Жоба
Түпқараған аудандық мәслихатының
2013 жылғы 11 желтоқсандағы №17/111
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту
туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет
кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасында 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі іс - шаралар жоспарын бекіту туралы» 2014 жылғы 16 қазандағы №1105 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17/111«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2330 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей толықтыру енгізілсін:
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасында:
10 тармақ келесі мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы:
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аумағындағы қазақстандық жауынгерлердің ұрыс және жерленген жерлерге, батыр қалаларға және әскери Даңқ қалаларына бару үшін Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан майдангерлердің отбасы мүшелеріне 150000 (бір жүз елу мың) теңге мөлшерінде.».
2. «Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (А.Ізбен) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалысын бақылау Түпқараған аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы О.Әбдірахманов) жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы: Аудандық мәслихат хатшысы:
С. Қойшыбаев А. Досанова
«КЕЛІСІЛДІ»
«Түпқараған аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
М.Дощанов
20 мамыр 2015 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
«Түпқараған аудандық экономика
және қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы:
Ж.Төлеген
20 мамыр 2015 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |