Жоспар. І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім



бет2/12
Дата15.07.2024
өлшемі140.33 Kb.
#502953
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
stud.kz-75297 (1)

Атауы

Мекені

Парадарайя (теңіздің арғы жағындағы сақтар)

Қара теңіздің солтүстігі,Арал теңізі маны, Амудария мен Сырдарияның төменгі ағысы.

Тиграхауда (шошақ бөрікті сақтар)

Сырдарияның орта ағысы, Тянь-Шань, Жетісу.

Хаумаварга (хаома сусынын дайындайтын сақтар)

Мургаб аңғары
( Түркіменстан).



Арал теңізінің аумағын мекендеген сақ тайпаларын жазба деректерде апасиакдай, массагет және каспилер деп атайды. Сонымен қатар Сарыарқаның солтүстік-батысын – аргиппейлер, орталығын – исседондар мекендеген. Сарыарқаның шығысында, Алтай тауының маңында «алтынды қызғыштай қорушылар» деген атпен белгілі сақтардың - аримаспы тайпасы қоныстанған. Аримаспылардың атауы Алтайда алтын мен темірдің мол болуына байланысты шыққан.

«Алтын адам» археологиялық олжасы. Ежелгі заман трихына қатысты Қазақстан жерінен табылған. 1969 жылы Кемал Ақышевтің жетекшілігемен археологтар Есік обасынан «Алтын адамды» тапты. Ғалымдар жерленген адам 17-18 жастағы ханзада екенін анықтады.Ескерткіш б.з.д. ІҮ-ІІІ ғ. жатады. Обадан 4 мыңнан астам алтын әшекей бұйымдар табылды. Олар алтын киім-кешек , жүзік , алқа , белбеу және қару-жарақ. Күміс тостаған мен қыш ыдыстар , қола айна , қызыл бояуы бар сөмке бірге жерленген.Ұзын семсері , қанжар-ақинақтары алтынмен безендірілген.


Есік обасынан табылған күміс тостағандағы 26 таңба сақтрда жазу болғанын айғақтайды. Ғалым А.Аманжолов тостағандағы жазуды: «Аға , саған ошақ! Жат адам тізеңді бүк! Ұрпағымызда ас-су мол болғай! – деп аударды. Әзербайжан ғалымы Зәуір Гасанов: «Дүниенің төрт бұрышынан Сыңлы тайпасы жырлайды. Үш жүз жақтушы ант-су ішеді», - деп аударған. Есік жазба ескерткішіне қатысты ғалымдар арасында әзірше ортақ пікір жоқ.
Елімізде тұңғыш «Алтын адам» археологиялық ескерткішінің табылуы өзге обалардың ашылуына бастама болды. Алтын киімді адамдар Қазақстанның барлық аймағынан табылды. Олар баға жетпес құнды архелогиялық ескерткіштер болып табылады.
Сақ шебері арқар мен бұғы , марал мен барыс бейнелерін жасап , оларды қимыл үстінде көрсете алды. Аңдардың бұлшық еттерін, бұйраланған құйрық-жалын, буындарын шеберлікпен бейнеледі. Сонымен қатар ағдардың бейнесін өте кішкентай көлемде жасай алды. «Алтын адам» бешпетінің жеңі мен жағасындағы барыстың бейнесі біркелкі дәлдікпен жабыстырылған. Әшекейлеу мен безендіруде аңдарды бейнелеу өнері «аң стилі» деп аталады.
Сақтар ру-тайпалардың шығу тегін түрлі аңдармен байланыстырды. Сақтардың дүниетанымы қоршаған ортаны, жаратылысты танып-білуге ұмтылуынан қалыптасты.Сақтардың түсінігі бойынша , ңдар олардың қорғаушысы , жанындағы бойтұмары ретінде болды. Күш -қуат береді, түрлі қауіп-қатерден қорғайды деген сеніммен қаруларын , ат әбзелдерін аңдардың бейнелерімен әшекейлеген.
Ғажайып бас киімі. «Алтын адамның» бас киімінде бейнеленген құстар – аспан әлемі , тау мен жануарлар – жер әлемі , ешкі мен ағаш тамыры- жерасты әлемі деген ұғымды білдіреді. Бас киімнің ұшындағы алтын арқар тылсым күштен қорғаушы болса , төрт жебе дүниенің төрт бұрышындағы патша билігін ұлықтйды. Таутеке мүйізді қанатты тұлпарлар бейнесіндегі пластиналар күнге табынушылықты білдіреді. Сақтардың түсініктері бойынша , алтын – Күннің түсі. Осылайша олар патшаларын ерекше дәріптеп, Күн тәріздес құдай дәрежесіне теңеген.
Сақтардың қоғамдық құрылысы. 
Шілікті және Бесшатыр патша қорғандары. Ғалымдардың зерттеулері сақтардың қорған үйінділерінің әртүрлілігін көрсетеді. Олар үлкен , орташа және кіші болып бөлінеді. Алып және орта қорғандардағы үйінділердің биіктігі 6-20 метр аралығында. Үлкен және орташа обалардың жерлеу орнының құрылысы бөренелерден тұрғызылған. Кіші обалардағы мәйіттер жерден қазылған шұңқыр мен тас жәшіктерге жерленген. Жерлеу ғұрпының сән-салтанатты және қарапайым болып бөлінуі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті көрсетеді.
Ерте темір дәуірінде мүлік теңсіздігі орнықты. Мұны археологиялық қазбалар мен жазба деректер дәлелдейді. Сақ патшалары кұдіретті билеушілерге айналды. Олар соғыс пен бейбітшілік мәселелерін шешті, келісімдер жасасты, елшілер тағайындап, әскерді басқарды. Патша билігін баласына мұрагерлікке қалдырып отырды. Патшаның көктемде жерге алғашқы соқа салу жұмысын жүргізуі оның халықпен байланыстылығын көрсетеді. Халықтың басым көпшілігін қатардағы қауымдастар – малшылар құрады. Халық жиналысының, яғни тайпаның барлық ересек ер адамдары жиылысының рөлі күшті еді, ол көсемдерге де ықпал жасады. Бұл алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырап , әскери демократияның пайда бола бастаған кезі болатын. Ал сақ патшалары құдіретті билеушілер болып саналды. Сақ қоғамында Күн бейнесіндегі патшаға табынушылық орын алды. Дүниеден өткен патшаларды жерлеген кезде алып обалар тұрғызылған. Мысалы, Ктесий: «Патшайым Заринаның мәйітінің үстіне алып пирамида тұрғызылып , оның үстіне алтын мүсін орнатты»- деп жазды.
Тайпа мүшелері өз жиналыстарында тайпа көсемін сайлады. Тайпа көсемі бас қолбасшылық қызметін де атқарып, тайпалар мен рулардың арасындағы даулы мәселелерді шешті, қақтығыстарды реттеп отырды. Көсем өз тайпасының қарумен, азық-түлікпен қамтамасыз етілуін қадағалап, тайпа атынан келіссөздер жүргізіп отырды, жайылым және көші-қон мәселесін реттеді. Жер бөлісімен айналысып, оны пайдалану жолын белгіледі. Сақ қоғамы жауынгерлер , абыздар және қауым мүшелері (малшылар мен егіншілер) деп аталатын үш топтан тұрды. Жауынгерлерді ежелгі үнді-ирандық тілінде «ратайштар», яғни «арбада тұрғандар» деп атаған. Сақ патшалары жауынгерлер тобынан шыққан. Абыздардың танымал белгісі болып тостаған мен айрықша бас киімдері саналды. Малшылар мен егіншілердің «сегізаяқты» деп аталатындары да болған. Бұл соқаға жегетін екі өгізі барлар дегенді білдіреді. Әрбір қоғамдық топтың дәстүрлі өз түсі болды. Жауынгерлердікі - қызыл, абыздардікі - ақ, ал малшылар мен егіншілер - сары және көк түсті киімдер киген.
Қоғамдағы маңызды мәселелер халық жиналысында талқыланып, оған әйелдер де қатысты. Сақ әйелдері қоғамдық өмірге белсене араласып, ерлермен бірге соғысу құқығына ие болды. Сақ қоғамында әйелдерді құрметтеп, қастерлеген, сыйлаған. Сақ әйелдері тайпа көсемі болып та сайланатын. Мәселен, сақ патшайымдары Томирис пен Зарина есімдері тарихта кеңінен белгілі. Ежелгі деректердің бірінде сақтардың үйленуі туралы: «Егер сақ жігіті қызға үйленгісі келсе, онымен әуелі күш сынасуы керек. Қыз жеңсе, жігіт оның тұтқыны болып есептеліп, оған толық тәуелді болады. Тек жеңген жігіт қана өз билігін жүргізе алады» деп жазды. Сақтарда соғыс тұтқындары құлға айналдырылып, үй шаруашылығында жұмыс істеді.
Бесшатыр қорымы Жетісуда , Іле өзенің оң жақ жағалауында орналасқан. Қорым 31 обадан тұрады. Бесшатыр – «патша қорғаны» құрылысының қандай болатынын көрсететін, жақсы сақталған ескерткіштердің бірі. Осындай обаларда даңқты адамдар жерленген. Жерлеу орны – лақат ағаштан құрастырылған күрделі құрылыс. Құрылысқа қажетті бөренелер 200-250 шақырым жердегі Іле Алатауы сілемдерінен салмен жеткізілген. Барлық бөренелер жақсы өңделіп, теп-тегіс етіп жонылған. Пышақ , қашау іздері сақталған. Обадағы жерасты дромос (дәліз) жолының қабырғалары тастан қаланған. Алып үйіндінің жан-жағы меңгір тастармен қоршалған. Мыңдаған ірі тастар 3 шақырым жердегі таудан тасып әкелінген.
Шілікті қорғанын 2003 жылдан бастап профессор Ә.Төлеубаев бастаған ғалымдар тобы Шығыс Қазақстанда орналасқан Шілікті жазығында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп келеді. Ондағы обалар саны-51. Көлемі жағынан ең ірісі- Бәйгетөбе қорғаны. Ол б.з.д.ҮІІІ ғ.жатады. Обаның диаметрі -100 метр , биіктігі 8 метрге жетеді , яғни 3-4 қабатты үйдің биіктігіндей. Оның құрылысы күрделі , ол үш қабатты үйіндіден тұрады. Ағаш бөренелерден лақат және жерасты дромос жолы жасалған. Осындай алып құрылыс ішінде киімі алтыннан құйылған қаптырма , әшекей түймешектермен безендірілген ер адам жерленген. Жалпы , осы қорғанда 4303 алтын бұйым табылған. Оның көпшілігі аң стилінде жасалған. «Шілікті алтын адамы» құнды археологиялық жәдігер ретінде танылған.
Берел қорымы Алтай тауының қойнауында , Шығыс Қазақстандағы Катонқарағай ауданында орналасқан. Бұл жерден табылған архелогиялық ескерткіштер б.з.д. Ү-ІҮ ғ. аралығында жатады. Қорымда отыздан аса ірі оба бар. Осы жердегі №11 оба ғылым үшін аса маңызды ақпараттар көзі болып табылады.Оны 1998-1999 жылдары З. Самашев бастаған қазақстандық және шетелдік ғалымдардан құралған экспедиция зерттеді. Есік, Бесшатыр обаларынан Берелдің ерекшелігі лақат қабір жербетінен барынша тереңдетіліп қазылған. Обада биік топырақ үйіндісі жоқ. Сыртқы аласа үйіндіге тек тастарды қолданған. Аталған обада екі адаммен бірге он үш жылқы көмілген. Мәңгі тоң қабаты салтанатты жерлеу ғұрпына қарап , археологтар жерленген адамды «жоғарғы билік иесі- көсем немесе патша болуы мүмкін» деген болжам айтады.Антрополог ғалымдар оның жасы 30-35 шамасындағы ер адам деп анықтады.Мәйіт қима ағашты табыт- саркофагқа жерленген. Оба асты суық мәңгі тоң қабатынан тұрады. Сол себепті мәйіттің киімі , ат әбзелдері , ер-тоқым , маталар , ағаш ыдыстар , тері мен киіз бұйымдары жақсы күйінде сақталған.Бұл ғалымдарға 2500 жыл бұрынғы адамдар өмірін білу үшін мол ақпарат берді.Ғалымдар берелдіктер тоң қабатының қалыптасу жағдайын есептей білген деп болжайды. Олардың тоң қабатын сақтау үшін арнайы тас құрылыстарын қалау тәжірибелері болған.Сонымен қатар берелдіктер мәйіттерді ұзақ сақтау үшін бальзамдаудың құпия әдістерін қолданған тәрізді. Олар жылқылардың денесін шірімес үшін қайыңның тоз қабығымен жапқан.
Берел обасынан табылған бұйым-балқарағайдан ойып жасалған өнер туындысы. Ол- құс басты , жыртқыш денелі, қос мүйізді , қос қанатты грифон мүсіні. Бір қызығы , көне грек жазбаларында сақтарды «алтын қорыған грифтер» деп атаған. Табылған жәдігер жерленген адамның үлкен билік иесі болғанын айғақтайды. Сақтар әсем безендірілген жылқылар патшаға о дүниеге аттануға көмектеседі деп есептеді. Берел жылқыларының бастарында таутеке мүйізді ғажайып қырандар бейнесіндегі маскалар табылды. Сақтар жүйрік жылқылар көсемді ата-бабалар аруағы мекен еткен әлемнің ең жоғарғы қабаты – көк аспанға салтанатты түрде жеткізеді деп сенді. Геродот сақтардың Күнге табынатының және оған арнап құрбандыққа жылқы шалатынын жазады. Құрбандықтың мәні: «Құдайлардың жүйрігі -Күн болса, жануарлардың жүйрігі -жылқы» дегенге келеді.
Берел қорымының ескерткіштері сақтардың өнері туралы мол ақпарат береді. Ол жерден табылған ер-тоқымда арыстан денелі, құс тұмсықты грифон аңды талап жатқан сюжеттік компазиция бейнеленген. Мүйізді масқа киген қанатты жылқының бейнесі бар ер-тоқым аппликациясы сақтарда бізбен кестелеу ісінің дамығанын көрсетеді. Ат әбзелдерін өрнектеуде қолданылған түрлі аң бейнелерін сақтар жұқа ақ алтынмен қаптаған. Ғалымдар қазіргі қолданыстағы ақ алтындарды сақтар 2500 жыл бұрын өндіре алған дейді.
Сақтардың жасаған құмыралары қоңыр минералды бояумен салынған көркем суреттерімен көз тартады. Берел және басқа қорымдардан табылған ескерткіштер халқымыздың баға жетпес мәдени мұрасы болып табылады. Олар ерте темір дәуірінде өмір сүрген сақтардың өмірінің әр саласын: шаруашылығы , тұрмысы , қоғамдық құрылысы , дүниетанымын сипаттайды.
Тасмола археологиялық мәдениеті б.з.д. ҮІІ-ҮІІІғ. Орталық Қазақстан аумағын мекендеген адамдар ерекше жерлеу құрылыстарын қалдырған. Оларды шартты түрде «мұртты» обалар деп атайды. Адамды жерлеу үшін жасалған сопақша оба құрылыстың негізін құрайды.Оның шығыс жағынан , әдетте кіші оба салынатын болған. Мұнда жылқы көмілген. Обалар үлкен , кіші қорғандардан және шығыс бағытта доғаланған тізбек тастардан тұрады. Тас тізбектің ұзындығы 20 метрден 200 метрге дейін созылған. Тізбектер мұртқа ұқсас болғандықтан , археологиялық ескерткіштерді зерттеуші ғалымдар «мұртты» обалар деп атады. Ең алғашқы ескерткіш Павлодар облысы , Екібастұз ауданы, Тасмола деген жерден табылған соң археологиялық ескерткіштер кешені Тасмола мәдениеті деп аталады. Қазақстан аумағында 300 -ден астам «мұртты» оба ескерткіштері анықталды. Обалардың таралған аумағы – Орталық , Солтүстік және Шығыс Қазақстан жерлері. «Мұртты» обалардың басым бөлігі Орталық және Солтүстік Қазақстан аймақтарында шоғырланған.Герадот мәліметтеріне сүйене отырып,ғалымдар Сарарқаның солтүстік-батыс аргипейлер , орталығын исседондар , шығысын аримаспылар мекендеді деген болжам жасады. Демек , аталған “мұртты обалар” сақтардың осы тайпаларына тиесілі болып есептеледі.Басқада болжамдар бар.Тасмола мәдениетінің архелогиялық ескерткіштері сол кездегі тайпаларда темірдің кең қолданыста болғанын көрсетеді.обалардан жебе ұштар,қанжарлар,белдіктер ,айналар,құрбандық ыдыстары табылды.Мұнда әшекей бұйымдармен қатар жолбарыс , таутеке , бұланның қола және алтын мүсіндері кездеседі.Айналар мен басқа да күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды безендіруде аңдардың таласуы,жыртқыштардың шабуыл жасау көріністері бейнеленген.Тасмолалықтарда ағаштан,былғары мен темірден жасалған ыдыстар кең қолданыста болды. «Мұртты» обаларда қыш қалдықтары аз кездеседі.Зерттеушілер бұның себебін көшпелі өмір салтымен байланыстырады. Себебі көшіп-қонып жүргенде сына қоймайтын және алып жүруге ыңғайлы ыдыс тиімдірек болды. Зерттеушілердің көпшілігі «мұртты» обалар жаратушы мен ата-баба рухына табыну орны болған деп есептейді. Тас тізбектегі оттың , сынған ыдыстың қалдықтары құрбандық шалу дәстүрі мен діни наным-сенім белгілерін көрсетеді. Қайтыс болған адамның аяқ жағына көмілген жылқы қаңқасы олардың күнге табынушылығымен байланысты. Ал «мұртшалар» күнге апаратын дәліз жол қызметін атқарған. Кейбір обалар ірі көлемді, ал құрылысы күрделі.Демек , тасты тізбектері бар құрылыс кешендерінің салынуына еңбектің көп жұмсалуы мұнда ру-тайпа көсемдерінің жерленгенін айқындйды. Олардың жанында қатардағы тайпаластары жерленген қарапайым обалар да бар. Ол қоғамдағы әлеуметтік айырмашылықты көрсетеді. Жалпы «мұртты» обалар- ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін жеткен бірегей ескерткіштер. Олар- ежелгі заманда Қазақстан аумағында өзіндік ерекшеліктері бар мәдениет болғандығының айқын дәлелі.
Сақ патшайымы Томирис. Жазбаша деректер б.з.д.ҮІІІ-ҮІІғ. қазіргі Қазақстанды мекендеген тайпалар ежелгі мемлекеттер – Ассирия және Мидиямен , ал б.з.д. ҮІ ғ.ортасынан , Ахеменидтер мемлекеті құрылған уақыттан бастап парсылармен қарым-қатынаста болғанын көресетеді. Сақтар сол кездегі көптеген тарихи оқиғаларға араласты. Парсы патшасы Кир сақтармен одақ құрып, Лидия билеушісі Крезбен соғысқан кезде олардан көмек алады. Бірақ содан соң Кир сақтарды бағындырмақшы болады. Парсылардың жорығы сақ-массагеттер патшайымы Томирис бастаған сақ әскерінің табанды қарсылығына тап болады. Сақтар жастайынан соғыс өнерін жетік меңгерген , садақ атудың қас шеберлері болды.Олрдың билеушілері Томирис те бұл өнерді жақсы меңгерген. Ержүрек,ел басқару ісінің қыр-сырларын жақсы игерген Томирис сақтардың арасында үлкен беделге ие болды.Оның есімі сақ даласынан тыс елдерге де кең таралды.Ежелгі грек тарихшысы Герадот жазбаларында сақ массагеттер патшайымы Томирис туралы мәліметтер кездеседі Герадот: «Вавилонды жеңгеннен кейін парсы патшасы Кир массагеттерге соғыс ашып,оларды бағындырмақ болды»,-деп жазған.Кир «әлемнің төрт бұрышының билеушісі» және патшалардың «патшасы атанды».Оның әскері «ешқшан жеңіліп көрмеген»деп мадақталды. Осы кезде Кир Алдыңғы Азияның көптеген елдерін бағындырып, алпауыт империяның негізін қалады. Ол Египет пен Грекияны жаулап алмас бұрын солтүстікке көшіп +жүрген көршілері-сақтарды бағындыруды көздеді. Ұлы даланы қоныстанған тайпаларға үлкен қауіп төнді.Осы кезде Томирис патшайым басқарған сақ жауынгерлері қаһармандықтың ғажайып үлгісін көрсетіп, өз отанын қорғап қалды. «Томирис әйел болса да жауынан қорықпайтын батыл болған» - деп Рим тарихшысы Помпей Трог айтқан. «Мидиялықтар патшасы!Егер сен массагеттерді шабуға шынымен құмар болсаң,өзен үстінен салынып жатқан кқпір құрылысын тоқтат.Көп әуре болмай біз жақ жағаға өт , біз өзеннен үш күндік жерге шегінейік.Парсы патшасы Кир б.з.д 530 жылы массагеттерге қарсы соғыс жорығын бастады.Томирис уәдесінде тұрып,үш күндік жерге шегінейік» Геродот. «тарих».Кир массагеттер жеріне шатыр тұрғызып,ішін тағамдарға толтырады.Аздаған жауынгерлерін шатырға қалдырып негізгі әскерлерін жасырып қояды.Массагеттер парсылардың осы аз,әлсіз әскерлерін жеңіп ,тойлап жатқан кезде парсылардың негізгі күші шабуыл жасап , сақтардың бір бөлігін талқандады. «Қанішер Кир!Бұл жеңіске массаттанба! Сендер , парсылар , адал айқаста емес , залымдық арқылы жеңдіңдер.Енді басың аман тұрғанда жерімнен кет , әскерімнің бір бөлігін арсыздықпен қырғаныңда жетер.Егер олай етпейтін болсаң , қан жұтқызуға массагеттер пірі Күн құдайының атымен ант етемін». (Геродот «Тарих»). Екі әскер арасында шешуші шайқас болды. «Бұл шайқас барлық ұрыстың ішіндегі ең сұрапылы...»,- деп жазды Геродот.Шешуші шайқасқа сақ әйелдері де қатысты.Массагеттер басып түсіп , парсы әскерлері жеңілді. Кирдің өзі де осы шайқаста қаза табады.Томирис қанға толы торсыққа Кирдің басын салуды бұйырады: «Сен қанға құмартып едің , енді шөлің қансын!»,- деген сөзін Геродот өз еңбегінде келтіреді.Парсы патшасы 1 Дарий өз жеңістері туралы ақпаратты 50 метрлік биік жартасқа жаздырған.Ол Бехистун жазбасы деп аталады. Жазбада 1 Дарий және оның алдында тұтқындалған қарсыластары бейнеленген.Сақ жеріне жорығы туралы мынаданй ақпарат келтірген: «Бастарына шошақ бөрік киетін сақатрды толықтай талқандадым.Олардың көсемін тұтқындап,басқаны көсем қылдым.Сақ елі осыдан кейін маған бағынды».Ал грек тарихшысы Полиэн парсылар сақтардың бір бөлігін бағындырғанын растайды, алайда өз еңбегінде 1 Дарийдің сақтарға жорығы сәтсіз аяқталғаны жөнінде жазып қалдырған.Парсылар бастысы Жерорта теңізі мен Египеттен бастап,шығысы Орталық Азия елдеріне дейінгі жерлерді жаулап алы,ірі патшалық құрды.Парсы патшасы 1 Дарий шамамен б.з.д 519-518 жылдары қалың қолм ен сақ еліне жорыққа шығады.Ол Кир бағындары алмаған сақтарды жаулап алып ,даңқын асқақтатуды ойлаған болатын.Кирді өлтіргені үшін сақтардан кек қайтармақшы болған 1 Дарий сақтарды өзіне бағындырып ,грекияға қарсы әскери жорыққа қатыстурыдыда жоспарлады.Ежелгі грек авторы Полиэн: « 1 Дарийдің соғыс әректтерінен түк шықпады.Парсылар сақ жасақтарының соңына түсіп ,даланы кезумен болды.Сақтар малдарын өздерімен бірге айдап әкетіп,жауға шөпте қалдырмай,шегініп отрыған»,-деп жазды Геродоттың жазбалыр бойынша « сақтар щегініп ,парс әскерін шөлейтті жерге әкетпекші болған».Сақтар жер жағдайын жақсы білді.Көшпелі сақтар жылдам қозғалып,бір күншілік жер озып отырған Полиэн сақтардың әскери кеңесінде Шырақ деген жігіттің Дарий әскерін жою әдісін ұсынғаны туралы жазадаы.Полиэннің жазуынша,Шырақ денесін пышақпен өзі аямай тілгілеп ,қатты жаралайды.Шырақ парсыларға барып,сақ көсемдерінен қорлық көргенін, тұтқыннан қашып шыққанын айтады. «Мені қорлағаны үшін кегімді аламын!Сақтарға қысқа жолмен тезірек апарамын»,-деген Шырақтың сөзіне парсылар сеніп қалады.Шырақ парсыларды ертіп ,шөл далаға адастырып әкетеді.Сусыз шөл далада парсылар қырыла бастайды.Ақырында Шырақ оларға: «Елімді жаудан аман алып қалу үшін мен сендерді алдадым.Сендер еді шөл далада қырыласыңдар!»,-дейді.Шырақ батыр қаза тапты.Сақ батырының елігі ғасырлар бойы аңызға айналды.Нәтижесінде парсы патшасының әскері шығынға ұшырап ,жорығы сәтсіз аяқталды.Ежелгі заман авторларының еңбектерінен біз сақтардың күшті мемлекет болғанын, өздерінің қуатты көршілерің шабуылдарына ерлікпен тойтарыс бергенін көреміз.Олар осылайша Ұлы даланы өз ұрпақтарына сақтап қалырды.
Александр Македонский-тарихта есімі ерекше қалған атақты қолбасшы.Шығыс әлеміне Александр Мкедонский «Ескендір Зұлқарнайын» деген атпен белгілі болған.Оның себебі шығыс халықтары арасында «Ескендірдің қос мүйізі бар» деген сөз тарап, «Зуль-Кар-Нейн»- «Қос мүйізді»атады.Зерттеушілер «қос мүйізді» лақап аты әлемнің «екі мүйізін-батыс пен шығысы өз қолында ұстаған» деген мағынада түсіну керек дейді.Грек-Македон әскерінің шығыс елдерге жорықтарын басқарған патша А.Македонский тарихта ұлы қолбасшы ретінде танылды.Ол бар бодғаны 30 мыңнан астам әскерімен парсы патшасы Дарийдің бірнеше есе артық әскерінің тас-талқанын шығарады.Ол б.з.д. 330-327 жылдары Орталық Азияда әскери іс-әрекеттер жүргізді.Оның әскері Бактрия,Соғдыны бағындырып,әрі қарай сақтар жеріне келіп жетеді.Грек-рим тарихшылары ежелгі зманның аса танымал қолбасшысы А.Македонскийдің сақтармен соғысы туралы да деректер қалдырған.А.Македонский Орталық Азияға жасаған жорықтары туралы мәліметтер Арриан,Курций Квинт Руф және т.б еңбектерінде берілген.Олардың бірінде: «сақтар Македонскийдің әскерімен екі жыл бойы соғыс жүргізді.Александр сақтарды соғыста тізе бүктіре алмады»,-деген мәлімет келтіріледі.Аррианның айтуынша ,осы соғыста сақтарды «аптап ыстық,шөл және Александр лай судан ауырып қалуы құтқарады».Бірақ бірінші кезекте сақтардың сәтті тойтарыс бере алуы,олардың еліне деген сүйіспеншілігі мен әскери өнерді шебер меңгергендігімен байланысты болғанын назардан шығармау керек.Грек-македон басқыншылары Орталық Азияда жергілікті халықтардың табанды қарсылығына тап болды.Әсіресе,Мараканда мен Кирополис қалалары табнды қарсылық көрсетті.Жалаушыларға қарсы шыққан хлықтардың арасында сақ тайпалары да болды.А.Македонский әскерлері Сырдария бойындағы қалалрға шабуыл жасаған кехде олардың тылында халық көтеріліске шықты.Бұл көтерілісті соғдылық Спитмен басқарды.Ол сақтармен бірлесіп ,екі жыл бойы партизан соғысын жүргізді. Жасырынып жүріп жаулрға қарсы күтпеген жерден қарсы соққылар ұйымдастырды.Аррианның дерегі бойынша, «көтерісшілер Самарқан қаласын қоршауға алып , көмекке жіберілген македон әскерлерін жойып жіберді».Зерттеушілердің пікірі бойынша,Спита иен көшпенділердің соғыс тактика сын қолданды.Өздерінің соңына түскен македон жасағына қарсы ашық шайқасқа түспеді.Олар алдап шегіну рқылы жауды тұзаққа түсіріп,соңынан құртып жіберіп отырды. А.Македонский көп шығынмен әрі зор қиыншылықпен көтерілістерді басты. «Македонский сақтарды бағындыру үшін сақтарды сырдария жағасын бекініс сала бастайды .Александрия Эсхата қаласының салынуы арғы жағадағы сақтарды қатты алаңдатты»,-деп жазады Квинт Курций Руф.Александрия Эсхата Орталық Азиядағы македондықтардың тірек пункті ретінде ойластырылды.Сақтар бұған кедергі келтірулі көздеді.Олар мкедондықтарға өзеннің арғы жғалауынан садақпен оқ жаудырды.А.Македонский көшпелілерді катапульттардан атқылап,оларды артқа шегінуге мәжбүрледі.Содан тез арада әскерімен өзеннен өтіп ,олардың соңына түсті.Бірақ оның бұл әрекеті македон әскерін жеңліске ұшырта бастады,ал А.Македонскийдің өзі бұл жорықта ауыр жарақаттанды.Оның сақ тайпаларын басып алу мақсаты сәтсіздікпен аяқталды.Осылайша,Орталық Азия халықтары ,соның ішінде сақтарда өз жерлерін А.Македонскийге қарсы күресте сақтап қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет