2.4 Перспективалық сорттар
Көп жылғы зерттеулердің материалдарына қарағанда Қазақстанның оңтүстігіндеі: жүзімді аудандарға төмендегі аталатын сорттар перспективалық болып табылады.
Пухляковский — донның асханалық сорты. Дәмдік сапасы өте жақсы, сақтауға да тасымалдауға да қолайлы. Жеміс жаңа піскен күйінше де, сол секілді асханалық шарап пен шампан әзірлеуге қажетті шарап материалдары мен шырыны алынады.
Гүлі ұрғашы жынысты. Пухляковскийдің ең таңдаулы тозаңдатқышы — түркменнің Тербаш сорты. Жапырағы, терең тарамдалған, бес қалақшалы, тор көзді, мыжырайған. Төменгі жағынан салбырап тұрады.
Шоқ жемісі цилиндрлі — конусты, ірі, салмағы 200—220 грамм. Жемісі ірі, сопақ — жұмыртқа тәріздес, ұшы жіңішке, ақ. Еті балғын.
Вегетациялық кезеңі 130—135 күн. Талас Алатауының таулы аймағындағы суармалы жерінде сентябрьдің басында, суарылмайтын шығыс беткейде августың аяғында, Жамбылда сентябрьдің ортасында піседі. Түбі күшті өседі. Өнімділігі жоғары, гектарына 180-нен 220 центнерге дейін өнім береді. Қант жинауы Шымкентте (суармалы жерде) қышқылдылығы литріне 5,6 грамм болғанда — 20%, суарылмайтын жерде қышқылдылығы литріне 5 грамм болғанда—26%. Пухляковскийдін. түбі орташа өседі. Сабағының пісуі —70%.
Пухляковский сортын Шымкент, Қызылорда және Жамбыл облыстарынын. жүзімді аудандарында кеңінсн өндірістік сыннан өткізуге болады.
Хив узюм. Түркменнің жергілікті асханалық сорты. Гүлі қос жынысты. Шоқ жемісі ірі, конусты, тығыз. Жемісі ақ, ірі, жұмыртқа тәріздес — сопақ. Вегетация басталғаннан піскенге дейінгі мерзімі—148 күн.Активті температураның жиынтығы 3300 градус. Бүршік атуы апрельде басталады. Июльдің басында гүлдейді Шымкенттің төнірегінде сентябрьдің басында піседі. Хив узюмнің түбі орташа өседі. Сабағының пісуі —85%. Өнімділігі жоғары. Шымиент облыстық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының жүзімдігінде гектарына 212 центнерден, Сайрам тәжірйбе алаңында 207 цектнерден өнім берді. Қанттылығы 17,5%, қышқылдылығы литріне—3 6 грамм. Сорт орталық және оңтүстік аймақтарға перстективалы, Шымкент облысында кеңінен өндірістік сыннан өткізуге тұрарлық.
Аревар. Орташа кезеңде пісетін Армянның асханалық сорты. Гүлі қос жынысты. Шоқ жемісі цилиндрлі-конуты тығыз. Жемісі ақ, ірі, сопақ. Жапырағы күшті тарамдалған, бес қалақшалы, салбырамаған. Аревар Қазақстанның, оңтүстігіне 1964 жылы Армениядан әкелінген. Шымкенттің маңайында бүршік атуы апрельдің басында басталады. Гүлдеуі — июннің, басында. Пісуі — августың екінші жартысында. Шок жемісінің саны, есіп келе жатқан сабақта—0,8, ал жеміс салатын сабақта—1,6. Шоқ жемісінің орташа салмағы 240 грамм. Өте жоғары өнімді Шымкент облыстық ауыл шаруашылық тәжірибе станциясының жүзімдігінде 1967—1972 жылдардың мәліметі бойынша, гектарына 297 центнерден айналған. Қышқылдылығы литріне 5,2 грамм кезінде қанттылығы 19%. Түбі күшті өседі. Қыс пен құрғақшылыққа төзімділігі жоғары. Аревар сорты Шымкент, Жамбыл және Қызылорда облыстарьның жүзімді аудандарында өндірістік сыннан кеңінен өткізуге тұрарлық.
Шымкент нимрангі. Кеш пісетін жоғары сапалы асханалық сорт Орта азиялық асханалық Нимранг сортымен грузиндік Саперави сортың будандастыру арқылы Шымкенттің облыстық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясында А. С. Гукасьян шығарған. Өзінің дәмдік сапасы, шоқ жемісінің үлкендігі мен сырт көрінісі және жемісі де Нимрангтен кем түспейді, ал өнімділігі жөнінен одан екі есе асып түседі. Шымкент нимрангінде гүлдің қос жынысты үлгісі бар. Өнімділігі жоғары. Шымкент тәжірибе станциясында гектарынан 238 центнерден өнім алынды. Түбі күшті өседі. Сабағының пісуі—80%. Бүршік атуы апрельдің бірінші жартысында басталады. Июннің басында гүлдейді. Сентябрьдің бірінші жартысында піседі.
Шоқ жемісі ірі, сабақты, тығыздығы орташа. Жемісі ірі, сопақ, алқызыл, балғын, етті. Шырынының түсі ақ. Дегустациялық бағасы —9,1 балл. Шоқ жемісінің орташа салмағы—560 грамм. Қанттылығы 19,3%, қышқылдылығы литріне —4,7 грамм.
Жапырағының келемі орташа, бес қалақшалы. Жоғары өнімді, сапалы, тасымалдауға қолайлы асханалық сорт — Шымкент Нимрангін Шымкент облысыйың барлық жүзімді аудандарында, Жамбыл мен Қызылорда облыстарының оңтүстік аудандарында өндірістік сыннан өткізуге тұрарлық.
Кахет. Армениядан шыққан шараптық сорт. Шымкенттің ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясына Армениядан 1964 жылы әкелінген. Гүлі қос жынысты. Шоқ жемісінің көлемі орташа, цилиндр формалы. тығыз. Жемісі қара, жұмыр. Жапырағы күшті тарамдалған, бес қалақшалы, салбыраңқы.
Шымкенттің маңайында бүршік атуы апрельде, гүлдеуі — июньде басталады. Августың аяғында піседі.
Шок жемісінің орташа салмағы 160 грамм. Өнімділігі жоғары. Шымкентте гектарына 280 центнерден жүзім береді. Қанттылығы—18%, ал қышқытдылығы литріне—5,5 грамм. Түбі күшті өседі. Қысқа төзімді. Мол өнімді асханалық сортты Қазақстанның оңтүстігіндегі жүзімді аудандардың бәрінде өндірістік сыннан өткізу ұсынылады.
Неркени. Армянның шараптық сорты. Шымкенттің мемлекеттік ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясына 1964 жылы Армениядан әкелінген. Гүлі қос жынысты. Шоқ жемісінің үлкендігі орташа, конус тәрізді, тығыздығы, орташа. Жемісі қара, ірілігі орташа, дөңгелек. Жапырағы бес қалақшалы, сәл салбыраған. Шымкенттің жағдайында бүршік атуы апрельдің ортасында басталады. Июннің бас кезінде гүлдейді. Августің аяғында піседі. Шоқ жемісінің саны, өсіп келе жатқан сабақта — 1,7, жеміс беріп жүрген сабақта—2,1. Шоқ жемісінің орташа салмағы 190 грамм. Қанттылығы—19%, ал Қышқылдылығы литріне —7 грамм. Қыста жасырып қойса, суыққа төзімділігі жоғары. Мол өнімді. Шымкент облыстық ауыл шаруашылық тәжірибе станциясынын жүзімдігінде 1967—1977 жылдары гектарына 322 центнерден өнім берді. Мол өнімді, сапалы шараптық сорт ретінде Наркениді Қазақстанның оңтүстігіндегі жүзімді аудандарда кеңінен өндірістік сыннан өткізуге тұрарлық.
Магарачский. Қырымда шығарылған, орташа мезгілде пісетін сапалы шараптық, сорт. Қазкақстанның оңтүстігінде Новочеркасскіден (Жүзім шаруашылығының Бүкіл одақтық ғылыми-зерттеу институтынан) 1964 жылы әкелінген. Гүлі қос жынысты. Шымкенттің төңерегінде апрельдің ортасында бүршік атады Июннің басында гүлдейді, Августың аяғында иіседі. Шоқ жемісінің саны жаңа өсіп келе жатқан сабақта 0,7, ал жеміс беріп жүрген сабағында—1,5. Шоқ жемісінің орташа салмағы — 320 грамм.
Гектарына 246 центнерден өнім береді. Қанттылығы әр жылдын жағдайына карай —18—21 %. Қышқылдылығы литріне —7,3 грамм.
Түбі күшті өседі. Сабағының пісуі—70%. Магарачский сортын мол өнімді, шарапты сорт ретінде Шымкент, Қызылорда және Жамбыл облыстарында кеңінен өндірістік сыннан өткізген жөн.
Мускат Сусанна. Армянның мускат хош иісті шараптық сорты. Ол ерте — орташа кезеңде пісетін сорт. Оны селекционер С. А. Погосян шығарған. Шымкенттің мемлекеттік облыстық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясына Армениядан 1964 жылы әкелінген. Гүлі қос жынысты. Шымкенттің төңірегінде апрельдің орта кезінде бүршік атады. Гүлденуі июннің басында. Шараптық сорттың ішінде өте ерте — августың ортасында піседі.
Шоқ жемісінің саны өсіп келе жатқан сабақта —0,9, ал жеміс беріп жүрген сабақта —1,4. Шоқ жемісінің орташа салмағы —230 грамм. Өнімділігі жоғары. 1967—1972 жылдардың мәліметіне қарағанда Шымкентте гектарына 269 центнерден өнім берген.
Қанттылығы —19%, қышқылдылыгы литріне—5 грамм. Түбін топырақпен жапқанда қысқа төзімділігі өте жоғары:
Мол өнімді, сапалы, әрі ерте пісетін шараптық сорт Мускат Сусаннаны Шымкент, Жамбыл және Қызылорда облыстарының жүзімді аудандарында өндірістік сыннан кеңінен өткізу ұсынылады.
Бурастани. Армениядан шыққан. Қазақстанның оңтүстігіне Бостандық тәжірибе алаңына 1950 жылы, ал 1964 жылы Шымкенттің мемлекеттік облыстық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясына әкелінген. Универсалды асханалық шараптық сорт. Гүлі қос жынысты. Шоқ жемісті, конусты, борпылдақ, жемісі сопақ. Жапырағы әлетарамдалған, бес қалақшалы, сәл ғана салбыраңқы Шымкенттің төңірегінде августың аяғында піседі.Шоқ жемісінің саны өсіп келе жатқан бір сабағында 1,3, ал жеміс беріп жүрген сабағында—1,8. Шок жемісінің орташа салмағы 252 грамм. Өнімділігі өте жоғары. Шымкенттің төңірегінде гектарына 450 центнер жүзім береді. Қанттылығы—17%, қышқылдылығы литріне — 5,6 грамм. Қысқа төзімді. Тубі күшті өседі. Бурастани Шымкент, Қызылорда және Жамбыл облыстарының жүзімді аудандарында өндірістік сыннан кеңінен өткізуге тұрарлык, мол өнімді сорт.
Кесте 2
Жүзімнің перспективалық сорттары
Қазақстанның Оңтүстігіндегі таулы аудандардың жері ойлы- қырлы келеді. Мұндай жағдайда жүзімді солтүстіктегі жарқабақты жерге отырғызуға болмайды. Бұл жерде күн жылуының аздығынан жүзім кеш піседі.
Жүзім- жарық пен жылылықты жақсы көретін дақыл. Сол себепті де жарық пен температура оның өсуіне, өнімі мен сапасына әсер ететін шешуші факторлар болып саналады. Жарық аз түскен жағдайда сабақ буындарының аралығы ұзарады да жеміс түзілетін бүр көзшелері нашар дамиды. Жүзім өсімдігіне ауаның температурасы да қатты әсер етеді.
Жылылықты қабылдау және пайдалану үшін жүзім шыбығының оның массасы мен сыртқы көлемінің атқаратын рөлі үлкен. Жүзім шыбықтарын салу кезінде жергілікті жылы температура өсімдіктің генерациялық органдарының, бүр көзшелеріндегі гүл шоғырлары өнуінің негізін қалайды. Бұл өсімдіктің жемісті мол салуына қолайлы әсер етеді.
Жүзім- еңбекті, әсіресе қол еңбегін көп керек ететін дақыл. Сондықтан жүзімдік учаскесін елді мекендерге жақын маңнан таңдап алған жөн. Таулы аудандарда оңтүстік, батыс, оңтүстік- батыс, оңтүстік- шығыс экспозициялары жүзімнің асханалық сорттарын, ал солтүстік, солтүстік- шығыс, шығыс, солтүстік-батыс учаскелері асханалық шарап, шампан шарабы үшін шикізат дайындауға қажетті жүзім сорттарын өсіруге қолайлы екенін ескерген жөн.
Жүзімдікті күтіп- баптауды жеңілдетуге оның конфигурациясы да үлкен әсер етеді. Жүзімдік учаскелерін ұзыннан-ұзақ созылған тік төрт бұрышты болғаны қалайлы. Мұндай жүзімдікте механизмдердің өнімділігін толық пайдалануға мүмкіндік туады. Қазақстанның барлық оңтүстік аудандарында жүзімдік салу кезінде алдымен сол жердің суармалығын ескерген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |