Жүргізу о қулық



Pdf көрінісі
бет76/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

15
 
ұсынып, тапсырманы алып, машинаны мақсаты бойынша қолдану 
орнында нұсқаманы алып, арнайы киім мен аяқ-киімін киюі тиіс. 
Құрылыс алаңының аумағында болу кезінде машинист қорғаныс 
каскасын киіп жүруі тиіс.
Тапсырманы алған соң машинист келесіні орындауға міндетті:
■ 
жұмыс басшысымен машинаның нысан бойынша қозғалыс 
жолдарын қарау;
■ 
жұмысты орындаудың кезектілігін келісу;
■ 
жұмыс аумағының периметрі бойынша қоршаулар мен қауіпсіздік 
белгілерінің бар болуын тексеру;
■ 
машинаның 
Эксплуатация жөніндегі басшылығы (ЭБ) 
бойынша 
ауысым сайынғы техникалық қызмет көрсетілуін (АҚ) жүргізу;
■ 
дабыл белгісімен қозғалтқыштың оталуы туралы қызмет көрсетуші 
қызметкерлерге ескерту және берілісті ауыстыру 
тұтқасының бейтарап 
қалыпта екендігіне көз жеткізу;
■ 
қозғалтқышты оталдыру;
■ 
бос тұру кезінде тежегіштердің қызметін тексеру.
Қауіпсіздік талаптарының анықталған бұзушылықтарын қызмет 
көрсетуші қызметкерлердің өзіндік күштерімен жою қажет, ал болмаса 
машинист бұл туралы жұмыс басшысына және машинаның жарамды 
күйінде ұсталуына жауапты тұлғаға хабарлауға міндетті. 
Жұмыс аймағы (жұмыс орны) 
эксплуатациялық базасының 
өндірістік аймағын алып отырады; ол машиналардың техникалық 
қызмет көрсетілуі мен жөнделуі үшін арналған, қызмет көрсетуші 
қызметкерлердің тобына бекітілген. Жұмыс аймағы жабдықтың, 
құралдар мен саймандардың қажетті жиынтығымен жабдықталады. 
Бұл жиынтық әрдайым қол созымды жерде болатындай орналасады. 
Әдеттегідей, құралдар, саймандар, сондай-ақ, шығындалатын 
материалдарды орынды орналастырады: оң қолмен алынатын нәрселер 
оң жақтан, сол қолмен – сол жақта реттеліп салынады. Жұмыс 
барысындағы қызмет көрсетуші қызметкерлерге қажет болуы мүмкін 
құжаттар қолданыста ыңғайлы және сулану мен ластанудан сақтайтын 
арнайы жәшікте сақталады.
Нысандағы жұмысқа кірісе отырып, машинист жұмыс аймағында 
адамдардың жоқтығына көзін жеткізіп, дабыл белгісін қайталап беруі 
тиіс. 
Жаңа үйілген және тапталмаған топыраққа машиналарды 
орналастыруға, 
сондай-ақ, 
еңісі 
машинаның 
төлқұжатында 
көрсетілгеннен артық алаңда орнатуға болмайтынын есте сақтаған 
жөн. Жер ғимаратының баурайында машинист машинаны жұмыстарды 
жасау жобасында көрсетілген алаң периметрі бойынша қажетті 
қашықтықта орналастырады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет