Жоспар: Жүйке жүйесінің маңызы



Дата29.04.2024
өлшемі19.82 Kb.
#500115
түріРеферат
Мед. Пс Бөртеш Қ (копия)


 Реферат
Жүйке жүйесі және психика
Жоспар:
1.Жүйке жүйесінің маңызы
2.Нерв жүйесінің құрылымдық және қызметтік ұйымдасуы
3.Бас ми нервтері


Жүйке жүйесіадам мен жануарлар ағзаларының қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін нейрология (гр. neurologia; neuron — жүйке, жүйке жасушасы; logos — ілім) деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады.


Жүйке жүйесі жануарлар мен адам организмдегі органдар мен жүйелер әрекетін біріктіретін және организмнің тіршілік әрекетінің сыртқы ортамен үздіксіз қарым-қатынасын қамтамасыз ететін жүйке ұлпасы мен глеяның жиынтығы. Жүйке жүйесі ішкі және сыртқы тітіркендіргіш әсерін қабылдайды, талдайды, өңдейді, организм қызметін реттеп үйлестіреді. Бұның негізгі бөлігі - аса қозғыш және қозуды тез өткізетін өсінділері бар жүйке жасушасы (нейрон). Жүйке жүйесі филогенез процесінде күрделі өзгеріске ұшыраған.

Қарапайымдардың жүйке жүйесі
Қарапайымдарда (бір жасушалылар) жүйке жүйесі болмайды, бірақ инфузориялардың кейбір түрінде қозулы жасушаның басқа бөліктеріне өткізетін торшасы болады.


Жануарлар психикасы, оның түрлері 
А. Инстинктер 
Жануарлардың биологиялық дамуы мен жүйке жүйесінің түрліше қүрылымына қарай оларда мінез-күлықтың әр түрлі түрлері байқалып отырады.. Осы арқылы жануар сыртқы ортамен байланыс жасайды, табиғи қажетін өтеу жолында тіршілік етеді, материалдық дүниенің қүбылмалы өзгерістеріне тиісінше жауап қайтарып бейімделіп отырады. 
Инстинкт, көбінесе, дамудың төменгі сатысында түрған жануарларда кездесетін мінез-қүлықтың қарапайым нөсілдік формасы. Мүны қазакша "соқыр сезім "деп атайды. Инстинктер табиғи сүрыпталу жолымен жасалады. Жануарларда болатын инстинкт — организмнің белгілі тіршілік жағдайына, өскен ортасына әбден коніккенін корсететін мінез-қүлықтың түрі. Мысалы, араның омартасы, қүстың үясы, кортышқанның іні т. б. оте "шеберлікпен", "ептілікпен" жасалынады. Бірақ осы мысалға қарап, бүл айтылған жөндіктер мен қүстарда сананың саңылауы бар деуге болмайды, ойткені инстинктік амалдардың бәрі — түкым қуалау жолымен жасалынады. 
Олар өздерінің тұрақтылығымен, оралымсыздыгымен ерекше көзге түседі. Мәселен, тауықтың басып отырған жүмыртқаларын алып, орнына тас салса да, мерзімді күні біткенге дейін отыра береді. Өйткені жылдың белгілі мезгілінде тауықтың, я басқа қүстың жыныс безі гормондары қозып, осындай күйге түседі. Инстинктер жануар-ларда бір арнамен тізбектеліп өтіп жатады. И. П. Павлов оларды шартсыз рефлекстердің тізбегі дей келіп, инстинктердің басты түрлеріне (жыныс, тамақ, өмірін сақтау т. б.) физиологиялық сипаттама берген. 
Ә. Жануар дагдылары 
Жануарларда дағды дара тәжірибенің нәтижесінде қалыптасады. Қазақтардың малға бас білдіру, малды үйрету деп жүргендері де осы дағды. Ми қабығының қүрылымы негүрлым күрделі болса, жануарларда дағдының қалыптасуы да оңайырақ, тезірек болады. Дағды инстинктерге қарағанда өзгермелі, мінез-қүлықтың икемді түрі. Сондыктан да айуан ортаға тез бейімделіп, көндігіп кете алады. Орыстың атақты аң үйретушісі В. Д. Дуров өз аңдарына кітап "оқытты", "үй сыпыртты", "есеп шығартты", тіпті орамал мен мүрнын сүртуге дейін үйретті. 1919 жылы үйымдастырылған аңдар бүрышын Дуров "шартты рефлекстердің фабрикасы" деп атаған. В. Д. Дуров осындай табысқа И. П. Павлов ілімінің нәтижесінде жетті. Өйткені В. Д. Дуров жануарларды жаттықтырып, үйрету үшін өр түрлі сигналдарға шартты рефлекстерді жасады. Мәселен, цирк алаңына келтірілген поезға тышқандар жапа-тармағай "міне" бастайды. Кіщкене көк вагондарға сүр тышқандар, қызыл вагондарға ақ тышқандар кіріп орын алады. Тышқандарды осылайша жаттықтырып үйрету ісі оларды тамақтандыру арқылы жүргізілді (сүр тышқандар көк вагонда, ақ тышқандар қызыл вагонда тамақтандырылды). Тамақтандыруды сан рет кайталағаннан кейін, вагондардың белгілі бір түрі мен түсіне қарап қоректендіру тышқандарда шартты рефлекстерді қалыптастырады. Түйсік, қабылдау процестерінің күрделене түсуі, заттардың қасиеттерімен қатар байланыстарын да бейнелей алуы, оларды елестетіп, есте сақтау, жалпылау элементтері — психикалық дамудың осы сатысында түрған жануарлардың мінез-қүлығының басты ерекшеліктері. 
Б. Жануар интеллекті 
Жоғары сатыдағы жануарлардан (маймыл, дельфиндер) "ақылды" деп айтуға түрарлықтай мінез-қүлық көріністерін байқауға болады. Мінез-қүлықтың осындай түрі маймылдарға жасалған эксперименттен сан рет байқалған. Мәселен, маймылдың сүйікті тағамы банан жемісін оның қолы жетпейтін жерге іліп қойса, маймыл жемісті алғысы келіп секіреді, бірақ оған қолы жетпейді. Бір кезде оның көзі қасында жатқан жәшіктерге түседі. Енді ол жәшіктің біреуін өкеліп, үстіне шығып кореді де, әлде де қолы жетпейтіндігін байқайды. Сонан соң бірнеше жәшікті әкеліп, бірінің үстіне бірін қойып биіктеткеннен кейін "қара тер" болып бананды алуға шамасы келеді. Маймылдың осы қылығында қандай да болмасын бір мәселені шешуге үқсас көрініс бар. Жануарлардың интеллектік амалы алда түрған богетті жеңе білуге байланысты туып отырады. Интеллект айуанның жеке озіне тән қылық, оның тапқан әдісі. Мүндай "әдіспен" басқа жануарлар пайдаланбайды, бүған басқа жолмен жетеді. Бүл айуанның кез-келген уақытта ("коңілі" қалағанда) айналысатын әрекеті емес. Олардың ортаға бейімделуінде инстинкт пен дағды кобірек корінеді де, интеллект онша жетекшілік роль атқармайды. Мінез-қүлықтың (интеллект) осы түрі айуанға түрлі сатылы, басын "қатыратын" күрделі әрекет жасауға мәжбүр етеді. Сондықтан да олар интеллектік амалға бара бермейді. Интеллект — жануарлар психикасының ең икемді түрі. И.П.Павлов маймылдардың интеллектісі де ассоциациялардан (күрделі жүйке байланыстарынан) түратындығын, бірақ мұның бірінші сигнал жұйесінің жүмысына тәуелді екендігін атап көрсетті. 
Маймыл интеллектісінің өрісі тар, олардың интеллекті, көбінесе, көзге көрінетін нәрселерге байланысты туып отырады. Мәселен, қасында жатқан таяқты "күрал" есебінде кездейсок пайдаланады, оны кейіннен керек болып қалар деген "мақсатпен" сақтап қоюды да білмейді. Маймылдарда кездесетін осындай интеллект оның миының маңдай бөлігінің жақсы дамуына байланысты. Егер маймыл миының осы бөлігін алып тастаса, бүрын білгенінен асып, ештеңе істей алмайды. Эволюциялық басқыштың түрлі сатыларында түрған айуанда психиканың бір формасы (инстинкт, дағды, интеллект) үстем болғанмен, оның басқа түрлері де кездесе береді. Мәселен, буын аяқтыларда (өрмекші, күрт-қүмырсқа) инстинкт үстем болғанмен, оларда дағды да өсіп жетіле алады. Интеллектің өзі де инстинктер мен дағдылардың негізінде қүралады. Жануарлар психикасының қандай түрі болмасын сыртқы ортаның жағдайына икемделуді, қамтамасыз етеді. Бүлардың бәріне ортақ ерекшелік олардың биологиялық сипатта болатындығында.


Жүйке – жүйке талшықтарынан құралған тіндер шоғырлары. Жүйке, нерв (латынша nervus, ал грекше neuron – сіңір, желі) — ми мен жүйке түйіндерін дененің басқа органдарымен және тіндерімен байланыстырады. Жүйке талшықтары дендрит (жүйке клеткасының қысқа тармақты өсіндісі) және аксоннан немесе нейриттен (жүйке импульстерін жүйке баратын басқа мүшелер мен жүйке клеткаларына жеткізетін өсінді) тұрады. Әр жүйкенің өзіне тән сезімталдық, қозғалтқыш, соматикалық, симпатикалық қасиеттері болады. Жүйке дәнекер тінді қабықпен қапталған. Әр жүйке талшығының қабығы – эндоневрий, желі қабығы – периневрий, ал жүйкенің бүтіндей қабығы – эпиневрий деп аталады. Адам мен омыртқалылар (бауырымен жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер) миынан 12 жұп жүйке тарайды. Жұлын жүйкелері 31 жұп. Әрбір жұбы дененің белгілі бір жеріндегі жүйке эффекторлары мен рецепторларына әсер етеді. Бұлар 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел омыртқа, 5 сегізкөз, 1 құйымшақ жүйкесі болып бөлінеді. Бір-біріне жақын орналасқан жүйкелердің талшықтары ұштасып, араласып, тор тәрізді түтік түзеді. Талшықтарының санына қарағанда ең көп талшықтысы – көру жүйкесі. Адамда оның саны – бір миллионнан асады. Нейронның жүйке импульстарын өткізетін өсіндісі аксонды – жүйке талшықтары деп атайды. Оның ұзындығы кейде 1 м-ден артық болады. Ені 0,5 – 30 мм (омыртқасыз жануарларда 1 мм-дей). Нейрондар мен нейроглиядан тұратын тінді – жүйке тіні деп атайды. Жүйке тінінің құрылысы да, атқаратын қызметі де әр түрлі. Мысалы, нейроглиялардың арасында шырын тәрізді арнайы зат түзетін, жұлын, ми бөліктерін жауып тұратын, организмге қорғаныш, қоректік қызмет атқаратын түрлері де бар. Омыртқалы жануарлардың жүйке тіні ми мен жұлынның сұр және ақ заттарынан тұрады. Жүйке клеткасының ұзын өсіндісі – аксонның миелин қабықсыз бөлігіндегі ақпарат қабылдайтын және өткізетін бөлігін – жүйке ұштары деп атайды. Хабарды сезімтал немесе сенсорлық жүйке ұштары қабылдайды, эффекторлық жүйке ұштары өткізеді. Жүйке жүйесі – адам мен жануарлар организміндегі органдар мен жүйелер әрекетін біріктіретін және олардың сыртқы ортамен үздіксіз қарым-қатынасын қамтамасыз ететін жүйке тіні мен глияның жиынтығы. Глия, не нейроглия – жүйке клеткаларының, олардың өсінділерінің тіні. Глия жүйке жүйесіне қорғаныш қызметін атқарады әрі жүйке импульстерін өткізеді. Жүйке жүйесі ішкі және сыртқы тітіркендіргіштер әсерін қабылдап, талдайды. Жүйке жүйесі сырттан келген ақпаратты өңдеп қана қоймай, өзіндік белсенділігін де (ақыл-ес механизмі) сақтайды. Организм қызметін реттеп үйлестіріп отыратын аса қозғыш және қозуды тез өткізетін өсінділері бар жүйке клеткасы нейрон деп аталады. Оның атқаратын қызметі – қозу мен тежеу. Жүйке жүйесі филогенез процесінде күрделі өзгеріске ұшыраған. Қарапайымдарда жүйке жүйесі болмайды, бірақ инфузориялардың кейбір түрінде қозуды клетканың басқа бөліктеріне өткізетін фибриллалы қозу аппараты болады. Көп клеткалы организмдерде қозуды тудыратын арнайы тін, ал төменгі сатыдағы ішекқуыстыларда (гидра) қозу диффузиялы түрде (барлық бағытта тарала алады) болады. Еркін қозғалып тіршілік ететін ішекқуыстыларда жүйке клеткалары топтанып, жүйке түйінін (ганглий) түзеді және олар бір-бірімен ұзын өсінділері арқылы жалғасады. Буылтық құрттар, буынаяқтылар, тікентерілілер және моллюскілерде эволюциялық даму барысында жүйке жүйесінің түйінді түрі пайда болған. Түйіндердегі жүйке талшықтары өзара бір-бірімен ғана байланысып қоймай, тиісті рецепторлар және орындаушы органдармен (бұлшық ет, бездер) де байланысады. Белгілі бір қашықтықтан әсер қабылдау қабілеті дамып, ол сезім органдарымен байланыста болып, организмнің бас бөлімінде орналасқан жүйке түйіндері үлкейіп, күрделілене түседі. Омыртқалы жануарлардың жүйке клеткалары, негізінен, орталық жүйке жүйесінен (жұлын мен мидан) тұрады. Омыртқалылардың эмбрионалдық дамуында жүйке жүйесі сыртқы ұрық қабықшасы – эктодермадан (алғашқыда жүйке пластинкасы түрінде) дамып, кейін науашық, одан әрі бір-бірімен жақындаса келіп түтікке айналады. Жүйке түтігінің бас жағы үш ми көпіршігіне бөлінеді. Жүйке жүйесінің қалған бөлігінен жұлын жетіледі. Балықтардың алдыңғы миы жіктелмеген, бірақ артқы, ортаңғы миы және мишығы жақсы жетілген. Қосмекенділер, бауырымен жорғалаушыларда алдыңғы ми көпіршіктерінен аралық ми және екі ми жартышарының алғашқы қабы дамыған. Құстарда орталық, аралық ми және мишық айқын дамыған, ал ми қыртысы нашар жіктелген. Жоғары сатыдағы жануарлардың жүйке жүйесі дами келе жіктеліп, орталық жүйке жүйесі және перифериялық (шеткі) жүйке жүйесіне бөлінеді. Шеткі жүйке жүйесі – соматикалық жүйке жүйесінен және вегетативтік жүйке жүйесінен тұрады. Жүйке жүйесінің ең жоғары сатыдағы дамыған түрі адамдарда болады. Эмбриогенез кезінде жүйке түтігінің бас жағы 5 көпіршікке бөлінеді. Бұлардың алдыңғысынан үлкен ми сыңарлары мен аралық ми, ортаңғысынан ортаңғы ми, артқысынан варолий көпірі мен мишық және сопақша ми дамиды. Үлкен ми сыңарлары қыртысында көптеген жүлгелер мен иірімдер бар. Жүйке жүйесінің құрылымын, қызметін, дамуын зерттейтін ғылым неврология деп аталады. Адам организміндегі жүйкенің сезімталдығы мен қызметінің бұзылуы – жүйке жүйесінің ауруларын тудырады. Оларға орталық және шеткі жүйке жүйесі құрылымдарының өзгерістері, жүйке-психика аурулары (нервоз) жатады. Жүйке жүйесінің белгілі бір жеріндегі рефлекс процесіне қатысты организмнің белгілі бір тіршілік әрекетін реттейтін нейрондар тобы – жүйке орталығы болады. Жүйке орталығын құратын нейрондар қозу және тежелу синапстері арқылы өзара байланысып, нейрон торлары деп аталатын күрделі жүйе құрайды

 
Қабылдаған: Байназарова М. Р
Орындаған: Бөртеш Қ

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет