К. А. Нариков, Г. Г. Беркалиева, С. С. Тулемисова


 Табиғи режимдегі мұнай жəне газ шоғырларын игеру



Pdf көрінісі
бет38/77
Дата25.02.2024
өлшемі3.99 Mb.
#493135
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   77
шоғыр

6.2. Табиғи режимдегі мұнай жəне газ шоғырларын игеру 
Бастапқы жағдайда сыйымды коллектор болып табылатын қабаттық 
жүйедегі мұнай бөлігі жəне онымен байланыста болатын су бассейні сығылған 
күйде болады. Мұнайды шоғырдан алу ол жердегі қысымның түсуіне əкеледі. 
Осының əсерінен тау жынысының, мұнай мен судың бөлшектері кеңейеді де 
қабаттың қысымның төмендеуін азайтады. Яғни, игеру үрдісінде қабаттық 
жүйенің бастапқы серпімді энергиясы азаяды. Игерудің қабаттық жүйенің 
серпімді энергиясының қорына негізделген əдісі табиғи режимде игеру деп 
аталады.
Шоғырды игеруде табиғи энергия пайдалану кезінде қабат 
энергиясының азаю қарқындылығы режимге байланысты болады . Сонымен 
қатар, шоғырдың энергетикалық қоры, сəйкесінше, игерудің əр сатысындағы 
қозғалмалы нұсқалардың (ГМН, ГСН, СМН) іс-əрекетіне баланысты болады. 
Осының бəрін скважиналарды орналастыру торының тығыздығын 
анықтағанда, олардың шығымын орнатқанда, перфорация ара – қашықтығын 
таңдағанда, сонымен қатар, геологиялық - өндірістік зерттеудің дұрыс алғы 
шарттарын орнатқан кезде игеруді бақылау үшін ескеру керек. 
Табиғи режимді қолдану кезінде шоғырды игеру тиімді болу керек. 
Яғни, мұнайдың (газдың) жылдық өндіру қарқындылығы, басқа да маңызды 
игеру көрсеткіштерінің жер қойнауынан мұнай (газ) қорын алудың мүмкін 
болатын соңғы деңгейі тиімді болуы керек. 
Табиғи режимді білу мұнай жəне газконденсатты шоғырларын игеру 
жүйесі тиімді пайлаланудың алғы шарттарының негізгі сұрағын, яғни табиғи 
энергетикалық ресурстарды қолдану арқылы игеру жүйесін таңдау, немеме, 
жасанды əсер ету қажеттігін шешуге мүмкіндік береді. 


69 
Төменде табиғи энергияның бір түрінің көбірек болуы қа\растырылады. 
Суарынды режим  
Суарынды режимнің болуы үшін қабаттық қысым қанығу қысымынан 
көп болуы шарт. Бұл шартта қабатта еркін газ болмайды, тек мұнай жəне сулы 
мұнай сүзбеленеді. Қабатта газдың бөлінуі болмайды, сондықтан қабаттық 
жағдайда мұнайдың құрамындағы газ мұнаймен бірге өндіріледі. 
Суарынды режимде мұнайдың скважина түбіне қарай қозғалысы үнемі 
толықтырылып отыратын шеткі жəне нұсқа сыртындағы сулардың 
қысымынан болады. Энергия көзі шеткі сулардың арыны болып табылады. 
Оның қоры атмосфералық түсім, еріген су, жер үсті су қоймаларының есебінен 
үнемі толықтырылып отырады. Суарынды режимнің ерекшелігі, бұл ағып 
келетін су алынған мұнайдың орнын толықтай жабады. Мұнайлы нұсқа бұл 
кезде толығымен орын ауыстырады жəне қысқарады. Мұнай скважиналарын 
пайдалану шеткі сулар қабаттың жоғары бөлігіне дейін жетіп, мұнайдың 
орнына су шығып бастаған кезде тоқтайды (6.2 - сурет). 
Бұл кезде қоймадағы сұйық көлемі азаймайды, өйткені, мұнай қанша 
таусылса да орнына сонша көлемде су келеді. Судың тығыздығы мұнайдан 
жоғары, сондықтан олар араласпайды. Сондықтан, су мұнайды табиғи 
резервуарда мұнай бітіп, скважинадан су шыққанша дейін ығыстырады. Бұл 
кезде таза суды емес су аралас мұнайды өндіреді. Уақыт өткен сайын су 
көбейіп, мұнай азаяды, соңына қарай тек су (мысалы, 90% су,10% мұнай) 
шығып бастайды. Осындай мұнайды суланған мұнай деп атайды. 
Сурет 6.2 – Суарынды режим 


70 
Суарынды режимде қабаттағы қысым жоғарылығы сондай, скважина 
атқылайды. Бірақ, мұнай мен газды тез алмаған жөн, өйткені, судың шығу 
қарқыны мұнайдың шығу қарқынынан қалыс қалады, қабат қысымы түсіп, 
атқылау тоқтатылыды.
Суарынды режим кезінде мұнай шоғырының жұмысы ең жоғарғы 
мұнайбергіштік коэффициентін (0,5-0,8) қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет