К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары



Pdf көрінісі
бет133/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Алдын алу шаралары екі бағытта жүргізіледі. Біріншісі - 
тасымалдаушы кенелермен күрес. Кене тараған жайылымдарға мал жаюға 
болмайды. Мәдени жайылымдар малды кене талауынан қорғайды. Ауру 
кездесетін шаруашылықтарда кенелерді өз биотоптарында жоюмен қатар
акарацидті препараттармен малды дәрілеу қажет. Екіншісі - химиялық-
профилактика. Ауруды таратып алмау үшін, ауруға бейім жануарларға 
азидин, наганин немесе беренил қолданылады. Препаратты 12 күнде бір рет 


141 
қолдануға болады. Жақсы нәтиже азидин мен наганинді алма-кезек 
қолданудан болатыны дәлелденген. 
3.8 Ірі қара пироплазмозы 
 
Пироплазмоз - анемиямен, кілегей қабаттарының сарғаюмен, жүрек 
жұмысының зақымдануымен, малдың күйзелуімен, тәбетінің жоғалуымен, 
дене қызуының жоғарылауымен, сондай-ақ аурудың ауыр кезеңінде кілегей 
қабығының, ағзалардың қанталауымен, гемоглобинуриямен ерекшеленетін 
трансмиссивтік ауру. 
Қоздырғышы. Pіroplasma bіgemіnum Романовский әдісімен бояғанда 
пироплазмалардың цитоплазмасы көкшіл, ядросы қызғылт түске боялады. 
Әдетте эритроцит ішінде бір, екі, кейде одан да көбірек паразит болады. 
Паразит пішіні алмұрт, дөңгелек, сақина тәрізді және ұзынша сопақ. 
Қосарланған алмұрт тәрізділері жіңішке жақтарымен жалғасып, эритроцит 
ішінде сүйір бұрыш түзейді. Жалғыз орналасқандарының тұрқы 2,2-ден 6 
мкм дейін, қосарланған алмұрт тәрізділерінің тұрқы 4,5 мкм-ге дейін. 
Аурудың бас кезінде дара, кейіннен жұптасқан түрлері көбірек кездеседі. 
Аурудың әрі дамуына байланысты, зақымданған эритроциттердің саны тез 
көбейіп, 5-15 % -ке жетеді (сирек жағдайларда 40 %-ке дейін) (I, XVІІ 
суреттер). 
Қоздырғыштың даму биологиясы. Эритроцит ішіндегі пироплазма 
жыныссыз екіге бөліну арқылы немесе бүршіктену арқылы көбейеді.
Пироплазмалар кене денесінде шизогония әдісімен көбейеді. Пиро-
плазмалардың тасымалдаушысы – бір иелі Boophіlus calcaratus, екі иелі 
Rhіpіcephalus bursa және үш иелі-Haemophysіalіs punсtata кенелері. Ріroplasma 
bіgemіnum паразитін кенелер трансовариалдық жолмен тасымалдайды. 
Boophіlus calcaratus кенелері пироплазмаларды, әдетте, нимфа сатысында, ал 
H.punctata, R.bursa кенелері имаго сатысында тасымалдайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет