Жолдасбаев Нұрлыбек Жалайырұлы Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы



Дата17.07.2016
өлшемі54.89 Kb.
#206064
Жолдасбаев Нұрлыбек Жалайырұлы
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,

Т.Жаманмұрынов атындағы орта мектебінің

тарих және география пәндерінің мұғалімі

ХХІ ғасыр көшбасшысы

(Интеллектуалдық сайыс)



Мақсаты: Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру. Қазіргі ғылыми білім негізінде дүниежүзінің өркениет құндылықтарымен қарулануға ниеттерін қалыптастыру. Оқушылардың жан-жақты білімін дамыту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау.

Сабақтың түрі: Танымдық сабақ

Әдіс- тәсілдері: Сұрақ-жауап, пікірталас, ойын.

Сайысқа қатысушылар: 7 сайыскер, жүргізуші, әділқазылар

Сабақтың барысы:

І. Кіріспе сөз.

Армысыздар, қадірменді ұстаздар, оқушылар, жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар!



ІІ. Сайыстың барысы ІҮ кезеңнен тұрады:

І кезең «Бәйге»

ІІ кезең «Дода»

ІІІ кезең «Кім жылдам?»

ІҮ кезең «Жорға»

І кезең «Бәйге»

Әрқашанда алды бол,

Артындағына ұмытпа!

Болашағыңды бүгіннен ойла,

Тарихыңды ұмытпа!

1. Көне заттарды сақтайтын орын. (Мұражай)

2. Қасиетті тағам? (Нан)

3. Геродоттың «тарихы» неше кітаптан тұрады? (9)

4. ҚР мемлекеттік рәміздері қай жылы бекітілді? (1992ж)

5. Жер көлемі бойынша Қазақстан әлемде нешінші орында? (9)

6. Күнге ең жақын планета? (Меркурий)

7. Қазақстан оңтүстікте қандай елдермен шектеседі? (Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан)

8. Жер шарында ең көп халық? (Қытай)

9. ҚР туының авторы? (Ш. Ниязбеков)

10. Тәуелсіздік күні? (16 желтоқсан)

11. Картаны ең көп пайдаланған мемлекет? (Ежелгі Рим)

12. Жаңа дүниеге келген нәрестенің алғашқы киімі? (Иткөйлек)

13. Ақмолаға қаласына Астана деген ат қай жылы берілді? (1998 жылы)

14. Алла тарапынан білдірген әмір, міндет және тыйымдардың жиынтығы? (дін)

15. ҚР Конституциясы бойынша Мемлекеттік биліктің көзі кім? (Халық)

16. Тоқтар Әубәкіров қай жылы ғарышқа ұшты? (1991 жылы, қазан)

17. Конституцияға кепілдік беретін оқу түрі? (Орта)

Тілім барда айтылар сөз ойдағы.

Өшсе, тілім мен де бірге өшемін

Өссе, тілім мен де бірге өсемін.

ІІ кезең «Дода»

І. Астрономия

1. Адамның тіршілік етіп отырған ортасы? (табиғат)

2. Жеке жұлдыздар тобын қалай атайды? (галактика)

3. Жер бетіндегі жарықтың және энергияның көзі (Күн)

4. Жетінші ғаламшарды ата? (Уран)

5. Т. Мұсабаев ғарышқа неше рет ұшты (3 рет)



ІІ. Құралдар.

1. Алыстағы денелерді көруге арналған үлкейіткіш линзасы бар дүрбіні ата? (телескоп)

2. Температураны өлшейтін құрал? (термометр)

3. Жаңбырдың мөлшерін өлшейтін құрал? (дождомер)

4. Желдің бағытын көрсететін құрал? (флюгер)

5. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал? (барометр-анероид)



ІІІ. Жаратылыстану.

1. Жерді қоршап тұратын ауа қабаты? (атмосфера)

2. Тірі организмдердің өмір сүретін аймағы, жердің тірі қабығы? (биосфера)

3. Өзінен жарық бөліп шығаратын ғарыштық дене? (жұлдыз)

4. Жердің беткі қатты қабаты? (литосфера)

5. Дүниежүзінде неше мұхит бар? (4)



ІҮ. География.

1. Жердің жалпы ауданы? (510млн.км.кв)

2. Айналасын мұхит және теңіз сулары қоршап жатқан құрлықтың ең үлкен бөлігі? (материк)

3. Ауа массасының жерге көлденең бағытта қозғалуы? (жел)

4. Өзен ағыстары нешеге бөлінеді? (3)

5. Жер қыртысының ішкі күштердің әсерінен жердің үстіңгі бетінің қозғалысқа немесе тербеліске түсуі? (жер сілкініс)



Ү. Биология.

1. Жануарлар туралы ғылым? (зоология)

2. Жер бетіндегі барлық өсімдіктер нені құрайды? (флора)

3. Құстар туралы ғылым? (орнитология)

4. Өсімдіктер туралы ғылым? (ботоника)

5. Ең киелі құс? (аққу)



ҮІ. Жануартану.

1) Бұғының баласы? (Бұғышақ)

2) Тұңғыш зоопарк қай елде ашылды? (Австрияда)

3) Сиырдың жабайы түрі? (қодас)

4) Арыстан баласы? (абдан)

5) Өрмекшілер тобына жататын жәндік? (Кене)



ҮІІ. Тарих.

1. Тарихтың атасы? (Геродот)

2. Теңгелер тарихын не зерттейді? (нумизматика)

3. Мұсылман діндерінің заңдары? (шариғат)

4. Қосөзен бойын алғаш мекендеген халық? (шумер, аккад)

5. Әлемдік беделге ие болған діндер? (ислам, будда, христиан)



ҮІІІ. Жалпы сұрақтар.

1. Байланыс апараты? (телефон)

2. Тілдер мерекесі? (22 қыркүйек)

3. Төрт мүшеліге толған адам нешеде болады? (49)

4. Мұсылмандардың діни ғимараты? (мешіт)

5. Сауат ашатын кітап? (әліппе)

Тауды биік деме сен.

Талаптансаң шығарсың.

Жауды мықты деме сен,

Білімді болсаң шығарсың!



ІІІ кезең «Кім жылдам?»

1. Ең қадірлі адам? (АНА)

2. Мұсылмандардың қасиетті айы, күні, түні? (Рамазан, Жұма, Қыдыр)

3. Сөз өнер жарысы? (айтыс)

4. Алматы қаласының бұрынғы аты? (Верный)

5. Томирис кім? (сақ патшайымы)

6. Ұлттық аспап? (домбыра)

7. Бір жылда қанша апта бар? (52)

8. Қазақстан Республикасында қанша облыс бар? (14)

9. Қазақстан астаналары болған қалаларды ата? (Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана)

10. Соғыста ерлік көрсеткен адам? (батыр)

11. Айт мейрамында айтылатын ән? (жарапазан)

12. Адам алғашқы құралды неден жасады? (тастан)

13. Жыл құсы? (тырна)

14. Жер шарында неше планета бар? (9)

15. Әскери мектептің оқушысы? (курсант)



ІҮ. Кезең «Жорға»

Даталар 20

Жер бетінің жалпы ауданы – 510млн км шаршы

Даталар 30.

Күн жүйесінде неше планета бар? (9)

Даталар 40

Ата Заң қай жылы қабылданды? (1995ж. 30тамыз)

Даталар 50

Бір шақырымда неше метр бар? (1000м)

Тұлғалар 20

Қазақстаннан шыққан географ-ғалым? (Ш. Уалиханов)

Тұлғалар 30

Алғашқы қазақ ғарышкері? (Т. Әубәкіров)

Тұлғалар 40

Дүниежүзі тартылыс заңын ашқан кім? (И. Ньютон)

Тұлғалар 50

Қазақтың тұңғыш ағартушы ұстазы? (Ы. Алтынсарин)

Өнер 20


Би және балет өнері? (Хореография)

Өнер 30


Анималист дегеніміз кім? (Жануарлар суретін салушы)

Өнер 40


Атақты «Гәкку» әнінің авторы? (Ы. Сандыбайұлы)

Өнер 50


«Алтын микрофон» бәйгесін жеңіп алған қазақстандық әнші? (Р. Рымбаева)

Тәуелсіздіктің тірегі- білім. Дана халқымыз «ілегі мықты бірді жығады, білім мықты мыңды жығады» деп баяғыда айтқан. Мектеп қабырғасындағы білімді ұрпақ – ел тірегі.

Қиялына қанат біткен, ойы ұшқыр, білімді жастар болатындықтарыңа сенімдімін. Ел болашағын білімді ұрпақ айқындайды.

Адам елінен, жерінен тыс өмір сүре алмайды. Сенің жас жүрегің «елім» деп соғады. Елің үшін, халқың үшінқызмет ет. Елбасымыздың «Қазақстанның болашағы, балалар, сіздердің қолдарыңызда» деген аталық сезімін ақтай біліңіздер.

Үлгі бізге аталардың ерлігі,

Ұлағатты, өнегелі еңбегі.



Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет