Жүрек-қан тамыр жүйесі ауруларымен науқастарды сұрастыру және қарау. Жүрек тұсын қарау, пульсті анықтау



бет1/8
Дата16.05.2024
өлшемі317 Kb.
#501284
  1   2   3   4   5   6   7   8

Жүрек-қан тамыр жүйесі ауруларымен науқастарды сұрастыру және қарау. Жүрек тұсын қарау, пульсті анықтау.

  • Лектор: м.ғ.к., доцент Алимбекова Л.Т.

Сұрастыру Негізгі шағымдары: 1. Жүректің ауырсынуы 2. Ентігу 3. Жүректің қағуы. 4. Ісіну. 5. Жөтел, қан түкіру.

Жүректің ауырсынуы

  • Жүректің ауырсыну сезімі жүректен тыс себептерден болуы да мүмкін: нерв талшықтарының қабынуы, қабырғаның сынуы, остеохондроз және т.б.
  • Жүректен болатын себептер: қолқа кеңеюі (аневризмасы), жүрек бұлшық етінің жансыздануы (миокард инфаркты), жүректің тәж артериясы кенеттен тарылып, О2 тапшылығы үдегенде (стенокардия) ауырсыну дамиды.

Жүрегі ауыратын науқастардан ауырсыну бойынша анықтайтын жағдайлар (детализация):

  • Жүрегі ауыратын науқастардан ауырсыну бойынша анықтайтын жағдайлар (детализация):
  • 1. Ауырсынудың пайда болу себептері мен жағдайлары (тыныштық күйде, қобалжығанда, физикалық күш түскенде);
  • 2. Оның орны (жүрек тұсы, жүрек маңы, төс сүйегінің артында, т.б.)
  • 3. Ауырсынудың нақты сипаты (қысып, сыздап, сығымдап, күйдіріп, түйнеп, шаншып, т.б.);
  • 4. Қамтитын көлемі;
  • 5. Ұзақтығы (минуттарға, сағатқа, тәулікке);
  • 6. Ауырсынудың кезеңдік сипаты (ұстамалы, тұрақты);
  • 7. Таралу бағыты (иррадиациясы) - қайда беріледі: сол қолына, сол иығына, мойынның сол жақ бөлігіне, сол жауырын астына, т.б.;
  • 8. Ауырсыну немен басылады (тыныштық күй сақтағанда, нитроглицеринді немесе валидолды тіл астына салғанда немесе т.б. дәрмектерді қолданғанда көмек бар-жоғы).

Ентігу – физикалық күш түскенде немесе тыныштық күйде пайда болуы мүмкін.

  • Ентігу – физикалық күш түскенде немесе тыныштық күйде пайда болуы мүмкін.
  • Субъективті ентігу – науқас өзі ентігемін деп айтады. Объективті ентігу – дәрігер науқасты тексергенде тахипноэ (тынысының жиілегені) бар екенін анықтайды.
  • Жүрек ауруларында көбінесе инспираторлық ентігу болады. Кейде аралас ентігу болуы да мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет