«К. Макпалеев атындағы жоббм» кмм қазақ тілінде жүргізілетін 1-4 сыныптарға арналған бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспар



бет1/3
Дата10.11.2023
өлшемі62.7 Kb.
#482865
түріҚұрамы
  1   2   3

«К.Макпалеев атындағы ЖОББМ» КММ
қазақ тілінде жүргізілетін 1-4 сыныптарға арналған бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспар
2022-2023 оқу жылы
ТҮСІНІК ХАТ
Бастауыш жалпы білім берудің оқу жоспары бастауыш сыныптардың МЖМБС іске асырудың негізгі ұйымдастырушылық тетігі болып табылады. Оқу жоспары МЖМБС талаптарын іске асыруды және қолданысқа енгізуді қамтамасыз етеді, міндетті пәндік салалар мен сыныптар бойынша оқу пәндерінің құрамы мен құрылымын, рұқсат етілетін оқу жүктемесінің жалпы көлемін айқындайды.
Оқу жұмыс жоспарының құрылымы базалық (инвариантты), 1,2,3,4 сыныптардан тұрады. Инвариантты және максималды оқу жүктемесінің саны ҚР МЖМБС - да анықталған нормаларға сәйкес келеді.
1-4 сыныптардағы білім беру процесі келесі құжаттар негізінде жүзеге асырылады:

  • 1-4 сыныптардағы білім беру процесі: Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары (өзгертулер мен толықтырулармен 30.09.2022 ж. № 412 бұйрығымен);

  • «2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы». Әдістемелік нұсқау хат. – Нұр-Сұлтан: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2022.

  • «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығы;

  • Оқу жоспарының вариативтік компоненті келесі түрде бөлінді:

Мемелекеттік тілде білім беретін 1 «А» сыныпта «Математика патшалыгы»- 1 сағат, 2 «А» сыныпта «Математика патшалыгы»- 1 сағат топтық сабақтарда есебінен 1 сағаттан.
1-4 сыныптарға арналған оқу жоспары бастауыш жалпы білім берудің білім беру бағдарламаларын меңгерудің төрт жылдық нормативтік мерзіміне бағдарланған.
Міндетті бөлім пәндерінің апталық жүктемесі 1-сыныптарда-18,5 сағат, 2 – сыныптарда-24 сағат.
Шет тілі (ағылшын тілі) оқу пәні екінші сыныптардан, цифрлық сауаттылық 1-сыныпта 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап- 0,5 сағат, 2-4 сыныптарда 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап оқытылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет