Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет13/108
Дата08.06.2016
өлшемі2.68 Mb.
#122400
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   108

§ 8. БАКЕЛИТШІ (СІҢДІРУШІ)

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым бөлшектер мен орташа және шағын көлемді құймалардың сыртқы және ішкі бетін қаптау және күрделі емес кескінді тораптарға резольді, глифталь және басқа да шайырды (құрамдарды) бакелиттеу аппараттары мен астауларда қолмен сіңдіру. Құймалар мен бұйымдарды бакелиттеуге дайындау. Резольмен қапталған құймалар мен бұйымдарды кептіру. Астаулар мен кептіру электр пештерін жұмысқа әзірлеу. Бөлшектерді кептіру пештеріне салу және оны шығару.

Білуге тиіс: маңызды бөлшектерінің атауы мен мақсаты және қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс қағидаты; құйманы резольмен қаптау процессі, вакуум астында және қысыммен ұстау уақыты және кептіру режимі; сіңдіргеннен кейін сынау әдістері; анағұрлым кең тараған арнайы құрылғылар мен бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты мен қолданылу шарттары; резольді шайыр және оның ерітінділерінің қасиеттері.

Жұмыс үлгілері

Шайырды жағу және сіңдіру:

1. Конденсаторлар.

2. Жанармай сорғыларының корпустары мен қақпақтары.

3. Дизельдердің май фильтрлерінің корпустары.

4. Саңылауларының, сандар, әріптер мен белгілер басылған ойықтарының саны көп, әртүрлі көлемді гетинакс және текстолит монтаждау тақташалары.

5. Тік құбырлар.

§ 9. БАКЕЛИТШІ (СІҢДІРУШІ)

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі көлемді күрделі пішінді, жұқа қабатты құймалар мен жинамалы тораптардың сыртқы және ішкі қолжетімділігі қиын беттерін бакелитттеуші аппараттар мен астауларда резольді, глифталий және басқа да шайырларды қолмен жағу және сіңдіру. Қажетті сапалы және тұтқырлы резоль құрамын нұсқаулық бойынша құрастыру. Құймалар мен тораптарға резольді шайыр жағу және сіңдірудің алдында оны талап етілетін температураға дейін қыздыру. Резольдің жағылу сапасын сыртқы түрі бойынша айқындау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы; резольді шайыр мен оның ерітінділерінің негізгі сорттары, маркалары мен қасиеттері; сынау әдістері және сіңдіргеннен кейін бұйымдарды тапсырудың техникалық шарттары; арнайы құрылғылар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы.

Жұмыс үлгілері

Шайырды жағу және сіңдіру:

1. Қыздырудың ішкі иректемелері бар май бактары.

2. Тракторлардың, автомобильдер мен экскаваторлардың жанармай бактары.

3. Қозғалтқыштардың ауа тазалағыштары.

4. Контактілі тығындар, шайбалар, пластиналар мен қаптамалар.

5. Ойықтарының, қалташықтары мен ұңғымаларының саны көп аспаптардың корпустық бөлшектері.

6. Металл кесуші станоктардың беріліс қораптарының корпустары.

7. Қозғалтқыш блоктары бастарының қақпақтары.

8. Аша бұрандалардың орауыштары, түпті кеме арматурасы, клинкеттер, қақпақтар, жіктер.

9. Жекелеген жерлері оқшауланған әртүрлі құрылымды жинақталған трансформаторлар.

10. Иілген құбырлар.

§ 10. ҚАРАЙТУШЫ

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тегіс бұйымдар мен бөлшектерді көгілдір түс беру және химиялық сырлау. Бұйымдарды қарайту үшін дайындау. Астауларды дайындау және көгілдір түс беру үшін дайындау. Бұйымдарды астауға салу және оны шығару. Астауларды тазарту. Бұйымдар мен бөлшектерді көгілдір түс бергеннен кейін консервациялау және орап салу.

Білуге тиіс: көгілдір түс беруге арналған астаулардың құрылысы мен жұмыс қағидаты; көгілдір түс беру үшін қолданылатын ерітінділердің құрамы; астауларды қыздыру температурасы; бұйымдарды таңдау және оларды астауларға салу тәсілдері; көгілдір түс беру сапасын анықтаудың негізгі тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

Көгілдір түс беру:

1. Бекіту бөлшектері - болттар, бұрандалар, гайкалар, шайбалар, штифтілер.

2. Құрал – балғалар, жиекқұрсаулар, калибрлерге арналған тұтқалар, кілттер.

§ 11. ҚАРАЙТУШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ойықтары мен шығыңқы бөліктері бар бұйымдар мен бөлшектерді қарайту және химиялық сырлау. Ерітінділерді рецепт бойынша жасау және олардың құрамын түзету. Бұйым бетінің қарайтуға жарамдылығын айқындау. Ерітіндіні айдау және сүзгілеу.

Білуге тиіс: қарайтуға арналған астаулардың құрылысы; астауларды түзетуге арналған негізгі ерітінділерді жасаудың рецептурасы; астауға химикаттарды салудың жүйелілігі; қарайту режимі; бақылау-өлшеу құралдарын қолданудың мақсаты мен шарттары; қарайту кезінде қолданылатын химикаттардың қасиеттері мен мақсаты және оларды пайдалану ережесі.

Жұмыс үлгілері

Қарайту:

1. Кинофотоаппараттардың кассеталары.

2. Әртүрлі құрылымды құрылғылар мен кондукторлар.

3. Тегіс өлшеу қапсырмалар.

4. Ұсақ модульді аспаптардың тістегершіктері.

§ 12. ГАЛЬВАНШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ойықтары мен шығыңқы бөліктері бар, тік және қисық сызықты беті бар қарапайым бұйымдар мен бөлшектердің сыртқы және ішкі беттерін гальваникалық қаптау. Гальваникалық қалайылау. Электр вакуум аспаптарына арналған қарапайым және күрделілігі орташа бұйымдарды гальванопластикалық жасау. Гальваникалық қабат бөлшектерін дайындау. Астауды белгіленген рецептура бойынша химикаттармен толтыру. Қаптауға жарамсыз бөлшектер мен бұйымдардың бетін оқшаулау. Гальваникалық процестерді аспаптар мен белгіленген режимдер бойынша реттеу. Ақаулы қабатты алып тастау. Біліктілігі анағұрлым жоғары гальваншының басшылығымен электролиттер мен ерітінділерді белгіленген рецепт бойынша жасау. Қарапайым пішінді бөлшектер мен бұйымдарды қорғаныш эматальдеу.

Білуге тиіс: электролиттік астаулардың жұмыс қағидасы; гальваникалық қабаттың негізгі түрлері және электролиз негіздері; орындалатын жұмыс көлемінде электроника және электрогамия негіздері; бөлшектер мен бұйымдарды гальваникалық қаптау режимі; қосымша анодтарды келтіру ережесі; гальваникалық қапталмайтын бөлшектер мен бұйымдардың бетін оқшаулау тәсілдері; қышқылдардың, сілтілер мен цианды тұздардың қасиеттері; арнайы құрылғылардың, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының мақсаты мен қолданылу шарттары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет