Жоба Іле ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегінің мөлшерін және тәртібін белгілеу



Дата23.02.2016
өлшемі19.31 Kb.
#8810
жоба

Іле ауданында аз қамтылған

отбасыларға (азаматтарға)

тұрғын үй көмегінің мөлшерін

және тәртібін белгілеу

Қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» № 2314 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 07 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» №394 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» № 471 Бұйрығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріспен толықтыру енгізу туралы» №1316 қаулысына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Іле ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегінің мөлшерін және тәртібін белгілеу Қағидасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау, еңбек, жұмыспен қамту, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және тіл жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Есенкүл Сарсебекқызы Мұхтароваға жүктелсін.

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.




Сессия төрағасы
__________________ Ә. Исаев

Мәслихат хатшысының м/а
_______________ В. Батыр

Іле аудандық мәслихатының 2013 жылғы «___»________ «Іле ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегінің мөлшерін және тәртібін белгілеу Қағидасын бекіту туралы» №______шешіміне

келісім парағы


«КЕЛІСІЛДІ»


«Іле аудандық жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімі» мемлекеттік

мекемесінің бастығы



Құматаев Нұрлан Орынбасарұлы

« » 2013 жыл




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет