1.3 ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕЛІ НЕРВ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАСТЫҚ ЕРРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жоғары дәрежелі нерв қызметі туралы жалпы түсінік. Жоғары жүйке әрекетіне ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі жатады. Жоғары жүйке әрекеті адам организмінің сыртқы ортамен карым-қатынасының тиімді қалыптасуын зерттейді. Жоғары дәрежедегі қызметтер: ес, сана, ойлау, коңіл-күйі, үйқы, түс көру, гипноз т. с. с. ми сыңарлары мен олардың қыртысының негізгі қызметі болып есептеледі.
Мұғалімдер жоғары жүйке әрекетін жете түсіну арқылы балалардың мінез-құлықтарын біліп, оқыту, үйрету, тәрбиелеу жұмыстарын жөнге келтіріп, жан-жақты білімді, дұрыс дамыған жастарды тәрбиелей алады.
Жоғары жүйке әрекеті туралы ілімнің негізі болып шартты және шарттсыз рефлекстер болып табылады. И. П. Павлов барлық рефлекстерді екі топқа шартты және шартсыз рефлекстер деп болгені айтылған. Шартсыз рефлекстер алғашқы кезде организмнің тірлігін сақтау үшін қажет. Балалардың шартсыз рефлекстерін туысыменен тексеру арқылы олардың жүйке жүйесінің дамуын анықтайды. Шартсыз рефлекстер туа пайда болып, өздерінің орындалуы үшін ешқандай қосымша жағдайларды қажет етпейді: тітіркендіргіш әсер етісімен шартсыз жауап пайда болады. Олар тұқым қуалайды, сондықтан организмнің әр түріне тән оздерінің шартсыз рефлекстері болады. Бұл рефлекстердің рефлекторлы доғасы жүйке жүйесінің томенгі дәрежедегі жұлын, сопақша ми секілді бөлімдері аркылы қалыптасады да, ми сыңарларының қыртыстары қатыспай-ақ іске аса береді. Шартсыз рефлекстер негізінен ұрықтық кезенде де, бала туганнан кейін де қалыптаса береді. Айталық, қорғаныс рефлекстері туғаннан-ақ болады, ал жыныс рефлекстері жыныстық жетілу мерзімінде пайда болады. Олардың рефлекторлы доғасы өзгермейді.
Шартты рефлекстер тұқым қуаламайды, тек өмір тәжірибесінің негізінде, сыртқы ортамен байланыстың арқасында пайда болып отырады. Әркімнің өзінің тұрмыс жағдайына қарай әртүрлі шартты рефлекстері болады. Олардың рефлекторлы доғасы ми сыңарларының қыртысында қалыптасады. Сондықтан ми сыңарларының қыртысы болмаса, шартты рефлекстердің кейбіреуі пайда болғанымен, олардың тіршілікке маңызы онша емес.
Шартты рефлекстер организмді сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына бейімдейді. Балалардың шартты рефлекстерін бақылау арқылы олардың миының даму дәрежесін, ақыл-ойының дамуын бақылауға болады. Барлық балаларда шамамен бір мезгілде пайда болатын шартты рефлекстерді (тұрақты шартты рефлекстерді) бақылай отырып, бала дәрігерлері оның жоғары жүйке әрекетінің дамуын біледі.
Барлық шартты рефлекстердің қалыптасуы үшін сыртқы ортаның қосымша белгілі бір жағдайларын тудыру керек:
- әсер етуші шартты және шартсыз тітіркендіргіштердің болуы;
- шартты тітіркендіргіштердің әсері шартсыз тітіркендіргіштің әсерінен сәл бұрынырақ басталып (15-20 сек), олар біраз уақыт бірге әсер етуі тиіс;
- тітіркендіргіштердің тұракты ретпен әсер етуі; аталган жағдайлардың ұзақ уақыт көп қайталануы; шартты тітіркендіргіштің шартсыз тітіркендіргіштен өлсіздеу болуы;
- жүйке жүйесінің маңызды болімі — ми қыртысының қызмет қабілетінің дұрыс қалыпта болуы.
Шартты рефлексті тудыру тәжірибесінде сыртқы ортаның белгілі бір жағдайын шартты тітіркендіргіш ретінде пайдалана береді. Ал шартсыз тітіркендіргіш организм үшін маңызды әсер болуы керек. Ол шартты тітіркеңдіргіштің әсерін бекітетін болғандықтан кобінесе тамақты немесе ауру сезімін тудыратын әсер ді пайдаланады.
Балаларда шартты рефлекстерді тудыру үшін 3 жасқа дейін шартты әсер ретінде баланың ұнататын тамағын немесе ойыншықты қолданады. Мысалы, баланы жүргізіп үйреткенде шақырушы кісі кәмпитті (егер бұрын кәмпит жеп жүрген бала болса) немесе жаңа ойыншықты көрсетіп шақырады да бала тәй-тәй басып келсе, кәмпитті/ ойыншықты бере қояды. Кейіннен кәмпитті алуға ұмтылған бала аяғын тезірек басуға мәжбүр болады (кәмпит үстаған адам бала алға басқан сайын шегініп, ара қашықтығын ұзартады), сөйтіп баланың жүруін тездетеді.
Бала өсе келе оның екінші сигнал жүйесі дамыған сайын, шартты тітіркендіргіш ретінде сөздің әсері пайдаланылады. Сөз әсеріне шартты рефлексті тудыру үшін 3 жасқа дейінгі балаларда негізінен үш жағдайды алғаш кезде сақтау керек. Сонда бала тез, уақытында сөйлеп үйренеді:
1. Үйретіліп отырған сөздің магынасына байланысты бейненің болуы және алғаш кезде оның тұрақты болуы. Мысалы, "әке" деген сөзді үйрету үшін "әке" деп айтып отырып, әкесін көрсету керек.
2. Сөзді айтушының болу керек және алғаш кезде ол да тұрақты бір кісі, айталық, шешесі болуы тиіс. Сөзді айтушы болмаса, бала сөйлеп үйренбейді. Мысалы, сақау адамдардың баласы сөйлеу қабілеті бола түра, сөйлеп үйренбеуі мүмкін.
3. Бала сөздің мағынасына байланысты затты дұрыс тұруы керек, яғни баланың денесі кеңістікте дұрыс орын алуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |