Жоспары: Ежелгі дәуірдегі саяси ілімнің дамуы Орта ғасырдағы саяси идеялар Қайта өрлеу дәуірі мен жаңа заман тұсындағы саяси ойлар Қазақстандағы саяси ойлардың дамуы 1


Әл Фарабидің саяси-философиялық оқулары



бет2/2
Дата21.06.2024
өлшемі78.5 Kb.
#502740
1   2
Бақдаулет саясат

Әл Фарабидің саяси-философиялық оқулары. Тарихымыздағы ұлы тұлғалардын бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, Аристотельден кейінгі "екінші ұстаз" атанған Әбу Насыр әл-Фараби қазақ жерінде, Отырар қаласында дүниеге келген.Бабамыз ғылымның сан саласы бойынша 160-тан астам трактаттар жазған. Саясаттануға байланысты: «Рақымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Азаматтық саясат», «Бақытқа жету жолдары», «Саясат туралы» деген еңбектері бар.Әл Фарабидің ойынша қоғамдағы барлық қиыншылықты жеңетін, бақытқа жеткізетін – ақыл-парасат, адамның ақыл-ойы. Сондықтан адам аянбай, тынбай ғылымды, білімді игеруі керек.Әл Фараби басқаруды қайырлы және қайырсыз етіп екіге бөледі. Қайырлы, білімді, мәдениетті басқару халықты бақытқа бастайды, олардың іс-әрекетін, ерік-жігерін осы жолға бағыттайды. Ол үшін басқару заң күшіне, игі тәжірибеге негізделуі тиіс. Ал қайырымсыз, надан басқаруда теріс әрекеттер мен жаман қасиеттер бой алады. Сондықтан ол надан адам басқарған, озбырлыққа сүйенген, қайырымсыз, қатал мемлекеттік тәртіпті өткір сынайды. Ол мінсіз мемлекетті уағыздайды.Әл Фараби алғашқылардың бірі болып адамды ардақтап, асқақтатты. Оның айтуында, адам бақытты болуға лайықты, сол бақытын ол табуға тиіс. Оған өзінің іс-әрекетінің, жұмысының, тынымсыз ізденуі мен оқу үйрену нәтижесінде жетуге болады. Ал адам жақсы да дұрыс басқарылатын қоғамда ғана шын мәнінде бақытты өмір сүре алады деді.
Жан жак Руссоның саяси көзқарастары.Руссо Жан Жак (1717-1778) - "Қоғамдық келісім туралы" еңбектің авторы. Негізгі идеясы - халық егемендігі. Қоғамдық келісім негізінде ортақ ерік жатыр. Мінеки, осы ортақ ерікпен бағытталатын билікті ол егемендік деп атаған. Мемлекеттегі егеменді биліктің бөлінуін қолдамады. Руссо пікірінше, заң шығарушы билік тікелей егеменді халықтың өзімен іске асырылады. Ал атқарушы билік егемендіктің шешімі бойынша қол астындағылармен байланыс үшін құрылады. Атқарушы билік кімге тапсырылды соған байланысты биліктің түрлерін бөлген: демократия, аристократия, монархия. Географиялық фактор рөлін көрсеткен: демократиялық басқару кішігірім мемлекетте; аристократиялық басқару орта, монархиялық басқару үлкен мемлекетке тән. Табиғи жағдайда барлық адамдар тең және еркін, тек бір теңсіздік - адамдардың денсаулығы мен жасына байланысты. Қоғамдық теңсіздік жеке меншіктің пайда болуымен байланысты. Мемлекет пен құқық осы жеке меншіктің нәтижесі. Руссоның демократия теориясы көбінесе қатысу теориясы болып табылады.Руссо пікірі бойынша, демократия - мемлекеттік тетік қана емес, сонымен қатар адамдарды жетілдіру, олардың мүмкіндіктерін дамыту. Руссоның теориясы кішігірім меншігі бар ұсақ шаруалардан құралған квазидәстүрлі қоғамның идеалды жобасына бағытталған
3. Саясат туралы ғылыми түсініктердің даму тарихындағы маңызды кезең Қайта өрлеу дәуіріне (XIV-XVIғғ.) сәйкес келеді. Қайта өрлеу кезеңінде саясат, мемлекет, қоғам дамуын түсіндіруде бұрынғы діни, теократиялық тұжырымдамалар орнын шіркеуден тәуелсіз, орталықтанған және біртұтас мемлекеттік билікті қолдаған зайырлы ой-тұжырымдамалар басты. Бұл кезеңнің саяси ой-тұжырымдарының басты ерекшеліктерінің қатарына саяси ғылымның теологиядан түбегейлі бөлінуін, саяси теорияның гуманистік бастамаларының дамуын, адамның бостандықтары, заң мен мемлекеттің, қоғамдық өмірдің демократиялық құрылымдары проблемаларын жатқызуға болады.
Қайта өрлеу кезеңіне тән батыс еуропалық саяси ойдың дамуында Н.Макиавелли (1469-1527) есімі ерекше аталады. Оның белгілі шығармалары қатарында «Әмірші», «Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жөнінде ойлар», «Әскери өнер туралы» еңбектері бар. Н.Макиавелли алғашқы болып саясатты ғылыми зерттеудің ерекше формасы ретінде таныды. Ол «Әмірші» еңбегінде мемлекетті қоғамның саяси ахуалы ретінде қарастырады: билеушілер мен бағыныштылар қарымқатынасы, белгілі бір үлгіде құрылған ұйымдасқан саяси билік, мекемелер мен заңдардың болуы. Ол саясатты өткенді түсіндіретін, бүгінге басшылық ететін, болашақты болжауға қабілетті «тәжірибелі ғылым» деп есептейді. Н.Макиавелли билеуші рақымсыз, сараң, опасыз болмай қайырымды, адал, қамқоршыл болуға тырысуы керек. Макиавелли елдің бірлігі мәселесінде әділдік пен адамгершілік емес, алға қойған саяси мақсат тұрғысынан қарауды ұсынды. Ол мақсатқа жету үшін амал-айланың қай түрін болса да қолдануға кеңес берді. Оның пікірінше, мемлекеттің басын қосып, жаңарту үшін сөзге түсінбейтін кертартпалармен күресте жауыздық пен күшті де пайдалануға болады. Қайта өрлеу кезеңінің көрнекті өкілінің бірі атақты француз саяси ойшылы, құқықтанушысы, егемендік теориясының негізін қалаушы Жан Боден (1530-1596) болды. «Мемлекет жайлы алты кітап» еңбегінде ол монархияның шексіз егемендігін қолдады, бірақ монарх билігі құдайдан еместігін алға тартты. Сондай-ақ, ол Макиавелли сияқты саясатты дін мен моральдан ара жігін ажыратып қарастырды. «Мемлекет - әулеттер мен оның иелігіндегілерге егеменді биліктің әділетті билік жүргізуі»,- деді. Бұл анықтамада егеменді билік және мемлекеттік мүлік ұғымдарына назар аударады. Мемлекеттік басқару жеке әулеттердің мүлкіне емес, тек мемлекеттік мүлікке ғана жүреді. Боденніңпікірінше, мемлекеттік биліктің егемендігі пападан да, империядан да, ішкі сословиелік күрестен де тәуелсіз, шексіз, жоғарғы билік. Өлшеусіз монархия мен ұлттық мемлекетті жақтады. Егеменді биліктің құрамдас бөліктері: заңшығарушы құқық, бейбітшілік пен соғыс құқы, жоғары лауазымды шенеуніктерді сайлау құқы, рақымшылық ету құқы, ақша басу құқы, - дейді ол. Қайта өрлеу кезеңінің көрнекті өкілдерінің қатарында ағылшын философы, гуманист-жазушы, заңгер Томас Мор (1478-1535) бар. 1516 жылы жазылған белгілі «Утопия» кітабының авторы. Т. Мор өз еңбегінде әділетсіздік пен теңсіздік орнаған қанаушылардың мемлекетін қатал сынға ала келе, барлық апаттардың себебі жеке меншік деп, оған өзінің өндіріс құралдарына қоғамдық меншік орнаған, жалпыға бірдей еңбек қатынасы бар утопия деп аталатын арал-мемлекетін балама ретінде ұсынады. Автордың ойынша, Утопияда билік басында корольдің болуына қарамастан толық демократия орнаған: барлық қызметтерге сайлау нәтижесінде кез келген адам келе алады, ел басқаруда негізгі рөл зиялы қауымға тиесілі, әйелдер тең құқылы, мектеп теория мен өндірістік тәжірибенің бірлесуінен құрылады. Т. Мордың мұндай ой-пікірлері өзі өмір сүріп отырған ортасының, қала мен ауылдың қаналған қалың халық бұқарасының шынайы өмірінің көрінісі еді. XVII ғасырдың соңы - XVIII ғасырларда Еуропа елдерінде ғылымифилософиялық және қоғамдық-саяси ойдың дамуында рационализм мен еркін ойлауға негізделген жаңа серпін пайда болды. Бұл саяси ойдың дамуында «Ағартушылық дәуірі» деп аталды. Идеялық ағымның өкілдері феодалдықабсолюттік құрылымға қарсы ізгілік, әділеттілік пен ғылыми таным-білім негіздерін тарату арқылы қоғам кемшіліктерін түзетуге, оның талғамталаптарын, саясатын, тұрмысын өзгертуге күш салды. Француз ағартушылығының көрнекті өкілі - философ, әлеуметтанушы, саясаттанушы Шарль Луи Монтескье (1689-1755). Ол «Парсы хаттары», «Заңдардың рухы туралы» деп аталатын құнды еңбектердің авторы. Монтескье дінді қоғамда тәртіпті сақтау үшін, адамгершілікті қалыптастыру үшін қажет дей келе, адамның ақыл-ойы, парасаты құдай белгілеп берген нәрсе емес, оның өмір сүріп отырған ортасының жемісі, сол ортаның өзгеруімен ол да өзгеріп отырады, заңды қатаң сақтау бостандықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік төңкерістерді болдырмауға қызмет етеді деген пікірде болды. Монтескье еркіндікті тек заңдар ғана қамтамасыз ететіндігін баса айтады. Оның ойынша, «Еркіндік дегеніміз – заң рұқсат еткен нәрселерді істеу құқықығы». Ол мемлекеттік биліктің үш тармағы: заң шығарушы, атқарушы, сот билігі идеясын ұсынды. Бұл бөлініс азаматтардың қауіпсіздігі мен саяси еркіндіктерін қамтамасыз етіп, мемлекет пен азаматтардың өзара қарымқатынасын реттеуі тиіс болды. Ол «Заңдардың рухы туралы» еңбегінде басқарудың республика, монархия және деспоттық түрлерін бөліп көрсетіп, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктеріне тоқталады. Оның пайымдауынша, республика – рақымшыл, ізгі, монархия – абырой, ар-намыс, деспотия – қорқыныш, үрей сияқты қағидаттарға негізделеді. Ағартушылық дәуірінің көрнекті өкілдерінің қатарында филососф, жазушы, ойшыл Жан-Жак Руссо (1712-1778) бар. Ол теңсіздік пен халықты қанауға негізделген феодалдық қатынастарды қатаң сынға алып, оған барлық азаматтар еркін және бостандықта өмір сүретін «табиғи жағдайды» қарсы қойды. Оның пікірінше, теңсіздіктің негізгі себебі – жеке меншікте, мүліктік теңсіздік саяси теңсіздікті тудырады. Дегенмен, Руссо жеке меншікті толығымен жоюды қолдамайды, ол ірі жеке меншікті ұсақ жеке меншікпен алмастыруды ұсынады. Ол өзінің «Саяси экономия» мақаласында «меншік құқығы – азаматтардың барлық құқықтарының ішіндегі ең қастерлісі.., меншік - азаматтық қоғамның шынайы негізі», - деп жазады. Г. Гегель (1770-1831) – неміс философы, классикалық неміс философиясының негізін салушы. Г. Гегель азаматтық қоғам туралы тұжырымдаманың негізін салушылардың бірі. Ол алғашқы болып мемлекет пен қоғам арасындағы нақты шекараны белгілеп берген ғалым. Философтың пайымдауынша, азаматтық қоғам - микродеңгей, яғни отбасылық қауымдастық пен макродеңгей, яғни мемлекеттік қауымдастық арасындағы аралық жағдай. Бұл уақытша құбылыс, ол соңында жеке мүдделер мен ортақ мүдделердің синтезімен аяқталады. Г. Гегельдің пікірінше, өз отбасыма деген сүйіспеншілік, кәсібімді мақтан тұтуым – өзіндік сананың формалары емес, дегенмен, олар менің бақытты болуыма ықпал етеді. Ал әлеуметтік институттар менің еркіндігімді шектемей, олар менің мүмкіндіктерімді кеңейте отырып, еркіндігімді ұлғайтады. Бұл отбасына және Гегель «азаматтық қоғам» деп атайтын клубтар мен кәсіпорындар сияқты ерікті ұжымдарға қатысты алғанда ақиқат болып саналады. Бұл – ең алдымен, мемлекет, ол әрекет еркіндіктерін барынша жаңа мүмкіндіктермен қамтамасыз ете алады.
4. Алғашқы қазақ ағартушыларының көшбасында қазақтың тұңғыш ғалымы, ағартушы Шоқан Уәлиханов (1835-1865), ақын, философ, ағартушы Абай Құнанбаев (1889-1904), қазақ ағарту ісінің көрнекті өкілі, педагог, жазушы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) бар. Ш.Уәлиханов тікелей философиялық мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда, көптеген шығармаларынан философиялық пікірлері мен тұжырымдарын байқауға болады. Қазақтың ұлы ойшыл-ағартушылары Шоқан мен Абайдың дүниетанымы мен шығармашылық бағытында, тарих пен заман мәселелерін түсінуі мен талдауында, әсіресе, мәдени мұраны меңгеру, дамыту, оны елдің рухани қажетіне жарату әрекетінде мол үндестік байқалады. Шоқан халық әдебиетін тарихты танудың аса бағалы ескерткіштері деп қараса, Абай көркем сөз байлығын жамағатты кәміл адамдық жолдарға баулып, тәрбиелеудің, жақсылықтарды өнеге етіп көрсетіп, зұлымдық, надандық атаулыны әшкерелеудің құралы санады. Шоқан мен Абайдың қазақ тарихы туралы толғамдары өткеннің тәжірибесін қорыту, халықтың сенімді болашағы үшін жол іздеу талабынан туған. Шоқан секілді Абай да шығыс пен батыстың тарихи шежірелерімен жақсы таныс болған, тарихи құбылыстарды бірі ғалым сипатында, екіншісі суреткер көзімен бағалап отырғанымен, бұрынғы замандардың қалдырған сабақтарымен мүддесіне тарату мұраттары жақын, халықты ғасырлар бойында тұмшалап келген қараңғылық тұманынан арылтып, өркениеттің даңғыл жолына түсіру қажеттіктері мәселелерінде екеуінің ойлары өте орайлас шығады. Шоқан өзінің тарихи-этнографиялық, фольклорлық еңбектерінде қазақ халқын көркейтудің амалы оқу-білім жүйесін жақсартуда деп түсінсе, бұл да Абай шығармаларының өзекті бөлігіне айналған. Абай ілімін одан әрі жалғастырған қазақтың рухани мәдениеті мен менталитетінде өшпес із қалдырған алып тұлғаның бірі – Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931). Оның шығармашылығының негізгі тақырыбы мораль философиясы мен мәдениет ілімін қамтиды. 18 Абай сияқты Шәкәрім де қазақ елін қалай өркениетті, мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынады. Шәкәрімнің рухани ізденісінде ежелгі сақтүрік заманынан қалыптасқан ғарыштық дүниетаным ерекше орын алады. Тәңірі, Нұр, Күн, Табиғат – ол үшін қасиетті, киелі ұғымдар. Шәкәрімнің «Үш анық» атты шығармасы негізгі философиялық шығармалардың бірі болып табылады. Қазақ халқының саяси санасының дамуына ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басында қалыптасқан алғашқы зиялылар тобы зор ықпал етті. Олардың қатарында Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Жақып Ақбаев, Ахмет Бірімжанов, Мұхаммеджан Тынышбаев, Мағжан Жұмабаев, Бақытжан Қаратаев, Халел және Жаһанша Досмұхамедовтар және басқалары бар еді. Олар Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалысын басқарып, қазақ халқының ұлттық бірлесуін, қазақ елінің өзін-өзі басқару, түбінде дербес мемлекет құру, қазақ жеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, адам құқықтары мен бастандықтарын сыйлау, демократия қағидаттарын қазақ жеріне енгізуді мақсат-мұрат етті. Қазіргі замандағы саясаттану ғылымының рөлі мен маңызын осы ғылым саласының негізгі зерттеу бағыттары мен әдіснамалық негіздеріне талдау жасау арқылы ғана көз жеткізуге болады. Бүгін шетелдік саясаттануда зерттеу әдістерінің төрт бағытын бөліп көрсетеді: 1) Саясаттанудың салыстырмалы зерттеулері. Бұл бір мәселені бірнеше елдерде зерттеп салыстыру арқылы оларды түйістіретін немесе бөлетін тұстарды анықтауға негізделеді. 2) Халықаралық проблемалар бойынша зерттеулер, яғни өркениеттің дамуы және түрлі елдер экономикасының бір-біріне жаһандық тәуелділігін зерттеу. Олардың қатарында бейбітшілік пен соғыс, сыртқы саясат, аумақтық интеграция, ұлттық және халықаралық қауіпсіздік мәселелері бар. 3) Шығыс пен Батыс арасындағы қарым-қатынастырды зерттеу. Мұнда негізінен поставторитарлы елдердің проблемаларына баса назар аударылады. 4) Қоғамдық пікірдің динамикасын зерттеу. Сайлаушылардың тілектері мен арықшылықтары, сайлау науқандарының беделі мен әдістері, жүргізу құралдарына көңіл бөлінеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет