Жоспары: Ағаштар туралы негізгі мағлұматтар



Дата23.09.2024
өлшемі1.01 Mb.
#503887
Ағаш конструкциялары


Ағаш туралы негізгі мәліметтер. Құрылыста қолданылатын ағаш тұқымдарының түрлері.

ЖОСПАРЫ:


1. Ағаштар туралы негізгі мағлұматтар
2. Ағаштың физикалық және механикалық қасиеттері
3. Құрылыста қолданылатын ағаш тұқымдарының түрлері
Ағаш ежелден маңызды құрылыс материалы болып табылады, оның кең пайдалануын тығыздығы аз ғана болғанмен, беріктігі жоғарлығы, жылу өткізгіштігінің төмендігі, өндеуінің жеңілдігімен түсіндіруге болады. Сонымен қатар ағаштың айтарлықтай кемшілігі бар. Олар: әртүрлі бағыттағы қасиеттерінің әркелкілігі, оңай шіруі, жоғары сусорғыштығы, санқила ауруларының болуы.
Ағаш – көп жылдық өсімдік. Ол діңнен, бұтақтар мен тамырлардан тұрады. Ағаштың діңі басты және барынша құнды бөлігі, діңнің құрылымына ағаш құрылыс материалы ретіндегі сапасы тәуелді.
Ағаш - адамның мыңдаған жылдардан бері отын үшін де және құрылыс материалы ретінде қолданған шикізаты.
Отын мен құрылыстан басқа да мақсаттарда: еңбек аспаптарын және музыка аспаптарын, қару, жиһаз, өнер туындыларын, қағаз т.б. жасау үшін қолданады.
Ағаш материалы өсімдіктерінің діңінен немесе жаңқасынан, кейде талшықтарынан алынады.
Ағаштың ең бастапқы қасиеттері:
Механикалық қасиеттері:
  • беріктігі,
  • қаттылығы,
  • деформациялық тұтқырлығы,
  • өнімділігі,
  • техникалық сипаттамалары,
  • тіркеме серпімділігін сақтау

Физикалық қасиеттері:
  • сырт көрінісі (құрылымдылығы, жылтырлығы, кескіндемесі),
  • ылғалдығы (қондырылуы, су сіңіру, гигроскопиялығы, тығыздығы),
  • жылу өткізгіштігі,
  • дыбыс өткізгіштігі,
  • электр қасиеттері (диэлектрлік қасиеттері, электрөткізгіштігі, диэлектрлік күші)

ҚҰРЫЛЫСТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН АҒАШ
ТҰҚЫМДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Қылқан жапырақтылар:

Қарағай - қылқан жапырақтылардың ең көп таралған. Қарағайдың физикалық және механикалық қасиеттері жоғары және өндеуге оңай болғандықтан, құрылыста кең пайдаланылады.
Шырша - қылқан жапырақтылар қатарына жатады, шайырлылығы аз, беріктігі жағынан көрсеткіштері жақсы. Алайда ылғалды жерде қолданылғанда тез шіри бастайды.
Самырсын (пихта) – ағашы беріктік жағынан шыршаға жуық болғанмен, одан да тез шіруге бейім.
Балқарағай (кедр) – жеңіл ағаш, оңай өнделеді.
Жапырақты ағаштар, қылқан жапырақтыларға қарағанда құрылыста сирек пайдаланады.
Емен – ауыр, тығыз, қатты және өте берік ағаш. Ашық ауада да, суда да емен жақсы сақталады.
Шетен (ясень) – ағашы еменге ұқсас, тек түсі ашығырақ.
Шамшат (бук) – ақ түсті, әрі берік ағаш.
Қайың – ең көп таралған ағаш.
Қайын қатты, берік болғанмен, ылғалдану мен құрғаудың алма-кезек ауысуынан төтеп бере алмайды.
Көктерек (осина) – жұмсақ жеңіл ағаш.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет