Жоспар: Өмірбаяны, шыққан ортасы



Дата04.07.2016
өлшемі36.76 Kb.
#176169
Әли Құрманов

Жоспар:
1.Өмірбаяны, шыққан ортасы.

2.Орындаушылық ерекшеліктері.

3.Әміремен кездесіп ән үйренуі.



Әли 1901ж. Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, 10-ауыл, «Шұбар ши» деген жерде дүниеге келген. Ол жерде осы кезде «Коммунизм жолы» атты колхоз бар. Әкесі Төлеміс (Құрман – үлкен әкесі) 15 - 20 қарасы болып, өзінің күнкөргіштігі болған себепті шаруасын істеп, жәй көптің бірі болып жүре Берген. Аздап домбыра тартқан, бірақ оны кәсіп етіп, соңына түсе қоймаған. Оның домбыра ұстауы, Қазақстанның бұл бір өресінде де домбыра екінің бірінің үйінде болатын да, күйді әннен, жырдан төмен қадірлемейтін. Ал, Әлидің шешесі Аққыз (шын аты Ұмсындық) асқан домбырашы, әнші болған. 1934ж. Алматыда Әлидің үйіне осы жолдардың авторы бір барып отырғанда Аққыз шешеміз, нан илеп отырған қолын қағып-қағып тастады да, қолына домбыраны алып, «Көкілдің» бір түрін тартып бергенде, әлі саусақтары жұқпайтын болатын.
Міне, сол Аққыздың әсерімен Әли бала күнінен домбыраға, әнге, жырға үйір болады. Ол маңайда әйгілі Әкімкерей, Қабақ Пұсырман, Алтынбай Жаппарберлі, Жақайым Жаңаберген жыршылар, Әбдіразақ, Жаңғылыш Төреқан әншілер болады. Осылардың арасында жас Әли де жүріп, ел аралап, өнер қуады. Жасы 17 - 18-ге келгенде Әли арада аты белгілі талапкер, өнерпаз болып аты шығады. Осы кездерде, Әлидің өзінің айтуынша, ол белгілі Тәңірберлі Молдабай әншіні көреді. Молдабайдың өз атымен аталып кеткен әнін шебердің өз аузынан есітеді. Атақты Үсен домбырашы Орынборда базарбасы болып тұғанда Молдабай сол базардың рухани жағын көтеруші, дем беруші, сәні болады.
Әли бұл уақыттарда домбырасын арқалап, әнді, жырды негізгі кәсіп етіп кете қоймайды. 1915 - 1916 жылдарда орыс-қырғыз училищенің екі сыныбын болса да бітірген оқуы бар жас, төңкерістің алдыңғы кездерінде қазақ ауылында кеңестік тәртіпті орнатудың белорта қызметіне араласады. 1919 - 1920ж. Әли сақшы қызметінде болады. Сол бүйірінде үші жер сүйреткен қара қылышы, оң иығында домбырасы, үкімет тәртібін орната жүре, өзінің өнерін елге жая жүреді. Барған жерінде белгілі арнайы орындаушылық жұмыстарын бітіріп болғаннан кейін үстіндегі сақшы формасын шешіп қойып, екі білекті сыбанып, қызыл шайды тартып отырып, айналасында жиналып қалған көпшілікке сол араның ән, күйлерін орындап, жыр жырлап, береді. 1921ж. Әли оқу талабымен Орынборға барады. Онда екі-үш ай жүріп ешбір оқу орнына орналаса алмай еліне қайтып келеді. Бірақ үлкен қаланы көріп, екі-үш айдың ішінде оның өмірімен танысып, болып жатқан жаңалық жағдайларды, әсіресе өнер саласындағы бірінші қадамдарды көзімен көрген Әли, темір жол бойындағы шағын қала Шалқарда театр үйірмесін ашып, сонны өзі басқарады. Әрине, күн көру, үкіметке қызмет істеу талабында бұл кезде аудандық коммуналдық, азықтық басқармада қой жинайтын агент болып істейді. Үйірмеде Әли бас рөлдерді ойнап, «Қызыл сұңқарлар», «Бетім-ау, құдағи ғой!», «Үш қонақ», «Сылаң қыз» пьесаларын қояды. Шалқар халқы әрбір ойын сайын мәдениет үйіне сыймай кетеді. Сахнаға керекті киім, шымылдық және басқалардың бәрін қала халқынан, айналадағы елдерден де жинайды. Сахнаның кейбір шарттарын әлі біле қоймаған «әртістер» пьеса ішінде шай ішу, ет жеу керек болса, оның бәрін де сол шын түрінде орындайды, ол үшін жаңағы айтқандардың бәрін елден жиып алып келіп, сахнаға ішіп-жеп отырады. Әли осындай «гострономиялық реалистік» театрдың ойынын ұйымдастырушысы, белсенді әртісі болады. Спектакльдермен қатар олар концерттер де қояды. Әсіресе қазақтан басқа да ұлттардың нөмірлері араласқан концерттерінде халық тіпті көп болады. Әли Орынбордың осы үйірмеге керекті пьесалармен қатар, онда қойылғандарын көріп, өзі өмірінде театр мектебінің есігін ашпаса да, «режиссер» болып келгенсиді. Сөйтіп, оқуға кіре алмай келсе де, Әлидің Орынборда болуы, оның мәдени көзшеңберін недәуір кеңітеді.
Әли осылай түрлі мекемелерде қызмет істеп, 1927 жылға дейін келеді. Ал осы кезден бастап ел аралап, кәсіпкерлік әнші, жыршы болып, өнерді кәсіп етеді, өнерімен үй ішін асырайды. Ол бірде үзіліп, біде жалғап жүріп, ұзын ырғасы, жоғарыда аты аталған өзінің негізгі ұстазы Әкімкерейге он бес жылдай шәкірт болады (Әлиде Әкімкерейдің оншақты сазы бар). Әкімкереймен бірге болу, оның өткір сөздерін, өтімді жырларын, шырқатып салған әндерін есітіп жүру Әли үшін үлкен мектеп болады. Осы кездерде Әли өзінің өлең, жыр репертуарын байыта түседі. Мұхит әндері, Қызылдың әндері, Батақтың Сарысының әндері, Қаршығалы жыршының сазы тағы сондай музыка қорын жинайды.
Өнердің қандайы болса да, селтиіп, екі қолын қалтасына салып қарап тұрмайтын Әли, отызыншы жылдардың басында киім тігу ісін меңгеріп, әншілігінің үстіне «шебер жігіт» атанып, ел арасында қадірлі қонақтың бірі болады. Ол көрінгенге тікпей, тек өзінің қалаулы деген адамдарының тапсырыстарын алып, бұл жағынан да маманданып кетсе, біреуден ілгері, біреуден кейін болатыны көрінеді. Бірақ киім тігудің дара әйелдің жұмысы деп қарайтын ауыл әдетінде Әлидің бұл бір ісі оның «жігіттік арының» жүзіне секпіл түсіретіндей көрініп, мейірбанды анасы Аққыз Әлидің сол өнер жолын қуа беруін қуаттап, жақсы көретін баласын «еркектің жұмысына» біржолата көшіреді.


www.TemaKosan.net – Подготовка к ЕНТ, книги, рефераты т.д. Все для студента!

Рефераты на русском, казахском, украинском, английском, узбекском!



На сайте все бесплатно, скачивание без регистрации, качественные материалы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет