Жүргізу о қулық


Машинаның инвентарлық нөмірі



Pdf көрінісі
бет123/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

Машинаның инвентарлық нөмірі — негізгі қорды есепке алу мақсатында 
әзірлеуші кәсіпорын немесе машина иесі беретін машинаның жеке нөмірі. 
Машинаның қауіпті аумағы — машинаны қолдану үдерісінде пайда болатын, 
шегінде қауіпті және зиянды өндірістік факторлар үнемі болатын немесе болуы 
мүмкін кеңістік.
Машинаның құрамдас бөлігі — ортақ конструкторлық шешіммен және 
әзірлеуші кәсіпорында жинау кезінде біріктірілген жиналмалы бірліктер, детальдар 
және (немесе) бұйымдар жиынтығы.
Машинаның құрылымықұрамдас бөліктер, жиналмалы бірліктер мен 
детальдардың құрамы және өзара байланысты орналасуы жиынтығының, сондай-
ақ, олардың машина жұмысы мен жүктеменің бір элементтен екінші элементке 
берілуін қамтамасыз етуінің бір-бірімен өзара байланысы жүйесі. 
Машинаның_техникалық_жағдайы'>Машинаның техникалық жағдайы — белгілі сыртқы орта жағдайындағы
белгілі уақыттағы машинаның техникалық құжаттамасында бекітілген параметрлер 
мәнімен сипатталатын жағдай.
Машинаның типі — бір қағидатпен жұмыс жасайтын, бір мақсатта 
тағайындалған машиналар тобы (жиынтығы).
Машинаның өмірлік циклі — шығаруды негіздеу жөніндегі зерттеулерді 
жүргізуден бастап машинаны әзірлеу мен қолдануды тоқтату, төмендету мен 
жоюға дейінгі өндірістік үдерістердің жиынтығы.
Машинаның өнімділігі — машинаның уақыт бірлігі ішіндегі атқаратын 
жұмыс көлемі.
Машинист — машинаны басқару құқығына ие, өз міндеттерін орындаушы 
тұлға.
Металдану — детальдың (бұйымның) үстін металмен немесе қосындымен 


жабу.
Металды түзету — қисайып қалған металл парақтарды, сымдарды түзету 
операциясы.
Метиздер — түрлі типтегі стандартталған металл бұйымдар, оларға сым 
лента, шегелер, арқандар, электродтар, бекіту детальдары, тойтармалар және т.б. 
жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет