Жоспары
Кіріспе
Қазақсатан экономикасының бүгінгі таңдағы жалпы жағдайы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік экономикалық саясаты
Қазақстанның экспорттық өндірісін дамыту
Экономикалық саясат елдің саяси бағытын қолдан нығайтатын маңызды құрал болады.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Тарихтан берi келе жатқан қазақ елiмiз көптеген әр қилы замандарды басынан өткiзiп, Кеңес Одағы құрамында 70 жыл социалистiк құрылыста болып келiп, 1991 жылы өз тәуелсiздiгiн алғаннан кейiн мүлдем басқа, адамдар психологиясына жат көрiнетiн нарықтық экономикаға өттiк. Яғни бұл жүйеде тиiмдi қызметтер атқару үшiн ұлттық экономикаға пайдалы, жан-жақты бағдарланған экономикалық саясат, реформалар, заңдар және қысқа немесе ұзақ мерзiмдi стратегиалар шығару, сондай-ақ оны iске асыру керек болды. Яғни бір сөзбен айтқан кезде даму жоспарларын даярлап, оны іске қосу қажеттігі туындады.
Елiмiздегi экономикалық циклмен дамуы егемендiгiн алған жылдардан бастап құлдырау және соңында 1994-1995 жылдары дағдарыстың жоғары дәрежесi көрiндi. Ал 1996 жылдан бастап елiмiз экономиканың жандануы, инфляцияның төмендеуi, ЖIӨ-нiң өсуi сияқты крсеткiштер оң бағытта өсiп экономикалық жандану және өсу сатысындамыз.
Республикадағы экономикалық дағдарыстар ең алдымен оның терең тамыр жайып, қоғамдық өмiрдiң барлық саласына әсер етiуiмен сипатталады. Мұның өзi өндiрiс құлдырауының қаусап-күйреу кейпiнен, оның тиiмдiлiгiнiң күрт төмендеуiмен көрiнедi.
Қазақсатан экономикасының бүгінгі таңдағы жалпы жағдайы
Жалпы елiмiзде нарықтық экономиканың даму жағдайында келесiдей мәселелер орын алуда:
Өнеркәсiптiң жаппай шикiзат бағыттылығы;Отандық өнеркәсiптiң бәсекеге қабiлетiнiң өте төмендiгi;Негiзгi өндiрiс құралдарының 80% тозуы;Әлеуметтiк мәселелердiң әлi де болса кейбiр тұстары (жұмыссыздық, жалақы мәселелерi) шешiлмеуi;Ресурстардың тиiмдi бөлiнбеуi және қолданылмауы (елiмiздегi мұнай және газ саласында жұмыс iстейтiндер мен қаржыгерлердiң және басқа да салалардың арасында алшақтықтың көп болуы).
Осы мәселлердi өтпелi кезеңде мемлекет өз мойнына алып және оны рыноктық экономика механизмiмен бiрге оны әр түрлi саясаттар мен реформалар жүргiзу арқылы шешудi қолға алып келедi. Әрине ол саясаттар бiр мезгiлде орындала салмайды, олда уақыт талабына байланысты. Осы елiмiздiң рыноктық қатынасқа өтуiмен және елдiң тұрақты экономикалық өсуiн қамтамасыз ету үшiн келесi реформалар жүргiзiлдi және жүргiзiлу үстiнде. Ол реформаларға:
Экономиканы жекешелендiру;Ұлттық экономикаға инвестиция тартуды ынталандыру;Өнеркәсiптiң бәсекеқабiлеттiлiгiн арттыру, осының негiзiнде елде индустриялық-инновациялық стратегия 2003-2015 жылдарға арналған қабылданды;Әлеуметтiк саланың жағдайын жақсарту, жұмыссыздық мәселесiн шешу.Экономиканың шикiзат бағытынан құтылатын индустриялық-инновациялық саясатты жүргiзу;Ауыл шаруашылығын реформалау;Білім беру саласын жоғары деңгейге жеткізу;
Осы жоғарыда аталған реформалар бүгiнгi таңда өз жемiсiн берiп, елiмiздiң соңғы жылдары экономкалық өсуi байқалып, әлеуметтiк саланың жағдайы азда болса жақсарып, өнеркәсiптiк өндiрiс жанданып келе жатыр. Тiптi сонғы жылдары ЖIӨ-нiң өсу деңгейi 10% деңгейiне болып отыр. Бұл дегенiмiз елiмiз үшiн жетiстiк деп те айтсақ болады.
Достарыңызбен бөлісу: |