Педагогикалық баға және оның үлгермейтін
оқушы тұлғасының қалыстасуына әсері
Бағдарламалық материалдарды меңгергенде кейбір қиындықтары бар балалар мұғалімнен өзінің жұмысы үшін қанағаттанарлық емес, бағалар алады.
Зерттеудің алдын ала, үлгермейтін оқушы тұлғасына бұл бағалардың әсері және олар оқушыда қалыптасып келе жатқан өзіне баға берудегі ықпалы ескерілді.
Зерттеу салыстырмалы жоспармен 1,2,3 және 4 сыныптар аралығында жүзеге асырылды. Оқу материалын нашар меңгеретін оқушыларды зерттеудегі көрсетілген нәтижелерімен, үздік және үлгерімі орташа балалар салыстырылды.
Басқа елдердегідей, біздің жерде де психологиялық жұмыстардағы оқу қызметінің қорытындыларына бағаның әсер етуін зерттеуге үлкен мән беріледі. Бұл сұрақ бойынша америка психологы Герлоктың зерттеуін атап өтуге болады. Оның тәжірибесіндегі 106 бала біріктірілген түрде Куртис тестін орындаған. Осы зерттеу барысында кейбір балалар ұялшақтайды, кейбірі құптайды (мақұлдайды), ал үшінші топ мүлде бағаламайды.
Қорытынды көрсеткендей мақұлдау қызметiн көрсеткен балалар тапсырманы орындай алады, ұялған балалардан, баға берусіз қалған балалар төмен көрсеткішке ие болды.
Б.Г.Ананьевпен психология ғылымында педагогикалық процестегі бағаның ролі көп жақты зерттелді. Автор сан алуан әртүрлі мативтердің ішінен оқушылардың оқу қызметінде олардың білім игерудегі мұғалімнің баға беруі үлкен әсер етеді,- деп атап көрсеткен. Өзінің қызметінде жетістікке жету мотиві мен өзіне талап қоя білу деңгейлері тығыз байланысты, осы арқылы ол үлкен нәтижеге жетуін қажет ететінін психологиялық зерттеу көрсеткен.
В.С.Мерлин (1959) «Жеке тұлға психологиясының очеркі» еңбегінде былай деген: «Адам өзінің қоғамындағы қоршағандардан мақұлдауды қажет етеді. Бірақ, ол әр адамда әртүрлі болып келеді. Кейбір оқушыға, мына жұмысты жақсы орындадың деген жеткілікті. Ал басқаның жұмысын осы түрде бағалағанда, ол жеткіліксіз, оған үлкен баға қажет екенi анықталады».
Л.И.Божович (1951) және П.Р.Чамата (1960) басшылығымен төменгі сынып оқушыларының өзін-өзі бағалауы зерттелген.
Бұл зерттеуде төменгі сынып оқушыларының қабілеті оқу-тәрбие процесінің жұмысында мұғалімнің басшылығымен оқу қызметінің қорытындылары және өзінің тәртібін бағалау көрсетілген.
Білім, дағды, білікті игере отырып, оқушы тәртіп ережелерін игеруді, мұғалімнің, тәрбиешінің талаптарына сәйкес, жұмыстарының және тәртібін анықтауға үйренеді. Балалар басында, оқу қызметінің қорытындыларын ғана анықтаса, бірте-бірте өздерінің моральдық сапаларын (ақиқат, шындық, сыпайылық, ұжымшылдық т.б.)да өзгерте бастайды.
Л.И.Божович, Н.Г.Морозова, Л.С.Славинаның статьяларында оқушылардың оқу қызметіндегі белгінің мәні туралы мәселе қарастырылған. Авторлар әр жастағы оқушылардың психологиялық ерекшелектеріне қарай бағалау қажет екенін көрсеткен.
Оқу қызметі және т.б. адам қызметтерін басқаруға болады, сонымен қатар адамда өзін-өзі басқару болуы қажет.
Төменде жүргізілген эксперименттік зерттеу баяндалған, онда оқу процесіндегі мұғалімдердің баға қорытындыларымен, үлгермейтін оқушылардың өзіне-өзі баға беруі туралы мәлметтер көрсетілген.
Сыныптағы оқушылар әр түрлі сабақтарда күнделікті кездесетін тапсырмалар орындады. Тапсырмалар орындалып болған соң, әрбіреуіне оны тексеру және баға қою талап етілді. Содан кейін, тапсырмалар жиналып, мұғалімдермен тексеріліп, тиісті бағалар қойылды. Әрбір орындалған тапсырмада мұғалім және оқушының бағалары, яғни екі баға қойылды.
Бұл зерттеу барысында, мен көбінесе үлгерімі нашар оқушыларға көп көңіл бөлдім. Осы топ оқушыларының бағалауда ерекшеліктерін анықтау үшін экспериментке үздік және орташа оқитын оқушылар да қатысты. Жалпы осы зерттеу жұмысына 230 адам қатысты. Бақылауда байқағаным, 1 кестеде 1 және 2 сынып оқушылары өз-өздерін бағалауда, өздерін «үлгерімі нашар» деп бағалайды. Мұғалімнің бағалауымен олардың бағалауын салыстырсақ ұқсастық аз болады. Олар көбінесе бағаларын жоғары қояды. Мысалы, «екінің» орнына «үш» қояды, ал «үштің» орнына «төрт» қояды.
1 кесте
Достарыңызбен бөлісу: |