Жоғарыда айтылғандардың барлығы дипломдық жұмыстың зерттеу тақырыбы мен өзектілігін айқындайды


Қорғалатын нысан сипаттамасы жән еөрт қауіпсіздігі бойынша жүргізілетін іс-шаралар талдауы



бет7/15
Дата30.11.2022
өлшемі2.16 Mb.
#466083
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
работа

2. Қорғалатын нысан сипаттамасы жән еөрт қауіпсіздігі бойынша жүргізілетін іс-шаралар талдауы


2.1. Өрт қауіпсіздігі бойынша жүргізілетін іс-шаралар талдауы және қорғалатын нысанның қысқаша сипаттамасы

Функционалды өрт қауіпсіздігі бойынша түрлі ғимараттарда, имараттарда және құрылыстарда өрт тәуекелінің көлемін есептелуін анықтау әдісі осы көлемін есептеуді анықтау ретін орнатады.


Өртке қарсы іс-шаралардың техника-экономикалық негіздері пайдаланылатын немесе қайтадан тұрғызылатын құрылыс нысандарының ғимараттарының, жабдықтарының жобалық құжаттамаларын дайындау сатысында орындалады. Олар сақтандыру тексерістерінің талаптарына сәйкес өрт қауіпсіздігін жоғарылату мақсатында орындалады. Техника-экономикалық негіздерді орындау жобалық құжаттаманы оқудан және ғимараттың, оның инженерлік жүйелерін және технологиялық жабдықтарын сәулет-құрылысын заттай тексеруден, нысанда орындалатын ұйымдастыру алдын алу іс-шараларымен танысудан тұрады. Нысанның технологиялық, сәулет-жоспарлау және құрылыс, электрлік, сантехникалық, өрт сөндіру және дабыл беру бөлімдеріндегі өрт қауіпсіздігінің нақты күйі туралы мәлімет беретін ғимараттың алынатын сипаттамасының тізімінен, өрттің туындау және даму қаупін, сөндіру шартын, мүмкін болатын зақымдалулардың өлшемдері мен сипатын бағалауға мүмкіндік беруі керек. Өрт қауіпсіздігінің деңгейін бағалауды жүргізген кезде мүмкін болатын өрттердің сценариін құрастыру және нысанның күйінен және өрт қауіпсіздігінің қосымша іс-шараларын ескере отырып жылдық ықтимал шығынның есептеуі орындалады. «Қайнар» қонақ үй кешенінің ғимараты жоспардағы өлшемі 60х17 м болатын 3-қабатты ғимарат болып табылады:
Іргетасы – жертөленің бетон блоктары;
Сыртқы және ішкі негізгі қабырғалары – t=0,55 ерітіндіде қашалған тас;
Қоршаулары – гипсолитті және кірпіш %;
Шатыр қоршауы – құрастырылған т/б блоктар, панельдер;
Қабат арасындағы қоршау – құрастырылған т/б блоктар, панельдер;
Төбесі – 3-ші қабаттың жабынымен біріктірілген;
1-ші қабаттың едендері – зертханаларда паркет, санитарлық торапта мозайка тәріздес;
Ойықтар – терезелері ағаш, есіктері қималы;
Ішкі өңделуі – сылақ, әк. Боялған. Ерітінді;
Сыртқы өңделуі – тігістердің ажырауының астында;
Ішкі желілер – эл. жарықталу, суқұбыры, кәріз су, орталықтан жылыту, желдету;
Жоспар бойынша 1-ші, 2-ші, 3-ші қабаттардың ауданы – А блок - 5543,8 м2, Б блок - 2649,8 м2, В блок - 4550 м2 –ден.
Ф4.2 корпусының қызметтік өрт қаупі.
Ғимараттың өртке тұрақтылық дәрежесі – ІІ.
Ғимараттың жоспарлық шешімі баспалдақ торларына алып баратын жалпы дәлізге шығысы бар, оқу аудиторияларының, әкімшілік-тұрмыстық ғимараттардың жиыны болып табылады. Ғимараттың сыртқа шығысы бар 1-ші түрдегі қарапайым екі баспалдақ торлары бар. Баспалдақ торларынан шатырға және жабынға шығыс бар. Жобада қабылданған көлемдік-жоспарлау және құрылыстық шешімдер ҚНменЕ ҚР 2.02-05-2009 және ҚР №1682 ӨҚЕ,ҚНменЕ 2.01.02-85* «Өртке қарсы нормалар» және ҚНменЕ 2.09.04-87* «Әкімшілік және тұрмыстық ғимарттар» талаптарына жауап береді. Ішкі өрт сөндіру үшін ғимартта жоба бойынша 2,5 л/с су шығынын қамтамасыз ететін өртке қарсы су құбыры қарастырылған ҚНменЕ 2.04.01-85). Сыртқы өртті өшіру 20 л/с шығынмен қалалық суқұбыр желісінің гидранттарынан қарастырылады (ҚНменЕ 2.04.02-84). ҚНменЕ 2.09.04-87* «Әкімшілік және тұрмыстық ғимараттар» талаптарына сәйкес өртке қауіпті ғимараттар өрт хабарландырушыларының көмегімен және өрттің туындау орны туралы қабылдау-бақылау құрылғыны хабарлау үшін арналған автоматты өрт дабылымен жабдықталуы қажет. Өрт күзетінің бөлімшелерімен байланысты жүзеге асыру тәулік бойы кезекшілік қарастырылған қабылдау-бақылау бекеттерінен телефон желісінің көмегімен жүргізіледі.
Нысанның, өртке қарсы іс-шаралардың және қорғаныс құралдарының күйінің қызметтік өрт қауіпсіздігінің шамаларын алу үшін оны заттай тексеруден өткізген, ол нысанның өрт қауіпсіздігінің негізгі сипаттамалары бойынша қорытынды жасауға мүмкіндік берді:
- Жұмысқа жарамды күйін бақылау, пайдалануды және кішігірім жөндеу жұмыстарын ЕҚБ (еңбек қорғау бөлімі) қызметі жүзеге асырады.
- Ішкі өрт крандарын тексеру («№5 корпусы") және өрт сөндіруге судың қажетті шығынының болуын тексеру үнемі жүргізіледі. Ішкі өрт крандары арнайы шкафтарда баспалдақ алаңдарында орналастырылған және қажетті құралдары бар және еркін қол жетімділікпен қамтамасыз етілген.
-Қорғаныс нысандарында ішкі өрт крандары («№5» корпусы) жоқ.
- Ғимарат бірінші ретті өрт сөндіру құралдарымен 50%-ға жабдықталған.
- Өрт сөндірудің бірінші ретті құралдарының жарамдылығын бақылау дайындаушы- зауыт беретін нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі, журналда тіркеледі.
- Өртке қарсы режимнің сақталуына жауапты тұлғаларды ректор корпустар, аудиоториялар және зертханалар бойынша бекіткен.
- Жауапты тұлғалар көрсетілген тақтайшалар барлық нысандар бойынша орнатылмаған.
- Эвакуация жоспарлары ілінген және талаптарға сай.
-Астыңғы қабаттың терезелеріне металлды тор орнатқан.
- Астыңғы қабатта баспалдақ жабық, 2 эвакуациялық шығу жолы жоқ және т.б.
- Өрт пен өртенудің алдын алуда өрт қауіпсіздігі бойынша жұмысшыларға дайындық шаралары өткізіледі.
Негізгі ережелермен қамтылған нұсқаулықтар бар:
Алғашқы өрт сөндіру құралдарымен, ескерту дабылымен, өрт күзетіне қоңырау шалумен қамту және орналастыру; темекі шегуге рұқсат етілетін орын жасау; жанып кеткен қоқыстарды жинауға және алып тастауға; адамдарды эвакуациялауда және материалдық құндылықтар реті; электр жылытқыш құрылғыларымен жұмыс жасау және т.б. Бірақта, көрсетілген нұсқаулықтармен барлық бөлмелер қамтылмаған.
Нысанның функционалды өрт қауіпсіздігі өрттің шығу ықтималдылығына және өртті жүктің көлемімен бағаланады.
Өрт жайлы жалпы статистикалық көрсеткіштер бойынша тұрмыстық-әкімшілік құрылысынан шығатын өрт себептері:
• тыйым салынған жерде темекі шегу;
• электр жылытқыш құралдарымен ұқыпсыз жұмыс жасауда;
• электр сымдары немесе электр құралдары бұзылса;
Өрттің жану қарқындылығы мен ұзақтығын сипаттайтын сандық көрсеткіш өртті жүк болып саналады МДж/м2. Ол құрылыс құрылымдары және олардың элементтері немесе бөлме және құрылыс салымында аяқталуы мүмкін. Өртті жүктеме жанатын және жануды қолдайтын заттар мен материалдардан тұрады.
Барлық құрылыстарды көзбен шолып тексеруде өрт жүктемесінің түрін, мөлшерін, бөлінуін анықтайды. Тексеру көрсеткіштері бойынша кеңседегі өрт жүгі бір жақты және ағаш жиһаздарынан, бер десте қағаздарынан, стеллаждағы орамнан, кеңсе техникасынан тұрады. Жоғарыда айтылған жүктемеден басқа жертөле бөлмелерінде майланған қалдықтардың жиналуы, сүрек қалдықтары және жанғыш қалдықтар бар. Өртті жүктеме құрылымы шатыр тіреуіші және шатырды тор көздеуден, ойықтарды көму, қабырғаларды,едендерді, электр өткізгіштерді әрлеуден құралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет