Жүргізу о қулық



Pdf көрінісі
бет117/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

Кинематикалық сызба — қозғалтқыш иінді білігінің айналысының 
машинаның жұмыс тетіктері мен жетекші дөңгелектеріне берілу ретін бақылауға 
мүмкіндік беретін, шартты белгілер түрінде бейнеленген сызба.
КҚБЖ — конструкторлық құжаттаманың біртұтас жүйесі, сызбалар мен 
кестелерді түрлері мен оларды орындауды, сондай-ақ, өлшемдер, шекті ауытқулар, 
шартты графикалық белгілерді енгізу ережелерін реттейді.
Компенсатор — аспаптардың немесе машинаның жағдайы мен жұмысына 
түрлі факторлардың (мысалы, температура, қысым) әсер етуін жоятын немесе 
реттейтін төсем, сақина, реттегіш бұрамалар түріндегі құрылғы.
Композициялық материалдар — араларында анық шек бар, химиялық 
әртекті компоненттердің көлемді біріктірілуі арқылы жасалған материалдар
қасиеті бойынша құрамындағы компоненттердің бір де бірінің қасиеті сәйкес 


келмейтіндігімен сипатталады.
Компрессия — піспек жоғарғы өлі нүктеде (ЖӨН) болатын, дизельді 
қозғалтқыш цилиндріндегі қысым тактісінің соңындағы жанармай-ауа қоспасының 
максималды қысымымен сипатталатын физикалық шама.
Кондуктор — кесетін аспапқа дұрыс бағыт беріп, оның кеңістіктегі дұрыс 
қимылын қамтамасыз ететін, сондай-ақ кесетін аспапқа беріктік пен тұрақтылық 
беретін құрал.
Конус — тікбұрышты үшбұрышты катеттерінің бірі айналасымен бұрау 
арқылы алынатын геометриялық дене. 
Конструкторлық құжаттама машинаны әзірлеу, жасау, бақылау мен 
қолдану үшін қажетті мәтіндік және сызбалық құжаттар.
Контргайка — гайканың өздігінен бұралып кетпеуінің алдын алу үшін негізгі 
гайкаға қосымша бұралатын гайка.
Конустық роликті мойынтірек — конустық роликті домалау мойынтірегі.
Конустық тісті беріліс — жетекші және жетектелуші біліктер бір-біріне 
бұрышпен орналасқан беріліб.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет