Жоламан ауылдық округінің әкімі
Д.Н.Нуспековтың ауыл тұрғындары
алдындағы 2014 жылы атқарылған
жұмыстары жайлы есепті баяндамасы
Құрметті Жоламан ауылдық округіне қарасты елді мекеннің тұрғындары! Қазақстан Республикасы Президентінің № 615 2013 жылдың 15 тамызда барлық деңгейдегі әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы Жарлығы қабылданды. Жарлықта есепті кездесулерді өткізу кезеңділігі белгіленді және Үкімет мүшелерінің, орталық мемлекеттік органдар, саяси партиялар, ұлттық холдингтер мен компаниялар басшылығының қатысуы қамтамасыз етілді.
2014 жылдан бастап облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері жыл сайын бірінші тоқсан ішінде, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың, қалалардағы аудандар әкімдері – жарты жылда бір рет бірінші және үшінші тоқсан ішінде, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтер, сондай-ақ кенттер мен ауылдар әкімдері – тоқсанда бір рет тоқсанның бірінші айы ішінде есеп беру керектігін белгілеп бергенін білесіздер.
Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтер, сондай-ақ кенттер мен ауылдар әкімдерінің есепті кездесулеріне қаланың, ауданның әкімі, сондай-ақ қаланың, ауданның әкімі белгілейтін лауазымды тұлғалар міндетті тәртіппен қатысады.
Бұл шара 2013 жылы ауыл әкімдерінің сайлауы өткеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың қисынды жалғасы болып табылады. Міне осыған байланысты сіздердің алдарыңызда есеп беруге рұқсат берсеңіздер.
Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында жеке мемлекетімізді құрып, өз жеріне иелік етумен қатар, әрі оның әлеуметтік – экономикалық дамуын қамтамасыз ете алатын ел екенімізді күллі әлемге дәлелдедік. Осы уақыт аралығында дамудың даңғыл жолында нық қадам басқан халқымыз саяси тұрақтылыққа үздіксіз өркендеуге қол жеткізіп келеді. Күн өткен сайын әлеуметтік тұрмыс деңгейі көтеріліп, еліміздің халықаралық аренаға беделі арта түсуде. Бұл біздің дербес мемлекет ретінде жүріп өткен жолымыздың ең басты және негізгі нәтежиесі.
Экономиканың сатылы тұрақты дамуы инвестиция тартуға, инфрақұрылымды жаңғыртуға, өмір сүру сапасының жақсаруына мүмкіндік беруде. Осы орайда біздің ауданның, соның ішінде Жоламан ауылының тұрғындары да Қазақстан экономикасының нығаюы мен дамуына өз үлестерін қосып келеді. Бүгінгі күні Жетісу өңірі еліміздің тұрақты өрлеу үстіндегі алдыңғы қатарлы өңірлердің біріне айналды. Үдемелі индустриялды – иновациялық даму, «Қолжетімді баспана-2012», «Бинестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту-2020», «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту», аргро өнеркәсіптік саладағы және т.б. мемлекеттік бағдарламалар сәтті жүзеге асырылуда. Осының бір айғағы ауданымыз аз уақыттың ішінде гүлденіп, халықтың игілігі үшін бірнеше тұрғын үйлер салынып, монша, парктер ашылып көркейіп-дамуы. Осындай ауқымды шаралардың іске асып жақанында аудан әкімі Бағдат Байшалұлының еңбегі зор екенін көріп отырмыз.
Әлеуметтік салаға кесек: Жоламан ауылдық округіне қарасты 10 елді мекен бар, ондағы халық саны-2454 адам, аула саны -537, округте 2 орта мектеп, 1 дәрігерлік амбулатория және 4 фельдшерлік пункт, 2 пошта жүйесі, 2 мешіт бар.
Жоламан ауылында әкімдік ғимаратының ішінде орналасқан 1 ауылдық кітапхана бар, онда 2 кітапханашы жұмыс істейді, ондағы кітап қоры –8330 дана, оқырмандар саны-710, кітап берілімі-14020. Кітапхана-ақпарат орталығы. Оқырмандармен насихат жұмысын жүргізудегі алдына қойған басты міндеттері мен бағыттары: кітапхананың көпшілік оқырмандарына-Елбасының еңбектерін, Жолдауларын, бағдарламаларын, Мемлекеттік Заңдарды, еліміздің саяси-қоғамдық өмірінен, білім, денсаулық сақтау, техника, мәдениет және басқа да салаларының жаңа жетістіктерінен мағлұмат беру, дер кезінде насхат жұмыстарын жүргізіп отырады.
Округ бойынша барлығы -71, оның ішінде «Алтын алқа»-43, «Күміс алқа»-31 батыр аналар бар.
Сонымен қатар округте 9 отбасы оралман тұрады, ондағы адам саны – 49. Осы отандастарымыздың өз алдына жеке шаруа қожалығын құрып, бүгінгі күнде өз тірішілктерін жасап, малдарын өсіруде.
Округ аумағында 2014 жылы 12 адам қайтыс болса, округ көлемінде-35 жүкті әйел тіркеліп, 35 сәби өмірге келіп отыр, 4 жас жұбай некеге отырды. Жыл көлемінде өкім-36, шешім-6, кіріс құжаттары- 190, шығыс құжаттар-157 және басқа жіберілген құжаттар- 550 дана анықтамалар халыққа қызмет көрсетіліп, берілді. Округтегі 537 ауланың 387 ауласында жекеменшік монша бар.
Жоламан ауылдық округі бойынша 2014 жылға I – топтағы мүгедектер
саны - 4 адам, II – топтағы мүгедектер саны – 39 адам, III – топтағы мүгедектер саны –25 адам бала жасынан мүгедектер саны – 7 бала, жалпы мүгедектер саны 75 адам.
Жоламан ауылдық округі бойынша Кербұлақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі арқылы Үкімет тарапынан мүмкіндігі шектеулі балалардан Малайсары станциясының тұрғындары Шоқпарова Аиса және ІІ-топ мүгедегі А.Удербаева памперспен қамтылып отырады.
Қазан айының бірінші он күндігінде қарттар мерекесін ауылымыздың жеке шаруа қожалықтары «Ернар-Ер», «Сымсаб» , «Дина» демеушілік жасап, жылдағыдай қарттардың басын қосып, бұл мерекені де өз деңгейінде өткіздік, демеушілерге рахмет айтамыз. Сонымен қатар жеке шаруа қожалығы «Джамалов» төрағасы Ы.Х.Джамаловтың демеушілігімен 12 пар қысқы аяқ киім аз қамтылған, көп балалы отбасыларына мектеппен келісе отыра таратылды, бұл азаматқа да рахмет айтамыз.
Округ аумағында орналасқан Жоламан қиыршық тас зауытының директоры Т.Д.Удербаев, «BSD» СС бастығы Ж.Сағынбаев, «Нойбург» асфальт заводының бастығы В.Хохловта өз көмектерін аямай көрсетіп отырады. Сондай-ақ қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, демеушілік жасап, бір жағымызға шығысып жүрген жеке кәсіпкерлеріміз Д.Игиликов, К.Самаев, Н.Чайрбаев, С.Умирова, К.Донғабаков, А.Малайсариев, М.Татыбаевтарға рахметтен басқа айтарымыз жоқ.
Ауылшаруашылық саласы жалпы округ бойынша жер көлемі-56269 шаршы метр, оның ішінде ауыл тұрғындарының жері- 5978 га, жалпы пайдаланылатын жер-31757 га, шаруа қожалықтарының жері-19312 га, оның ішінде егістігі 4406 га, жайылымы-14814 га.
2014 жылы округ бойынша жалпы егілген астық-680 га құрайды, оның ішінде жаздық арпа-350 га, күздік бидай-330 га. Атап айтсақ жеке шаруа қожалықтарының еккен егіндері төмендегідей:
1.Талғарбаев Қ жеке ш/қ «Талғарбаев» 50 гектар жаздық арпа егіп, өнімі 6 цн айналды, 20 күздік бидай егіп, өнімі 5цн айналды.
2.Кереев А жеке ш/қ «Бекзат» Барлығы биылғы жылға 100 га күздік бидай егіп, цн өнім алды, 25 га жаздық арпа егіп, цн өнім алды. 100 га пар айдады.
3.Қожахметов Н жеке ш/қ «Әбен» Барлығы 15 га жаздық арпа егіп, өнімі 12 цн айналды, күздік бидай 30 га егіп, цн өнім алды. 40 га пар айдады.
4.Кенжеғараев Б жеке ш/қ «Айгерім»-Барлығы -200 га жаздық арпа егіп, өнімі 7 цн айналды. 300 га пар айдады.
5.Нурсултанов А «Нур» 80 күздік бидай егіп, 7 цн өнім алды, жаздық арпа 60 га егіп, 6 цн өнім алды, 100 га пар айдады.
6.Кереев К «Кереев и К» СС 100 га күздік бидай егіп, 8 цн өнім алды, 100 га пар айдады. Округтегі басқа шаруа қожалықтары егін еккен жоқ. Округ көлемінде 59 кіші ш/қожалығы бар. Оның ішінде: 20-сы округте тұрмайтындар. Нақты ауылдағы жеке шаруа қожалықтары – 39.
Сонымен қатар округ бойынша төмендегідей ауылшаруашылық малдары тіркелген: 1)Ірі қара мал-2162, 2)қой-ешкі-25485, 3)жылқы-1060, 4)құс-1530
1.Бруцеллез ауруына сараптама, Сібір жарасына қарсы, Аусыл (Ящур) ауруына қарсы, Күл ауруына қарсы егу және Туберкулезге қарсы тексеру, Ішкі ішек-құрт ауруына қарсы тексеру жұмыстары өз деңгейінде жүргізілуде.
Округ бойынша аса қауіпті ауруларынан таза, оның ішінде сарп/бруцеллез/ ауруынан ауыл тұрғындарының 47 бас ұсақ мүйізді малдар арасынан және 5 бас ірі қара мал арасынан оң нәтиже беріп, шектеу қойылып, ол ауру малдар бүгінгі күнде жойылды. Бүгінгі күнде осы ауруларға қарсы ветеринарлық іс шаралар толығымен жасалып, орындалды. Округте 1 ветеринариялық пункт жұмыс істейді, оның құрамында 2 вет.фельшер, 1 вет.врач, 2 вет.санитар және 1 вет.пункт меңгерушісі.
Бүгінгі күнде жем-жөппен ауыл тұрғындары толығымен қамтылған. Жоламан ауылдық округі бойынша «Мал тұқымын түрлендіру» бағдарламасы бойынша жеке ш\қ «Ағзам» басшысы А.Сабуров 3 бұқа, «Сәкен» жеке ш\қ М.Суанбаев 2 бұқа сатып алды. Ал «Алтын асық» бағдарламасы бойынша «Рысбек» жеке ш\қ басшысы Р.Кулысхан 210 бас қой, 7 бас қошқар сатып алып, мал басын көбейтуде.
Өнеркәсіп саласына келсек округ аумағында Жоламан қиыршық тас зауыты ауданымыздағы өнеркәсіп саласын жыл сайын дамытып келе жатқан саланың бірі. Зауыттың жобалық қуаттылығын 250 м³ - 400 м³ дейін арттырып отыр. Биылғы жылға жоспар 250 мың м³ шағыл тас өндіру зауытта 131 адам істеген, қысқарту жүргізіліп, бүгінгі күнде 94 жұмыс істейді. Жұмысшыларға жағдай жасалынған. Түскі мезгілде 1 мезгіл ыстық тамақпен қамтылған, зейнеткерлер де ұмыт қалмайды, жылда қарттар күніне әр зейнеткерге сиақыларын да жасап отырады. Ауылдық мешіттің отын суы, оны от жағып жылтатын адамның еңбек жалақысы толығымен зауыттың жауапкершілігінде. Сонымен қатар бүгінде зауыт көп қабатты 4 үйдің тұрғындарын электр жарығымен және ауыз сумен қамтамасыз етуде. Сонымен қатар округ аумағында «Дс-Нойбург» асфальт зауыты, «BSD Компаний» шағын шағыл тас зауыты, «Азамат РК» ЖШС жұмыс орындары жұмыс істеуде.
Жоламан ауылының тұрғыны Б.Сарсенбеков 400 шаршы метр жерге жылы-жай жасап, шамалы болсада ауыл тұрғындарын көк өніспен қамтыды.
Сондай-ақ ауыл орталығында өз атымен аталған көшеде Ауған соғысында қайтыс болған Түркістанов Өмірбекке ескерткіш тақтасы орнатылды.
Биылға ауылға жасалатын жақсылық Жоламан ауылында 20 орынды акушерлік пункт салу үшін құжаттары дайындалып, аудандық құрылыс бөліміне өткізілді. Округ бойынша инвестиция 286,3 мың тенге тартылған.
Мектеп, оқу мәселесі. Жоламан ауыл округінде 2 орта мектеп бар. Олар Жоламан ОМ және Малайсары ОМ.
Жоламан орта мектебі 1991 жылы типтік жобада салынған. Онда 41 мұғалім дәріс беруде, тех.персонал-20 адам. Оқушылар саны 2012-2013 оқу жылына 317 оқушы болса, 2013-2014 оқу жылына -327 оқушы 41 мұғалім дәріс береді.
2013-2014 оқу жылында мектебімізде 34 оқу озаты, 110 оқу екпіндісі бар, білім сапасы 47 пайызды құрайды. Биылғы жылға 21 класс коплект.
2013-2014 оқу жылында 11 сыныптағы 18 оқушының ҰБТ-ке 12 оқушысы қатысты. 6 оқушы мемлекеттік емтихан тапсырды. Бұл мектеп бітіруші түлектердің 66% құрады. ҰБТ-ге көптеген дайындық жұмыстары жүргізілгеніне қарамастан, мектеп бітірушілер күтілгендей нәтежие көрсете алмады. ҰБТ байқау сынағынан - 65,8 пайызды құрады. Білім сапасы 0 %7 Аудан бойынша 25 орынды иеленді.
Мектебіміз бойынша оқу жетістіктерін сырттай бағалауға 29 оқушы қатысты. Барлық оқушылар шекті балды ұстады. Копьютер саны-35, уақытта оның 20-ы істен шықты, интернет желісіне қосылған.
Биылғы жылы мектеп бітірушілер саны 21. Оның ішінде 17 оқушы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. Бүгінгі күнге дейін 16 мектепшілік, 12 аудандық тест алынды. Мектепшілік тестің орташа балы-65,2 пайызды, аудандық тестің орташа балы -64,3 пайызды құрады.
Алыс елді мекендер: Архарлы асуы-11 оқушы, Самен ауылы-16 оқушы, Жоламан стансасынан-28 оқушы, осы оқушыларды тасымалдауға автокөлік бөлінген, биылғы оқу жылында – 55 оқушы тасымалмен қатынап оқиды.
Жалпыға бірдей оқумен қамту қоры есебінен 887 мың тенге қаржы бөлінді, оның ішінде 413400 тамаққа бөлінді, 373600 теңгесі киімге бөлінді. Жазғы демалысқа 100000 тенге Жазғы демалыспен 12 оқушы қамтылды. Жалпыға бірдей оқумен қамту қоры есебінен, әкімшілік демеушілігімен, ата-аналар демеушілігімен оқушылар Қапшағай, Текелі қалаларына лагерьге, барып демалып қайтты.
2014 жылы Жоламан орта мектебі-шағын орталығына күрделі жөндеуге 222 млн. тенге обл. бюджеттен қаржы бөлініп, төмендегідей жұмыстар жүргізілді: Мектеп ғимаратының есік, терезелері, сылақтары кірпішке дейін түсіріліп, жаңадан сыланды. Спорт залының жолы алынып орнына юно-корейский спорттық линолум салынды. Жылу жүйесі толық ауыстырылды. Балабақшаға, асханағада жаңа оборудование қойылды, едені кафелденді. Химия кабинетіне жаңа оборудование қойылып толық жаңартылды. Коридордың барлығы кафелденді. Мектептің сыртқы қоршауы жаңадан темір сеткалармен қоршалды. Акт залының тһбесі көтеріліп шиферленді. Балабақша ойын алаңына құм төселіп, сырғанақ, аткеншек қойылды. Мектеп алаңы толық асфальталды. Жаңа кательный орнатылып, жағармай сақталатын қойма шиферленді. Жаңадан 8 орынды, мұғалімдерге 2 орынды, балабақшаға 1 орынды дәретхана салынды.
2013-2014 оқу жылында 28 тонна сұйық отын, биылғы жылға 2014-2015 жылға лимит 35 100 тн, бүгінгі күнге түскені 16 985 тн келді, қалғаны 18 115 тонна.
Жоламан орта мектебі-шағын орталығының тәрбие жұмысы бойынша 2013-2014 оқу жылында төмендегідей жұмыстар атқарылды:
Жоламан орта мектебі-шағын орталығы биылғы оқу жылы басынан Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен 373600 теңге аз қамтылған 5 оқушыға, тұл жетім 2 оқушыға, жартылай жетім және көп балалы отбасынан шыққан 13 оқушыға жұмсалды, яғни аяқ киім, спорт киімдерімен 20 оқушы қамтылды және ыстық тамаққа 413400 теңге бөлінген, аз қамтылған, әке-шешесінің қамқорсыз қалған жетім, көп балалы отбасынан шыққан 15 оқушы және 20 оқушы мектеп асханашы есебінен бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылды.
Жаз мезгілінде оқушылардың жазғы демалысын, сауықтырылуын ойдағыдай ұйымдастыру мектеп алдындағы үлкен міндет. Жазғы лагерь «Алтын чажаға» жалпыға бірдей оқу қорынан 125000 теңге бөлініп, 5 оқушы, оның ішінде 1 тұл жетім, 2 аз қамтылған, 2 көп балалы отбасынан шыққан оқушы.
Жоламан орта мектебі-шағын орталығында жазғы демалыс лагері 3 маусымда 20 оқушыдан, 60 оқушы демалады.
Мектепке жол акциясы бойынша мектеп ұжымының 5 мұғалімі 50 теңгеге 5 тұрмысы төмен, көп балалы отбасынан шыққан 6 оқушыға және жеке кәсіпкер Кереев Қ 1 жетім оқушыға 150 мың теңгеге толығымен киім-кешек, оқу құралдарын алып берді. Жеке кәсіпкер Нурлыбаев Н 1 жетім оқушыға 70 мың теңгеге киім-кешек, оқу құралдарын алып берді.
Жоламан орта мектебі-шағын орталығында мектепке дейінгі дайындықта 25 бала бар, онда жоғары білімді 2 тәрбиеші жұмыс істейді.
Сонымен қатар спорт көлемінде күрестен Балпухов Азаматтың шәкіріттері аудандық, облыстық, республика көлеміндегі жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болуда. Мектепте әр түрлі спорттық секциялар мен үйірмелер жұмыс істейді. Спорт және дене шынықтыру саласы бойынша еркін күрес, теннис, шахмат, воллейбол ойындары бойынша мектеп оқушылары аудандық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр.
Малайсары ОМ 2002 жылы типтік жобамен салынған мектеп, 28- мұғалім дәріс беруде, оқушы саны 2012-2013 жылы 133 болса, 2013-2014 оқу жылына 117 оқушы, оқу озаты-13 оқушы, оқу екпіндісі-35 оқушы, білім сапасы-47,0 пайыз. 2012-2013 жылға 11 сынып бітіретін 8 оқушы, ҰБТ- ға 7-уі қатысты, 1 оқушы мемлекеттік емтихан тапсырды. ҰБТ байқау сынағынан 74,8 пайыз балл алды. Ең төменгі балл-55,0 пайыз, ең жоғарғысы-86,00 балл.
2013-2014 жылы ҰБТ –ға қатыспайды, 11 сынып биыл жоқ.
Жалпыға бірдей оқумен қамту қоры есебінен 700 мың тенге қаржы бөлінді, оның ішінде 47970 тамаққа бөлінді, 63000 теңгесі киімге бөлініп, аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан 10 оқушы қамтылды. 100000 тенге жазғы демалысқа бөлініп 5 оқушы қамтылды. Шыраға 60000 теңге бөлініп көп балы, аз3 оқушы барды. Жалпыға бірдей оқумен қамту қоры есебінен, әкімшілік демеушілігімен, ата-аналар демеушілігімен оқушылар Қапшағай, Текелі қалаларына лагерьге, барып демалып қайтты.
Жалпыға бірдей білім беру қорынан бөлінген ыстық тамақпен аз қамтылған, әке-шешесінің қамқорсыз қалған жетім, көп балалы отбасынан шыққан 13 оқушы және 12 оқушы мектеп асханашы есебінен бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылды. Биылғы жылы 13 класс комплект. Копьютер саны -17, интернет желісіне 1 комп қосылған.
Мектепке жол акциясы Мектеп ұжымының 3 мұғалімі көп балалы отбасынан шыққан 4 оқушыға 16000 теңгеге демеушілік жасап спорт формасын, оқу құралдарымен қамтыды.
Мектеп жанындағы күндізгі лагерьге 12 бала 3 ауысыммен ұйымдастырылды, ата-аналардың демеушілігімен, оқушылар көгалдандыру жұмыстарына тартылды.
2013-2014 жылы мектебіміздің оқушылары мен мұғалімдері аудан, облыс көлемінде өткен әр түрлі жарыстар мен байқауларға белсене ат салысып, жетістіктерге ие болды.
Мектептің материалдық-техникалық базасы толықтырылып, мултимедиялық мегофонды кабинетпен толықтырылды.
Мектепте ағымды жөндеу жұмыстары толығымен жүргізілді.
2013-2014 жылы жанар-жағар май лимит 15 тонна бүгінгі күнге 10 тонна түсті, тағы 5 тонна түседі.
Денсаулық саласы бойынша: Жоламан ауылында 1 дәрігерлік амбулаториясы ескі 1962 жылдан жұмыс жасайды, ғимараты жатақана мекемесіне бейімделіп орналасқан. Аудан орталығынан 45 шаршы метрде орналасқан. Жоламан ауылдық дәрігерлік ауруханасында (амбулаториясында) жалпы барлығы-19 адам істейді, олар: жоғары білімді дәрігер – 2 адам, фельшер - 6 адам, мед.бике-4 адам, акушер- 1 адам, лаборант- 1 адам, санитар-2 адам, жүргізуші-1 адам, күзетші-1.
Оның ішінде: ст.Малайсарыда ФАП, онда 1 фельшер, 1 акушер, 1 мед.бике, ст.Жоламанда Фельшерлік пункт-1 фельшер істейді, Самен ауылында 1 фельшер үйден қызмет көрсетеді. ст.Дала да 1 фельшер үйден қызмет көрсетеді. Барлық маман толық ставкамен қамтамасыз етілген.
Жүкті әйелдер мен жас өспірімдер дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. 2013 жылы туберкулез – 1, 2014-жоқ. 2013 жылы бруцеллез -2, 2014 жылы-2, эхинакок –1, боткина - жоқ.
Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз саласына келсек, Жоламан ауылында су жүйесінің ұзындығы-14580 м, 1970 жылдары салынған болатын
су құбырының ескіріп тозығына жетуіне байланысты құбырларды ауыстыру жұмыстары 2010 жылы жүргізіліп ауылға дейін қажетті құбырлары ауыстырылған. «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында облыстық бюджеттен Жоламан ауылына проектісі бойынша 71 млн 007 мың теңге бөлінген қаржыға жаңадан су құбыры «Жетісу-қала құрылыс» ЖШС жүргізіп 230 ауланың 223 ауласына, яғни үйді үйге су жүргізген, сонымен қатар әкімдік, Жоламан орта мектебі, ауылдық аурухана, ауылдық мешіт, «Алина» кафесі сумен қамтамсыз етілген. Ауыл тұрғындарының 65 пайызынан астамы үйдің ішіне су кіргізіп алған. Ауылдың суы сағат 12.00-15.00 ге дейін беріледі.
Инвестиция
|
Өлшем бірлігі
|
2012 ж
нақты
|
2013 ж
нақты
|
2012 жылмен салыстырғанда өсу деңгейі
%
|
Жоба
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
Кәсіп-орындар
қаржысы
|
Млн.тг
|
85,0
|
96
к/х
|
113,0 %
|
24
|
15
|
20
|
19
|
25
|
Несие қаржысы
|
Млн.тг
|
|
-
|
-
|
240
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Тұрғын-дардың
қаржысы
|
Млн.тг
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Жиыны
|
Млн.тг
|
85,0
|
96,0
|
113,0 %
|
264
|
15
|
20
|
19
|
25
|
Жоламан ауылдық округі бойынша 2014 жылдағы салық туралы мәлімет
Салық болжамы-2014 жылдың Орындалу пайызы
1.Мүлік - 21 323 тенге Мүлік - 21 323 тенге 100,0 %
2.Жер -128 455 тенге Жер - 128 455 тенге 100,0 %
3.Автокөлік- 1454 525 тенге Автокөлік - 1454 525 тенге 100,0 %
Барлығы: 1604303 тенге Барлығы : 1604303 тенге 100,0 %
Әскери бөлім саласы бойынша көктемегі, күзгі маусымға әскерге шақырылған балаларды берілген тізім бойынша неше мәрте шақыру қағаздары беріледі, қолдарын қойған түбіртектері тігілген, түрлі сылтаулармен әсери бөлімге көбі бармайды, осыған құрметті тұрғындар алдағы уақытта жауапкершілікпен қарасаңыздар.
Аумақтық учаскелік полиция саласы бойынша округ аумағында полициялық бөлімі бар, онда 1 полиция инспекторы жұмыс жасайды, жұмыс жасайтын кабинетпен және автокөлікпен қамтамасыз етілген. Полиция инспекторы ауыл округі әкімдігі жанындағы ұйымдастырылған «Ақсақалдар алқасы» мен «Әйелдер кеңесі» мүшелерімен тығыз байланыста жұмыс жасауда.
2013 жылдың 9 айында 6 мал ұрлығы тіркеліп, оның ішінде 2 мал ұрлығы ашылды /3 бас қой Джунусов Т, 1 бас жылқы Жумабаев А/, қалғандарына жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Басқадай зорлық-зомбылық қылмыстар болған жоқ. Әкімшілік құқық бұзушылықтарға жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
2014 жылы 17 қылмыс тіркеліп, оның 11 қылмысы ашылған. Ашылмаған 6 ұылмыс, олар Сабуровтың 150 қойы, Малайсары ОМ 16 компьютері, Архарлы асуындағы трансформатор, «Алдигруптың» 2 техникасы, Х.Байадиловтың 32 тонна арпасы, ст.Тарыдан 1 бас жылқы. Іздестіру жұмыстары жүргізілуде.
Қылмыстың болмауы, қылмысты болдырмау барысында ауыл әкімдігі, жастар ұжымы, «Ақсақалдар алқасының» ұйымдастыруымен жастар және оқушылар, округ тұрғындарының арасында кездесулер, әңгімелер өткізіліп отырылады.
Округ аумағында бизнес саласына келсек 11 сауда орны, Архарлы асуында 4 кафе, мектептерде 2 шағын асхана халыққа қызмет етеді . Орталықта "Газ сервис "ұжымының тұрақты жұмысшысы округтегі елді мекендерді газбен қамтамасыз етеді .
Ауылдағы жеке меншік «Алина» кафесі ауыл тұрғындарының той томалақ, жақсылықтарына қызмет көрсетуде.
Жоламан батыр атындағы көшесінің бойында орналасқан бұрынғы ескі екі қабатты ғимаратқа соттың шешімі шыққан осы ғимаратты алдағы уақытта халықтың игілігіне қолдану көзделуде. Сонымен қатар орталықтағы Мәдениет үйі де алдағы уақытта жаңадан салынып халықтың игілігіне жұмыс істеуіне қол жеткіземіз деп жоспарлаудымыз. Ауылымызда жаңадан 20 орындық аурухана салынбақ, бұл халықтың игілігі үшін. Сонымен қатар Жоламан әкімшілік кеңсесінде аяқ киім жөндеу шеберханасы және үйден шаштараз бүгінгі күнде халыққа қызмет көрсетуде .
Көлік және байланыс бойынша Жоламан ауылдық округі жолаушыларға ыңғайлы да қолайлы темір жол сонымен қатар автокөлік арқылы қатынасуға болады. Тұрғындарға жол қатынастары қолайлы ауданға, Алматы, Талдықорған аралығына жүретін жеңіл автокөліктер ұйымдастырылған.
Ауыл округі бойынша телефон байланысына 100 нөмерлік АТСК 50/200 орнатылған, 2012 жылы МС-240 сандық қондырғы ауыстырылып орнатылған, бүгінгі күнге: Жоламан ауылында -120, оның ішінде 7 мекемелерде, 113 тұрғындарға қойылған; Ст. Жоламанда -8, оның ішінеде 1 мекеме, 7-уі тұрғындарда; Ст. Малайсарыда – 4 мекмемелерде тікелей байланыс телефондары және 94- тұрғындарда; Самен ауылында-7 телефон тұрғындарда; Архарлы асуында – 4 тұрғынға спутникалық телефон орнатылды.
Жаплпы округ бойынша 237 отбасында телефон нүктесі қойылған.
Ай сайын округте қарасты Жоламан ауылы мен Самен ауылы бойынша 290 абонент бар, орта есеппен 30000 квт/с электр жарығын жағып, уақытысымен ақшалары тиісті орынға төленіп отыр. Қалған 255 аула темір жолға, Қиыршық тас зауытына қарайды.
Дін саласына келсек округте 2 мешіт ст.Малайсарыда және Жоламан ауылында бар. Жоламан ауылында 1 мешіт шаруашылық тәсілімен 1998 жылы тұрғындардың өз қаражаттарының есебінен салынған, 2006 жылы астын полдап, үстінен шатырын су өтпейтіндей етіп жаптық, су құбыры жаңадан түсіріп берілді, ауыл жанашырлары, яғни демеушілердің көмегімен терезелері пластик терезелермен, ішін, сыртын, төбесіне және есігінің алдына жөндеу жұмыстарын аулдан шыққан К.Кереев деген азамат жүргізіп, елдің ризашылығын алды. Әкімдік тарапынан 5 үшкір күрек, 5 қуыс құлақ күрек демеушілердің көмегімен әр бейіттің басына 10-12 данадан құралдармен жабдықталып, Жоламанда - 1, Сәменде - 1 бейіт басына үйшік салынған.
Бас имамымыз Хамзаинов Тәңірберген халқымызды имандыққа ұйытып, аулымызда саяси тұрақтылықты нығайту ісіне сүбелі үлес қосып келеді. 31.05.2014 жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арнап екі мешітте де 30-40 үлкенді-кішілі ауыл тұрғындары жеті нандарын пісіріп әкеліп, жиылып бас имам құрбандарға бағыштап құран оқып, уағыздар айтылды. Осындай шаралар Малайсары мешітінде де болады.
Санитарлық тазалық жөнінде: Жоламан ауыл округіне 10 елді мекен қарайды. Наурыз айының 15 – і мен Мамыр айының 15 – і аралығында көктемгі және күзгі 15 қыркүйектен 15-ші қарашаға дейінгі аралықта жалпы округ бойынша санитарлық тазалық айлығы өтті. Айлық барысында округ бойынша 850 тонна қоқыс шығарылып, көшеттер отырғызылды, оның ішінде жеміс ағаштары, декаративті көшеттерде отырғызылды. Күзгі-көктемгі санитарлық айлықтарында іс-шара жасалып, жұмыс өз деңгейінде жүргізілуде.
Жастармен жұмыс Жоламан ауылдық округі аумағында 2014 қаңтар айнан жастар нұсқаушысы мен спорт нұсқаушысы мамандары беріліп, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңның жүзеге асыру мақсатында жұмыстары жандана бастады. Осы мамандар жыл басынан округ аумағында ауыл жастарымен жұмыс жүргізу барысында жылдық жоспарларын жасап, бекітіп, сол жоспар бойынша жұмыстар жүргізіп отырады. Атап айтсақ төмендегідей: Көптеген ән-биге, айтысқа, баскетбол, воллейбол, футболдан жарыстарға ауыл жастарын дайындап аудан аралық жарыстарға барып, жүлделі орындарын иеленіп жүр.
Сонымен қатар мерекелерді де үлкен дайындықпен қарсы алуда 8 Наурыз Халықаралық Әйелдер күні жоспар бойынша мерекелік концерт өткізілді. Мерекелік концертке ауыл жастары өз еркімен қатысып, ән, би билеп өнерлерін ортаға салды. Кешке жастарға би кеші ұйымдастырылды.
22-наурыз Ұлыстың Ұлы мерекесіне Ауыл тұрғындары, қазақтың салт-дәстүрін көрсетіп, жастар арасынан мерекелік концерт ұйымдастырылып, соңынан спорттық жарыстар Арқан тарту, Гір көтеру, т.б. жарыстар, футбол, волейбол, баскетбол ойындары ойнатылып, жеңімпаздар марапатталып сыйлықтарын алды.
Округ аумағындағы жастар ауылда және ауданда өтетін іс-шараларға қатысып ат салысуда. Округ аумағында 2013 жылға 18-29 жас аралығындағы жастар саны 528 адам болса, 2014 жылға 18-29 жас аралығындағы жастар саны 536 адам. Жалпы ауылда футбол, воллейбол спорт түрлерінен жарыстар өткізіліп тұрады, жұмыс жоспары бойынша жұмыс жүргізілуде.
Алда істелетін жұмыстар көп, бәріміз ақылдаса отырып бір кісідей ат салысып, ауыз бірлікті болайық ағайын.
Жоламан ауылдық округінің әкімі Д.Нуспеков
Орынд.бас маман
К.Болатпаева
Тел.(8)72859-35-1-20
Достарыңызбен бөлісу: |