Қоздырушысының даму биологиясы. Телязийлардың аналықтары тірі
жылжымалы дернәсілдердің көп саның туады, олар көз жасына түседі және
масалармен – аралық иелермен жұтылады. 3 – 4 апта ішінде масалардың
ағзасында дернәсілдер инвазиялық сатысына жетеді. Инвазиялық дернәсілдер
масаның құрсақ қуысынан шығып тұмсығына жылжиды. Масалар көз аумағына
көнған кезде дернәсілдер маса тұмсығынан шығып конъюнктивальдік
қапшығына енеді. 15 – 20 күн өткесін толық жынысты аталық және
аналықтарға өседі. Көзде телязийлар бірнеше ай бойы, кейбіреулері – бір
жылдан аса өмір сүреді.
Эпизоотологиялық деректері. Бүл мерзімді ауру, жазда әсіресе маусым
– тамыз айларында білінеді. Жануарлар жайлауда немесе су қоймалары
маңайында аралық иелермен кездесіп зақымдалады. Солтүстіктен басқа, барлық
жерде таралған, әсіресе оң түстіктегі бұзауларда кең таралған.
Осыдан басқа, телязийлардың қоздырушылары жылқыларда - Thelazia
lacrimalis, шошқаларда -Thelazia erschovi, иттерде - Thelazia callipaeda
паразиттейді.
Патогенезі толық зерттелмеген. Телязийлар конъюнктиваға және көздің
қаса қабағына
механикалық әсер етеді, сондықтан микрофлора ену нәтижесінен
серозды немесе ірінді конъюнктивит дамиды. Зақымдалған
көздің қаса қабағы
қабыршықтанады,
ал қабынған конъюнктива ісінеді. Конъюнктивада эрозиялар
пайда болады.
Клиникалық белгілері 3 сатысымен сипатталады. Ең біріншіден
конъюнктивит, жарықтан қорку, жас ағу, содан кейін аурудың ауыр барысы
байқалады. Көзден ірін ағады, қабағы ісінеді. Аурудың соңғы сатысында көзі
жараланады, көру қызметі бұзылады.
Балауды мінезді клиникалық белгілеріне және жылдың мерзіміне қарап
қояды. Нақты балау қою үшін көзд жуып – шайып сұйықтықты телязийларға
зерттейді.
Емі үшін 2-3 % - тік бор қышқылын, 3% - тік лизол эмульсиясымен
немесе йодтың су ерітіндісімен шаяды.
Thelazia gulosa және Thelazia skrjabini-мен тудырылған телязиоз кезінде
0,015 г/кг тірі салиағына дитразит-цитрат қолданады. Секундарлы
микрофлорамен асқынған кезде симптоматикалық емдеу өткізеді, ол үшін
пенициллин, сульфаниламид препараттарың қолданады.
104
Достарыңызбен бөлісу: |