К. А. Нариков, Г. Г. Беркалиева, С. С. Тулемисова


 Табиғи газдан алынатын өнімдер



Pdf көрінісі
бет27/77
Дата25.02.2024
өлшемі3.99 Mb.
#493135
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   77
шоғыр

3.9. Табиғи газдан алынатын өнімдер 
Өңделген табиғи газдың 40% – ға жуығы электрстанцияларында 
жағылады, 30%-ы металлургия өндірісінде, 4%–ы тұрғын үйлерді жылытуға, 
кəсіпорын өндірісі мен халықтың тұрмыстық қажеттіліктеріне, цемент 
өндірісі, құрылыс, ауыл шаруашылығы, дəрі-дəрмектер өндірісінде 
қолданылды.
Табиғи газды мотор майлары ретінде қолдануға болады. Сығылғын газ 
А-76 маркалы бензиннен екі есе арзан, бұл қалалардың экологиясын 
жақсартады, қозғалтқыштың ресурсын ұзартады. Табиғи газбен толтырылған 
қозғалтқыш Евро - 4 экологиялық стандартына сəйкес болуы керек. Бұл газды 
қарапайым автомобильдер мен теміржол, су, ауа көліктеріне отын ретінде 
қолдануға болады.
Газ өңдеу зауытының негізгі өнімдері төмендегідей:
- магистралды газ құбырларына жіберілген тауарлық газдар; 
- газды күкірт (ұнтақ, түйіршікті, сұйық); 
- жеңіл көмірсутектердің кең фракциясы (ЖККФ), тұрақты газды 
конденсат, А-76, А-79, АИ-95 маркалы автомобиль бензині, дизелді, рекативті, 
қазандық отындары, жағылған газдар, этан, техникалық пропан, техникалық 
пропан-бутан, техникалық бутан, изобутан, изопентан; С
5
– С

одоронттар 
(табиғи меркаптандар қосылысы)[4]. 
3.10. Газконденсат туралы мəлімет 
Мұнай-газ өндіруші компаниялар үшін газконденсаттың орны ерекше 
маңызды. Негізінен конденсат өндіру табиғи газды өндірумен тікелей 


45 
байланысты, сондықтан көбіне конденсат газ өндіруші компаниялардың 
үлесіне келеді. Алайда конденсат өзінің құрамы жағынан жеңіл, ашық мұнай 
болып келеді. Конденсатты басқаша «ақ» мұнай деп те атауға болады, себебі 
оның түсі ақшыл сарғылт немесе мөлдір болып келеді. 
Конденсат - (латынша «condensatus» - тығыздалған, қоюланған деген 
мағынаны білдіреді) қабаттық жағдайда газ тəрізді күйінде болып, қысым мен 
температура төмендеген кезде сұйыққа айналған өнім. Басқаша айтқанда 
конденсат сұйыққа айналған газ дегенді білдіреді. 
Газконденсат – табиғи газды өндіру кезінде одан бөлінген құрылысы 
жағынан əр түрлі сұйық көмірсутектердің қоспасы. Химия саласынан қарасақ, 
конденсат классикалық мұнай мен табиғи газ ортасындағы шиізатпен 
түсіндіріледі. Газконденсат молекулалары табиғи газ молекулаларынан ауыр, 
мұнай молекуласынан жеңіл болады. Қабат жағдайында жоғары қысым мен 
температурада газконденсат газ күйінде болады: көбіне табиғи газбен 
қосылып, кейде мұнайда еріген күйде. 
Қабаттық жағдайда қысым мен температура жоғары болғандықтан (10-
60МПа) бензин керосинді фракциялар (жоғары молекулалы мұнайдың сұйық 
компоненттері) бу күйінде болады, кейін өнімді игеру кезінде қысым 4 -. 8МПа 
дейін түсіп, температура бірден төмендейді. Осындай жағдайда газдан 
тұрақсыз конденсат бөлінеді. Ол тұрақты конденсатқа қарағанда метан-бутан 
фракциялы еріген газдар, С
5
жəне одан жоғары көмірсуктерінің болуымен 
ерекшеленеді. Құрамында газконденсаты көп кен орындарын игеру кезінде 
алынған газдан С
3
жəне одан жоғары көмірсутектер бөлінеді, ал С
1
– С
2
фракциялары қабат қысымын ұстау үшін кері қабатқа айдалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет