Ж. А. Қараев педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ы. Алтынсарин атындағы Ұба бас ғылыми қызметкері



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата27.07.2023
өлшемі0.73 Mb.
#475842
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
3 makala bauyrzhanga 090322 sokrashchenvariant ozht ot karaeva zha 3 kopiya



Ж. А. Қараев 
педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА бас ғылыми қызметкері 
Ж.У.Кобдикова 
педагогика ғылымдарының докторы, профессор 
«Арман-ПВ» баспасының ғылыми жетекшісі
 
 
«ОҚЫТУДЫҢ ҮШӨЛШЕМДІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ» 
ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
 
1. 
Оқу процесін технологияландырудың өзектілігі 
 
Педагогикалық технологияларды мектеп практикасына кеңінен енгізудің 
өзектілігі ҚР «Білім туралы» Заңының 51-бабының 3-тармағының талаптарын 
орындаудан туындайды. Педагогтің міндеттерін белгілейтін ҚР «Білім туралы» 
Заңының 51-бабының 3-тармағында педагог қызметкерлер білім алушылардың 
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (МЖМБС) 
талаптарынан төмен емес білім алуына қол жеткізуге, білім алушылардың 
өмірлік дағдыларын, құзыреттерін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға 
міндетті екендігі көрсетілген. Алайда, ҰБТ нәтижелерін талдау жыл сайын орта 
есеппен оқушылардың 20%-ы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру 
стандартында белгіленген меңгерудің ең төменгі деңгейіне сәйкес келетін шекті 
деңгейден өте алмайтынын көрсетеді. Бұдан осы оқушыларды оқытқан 
мұғалімдер Заңның 51-бабының 3-тармағының талаптарын орындай алмай заң 
нормасын бұзып отырғанын көруге болады. Бұл қолайсыз жағдайдан мынадай 
дилемма туындайды: не заңның осы нормасының талаптары тым жоғары, не 
мұғалімдер барлық оқушылардың кем дегенде «білу» деңгейіне жетуіне 
кепілдік беретін дидактикалық әдістерді игеруі керек. Ғалымдардың 
зерттеулері және біздің тәжірибеміз көрсеткендей, дәстүрлі әдістеме дамытушы 
білім беру ортасын құра алмайды және барлық оқушылар үшін осындай оқу 
нәтижесіне жетуге кепілдік бере алмайды. Ол үшін әдістемені оқытудың 
педагогикалық технологиясы деңгейіне дейін жетілдіру керек. 
Бұл мәселені мектеп тәжірибесіне «жаңартылған» мазмұнды және 
оқытудың интерактивті әдістерін енгізу арқылы да шешу мүмкін емес, өйткені 
олар «нені оқыту керек?», «қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға ғана жауап 
береді. Осы сұрақтарға және «қалай тиімді және нәтижелі оқыту керек?» деген 
сұраққа тек педагогикалық технологияларды оқу үрдісінде қолдану ғана жауап 
береді. 
Педагогикалық технология барлық оқушылардың МЖМБС талаптарынан 
төмен емес білім мен дағдыларды алуын кепілдікпен қамтамасыз етуге және оған 
қоса олардың өмірлік дағдыларын, пәндік және түйінді құзыреттерін, 
функционалдық сауаттылығын, креативтілігін (шығармашылық қабілеттерін) 


дамытуға ықпал етеді. Сондықтан қазіргі уақытта білім беру жүйесін 
технологияландыру 
педагогикалық 
ғылым 
мен 
практиканың 
жаңа 
перспективалы бағытына айналды. 
Сонымен қатар, оқу процесін технологияландыру оқушылардың өз 
бетімен ізденіп білім алуына бағытталған іс-әрекеттік тәсілдің тұжырымдамалық 
идеяларын практикада іске асыруға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет