4
|
4
|
- " -
|
8.
|
Драга матросы
|
1
|
Драга матросы
|
1
|
4
|
- " -
|
9.
|
Драга машинисі
|
3-6
|
Драга машинисі
|
3-6
|
4
|
- " -
|
10.
|
Металды алу жөніндегі жуғыш аспаптардың моторшысы
|
2-5
|
Металды алу жөніндегі жуғыш аспаптардың моторшысы
|
2-5
|
4
|
- " -
|
11.
|
Шағын литражды драгалардың пробуторшысы
|
2
|
Шағын литражды драгалардың пробуторшысы
|
2
|
4
|
- " -
|
12.
|
Гидромыс қондырғыларын көміртектендіруші
|
2
|
Гидромыс қондырғыларын көміртектендіруші
|
2
|
4
|
- " -
|
13.
|
Шлихтаушы
|
2
|
Шлихтаушы
|
2
|
4
|
- " -
|
14.
|
Шлюзші
|
2
|
Шлюзші
|
2
|
4
|
- " -
|
«Кендерді АГЛОМЕрАЦИЯлау» бөлімі
§ 1. Агломератшы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Агломерациялық және күйдіру машиналарының арбаларының, газ соратын вакуум-камералардың, ағыстардың, төсем қоректендіргіштер мен шихталардың жағдайын қадағалау. Күйежентектеу немесе күйдіру арбасының әк ерітіндісін жағу. Айналмалы тоңазытқышқа, желдеткіштерге, май станцияларына қызмет көрсету. Тоңазытқыштан күйежентекті бір қалыпты түсірілуін қамтамасыз ету. Қызмет көрсететін жабдықтарды жөндеуге дайындау. Агломерациялық және күйдіру машиналарының астын тазалау тракттарына, ластанған газ коллекторларына, машиналарға ыстық қайтарым беру тракттарына қызмет көрсету. Құрастырғыш коллекторды шаңнан тазалау үшін шнек электр қозғалтқыштарын және қалақша қақпағын қосу. Агломерациялық және күйдіру машиналары тоқтаған кезде аспирациялы ауа өткізгіштерді, бункер шашындыларын, газ сорғыш вакуум-камераларды, коллекторларды, мультициклондарды (роторларды), эксгаустер улиттарын, шығару құбырларын тазарту. Ағыстар торында ыстық агломераттың ірі кесектерін бөлшектеу. Күйежентек тор тостағаннан агломератты түсіру. Агломератты оттық пен ағыстардан бөлу. Қосалқы оттықтарды тасуға және тозғандарын тазалауға қатысу. Шихта, агломерат, шекемтастар сынамаларын іріктеу. Агломерат пен шекемтастарды күйік исінен сұрыптау, коксты жеткізу. Қызмет көрсететін жабдықты жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: агломерациялық және күйдіру машиналарының жұмыс қағидаттарын; агломерациялық және күйдіру машиналарының, сырма шығырлардың астын тазалау механизмдердің құрылғыларын және техникалық пайдалану ережесін; шихта, агломерат, шекемтастар сынамаларын іріктеу ережесін; слесарлық істің негіздерін; қызмет көрсететін жабдықтардың бұзылу себептері және оны жою тәсілдері; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының, блоктаудың құрылғысын; майлау материалдарының түрлерін және қолдану ережесін.
§ 2. Агломератшы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шихталарды жентектеу (кендерді агломерациялау) және шекемтастарды күйдіру технологиялық процесіне қатысу. Жоғары білікті агломератшының басшылығымен алюминий тотығын өндіру процесінде шихтаны жентектеудің технологиялық процесін жүргізу. Төсемдер қоректендіргіштері мен шихталарға, шихтаны маятникті таратушыларға, сөндіргіш барабандарға, тасымалдағыштарға, шнек қоректендіргіштерге, шихта араластырғыштарға, діріл құбырларына және басқа да агломерациялық машиналары мен күйдіру таспа машиналарына қызмет көрсету. Сөндіргіш барабандарды айналма материалдармен бір қалыпты қоректендіруді қамтамасыз ету. Жентектеу және күйдіру арбаларына материалдардың және қайтарымды (агломерат пен шекемтас) салқындату үшін судың берілуін реттеу. Шихталар мен қайтарымды ылғалдандырудың сапасын және дәрежесін айқындау. Агломерат пен шекемтасты бункерге тастауды және бункерлерден жентектеу және күйдіру өнімдерінің шығарылуын қадағалау. Құйғыштардағы, сіңдіргіштер мен тасымалдағыштардағы кептелімдерді жою. Газ жүрістерін тазалау. Жентектеу және күйдіру арбаларының қозғалысын бағыттайтын тозаңұстағыш құрылғылардың, оталдырғыш ошақтардың, отын жандырғыш құрылғылардың жұмысын қадағалау. Агломерациялық және күйдіру машиналарына отын беру және оттықтарды тазалау механизімінің жүйесіне қызмет көрсету. Отын жандырғыш құрылғыларды қыздыру және реттеу. Шихталарды торкөзді агломерациялық тостағандарында жағу. Шихталар дайындау,ылғалдандыру, оларды шеңберлі жентектеу агломерациялық машиналарға беру және тиеу, қазандарды қыздыру және үрлеп тазалау. Қазандарға, торкөзді агломерациялық тостағандарының жұмыс алаңына және тостағандар астындағы алаңға қызмет көрсету. Оттықтарды, жентектеу және күйдіру арбаларын ауыстыруға қатысу. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою.
Білуге тиіс: агломерат және шекемтас өндірісінің технологиялық процесінің негіздерін; агломерациялық және күйдіру машиналарының құрылғысын; шихталар мен оның құраушыларының құрамын және негізгі қасиеттерін; қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою; агломерациялық тостағандарын, агломерациялық және күйдіру таспалы машиналарды тиеу, агломерациялық тостағандарына отын құю және оталдыру ережесін; агломерациялық және күйдіру машиналарын газбен жабдықтау тәсімін; слесарлық іс.
§ 3. Агломератшы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті агломератшының басшылығымен шихтаны таспалы, шеңберлі, вакуумды және басқада агломерациялық машиналарда жентектеу, шекемтастарды күйдіру машиналарында күйдіру процесін жүргізу. Алюминий тотығы өндірісінде шихталарды жентектеу процесін жүргізу. Пешке шихта тиеуді, жентектеу сапасын, кетіп жатқан газдарды, пештің, тоңазытқыштың жұмысын қадағалау және бақылау. Көмір тозаңы жүйесінің, тозаңның қайта келуі және т.б. жұмыстарды реттеу. Қызмет көрсететін жабдықты жөндеуге дайындау және жабдықтарды жөндеуден қабылдау. Шихта қабатының қалыңдығын, ылғалдылығын, оны таспаға таратудың бір қалыптылығын, жентектеу және күйдіру арбалары қозғалысының жылдамдығын, агломерат пен шекемтастардың ылғалдануын, оталдыру камерасының температурасын, салқындатқыш судың циркуляциясын қадағалау және бақылау. Келіп түсетін материалдардың, газдың сапасын айқындау. Температуралық және ауадағы газ режимдерінің процесін талдаулардың деректері мен бақылау-өлшеу аспаптары бойынша бақылау. Жылытқыш агрегаттарға және құйылу жүйесіне қызмет көрсету. Жентектеу және күйдіру арбаларын, оттықтарды ауыстыру. Қызмет көрсететін жабдықты алдын ал тексеру, жабдық жұмысы көрсеткіштерінің журналын жүргізу.
Білуге тиіс: агломерат пен шекемтас өндірісінің технологиялық процесін; әртүрлі типтегі агломерациялық және күйдіру машиналарының құрылғысын және техникалық пайдалану ережесін; шихтаның, агломераттың, шекемтастың, газдардың физикалық-химиялық қасиеттерін және оның технология үшін маңыздылығын; материалдар қозғалысының тәсімін және оларды дайындаудың техникалық шарттарын; технологиялық режимнің бұзылу себептерін және жою тәсілдерін.
§ 4. Агломератшы
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шихтаны жентектеу және шекемтасты күйдіру процесін жүргізу. Қайтарылған тозаңды қайта бөлу және газ тазалау жабдықтарының жұмысын бақылау. Шихтаның құрамдас бөлігінің дұрыс қатынасын бақылау және оның құрамын түзету. Жану процесінің режимін, камераларда, тартымды сиретуді, отынды, шихтаны беруді, шихтаны ылғалдау дәрежесін, оның қалыңдық биіктігін және қозғалыс жылдамдығын реттеу. Шихталау материалдардың сапасына қарай жентектеу және күйдіру режимін өзгерту. Жентектеу немесе күйдіру бөлімшесі жабдығының жұмысын бақылау. Қызмет көрсетілетін жабдықтарға бақылау-техникалық тексеру жүргізу, жабдықтарды жөндеуден қабылдау.
Білуге тиіс: әртүрлі типті агломерациялық және күйдіру машиналардың конструктивтік ерекшеліктерін; жентектеудің химиялық процесінің маңыздылығы, технологиялық режимнің бұзылу себептерін және жою тәсілдерін; жентектеу мен күйдіруге келіп түсетін шихталарға қойылатын мемлекеттік стандарттардың талаптарын.
§ 5. Ыстық агломератты түсіруші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Теміржол вагондарға, аглохопперлерге және басқа ыдыстарға ыстық агломераттар мен ыстық шекемтастарды тиеу кезінде науа қақпақтарын басқару. Тиелген вагондардың қозғалысы кезінде шығырлар мен итергіштерді басқару. Тасымалдағыш ыдыстарға ыстық агломераттар мен шекемтастарды бір қалыпты және дұрыс тиелуін қадағалау. Вагондарды, аглохопперлер мен басқа да ыдыстарды толтыру кезінде бір жолдан екінші жолға ауыспалы науаны ауыстырып қосу. Агломерациялық және күйдіру машиналарының артындағы науаларды және жиек ағыстарын тазалау. Агломерат пен шекемтас тиеу кезінде вагондар қозғалысы жөнінде белгі беру. Теміржолдарды, ағынды жыраларды, жұмыс алаңын шашылған агломерат пен шекемтастан тазалау. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою.
Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысын, жұмыс қағидаттарын; ыстық агломерат пен шекемтасты тасымалдағыш ыдыстарға тиеу ережесін; агломерат пен күйдірілген шекемтас сапасына қойылатын талаптар.
§ 6. агломерация мен күйдіру жұмысындағы көрікші
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Көріктерге, тоңазытқыштарға, газ жанарғыларына, газ құбырлары мен газ жабдықтарына, желдеткіштерге, ауа беретін тракттарға қызмет көрсету. Жанарғыларды қыздыру, кокс ұсақтарын жағу, көріктегі газ бен ауаның қатынасын реттеу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіші бойынша көріктің температуралық және ауадағы газ режимді бақылау. Көрік пен күл салғышты қождардан тазарту.алдын алу тексеру жүргізу, қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою, жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: агломерат пен шекемтас өндірісінің негізгі технологиялық процесін; көріктің, қосалқы жабдықтардың құрылғысын, жұмыс қағидаттарын және техникалық пайдалану ережесін; слесарлық іс.
§ 7. Елекші-көсеуші
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Електерде елеу процесін жүргізу. Механикаландырылмаған беру кезінде мыс күйдіруші пештердің електеріне мысты үю. Електерге материалдардың бір қалыпты келіп түсуін қадағалау. Габаритті емес буттарды електерге тиеп, қолмен бөлшектеу. Өнімнің торкөз үстінен және астынан өтуін және елек бөлшектерінің дұрыстығын қадағала. Қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою.
Білуге тиіс: електеу технологиясын; електердің негізгі типтерінің жұмыс қағидаттарын; кендер мен бос жыныстардың физикалық-химиялық қасиеттерін; елек өнімдерінің сапасына қойылатын мемлекеттік стандарттардың талаптарын.
Ыстық теміркендердің шекемтастарды, ыстық агломераттарды, ыстық қайтарымдарды, ыстық кендерді електеу процесін жүргізу кезінде - 3-разряд.
§ 8. ыстық қайтарымды мөлшерлеуші
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ыстық қайтарымды мөлшерлеу процесін жүргізу. Шаң-тозаңды сорып алу үшін сөндіру, қоректендіру және желдеткіш барабандарын қосу және тоқтату. Қайтарымды суыту үшін белгіленген температураға дейін суды мөлшерлеу. Електік талдау сынамаларын іріктеуді қадағалау. Ыстық қайтарымды мөлшерлеу жолымен шихталарды қыздыру. Тасымалдағыш таспада ыстық қайтарымды бірқалыпты тарату. Жұмыстағы бұзушылықтарды анықтау және жою, қызмет көрсететін жабдықты бақылау-техникалық тексеруге және жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: агломерат пен шекемтас өндірісінің негізгі технологиялық процестерін; ыстық қайтарымды мөлшерлеу және шихталау процесін; қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысын және жұмыс қағидаттарын; майлайтын материалдардың сорттары мен қасиеттерін; слесарлық іс.
§ 9. Құдықпештер мен пештерді теуші-түсіруші
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жүргізілетін процестің технологиясына сәйкес шикізат пен отынның арақатынасын сақтай отырып, пешке немесе құдық пешке шикізатты тиеу. Шикізат пен отын тиелген вагонеткаларды кілеттерден тасу, оларды тиегіш қондырғыларға жылжыту. Құдықпештер мен пештерді түсіру. Шихта құрамындағы өзгерісті дер кезінде айқындау. Қоректендіргіш және тиегіш құрылғыларды қадағалау және олардың жұмысындағы бұзушылықтарды жою. Тиелген вагонеткаларды бақылап өлшеуге тасу.
Білуге тиіс: пештер мен құдықпештердің жұмыс қағидаттарын; тиегіш және қоректендіргіш құрылғылар мен шығырлардың құрылғысын және жұмыс қағидаттарын; пештер мен құдықпештерді тиеу және түсіру; артылатын шикізат пен отынның мөлшерлемесін; шикізат пен отынның сорттары мен қасиеттерін.
§ 10. араластырғыштардың Машинисі
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Араластырғыштар мен сорғылардың жұмысын қадағалау. Қоқыр, су және ауаөткізгіш жұмыстарды реттеу. Араластырғыштарды қоқырлармен толтыру, оны механикалық құрылғылармен және ауаның көмегімен араластыру. Қоқырларды қоқыр бассейндеріне айдау немесе оны пеш қоректендіргіштеріне беру. Араластырғыштар мен сорғыларды қосу және тоқтату. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қадағалау. Жұмыстағы бұзушылықтарды анықтау және жою, майлау, бақылау-техникалық тексеруге және қызмет көрсетілетін механизмдер мен жабдықтарды жөндеуге қатысу. Қызмет көрсететін механизмдер мен жабдықтарды жөндеуден кейін қабылдау.
Білуге тиіс: қызмет көрсететін механизмдер мен жабдықтардың, қолданылатын қосқыш және бақылау-өлшеу аппаратураның жұмыс қағидаттарын; қоқыс, су және ауаөткізгіштердің тәсімін; қолданылатын майлардың сорттарын; слесарлық істің негіздерін.
§ 11. Түйiршіктегіштің машинисi
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тостағанды, барабанды және басқа типті түйіршіктегіште шихтаны, концентраттарды түйіршіктеу процесін жүргізу. Түйіршіктегіштерді қосу және тоқтату. Шихталар мен байланыстырғыш материалдарды түйіршіктегішке беруді реттеу және шикі шекемтастарды тиеу. Шикі шекемтастардың сапасын бақылау. Тазалау, майлау және қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою.
Білуге тиіс: шихтаны түйіршіктеудің технологиялық процесін; тостағанды, барабанды және басқа типті түйіршіктегіштердің құрылғысын және жұмыс қағидаттарын; түйіршіктеу бөлімшесінің коммуникация жүйесін; блоктау жүйесін; шикі шекемтастардың сапасына қойылатын мемлекеттік стандарттардың талаптарын; слесарлық іс.
§ 12. Түйiршіктегіштің машинисi
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түйіршіктегіштердің бірнеше секцияларында шихталарды, концентраттарды түйіршіктеудің технологиялық процесін жүргізу. Шикі шекемтастардың сапасын, шихта, концентрат құрамдас бөлігінің дұрыс арақатынасын бақылау, түйіршіктегіште тұрақты жүктемені ұстау. Түйіршіктегіштің мөлшерлеу және күйдіру жабдықтарымен келісілген жұмысын қамтамасыз ету. Химиялық талдаулар мен сыналар негізінде шекемтасты опалау үшін қатты отының санын бақылау. Қоректендіргіштердің, електердің, тазартқыш құрылғылардың жағдайын қадағалау. Түйіршіктегіштерді бақылау-техникалық тексеруге, жөндеуге және жөндеуден қабылдауға қатысу.
Білуге тиіс: шихта дайындаудың, шекемтастарды түйіршіктеу мен күйдірудің технологиялық процесін; түйіршіктегіштерді, қоректендіргіштерді, қолданылатын өлшеу және автоматика құралдарын техникалық пайдалану ережесін.
§ 13. Шекемтасты опалғыш Машинисі
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шикі шекемтастарды көмір тозаңымен опалау процесін жүргізу. Шекемтасты опалағышты қосу және тоқтату. Көмір тозаңын шекемтас опалағышқа бір қалыпты берілуін қадағалау. Электр қозғалтқыштардың айналым санын өзгерту жолымен шикі шекемтастарға көмір тозаңын жағу қабатының қалыңдығын реттеу. Механизмдерді тазалау және майлау, қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою.
Білуге тиіс: көмір тозаңын шекемтастарға жағу технологиясын; шекемтастарды опалағыштардың құрылғысын, жұмыс қағидаттарын жәнне техникалық пайдалану ережесін; көмір тозаңының химиялық және физикалық қасиеттерін.
§ 14. Салқындатқыш машинисі
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сомалық өнімділігі сағатына 200 т тостағанды және тура сызықты салқындатқыштарда агломерат пен қайтарымды салқындату процесін жүргізу. Салқындатқышқа агломерат пен суды тиеуді реттеу. Агломерат пен қайтарымды салқындатуға судың берілуін реттеу. Мойынтіректердің, пластиналық және таспалы конвейерлердің жұмысын, түсіргіш аяқтардың, салқындатқыш жетектердің жағдайын, салқындатқыштардың тізбектері мен төсемдерінің және апатты ескерту құралдарының жағдайын қадағалау. Қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою, оны жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: салқындатқыш және басқа да жабдықтардың құрылғысын, жұмыс қағидаттарын және техникалық пайдалану ережесін; қызмет көрсетілетін салқындатқыштардың жұмысында,ы бұзушылықтарды жою тәсілдерін; слесарлық істің негіздерін.
Сомалық өнімділігі сағатына 200-ден 400 т тостағанды және тура сызықты салқындатқыштарда және барабанды салқындатқыштарда агломератты салқындату процесін жүргізу кезінде - 3-разряд;
сомалық өнімділігі сағатына 400 т артық тостағанды және тура сызықты салқындатқыштарда агломератты салқындату процесін жүргізу кезінде - 4-разряд.
§ 15. ауыспалы науаның Машинисі
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ыстық агломератты вагондарға тиеу кезінде ауыспалы науаны басқару. Қызмет көрсетілетін механизмдерді қосу және тоқтату. Сыртқы белгілері бойынша агломераттың сапасын айқындау. Кондициялық емес өнім келіп түскен жағдайда сигнал беру. Қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою, оны жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: ауыспалы науаның, тельферлердің құрылғысын және жұмыс қағидаттарын;ыстық агломераттарды тиеудің ережесін; агломераттың физикалық қасиеттеріне қойылатын талаптарды; слесарлық істің негіздерін.
§ 16. араластырғыш барабанның Машинисі
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сомалық өнімділігі сағатына 40 т араластырғыш барабандарда шихталарды араластыру процесін жүргізу. Араластырғыш барабандарға шихта құрауыштарын тоқтаусыз және бірқалыпты тиелуін және түсірілуін, араластыру сапасын және шихта ылғалдылығын қадағалау. Қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою, оны жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысын, жұмыс қағидаттарын және техникалық пайдалану ережесін; араластыру шихтасының сапасына қойылатын талаптарды және оның ылғалдылығын; араластыру процесін реттеу тәсілдерін; араластырғыш барабандарға шихта құрауыштарын тиеудің аналитикалық айқындаудың тәсілдерін; слесарлық істің негіздерін.
Сомалық өнімділігі сағатына 40-тан 125 т араластырғыш барабандарда шихталарды араластыру процессін жүргізу кезінде - 3-разряд;
Сомалық өнімділігі сағатына 125 т артық араластырғыш барабандарда шихталарды араластыру процессін жүргізу кезінде - 4-разряд.
§ 17. Түйіршіктегіш машинаны баптаушы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түйіршіктегіш машинаны баптау немесе түйіршіктеудің жеке технологиялық процесін жүргізу. Қолданылатын өлшеу және автоматика құралдарының жұмысын бақылау. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою, оны бақылау-техникалық тексеруге және ағымдағы жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: барлық типтегі түйіршіктегіш машиналардың, қызмет көрсетілетін механикалық және электрлік жабдықтардың, қолданылатын өлшеу және автоматика құралдарының құрылғысын және техникалық пайдалану ережесін; қызмет көрсететін жабдықтарды баптау және түйіршіктеудің жеке технологиялық процесін жүргізу тәсілдерін.
2004 жылғы басып шығарылған БТБА-ның бұрын қолданыста болған атаулары көрсетілген, БТБА-ның осы бөлімінде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауларының тізбесі
р/с№
|
Осы бөлімде орналастырылған жұмысшылардың кәсіптерінің атауы
|
Разряд диапазоны
|
2004 ж.басып шығарылған БТБА-ның қолданыстағы шығарылымдары мен бөлімдері бойынша кәсіптердің атаулары
|
Разряд диапазоны
|
БТ
БА шығарылымының
№
|
Бөлімнің қысқартылған атауы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1.
|
Агломератшы
|
3-6
|
Агломератшы
|
3-6
|
4
|
Кендерді агломера-циялау
|
2.
|
Ыстық агломераттарды түсіруші
|
3
|
Ыстық агломераттарды түсіруші
|
3
|
4
|
- " -
|
3.
|
Агломерациялау және күйдіру жұмысындағы көрікші
|
4
|
Агломерациялау және күйдіру жұмысындағы көрікші
|
4
|
4
|
- " -
|
4.
|
Елекші-көсеуші
|
2-3
|
Елекші-көсеуші
|
2-3
|
4
|
- " -
|
5.
|
Ыстық қайтарымды мөлшерлеуші
|
4
|
Ыстық қайтарымды мөлшерлеуші
|
4
|
4
|
- " -
|
6.
|
Құдықпештер мен пештерді тиеуші-түсіруші
|
2
|
Құдықпештер мен пештерді тиеуші-түсіруші
|
2
|
4
|
- " -
|
7.
|
Араластырғыш машинисі
|
2
|
Араластырғыш машинисі
|
2
|
4
|
- " -
|
8.
|
Түйіршіктегіш машинисі
|
4-5
|
Түйіршіктегіш машинисі
|
4-5
|
4
|
- " -
|
9.
|
Шекемтасты опалағыш машинисі
|
3
|
Шекемтасты опалағыш машинисі
|
3
|
4
|
- " -
|
10.
|
Салқындатқыш машинисі
|
2-4
|
Салқындатқыш машинисі
|
2-4
|
4
|
- " -
|
11.
|
Ауыспалы науаның машинисі
|
2
|
Ауыспалы науаның машинисі
|
2
|
4
|
- " -
|
12.
|
Араластырғыш барабандардың машинисі
|
2-4
|
Араластырғыш барабандардың машинисі
|
2-4
|
4
|
- " -
|
13.
|
Түйіршіктегіш машинаны баптаушы
|
5
|
Түйіршіктегіш машинаны баптаушы
|
5
|
4
|
- " -
|
«тау-кен химиялық шикізатты шығару және байыту» бөлімі
§ 1. мышьяк түсіруші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Мышьякты тозаң ұстап қалғыш камералар мен бункерлерден түсіру. Мышьякты қаптарға төгу және таразылау. Қаптарды болат барабандарға салу. Болат барабандардың қақпағын жаншу.болат барабандарды фанералы барабандарға қою. Барабандарды тасып шығару және шаңсорғышпен өңдеу. Тозаң ұстап қалғыш камералар мен бункерлерді тазарту. Мышьякты түсіру бойынша пневматикалық қондырғыны басқару және оның жұмысын реттеу.
Білуге тиіс: тозаң ұстап қалғыш камералар мен бункерлердің құрылғысын; пневматикалық құрылғылардың жұмыс қағидаттарын және оларға қызмет көрсету ережесін; мышьякты түсіру тәсілдерін; мышьякты қаптар мен барабандарға тиеу нормаларын; болат барабандардың қақпақтарын жаншу тәсілдерін; мышьякты тығындаудың техникалық шарттарын.
§ 2. мирабилит шығару жөніндегі Дренажшы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Таза немесе ластанған мирабилитті қолмен немесе жабысқақ балшықпен шығару. Дренажды жыралардың салу, бекіту, тереңдету және кеңейту. Дренажды жыралар еңістерінің жобасын. Мирабилиттің бетін тегістеу
Білуге тиіс: дренаж жыраларын үңгілеу және бекітудің тәсілдері мен ережесін; мирабилитті шығару тәсілдерін; таза және ластанған мирабилиттің сыртқы айырмашылық белгілерін.
§ 3. кратцер Машинисі
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қоймадан бункерге шикізат пен дайын өнімді бері кезінде өнімділігі сағатына 1000 м3 кратцерді басқару. Қоймада өнімді көшіру. Кратцерді қома бойынша қозғалту және оны жұмыс үшін бекіту. Кратцерді майлау және ұсақ жөндеу.
Білуге тиіс: шикізат пен дайын өнімді кратцердің көмегімен бункерге беру және бункерлерге тиеуді реттеу; слесарлық істің және электротехниканың негіздерін.
Қоймадан бункерге шикізат пен дайын өнімді бері кезінде өнімділігі сағатына 1000 м3 артық кратцерді басқару - 4-разряд.
§ 4. фрезагрегат Машинисі
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Фрезагрегат көмегімен мирабилиттің бетінен натрия сульфатын жинау. Тракторлық жетекте фрезборон көмегімен мирабилитті алаңның бетін фрезерлеу. Фрезагрегатты күту. Фрезерленген бетінің сапасын бақылау. Фрезагрегат жұмысындағы бұзушылықты жою.
Білуге тиіс: фрезагрегаттың құрылғысын; фрезерлеу технологиямын және мирабилитты алаңның фрезерленген бетіне қойылатын талаптар.
§ 5. күкірт шығаратын және су төкпе ұңғымалардың операторы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті күкірт шығаратын және су төкпе ұңғымалардың операторының басшылығымен қызған судың күкіртті пластадан күкірт пен ласта суларын сору процесін жүргізу. Қызмет көрсететін ұңғымаларды жұмысқа қосу. Технологиялық режимнің параметрлерін және кен пластасында жылу тасымалдағыштың бағытталған қозғалысын бақылау. Пластадағы су қысымына және күкіртті сору дебитіне байланысты жылу тасымалдағышты толтыру, ұңғымаларды қыздыру параметрлерін реттеу. Күкірт шығару ұңғымаларындағы жылу тасымалдағыш шығыстарын және су төкпе ұңғымаларынан сорылатын пласта суларының мөлшерін, олардың температурасын және қысымын өлшеу. Ұсақ жөндеу жүргізу және жапқыш арматура мен қызмет көрсететін жабдықтардың клапандарын реттеу.
Білуге тиіс: табиғи күкіртті өндірудің технологиялық тәсімін; қызмет көрсететін жабдықтың және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысын; технологиялық режимдердің параметрлерін және жүргізілетін процесті реттеу ережесін; күкіртті және пласта суларын сору кезінде болатын физикалық-химиялық процестер; пласта суларының химиялық құрамын; коммуникация тәсімін; күкіртті және пласта суын сору қағидаттарын; табиғи күкірттің сапасына қойылатын талаптарды.
§ 6. күкірт шығаратын және су төкпе ұңғымалардың операторы
5- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қызған судың күкіртті пластасынан күкірттің жердің астынан шығуы кезінде су төкпе ұңғымалардан күкіртті және пласталы суды сору процесін жүргізу. Бір ұңғымаларды жабу және басқа су төкпе ұңғымалардан төгу жолымен кен пласталарындағы жылу тасымалдағыштың бағытталған қозғалысын жасау. Күкіртті және пласталы суларды мәжбүрлеп сору кезінде жылу тасымалдағыштың дұрыс бағытта қозғалуын, су төкпе ұңғымалардың су дебитін реттеу. Қызмет көрсетілетін жабдықтарды жөндеуге дайындау жөндеу жүргізетін персоналға жұмыстарды жүргізуге рұқсат беру, жабдықты жөндеуден қабылдау.
Білуге тиіс: күкірттің жердің астынан шығу процесінің технологиясын; қызмет көрсететін жабдықтардың және қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысын, міндетін; арматура және коммуникация тәсімін; гидрогеологиялық жағдайына және тиісті ұңғыма бойынша жылы тасымалдағыш қозғалысының динамикасына байланысты күкірттер мен пласталы суды сору режимдерін; табиғи күкірттің және қолданылатын материалдардың сапасына қойылатын техникалық талаптарды.
§ 7. Ұңғыма жұмыстарын реттеуші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Резервуарларда тұздықтың болуын қадағалау. Тау-кен иелігі, бұрғылау ұңғымалары мен сутұздыққұбыр коммуникацияларын тексеру және қызмет көрсету. Судың ұңғымаларға бір қалыпты келіп түсуін қамтамасыз ету. Тығыздығы бойынша тұздықтың концентрациялығын тексеру. Тұздықты және су дөңгейжиегінің деңгейін айқындау. Сынамаларды іріктеу. Ұңғымалар мен құбырларды жылылау. Сорғы қондырғыларының жұмысын реттеу және үйлестіру.
Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтардың, ұңғымалар мен тұздықпен жабдықтау коммуникацияларының құрылғысын және міндетін; резервуарлардағы тұздықтың шекті көлемін; сорғы қондырғыларының өнімділігін және олардың жұмысын реттеу; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының міндетін және пайдалану ережесін.
§ 8. Ұңғыма жұмыстарын реттеуші
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тау-кен иелігіне бекітілген гидроұңғылау әдісімен тасты тұз қыртысын шаю процесін жүргізу. Сорғы қондырғыларына қызмет көрсету. Ұңғымаларға су мен мұнайдың келіп түсуін реттеу. Ұңғымаларды жылылау. Сутұздыққұбырлар мен мұнауқұбырларының жағдайын қадағалау. Сынамаларды іріктеу. Қызмет көрсететін жабдықтардың бұзушылығын анықтау және жою.
Білуге тиіс: коммуникация тәсімін; қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысын; тұз кенорындарын шаю процесінің физикалық-химиялық негіздерін; сорғы қондырғылары мен басқа жабдықтарға қызмет көрсету ережесін; слесарлық іс.
§ 9. Сульфатшы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Мирабилитті жекелеген кесектерде құмның ластанған жұқа қабаттарынан тазалау. Кесекті мирабилитті бөлшектеу және штабел-торына салу. Мирабилиттің жағдайын тексеру және натрий сульфатының дайын болғанын айқындау. Орындалған жұмысты өлшеу және есеп жүргізу.
Білуге тиіс: натрий сульфатын шығару технологиясын; мирабилитті сусыздандырудың және сульфатты жинау шарттарын; натрий сульфатының сапасына қойылатын талаптарды, олардың сапасын сорттары және дайын болған дәрежесі бойынша айқындау ережесін; мирабилитті штабель-торына салу және оның көлемін өлшеу ережесін.
§ 10. Сульфатшы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Мирабилитті қорыстар мен жабысқақ балшықтан тазалау. өндірістік алаңдарды жобалау және сульфат жинау кезінде және маусымның басталуына дейін құмның ластанған жұқа қабаттарынан тазалау. Қолмен тумпакқа немесе үйіндіге домбықтаумен натрий сульфатын жинау. Мираболит шығару және өңдеу процесін басқару.
Білуге тиіс: натрий сульфатының пайда болу шарттарын; қазылатын кенорындарының пайдалану ерекшеліктерін; натрий сульфатын шығару үшін алаңдарды дайындау тәсілдерін және қолданылатын құралдардың құрылғысын; натрий сульфатын түсірмеу және ластамай жинау ережесін; мирабилитті бөлшектеудің әдістерін, тәсілдерін және негізгі ерекшеліктерін.
2004 жылғы басып шығарылған БТБА-ның бұрын қолданыста болған атаулары көрсетілген, БТБА-ның осы бөлімінде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауларының тізбесі
р/с№
|
Осы бөлімде орналастырылған жұмысшылардың кәсіптерінің атауы
|
Разряд диапазоны
|
2004 ж.басып шығарылған БТБА-ның қолданыстағы шығарылымдары мен бөлімдері бойынша кәсіптердің атаулары
|
Разряд диапазоны
|
БТ
БА шығарылымының
№
|
Бөлімнің қысқартылған атауы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1.
|
Мышьякты түсіруші
|
3
|
Мышьякты түсіруші
|
3
|
4
|
Тау-кен химиялық шикізат өндіру
|
2.
|
Мирабилит шығару жөніндегі дренажшы
|
3
|
Мирабилит шығару жөніндегі дренажшы
|
3
|
4
|
- " -
|
3.
|
Кратцер машинисі
|
3-4
|
Кратцер машинисі
|
3-4
|
4
|
- " -
|
4.
|
Фрезагрегат мшинисі
|
4
|
Фрезагрегат мшинисі
|
4
|
4
|
- " -
|
5.
|
Күкірт шығару және сутөкпе ұңғымаларының операторы
|
4-5
|
Күкірт шығару және сутөкпе ұңғымаларының операторы
|
4-5
|
4
|
- " -
|
6.
|
Ұңғыма жұмыстарын реттеуші
|
3-4
|
Ұңғыма жұмыстарын реттеуші
|
3-4
|
4
|
- " -
|
7.
|
Сульфатшы
|
2-3
|
Сульфатшы
|
2-3
|
4
|
- " -
|
«құрылыс материалдарын шығару және байыту» бөлімі
§ 1. тасты таңдаушы-орналастырушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Забойдағы таскескіш машинаның артындағы қабырғалық тастарды жинау, оларды мемлекеттік стандартқа сәйкес сұрыптау, штабельдерге немесе тасымалдаушы құралдарға салу. Таскескіш машиналардың жұмыс аймағын бут пен құмнан тазалау. Жарылу сызығын белгілеу.
Білуге тиіс: қабырғалық тастарға қойылатын мемлекеттік стандартардың талаптарын; тастарды штабельдер мен тасымалдағыш құралдарға салу ережесін.
§ 2. Забойшы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ашық тау-кен жұмыстарында пайдалы қазбаларды тазалап қазу жөніндегі кешенді жұмыстарды орындау. Тексеру және забойды қауіпсіз жағдайға келтіру, забойды тазалау. Шой балғалардың, перфораторлар мен басқа жабдықтар мен құралдардың көмегімен пайдалы қазбаларды шығару. Жарудан кейін тау-кен массасын қазу. Шпурлардың орналасуын және бағытын белгілеу. Шпурларды бұрғылау. Пайдалы қазбаларды қазу, автомашиналар мен басқа да көлік құралдарына тиеу. Карьердің траншеялары мен борттарын бекіту, жыраларды үңгілеу. Қызмет көрсететін жабдықтардың және қолданылатын құралдардың жұмысындағы бұзушылықтарды жою.
Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтардың және қолданылатын құралдардың құрылғысын;тау-кен жыныстары мен кендерінің негізгі қасиеттерін; пайдалы қазбалардың төселу шартын және олардың кендегі құрамына байланысты қазу тәсілдерін; шығарылатын жыныстардың санаттарын; қолмен бұрғылау тәсілдерін; кондициялық өнімге техникалық шарттарын; пайдалы қазбалардың бос жыныстардан айыру белгілерін; электр слесарлық іс.
§ 3. слюда дайындаушы
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қалыңдығы 3 мм жіңішке және қалыңдығы 3 мм артық забойдың шала өңделген өніміне қолмен забойдың шала өңделген өнімін сұрыптау. Қалыңдығы 3 мм жіңішке забойдың шала өңделген өнімін қолмен шала өңделген мусковитті іріктеу.
Білуге тиіс: шала өңделген мусковиттің техникалық шарттарын; забойдың шала өңделген өнімін қайта өңдеу тәсімін; қолданылатын өлшеу аспаптарын, үлгілер мен шек қою кестелерін пайдалану ережесін; шала өңделген мусковитті бері ережесін.
§ 4. слюда дайындаушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Слюданы – шикі өнімді алу үшін пышақтың, щетка мен балғаның көмегімен қолмен қалыңдығы 3 мм артық забойдың шала өңделген өнімін өңдеу. Әрбір пластинаның сапасы мен міндетін айқындау үшін белгіленген қалыңдыққа дейін пластинадағы дәнекерленген жазықтық бойынша слюда кристалдарын пышақпен жару. Алынған пластиналарды өнімнің мөлшері мен сарттары бойынша сұрыптау. Механикаландырылған процесте-әртүрлі конструкциялы станоктарда барлық операцияларды орындау. Қызмет көрсетілетін механизмдердің жұмысындағы ұсақ бұзушылықтарды жою.
Білуге тиіс: өндірістік шала өңделген өнімнің техникалық шарттарын; забойдың шала өңделген өнімін тиімді өңдеу тәсілдерін;өнімді өлшемі мен сорттары бойынша сұрыптау ережесін; қызмет көрсететін механизмдер мен жабдықтардың құрылғысын және жұмыс қағидаттарын.
§ 5. слюда дайындаушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Слюданың түрлері мен кенорындары бойынша оның сапалық сипаттамасын айқындау үшін қолмен забойдың шала өңделген өнімдерін бақылап өңдеу. Забойдың шала өңделген өнімі мен шығарылатын өнімнің самасын бақылау. Тұтынушыларға жіберер алдында өнімнің сапасы мен рұқсатын тексеру.
Білуге тиіс: забойдың шала өңделген өнімдерінің техникалық шарттарын және өндірістік шала өңделген өнімдерінің шығарылымын; шығарылатын өнімнің мөлшері мен сорттары бойынша сұрыптау ережесін; қолданылатын өлшеу аспаптарының, шаблондар мен құралдарының жұмыс қағидаттарын, оларды пайдалану ережесін; забойдың шала өңделген өнімін шикі өнімге қайта өңдеу тәсімін.
§ 6. Плиталар мен блоктарды жарушы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Балғаның, төсемдер мен пунчеттердің көмегімен берілген өлшем бойынша плиталар мен блоктарды қағып жару. Шпурларды перфоратормен немесе қолмен бұрғылау. Перфораторды жұмысқа дайындау және оның ауаөткізгіш магистральге қосу. Перфораторға күтім жасау және оның жұмысындағы ұсақ бұзушылықтарды жөндеу. Ауаөткізгіш шлангты көшіру. Қолданылатын құралға май құю және көшіру.
Білуге тиіс: перфоратордың конструкциясын және жұмыс қағидатын; тау-кен жыныстарының физикалық қасиеттерін және жарылу сызығын бағыттау; шпурлардың орналасу тәсімін және оның тереңдігін; қолданылатын құралдың түрлерін және оларға май құю әдістерін.
§ 7. суспензияны бақылаушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Каолинді байыту процесінде суспензия сапасын бақылау. Дезинтеграциялық барабаннан келіп түсетін суспензияның тығыздығын өлшеу. Реактивті судың берілуін реттеу. Тиелетін ұлуды қадағалау. Шикі каолиннің, құмның және реактивті судың сынамаларын іріктеу. Элеваторды және шликерлік көлікті қосу және тоқтату.
Білуге тиіс: каолинді байыту процесінің негіздерін; суспензияның, құм мен судың сапасына қойылатын талаптар.
§ 8. асбест байыту өндірісінің зертханашысы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Асбест байыту өндірісінің байыту цехтарымен өндірілетін өнімнің сапасын талдау, асбесті бункерлерге салу технологиясын және дайын өнімдер цехының бөлігіндегі үйінділерді реттеу. Асбесттің берілген сапасын орталау және таптар мен маркаларға қалыптастыру, буып-түюге дайындалған асбесттің бақылау аппараттарында сынаулар жүргізу және оны буып-түюге рұқсат беру. Қолданыстағы мемлекеттік стандарттарға сәйкес асбестті буып-түю және вагондарға тиеу процесінде оны бақылау аппараттарында (бақылау аппараттарында, талшықтардың ұзындығын талаушыларда, гидро сыныптағыштарда) сынау. Асбест байыту өндірісінің байыту цехтарымен өндірілетін өнімді байқау және сынау бойынша журнал жүргізу.
Білуге тиіс: асбестке және ілеспелі байыту өнімдеріне қойылатын қолданыстағы техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар; сынауға жататын өнімнің ерекшелігін; асбест байыту өндірісінің технологиялық процесін; сынау жабдықтарының құрылғысын; асбесті сынау, өткізілген сынауларды жүргізу, өңдеу және нәтижелерін жалпылау әдістемесін.
Ескерту.
Осы тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген барлық кешенді зертханалық жұмыстар игерілмеген жағдайда, асбест байыту өндірісінің зертханашысын тарификациялау бір разрядқа төмен жүргізіледі.
§ 9. Саз балшық кесетін машинаның машинисі
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Саз балшық шығаруда қолданылатын барлық типтегі саз балшық кесетін машиналарды басқару, саз балшықта көлік құралдарына тиеу. Забойды тексеру және оның қауіпсіз жағдайға келтіру. Саз балшық кесетін машинаны забойдың шетіне көшіру. Беретін тасымалдағыштарды, кесетін құралдарды, тиейтін тасымалдағыштарды реттеу және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Саз балшық кесетін машинаны тазалау, майлау, оның жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою, жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: барлық типті саз балшық шығаратын машиналардың құрылғысын; карьер қазу ережесін; шығарылатын саз балшықтың түрлерін; саз балшық кесетін машинаның жұмысындағы бұзушылықтарды жою тәсілдерін; электр слесарлық істің негіздерін.
§ 10. тас кесетін машинананың Машинисі
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бір дискілі арамен тас кесетін операциялық (тілгілеу) машиналарды басқару. Стандартты тасты және табиғи тастардан ірі блоктарды шығару кезінде көлденең және ойымен аралауды жүргізу.қызмет көрсететін машиналарды кесу цикліне орнату. Араларды орнату және ауыстыру. Рельстік жолдан жылжытумен кесудің жаңа цикліне қызмет көрсететін машиналарды қайта айдау. Табиғи тастардан блоктарды шығару және бөлшектеу бойынша арқанды-кескіш қондырғыларды басқаруға қатысу, олардың жұмыс істейтін және бағыттандыратын тіреулерін ұңғымалар мен траншеяларға орнату және қайта орнату. Тартқыш құрылғылармен арқанды-кескіш қондырғыларының тросын тартуды реттеу, арқанды-жиналмалы құрылғылардың көмегімен тозған тросты ауыстыру және шынжырлау. Монолит тастарды аралау аймағына абразивтік материалдардың берілуін реттеу. Қызмет көрсететін машиналар мен қондырғылардың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою, оларды жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: табиғи тастардан блоктар шығару және бөлшектеу бойынша бір дискілі арасы бар тас кескіш операциялық (тілгілеу) машиналарының және арқанды-кескіш қондырғылардың, қозғалту және кесу тораптарының, электрлік және гидроэлектрлік жетектердің құрылғысын; қызмет көрсететін машиналар мен қондырғылардың жұмысындағы бұзушылықтарды жою тәсілдерін; монолиттерді кесу және аудару технологиясын; қызмет көрсететін машиналар мен қондырғыларда қолданылатын тростардың сипаттамасын; арқанды-кескіш қондырғылардың тростарын ауыстыру және шынжырлау; тау-кен жыныстарының физикалық-механикалық қасиеттерін; шығарылатын тастан және табиғи тастан жасалатын ірі блоктардың мемлекеттік стандарттарын; абразивтік материалдарды қолдану ережесін.
§ 11. тас кесетін машинананың Машинисі
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Табиғи тастан жасалған блоктарды шығару және бөлшектеу бойынша екі дискілі арасы бар тас кесетін операциялық (тілгілеу) машинасын немесе арқанды-кескіш қондырғыларды басқару. Қызмет көрсететін машинаның (қондырғының) тиімді жұмыс режимін таңдау және қамтамасыз ету, оны тоқтату. Өздігінен кіретін жүйенің аралау немесе бұрғылау жұмыстарының өндірісі. Тростарды жинау және табиғи тастан жасалатын блоктарды шығару және бөлшектеу жөніндегі арқанды-кескіш қондырғылардың бағыттаушы тіреулерін бекітуді бақылау.
Білуге тиіс: табиғи тастардан блоктар шығару және бөлшектеу бойынша барлық типті тас кесетін машиналардың және арқанды-кескіш қондырғылардың, қозғалту және кесу тораптарының, электрлік және гидроэлектрлік жетектердің конструктивтік ерекшеліктерін; монолиттерді кесу және аудару технологиясын;фракциялық құрам бойынша абразивтерді таңдау ережесін және оның шығыстарын нормалау.
Табиғи тастан блоктарды шығару және бөлшектеуде төрт және одан да көп дискілі аралары бар тас кесетін операциялық (тілгілеу) машиналарын басқару - 6-разряд.
§ 12. слюда іріктеу қондырғыларының Машинисі
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Байытудың екі сатысы бар слюда іріктеуші байыту қондырғыларын басқару. Технологиялық регламентке сәйкес қызмет көрсететін жабдықтарды қосу және тоқтату. Құрамында слюданың болуын ескере отырып тау-кен массасының бір қалыпты берілуін қадағалау. Елек торкөздерін тазалау, тасымалдағыштардың тозған електер мен роликтерін ауыстыру. Қызмет көрсететін қондырғыларды майлау, жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: слюданы байыту технологиясын; байытудың екі сатысы бар слюда іріктеуші байыту қондырғылардың құрылғысын; забойдың шала өңделген өніміне қойылатын талаптар.
§ 13. слюда іріктеу қондырғыларының Машинисі
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Байытудың екіден артық сатысы бар бөлшектеу және слюда іріктеуші байыту қондырғыларын басқару. електердің Жұмыс істейтін саңылауларын реттеу. Желдеткіш жүйесіне қызмет көрсету.
Білуге тиіс: байытудың екіден артық сатысы бар бөлшектеу және слюда іріктеуші байыту қондырғыларының құрылғысын; слюданы бөлшектеу және байыту технологиясын; желдеткіш камералардың, ауаөткізгіштер мен шаң тұндырғыш жабдықтардың құрылғысын.
§ 14. Үйіндіні уатушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кенді қолмен шығару. Забойды тексеру және қауіпсіз жағдайға келтіру. Бос тау-кен жыныстарын уату және кенді тау-кен жыныстарынан бөлу үшін кенді қолмен балғамен, сүйменмен, кайлмен немесе шой балғамен бөлшектеу.кен мен тау-кен жыныстарын қолмен тиеу және тасымалдау. Шой балта жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою.
Білуге тиіс: кенді тау-кен жыныстарынан айыру; тау-кен жыныстары мен кендердің қасиеттерін; шой балғалардың құрылғысын және олармен жұмыс істеу ережесін; кен мен тау-кен жыныстарын қолмен уату және тиеудің ережесі мен тәсілдерін.
§ 15. графит байытушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті графит байытушының басшылығымен графитті байыту процесін жүргізу. Реакторға графит, тұзды қышқыл, ыстық және суық су тиеуге қатысу және будың берілуін реттеу.
Білуге тиіс: графитті байытудың негізгі технологиялық процестерін; қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысын.
§ 16. графит байытушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Графитті байыту процесін жүргізу. Реакторға графит, тұзды қышқыл, ыстық және суық су тиеу. Реакторлардың, эксгаустердің, ағынды және соратын желдеткіштердің, бу, су, қышқыл және ауа құбырларының жұмысын қадағалау. Буды реакторға берілуін реттеу. Шығатын өнімнің сыртқы белгілері мен талдау деректері бойынша сапасын бақылау. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою.
Білуге тиіс: графитті байыту технологиясын; графитті химиялық байытудың белгіленген технологиялық режимін; реагенттердің міндетін, олардың қасиетін және шығыс нормаларын; қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы бұзушылықтарды жоюдың тәсілдерін.
§ 17. реактивті суды дайындаушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Каолин өндірісінде реактивті су дайындау. Чандарды сумен толтыру. Суға каустикалық содамен, сұйық шыны, әк сүтін және басқа да қосындыларды құю. Каогуляциядан кейін чандарда реактивті судың сілтілігі мен температурасын және суспензия тығыздығын айқындау. Тарату және чандардағы суспензияны қыздыру. Бульер доңғалағына қызмет көрсету.
Білуге тиіс: суспензияның, әк сүтінің және реактивті судың сапасына қойылатын талаптарды; қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысын және чанға су құю жүйесін; орталықтан тепкіш сорғыны және каустикалық соданы пайдалану ережесін; реактивті судың сілтілігін айқындау ережесін.
§ 18. асбест пен кенді қабылдаушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Механикаландырып шығару цехтарынан асбест кендерін қабылдау, кейін кенді байыту фабрикаларына тапсыру. Асбест кендерін құлату. Байыту фабрикаларында асбест кендерін қабылдау. Жоғары сортты кендерді таразылап қабылдау. Ұсақ ұсату цехынан сапалы асбестті қабылдау. Қабылданған асбест кендері мен асбестке есеп жүргізу. Қабылдау-тапсыру құжаттарын рәсімдеу.
Білуге тиіс: асбест кендерінің қасиеттері мен сапасын; асбест кенін тапсыру, қабылдау және құжаттамалық рәсімдеу ережесін; кендегі асбесттің құрамын айқындау, вагондардың аудару құрылғыларын пайдалану ережесін; қабылданған асбест кендері мен асбесті таразылау және есеп жүргізу ережесін; сорты әртүрлі асбесті бар бункерлерді орналастыру;сорты әртүрлі асбесттерге қойылатын мемлекеттік стандарттарды.
Достарыңызбен бөлісу: |