Түр құралдар панелінде ағымдағы масштаб М 1:1;
Объектті үздіксіз енгізу және ортогональ сызу арқылы детальдың контурын жоғарыдан салыңыз да оны сол жақ төменгі бұрышта орнатыңыз. Ол үшін кесінділер салыңыз: ұзындығы 100 мм, 50 мм, 100 мм, 15 мм ((50-20)/2), 30 мм, 20 мм, 30 мм, 15 мм (төмендегі суреттегідей);
-Команданы тоқтату кнопкасын басыңыз;
Эскиз - . ЛКМ басу арқылы үшөлшемді модельдеуге көшіңіз;
- жаншып шығару (выдавливание) амалы;
Қасиеттер панеліндегі Параметр ішкі бетінде жаншып шығару бағыты тура (жоғары), жаншу тереңдігі – қашықтыққа (на расстояние), қашықтық 1 өрісінде 20 мм енгізіңіз;
Қасиеттер панеліндегі Жұқа қабырға ішкі бетінде жұқа қабырғаны тұрғызу өрісінде – жоқ деп көрсетіңіз;
Объект жасаңыз;
Түр құралдар панелінде Полутоновое, Полутоновое с каркасом;
Келесі тұрғызуды орындау үшін ЛКМ арқылы жоғары қырын көрсетіңіз;
Бағдар Нормально к...
Эскиз - .
Параллель түзулер – горизонталь түзу және глобалды бекіту Ортасы көмегімен, цилиндрдің центрін тауып, радиусы 20 мм шеңбер салыңыз;
Команданы тоқтатып, эскизден шығыңыз;
- жаншып шығару арқылы 20 мм аралықта жапсырыңыз (бағыты тура);
-
Келесі тұрғызуларды салу үшін, ЛКМ арқылы жоғары қырын көрсетіңіз;
-
Эскизге кіріп, радиусы 15 мм шеңбер салыңыз, Ең жақын нүкте глобалды бекіту орнатыңыз;
-
Команданы тоқтатып, эскизден шығыңыз;
-
- Через все жаншуы арқылы қиып алыңыз;
-
Келесі тұрғызуды орындау үшін ЛКМ арқылы бүйір жағын көрсетіңіз;
-
Параллель түзулер, горизонталь түзулер және Ортасы глобалды бекіту көмегімен Ø=10 тесіктің центрін тауып, радиусы 5 мм болатын шеңбер салыңыз;
-
Команданы тоқтатып, эскизден шығыңыз;
-
- Через все жаншуы арқылы қиып алыңыз;
-
Салынған модельді Деталь деген атпен өз папкаңызда сақтаңыз.
Ассоциативтік көріністерді жасаудың алгоритмін қарастырайық:
-
Чертеж құжатын ашыңыз;
-
Компакт панелінде - Ассоциативті көріністер, - Стандартты көріністер;
-
Экранда ашылған диалог терезесінде қажетті модельді таңдау керек; Деталь құжатын ашыңыздар;
-
Модельді таңдағаннан кейін, чертеж терезесінде габаритті тікбұрыштар түріндегі бейнелердің фантомдары шығады. Үнсіз келісім бойынша жүйе үш стандартты көріністі тұрғызуды ұсынады: басты, үстінен қараған, сол жағынан қараған;
-
Қасиеттер панеліндегі Параметры ішкі бетінен стандартты көріністердің параметрлерін орнатыңыз. Басты көріністің бағдарын –алдынан (спереди) таңдаңыз;
-
- көріністер сұлбасы. Бұл диалогта сіздер, таңдап алынған модельдің кескінін жасауға қажетті стандартты көріністер жиынын орната аласыздар. Көріністі қосу үшін, көріністердің орнын анықтау сұлбасында, оның габариттік жақтауларын көрсету керек. Осы әдіспен көріністі тұрғызуды болдырмауға да болады (басты көріністі болдырмауға (отменить) болмайды);
-
Горизонталь бойынша Зазор өрісінде және вертикаль бойынша Зазор өрісінде 30 мм мәнін енгізіңіз (көріністердің ара қашықтығы) және ОК басыңыз;
-
- көрсетіңіз – стандартты масштабы автоматты таңдайды. Жүйе өзі автоматты түрде стандарттар қатарынан, тұрғызуға қажетті барлық көріністерді берілген форматтағы сызуда толық сыятындай масштабты таңдайды;
-
Қасиеттер панеліндегі Сызықтар ішкі бетінен Көрінбейтін сызықтар – Көрстеу (Показывать). Кескінде детальдың көрінбейтін контурлары штрихталған сызықтармен белгіленеді;
-
Параметрлер ішкі бетіне оралыңыз да бейненің байлану нүктесінің орнын - - көріністің координатасының бас нүктесін көрсетіңіз;
-
ЛКМ арқылы сызба өрісінде осы фантомды бекітіңіз;
-
Салынған сызбаны Ассоциативті көріністер деген атпен сақтаңыздар;
-
Осы терезені жаппай тұрып, Чертеж документін ашыңыз.
-
Мәзір қатары – Терезе – Мозаика вертикалды. Экранда екі терезе ашылды. ЛКМ арқылы терезелерді белсенді етуге болады;
-
Әрбір терезені белсенді ете отырып, Барлығын көрсету командасын орындаңыз. Алынған бейнелерді салыстырыңдар.
-
Осылайша, детальдың үшөлшемді моделі болған жағдайда, стандартты (ассоциативті) көріністерді аласыздар.
-
Чертеж құжатын жабыңыз. Енді Деталь құжатын ашыңыз.
-
Мәзір қатары – Терезе – Мозаика вертикаль.
-
Деталь құжатының терезесін белсенді етіңіз. Направляющая. ПКМ арқылы Приклеить элемент выдавливания: 1 элементін ерекшелеңіз және элементті редактірлеу режиміне барыңыз. Жабыстыру шамасын Расстояние 1 – 40 мм өзгертіңіз. Объект жасаңыз.
Ассоциативті көріністер құжатының терезесін белсенді етіңіз. Направляющая. Жүйенің сұранысы бойынша: «Кескінді қайта тұғызу керек пе?» - Иә.
Стандартты көріністерді жүйе өзі автоматты түрде қайта тұрғызады, өйткені олар үшөлшемді модельмен ассоциативті байланысқан.
КОМПАС жүйесінің жұмысының мұндай ерекшелігі, кәсіпорын конструкторларына үшөлшемді модельдерге өзгерістерді тез енгізуге мүмкіндік береді.
Тапсырма.
-
Фрагмент құжатында үш стандартты көріністерді және Чертеж құжатында ассоциативті көріністерді тұрғызыңдар. Оларды салыстырыңдар. Құжаттарыңызды «Чертеж.Основание» және «ассоциативті көріністер. Основание» деген атпен сақтаңыздар. (келесі сабақтарда осы құжаттармен жұмыс істейсіздер).
11 тақырып. Тіліктерді жасау.
Затты бір немесе бірнеше қиюшы жазықтықтар арқылы ойша қиюдың нәтижесінде алынған бейнені тілік дейді. Яғни, заттың бақылаушы мен қиюшы жазықтықтың арасындағы бөлігін ойша алып тастайды да, проекциялау жазықтығында, заттың қиюшы жазықтықтағы және оның артындағы бөлігін бейнелейді.
Қиюшы жазықтықтардың санына қарай тіліктер қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Бір ғана қиюшы жазықтықпен орындалған тілік қарапайым тілік деп (2.11 сурет), ал бірнеше қиюшы жазықтықпен орындалған тілік – күрделі деп аталады.
Қарапайым тілік: проекция жазықтығына байланысты әртүрлі орналаса алатын бір қию жазықтығын қолдану арқылы алынатын тілік. Осы жағдайға байланысты тілік бөлінеді:
-
Горизонталды тілік;
-
Вертикалды тілік;
-
Көлбеу тілік;
Біз осы сабақта горизонталды және вертикалды тіліктерді қарастырамыз.
-
Вертикалды тіліктер:
-
Фронталды – егер қиюшы жазықтық проекцияның фронталды жазықтығына параллель болса, және басты көріністің орнында орналасса;
-
Профильді – егер қиюшы жазықтық проекцияның профильді жазықтығына параллель болса, және сол жағынан қараған көріністің орнында орналасса;
-
Горизонталды - егер қиюшы жазықтық проекцияның горизонталь жазықтығына параллель болса, және үстінен қараған көріністің орнында орналасса;
КОМПАС жүйесі тіліктерді тек үшөлшемді модельге ғана емес, сонымен бірге, ассоциативті көріністер үшін де жасауға мүмкіндік береді.
-
Чертеж құжатында фронталды тілік жасаудың мысалын қарастырайық.
-
Компьютерді іске қосыңыз;
-
КОМПАС программасын іс кеқосыңыз;
-
Ассоциативті көріністер құжатын ашыңыз. Направляющая cdw.
-
ЛКМ көмегімен үстінен қараған көріністі Ағымдағы көрініс қойыңыз.
Ағымдағы көрініс сызбада үнемі жалғыз ғана болады. Бұл көріністе объектілерді енгізу, өңдеу және жою сияқты кез-келген амалдарды орындауға болады. Барлық жаңадан жасалған объектілер осы Ағымдағы көріністе сақталады. Ағымдағы көріністің жүйелік сызықтары үнемі шынайы түсімен (басты сызықтар – көк, жіңішкелері – қара) және стилімен бейнеленеді.
-
Компакт панеліндегі - Белгілер (обозначения) - - Тілік сызығы;
-
Глобалды бекіту - Ортасы (середина), Ортогональное черчение орнатыңыз;
-
Бекітуді ескере отырып, тілік сызығын салыңыз;
-
Көзқарас бағытын дұрыс беру үшін, Қасиеттер панеліндегі Бағыттауыштарды орнату (Расположение стрелок) – Сол жағынан бағыттауыштар басыңыз;
-
Объект жасаңыз;
-
Компакт панеліндегі - Ассоциативті көріністер - - Тілік/қима. Тілік сызығының кез-келген элементін нысанаға алыңыз (дұрыс көрсеткен кезіңізде объектің түсі өзгереді). Бұдан кейін экранда тілік бейнесінің тікбұрышты габарит түріндегі фантомы пайда болады. Ассоциативті көріністер сызбада проекциялық байланыста болады, сондықтан, орындалып жатқан тілік - үстінен қараған көрініс бойымен автоматты түрде вертикаль бағытта тегістеледі;
-
Бейнені үлкейтіңіз, және ЛКМ жібермей тұрып, суретте көрсетілгендей етіп, фантомды орнатыңыз;
-
ЛКМ басу арқылы А-А тілігін жасаңыз. Бұдан кейін жүйе оны ағымдағы етеді. Егер дұрыс тұрғыза алмасаңыз Болдырмау командасын қолданыңыз да тілікті қайтадан салыңыз;
-
ЛКМ басу арқылы А-А тілігінің белгілеулерін ерекшелеңіз, және ЛКМ жібермей тұрып, оны мәтіні тіліктің дәл үстінде тұратындай етіп орнатып алыңыз. Ерекшелеуді алып тастаңыз;
-
Тілікте, қию жазықтығына дейін орналасқан детальдардың контуры бейнеленбейді. ЛКМ арқылы басты көріністі ерекшелеңіз және ПКЛ арқылы контекстік мәзірді шақырыңыз да, Погасить (өшіру) таңдаңыз.
Өшірілген көрініс сызбада өзінің габаритті жақтауларымен ғана көрінеді, ал көріністің басқа элементтері көрінбейді. Мұндай көріністер кез-келген амалды орындау үшін толықтай қолжетімсіз;
-
Бейнені жаңартыңыз - . Фронтальды тілікті жасауға рұқсат берілді;
-
Салынған кескінді Фронталды тілік деген атпен сақтаңыз.
-
Фронталды тілік жасауға Фрагмент құжатында мысал қарастырайық.
Тілікті орындаудың бұл түрі - конструктордың форматқа сызғыш пен қалам арқылы орындағанымен бірдей. Мұндай тіліктерді жасаудың алгоритмі мынадай:
-
Детальдің, қиюшы жазықтыққа дейінгі контуры бейнеленбейді;
-
Детальдың көрінбейтін элементтерін көрсететін штрихталған сызықтар, көрінетін контурдағыдай тұтас негізгі сызықтармен алмастырылады;
-
Тілікке кіретін қиюшы фигура штрихталады. Штрихтау қиюшы жазықтықтың деталь материалын қиған жерінде орындалады.
Чертеж.Направляющая құжатында фронталды тілік тұрғызуды орындайық:
-
Компьютерді іске қосыңыз;
-
КОМПАС программасын іс кеқосыңыз;
-
Чертеж детали.frw құжатын ашыңыз;
-
Компакт панеліндегі - Белгілер (обозначения) - - Тілік сызығы;
-
Глобалды бекіту - Ортасы (середина), Ортогональное черчение орнатыңыз;
-
Бекітуді ескере отырып, тілік сызығын салыңыз;
-
Көзқарас бағытын дұрыс беру үшін, Қасиеттер панеліндегі Бағыттауыштарды орнату (Расположение стрелок) – Сол жағынан бағыттауыштар басыңыз;
-
Объект жасаңыз;
-
Редактирование – Қисықты қиып алу (Усечь кривую);
-
Өңделетін аймақты көрсетіңіз (маус нысанасы жойылуы керек сызықтағы сәйкес нүтелердің арасында орналасады). ЛКМ басып қажетсіз аймақтарды жойыңыз (қиюшы жазықтыққа дейінгі контур бейнеленбейді);
-
Команданы тоқтатыңыз;
-
Сызықты ЛКМ арқылы ерекшелеңіз де, ПКМ арқылы контекстік мәзірді шақырыңыз. Стилін өзгертуді басыңыз;
-
Ашылған терезед сызық стилін Негізгі басыңыз – ОК;
-
Құжаттың кез-келген бос жеріне ЛКМ басып ерекшеленуді алып тастаймыз. Штрихталған сызық Негізгіге ауысты. Детальдағы көрінбейтін контурлары енді көрінеді;
-
Осы әдіспен екінші штрихталған сызықтың стилін өзгертіңіз;
-
Геометрия - - Штрихтау;
-
Қасиеттер панелінде ЛКМ Стиль өрісінде басыңыз. Экранда стильді таңдау диалогы ашылады. ЛКМ арқылы Металл, штрихтау түсі – Қара, Қадам – 3 мм, Бұрыш – 45;
-
Штрихталатын аймақты көрестіңіз. Жүйе ең жақын шекараларды анықтап, автоматты түрде штрихталған бейненің фантомын тұрғызады;
-
Егер штрихтау аймағы дұрыс берілген болса, Арнайы басқару панелі арқылы Объект жасау кнопкасын басыңыз.
Егер нүктені көрсеткеннен кейін, жүйе белгіленген аймақты штрихтауды автоматты түрде орындамаса, онда геометриялық орындау кезінде қателіктер орын алған. Мұндай жағдайда, сызудың геометриясын түзетіп, штрихтауды қайтадан орындау керек.
-
Команданы тоқтатыңыз;
-
Компакт панеліндегі - Белгілер (обозначения) - - Мәтін енгізу;
-
Мәтінді ЛКМ арқылы фронталды тіліктің үстінен орнатыңыз, сонда жүйе мәтінді енгізу режиміне ауысады: экранда енгізу жақтауы пайда болады да, Қасиеттер панелінің құрамы өзгереді;
-
Қасиеттер панелінде Симолдың биіктігі өрісінде 7 мм енгізіңіз;
-
Мәтінді теріңіз;
-
Объект жасаңыз;
-
Жазуды ерекшелеп алып, фронталды тіліктің жоғары жағында орнатыңыз;
-
Алынған сызбаны «Фронталды тілік 2» деген атпен сақтаңыз. Направляющая.
-
Бұл терезені жаппай тұрып, - Фронталды тілік құжатын ашыңыз;
-
Мәзір – Терезе – Вертикаль мозаика. Әрбір терезені белсенді ете отырып, Барлығын көрсету (показать все) командасын орындаңыз. Алынған бейнелерді салыстырыңыз.
-
Тіліктерді салу ережесі бойынша, егер қиюшы жазықтық детальдың симметрия осімен сәйкес келсе және тілік басқа көріністердің проекциялық байланыстарында орналасса, онда сызбада бұл тіліктерді белгілемейді. Осылайша Фрагмент құжатындағы тілікті салғанда белгілеулер орнатпасақ та болады.
-
Чертеж құжатында қима сызығы фронталды тіліктерді автоматты түрде тұрғызу үшін қажет.
Тапсырма.
-
Құжаттарды ашыңыз:
-
«Чертеж. Основание.frw»;
-
«Ассоциативті көріністер. Основание. сdw» (№10 тәжірибе жұмысы) Основание деталінің фронталды тілігін салыңыз. Құжаты сақтаңыз.
Қолданылған әдебиеттер:
-
КОМПАС-3D V7: Руководство пользователя. Том I. – ЗАО АСКОН. 2004.
-
Сәйкес интернет ресурстар
12 тақырып. Жазық беттермен шектелген геометриялық денелерді жасау. Көпжақтылар.
Бізді қоршаған денелерге қарасаңыз, сіз олардың барлығы геометриялық денелердің формаларын немесе солардан құрастырылған дығын байқайсыз. Егер сіз қарапайым геометриялық денелердің үшөлшемді модельдерін жасауды үйреніп алсаңыз, онда оларды бірімен араластырып құрастыра отырып, күрделі формалы денелерді де сала алатын боласыз.
КОМПАС-3D жүйесінде көпжақты фигураларды жасауды қарастырайық (куб, параллелопипед, призма, пирамида, қиып алынған пирамида).
-
Куб – барлық жақтары квадрат болатын призма.
-
Компьютерді қосыңыз;
-
КОМПАС-3D программасын іске қосыңыз;
-
Деталь типті құжатын таңдаңыз;
-
Тұрғызу Ағашында ЛКМ арқылы ХҮ Жазықтығын таңдаңыз.
Үшөлшемді модельді жасау оның табанының эскизін салудан басталады. Сондықтан сіздер, үш жазықтықтың ішінен тұрғызуды орындайтын біреуін таңдауыңыз керек. Жазықтықтар экранда шартты түрде – осы жазықтықтарда жатқан тікбұрыштар түрінде көрінеді. Мұндай бейнелену, жазықтықтың кеңістіктегі орнын елестетуге көмектеседі. Сонымен бірге, сіздер жазықтықтың – шексіз екендігін ұмытпағаныңыз дұрыс;
-
Кескінді тұрғызатын жазықтық экранға параллель болуы керек. Компас жүйесі берілегн орынды автоматты түрде жасайды.
-
Ағымдағы күй құралдарындағы – Эскиз;
-
Түр құралдарында ағымдағы масштаб 1:1;
-
Биіктігі 40 мм және ені 40 мм болатын тікбұрыш салыңыз;
-
Команданы тоқтаыңыз;
-
Ағымдағы күй құралдарындағы – Эскиз. ЛКМ көмегімен үшөлшемді модельдеу режиміне өтіңіз;
-
Тұрғызу Ағашында - пиктограммасы жасыл түсті және экрандағы эскиз де жасыл түсті, яғни, объект ерекшеленген. Келесі амалдарды орындау керек. Егер пиктограмма көк түсті болса, ал экрандағы эскиз жасыл түсті болса, онда тұрғызу Ағашындағы эскизді ЛКМ көмегімен ерекшелеңіз;
-
Редактирование - - жаншып шығару;
-
Қасиеттер панеліндегі Параметр ішкі бетінен жаншудың түзу бағытын, тереңдігін – қашықтықта, Қашықтық (расстояние) өрісінде 1 мм, бұрыш 0-ге тең;
-
Қасиеттер панеліндегі Жұқа қабырға ішкі бетінде типін Жоқ көрсетіңіз;
-
Объект жасаңыз, Арнайы басқару панелі;
-
Түр құралдар панелінде Полутоновое;
Бұл панельде модельді бейнелеудің бірнеше типтерін таңдауға болады.
Бейнелеудің қандай типін таңдасаңыз да, ол модельдің қасиеттеріне ешқандай әсер етпейді. Мысалы, модельді каркас арқылы бейнелесеңіз де, ол қатты дене болып қала береді. Компас жүйесі бұйымды жан-жағынан қарауға мүмкіндік береді. Модельдің бағдарын өзгерту үшін Түр құралдар тақтасындағы модельді айналдыру командасын қолданыңыз. Курсордың түрі өзгергенін байқайсыз. Курсорды объектіге апарып, ЛКМ арқылы қалаған жағыңызға бұрасыз.
Кесте
Кнопка
|
Тип
|
Описание
|
Изображение
|
|
Каркас
|
Модельдің барлық қабырғалары мен сызықтар көрінеді
|
|
|
Көрінбейтін сызықтарынсыз
|
Контурдың көрінбейтін сызықтары бейнеленбейді
|
|
|
Көрінбейтін сызықтары жіңішке
|
Контурдың көрінбейтін сызықтары жіңішкерек бейнеленеді
|
|
|
Полутоновое бейне
|
Модельдің беттері оптикалық қасиеттерді сақтай отырып, бейнеленеді (түсі, жарқырауы және т.б.)
|
|
|
Полутоновое каркасымен
|
Полутоновое бейнесі мен көрінбейтін сызықтарынсыз бейнелердің бірігуінен пайда болған
|
|
|
Перспективасымен бейне
|
Модельдің беті оның сызықтық перспективаларын ескере отырып бейнеленеді
|
|
2. Пирамида – бұл, бір жағы (табаны) көпбұрыш болатын, ал қалған жақтары бір төбеде түйісетін үшбұрыштар болатын көпжақ.
-
Құжаттың Деталь типін таңдаңыз;
-
Тұрғызу Ағашында ЛКМ арқылы ХҮ Жазықтығын көрсетіңіз;
-
Бағдар Нормально к...;
-
Ағымдағы күй құралдар панелінен Эскиз;
-
Геометрия құралдар панелі;
-
Құралдар панеліндегі Түр М 1:1 масштабы;
-
Тікбұрыш кнопкасының Кеңейтілген командаларын ашып, Көпбұрыш басыңыз;
-
Координаттар басын көрсетіңіз;
-
Қасиеттер панелінде Төбелер саны өрісінде 3 енгізіңіз;
-
Сипатталған шеңбер бойымен қосқышын басыңыз;
-
Радиус өрісінде 30 енгізіңіз;
-
Ортогоналды сызу. Үшбұрышты суреттегідей етіп орнатыңыз;
-
Объект жасаңыз (объектіге ЛКМ басыңыз);
-
Команданы тоқтатыңыз;
-
Ағымдағы күй құралдар панелінен Эскиз;
-
Үшөлшемді модельдеу режиміне ауысыңыз;
-
Редактирование детали - - жаншу;
-
Қасиеттер панелінде Параметры ішкі бетінде жаншудың түзу бағытын, тереңдігін – қашықтықта (на расстояние) – Қашықтық1 өрісінде 40 мм, Еңістігі (уклон) 1 ішке қарай, Бұрыш 1 20,5 таңдаңыз;
-
Қасиеттер панеліндегі Жұқа қабырғадан жұқа қабырғаны тұғызуды Жоқ деп көрсетіңіз;
-
Объект жасаңыз;
3. Призма – екі жағы (табандары)- бірдей көпбұрыштар болатын, ал қалған жақтары - тікбұрыштар болып табылатын көпжақты.
-
Құжаттың Деталь типін таңдаңыз;
-
Тұрғызу Ағашында ЛКМ арқылы ХҮ Жазықтығын көрсетіңіз;
-
Бағдар Нормально к...;
-
Ағымдағы күй құралдар панелінен Эскиз;
-
Геометрия құралдар панелі;
-
Құралдар панеліндегі Түр М 1:1 масштабы;
-
Тікбұрыш кнопкасының Кеңейтілген командаларын ашып, Көпбұрыш басыңыз;
-
Координаттар басын көрсетіңіз;
-
Қасиеттер панелінде Төбелер саны өрісінде 6 енгізіңіз;
-
Сипатталған шеңбер бойымен қосқышын басыңыз;
-
Радиус өрісінде 30 енгізіңіз;
-
Ортогоналды сызу. Үшбұрышты суреттегідей етіп орнатыңыз;
-
Объект жасаңыз (объектіге ЛКМ басыңыз);
-
Команданы тоқтатыңыз;
-
Ағымдағы күй құралдар панелінен Эскиз;
-
Үшөлшемді модельдеу режиміне ауысыңыз;
-
Редактирование детали - - жаншу;
-
Қасиеттер панелінде Параметры ішкі бетінде жаншудың түзу бағытын, тереңдігін – қашықтықта (на расстояние) – Қашықтық1 өрісінде 40 мм, Еңістігі (уклон) 1 ішке қарай, Бұрыш 1 20,5 таңдаңыз;
-
Қасиеттер панеліндегі Жұқа қабырғадан жұқа қабырғаны тұғызуды Жоқ деп көрсетіңіз;
-
Объект жасаңыз;
-
Түр құралдар панеліндегі Полутоновое, Полутоновое с каркасом таңдаңыз.
Тапсырма.
-
Параллелопипедтің үшөлшемді моделін жасаңыз: биіктігі 30 мм, ұзындығы 70 мм, 40 мм жаншу.
-
Төртбұрышты қиық пирамиданың үшөлшемді моделін жасаңыз: қолданылған шеңберінің радиусы 25 мм, биіктігі 50 мм, еңістігі1 ішке қарай, бұрыш1 20.
-
Бесбұрышты призманың үшөлшемді моделін жасаңыз: қолданылған шеңберінің радиусы 30 мм, биіктігі 70 мм.
Қолданылған әдебиеттер:
-
КОМПАС-3D V7: Руководство пользователя. Том I. – ЗАО АСКОН. 2004.
-
Сәйкес интернет ресурстар
13 тақырып. Қисық жазықтықтармен шектелген геометриялық денені жасау. Айналу денелері.
Айналу денелері дегеніміз – геометриялық фигураны немесе оның қандай да бір бөлігін ось бойымен айналдыру арқылы алынған геометриялық денелер.
Айналу денесін жасау: цилиндр, конус, қиық конус – Компас жүйесінде екі жолмен алынады: айналдыру және жаншып шығару.
Айналу денелерін жасау: шар, тор, глобоид – Компас жүйесінде тек айналдыру арқылы тұрғызылады.
Ал, жаншып шығару көпжақтыларды тұрғызғанмен бірдей. Берілген денелерді айналдыру тәсілі арқылы тұғызып көрейік.
-
Цилиндр – тікбұрыштың бір қабырғасы арқылы айналуынан пайда болған геометриялық дене.
-
Компьютерді іске қосыңыз;
-
Компас редакторын қосыңыз;
-
Құжаттың Деталь типін таңдаңыз;
-
Тұрғызу Ағашында ЛКМ арқылы ХҮ Жазықтығын көрсетіңіз;
-
Бағдар Нормально к...;
-
Ағымдағы күй құралдар панелінен Эскиз;
-
Геометрия құралдар панелі;
-
Құралдар панеліндегі Түр М 1:1 масштабы;
-
Стилі Осьтік, ұзындығы координата бас нүктесінен бастап 50 мм болатын вертикаль кесінді тұрғызыңыз;
-
Стильді Негізгіге ауыстырыңыз;
-
Команданы тоқтатыңыз;
-
Кесіндіні үздіксіз енгізу және ортогональды сызу арқылы ұзындығы 20 мм, биіктігі 50 мм болатын тікбұрыштың эскизін тұрғызыңыз;
-
Команданы тоқтатыңыз;
-
Ағымдағы күй құралдар панелінен Эскиз;
-
Үшөлшемді модельдеу режиміне ауысыңыз;
-
Редактирование детали - - жаншу, - Айналдыру операциясы;
-
Қасиеттер панеліндегі Жұқа қабырғадан жұқа қабырғаны тұғызуды Жоқ деп көрсетіңіз;
-
Объект жасаңыз;
-
Түр құралдар панеліндегі Полутоновое, Полутоновое с каркасом таңдаңыз.
-
Мәзір қатарынан Сервис – Параметры, ЛКМ бассаңыз диалог терезесі ашылады, онда Ағымдағы деталь – Точность отрисовки и МЦХ (массо-центровая характеристика) көрсетіңіз. Анықтама диалог өрісінде бейнелеу дәлдігінің шартты коэфициенті көрсетіліп тұрады – үшбұрыщтардың саны, ал қарап шығу терезесінде – таңдап алынған дәлдікке сәйкес сфера бетінің бейнесі көрсетіліп тұрады. ЛКМ арқылы Точно орнатыңыз. Суреті мен есептеулерінің дәлдігін орнатып болған соң, ОК басыңыз. Дәлдік жоғары болған сайын бейне де анық болады.
-
Жүйе цилндрдің формасын автоматты түрде анықтап алды;
-
Шар – шеңбердің жартысын, оның центрі арқылы өтетін осі бойымен айналдыру арқылы алынған геометриялық дене.
-
Құжаттың Деталь типін таңдаңыз;
-
Тұрғызу Ағашында ЛКМ арқылы ХҮ Жазықтығын көрсетіңіз;
-
Бағдар Нормально к...;
-
Ағымдағы күй құралдар панелінен Эскиз;
-
Геометрия құралдар панелі;
-
Құралдар панеліндегі Түр М 1:1 масштабы;
-
Стилі Осьтік, ұзындығы координата бас нүктесінен бастап 20 мм болатын вертикаль кесіндіні жоғары және төмен қарай тұрғызыңыз;
-
Стильді Негізгіге ауыстырыңыз;
-
Команданы тоқтатыңыз;
-
Доға - . Координата бас нүктесін ЛКМ арқылы көрсетіңіз- доғаның центрі;
-
Ось сызығының жоғарғы нүктесін көрсетіңіз (ең жақын нүкте – глобалды бекіту орнайды);
-
Команданы тоқтатыңыз;
-
Ағымдағы күй құралдар панелінен Эскиз;
-
Үшөлшемді модельдеу режиміне ауысыңыз;
-
Редактирование детали - - жаншу, - Айналдыру операциясы;
-
Қасиеттер панеліндегі параметрлер ішкі бетінде тұрғызу тәсілі – Сфероид, айналу бағыты 360 көрсетіңіз;
-
Қасиеттер панеліндегі Жұқа қабырғадан жұқа қабырғаны тұғызуды Жоқ деп көрсетіңіз;
-
Объект жасаңыз;
-
Түр құралдар панеліндегі Полутоновое, Полутоновое с каркасом таңдаңыз.
-
Мәзір қатарынан Сервис – Параметры, ЛКМ бассаңыз диалог терезесі ашылады, онда Ағымдағы деталь – Точность отрисовки и МЦХ (массо-центровая характеристика) көрсетіңіз. ОК басыңыз.
-
Тор – шеңбердің, одан тыс жерде орналасқан ось бойымен айналуынан пайда болған геометриялық дене.
-
Құжаттың Деталь типін таңдаңыз;
-
Тұрғызу Ағашында ЛКМ арқылы ХҮ Жазықтығын көрсетіңіз;
-
Бағдар Нормально к...;
-
Ағымдағы күй құралдар панелінен Эскиз;
-
Геометрия құралдар панелі;
-
Құралдар панеліндегі Түр М 1:1 масштабы;
-
Стилі Осьтік, ұзындығы координата бас нүктесінен бастап 20 мм болатын вертикаль кесіндіні жоғары және төмен қарай тұрғызыңыз;
-
Стильді Негізгіге ауыстырыңыз;
-
Команданы тоқтатыңыз;
-
Көмекші түзулер кнопкасын басқанда ашылатын Кеңейтілген командалар панелінде Параллель түзулер таңдаңыз;
-
Вертикалды ось сызығын көрсетіп, оны 40 мм қашықтыққа екі параллельге ажыратыңыз. Сол жақтағы түзу сызықты орнатыңыз;
-
Шеңбер - .
-
Тегістеу (выравнивание) глобалды бекіту орнатыңыз;
-
Шеңбердің центрін тауып алыңыз;
-
Радиусы 20 мм болатын шеңбер тұрғызыңыз;
-
Команданы тоқтатыңыз;
-
Ағымдағы күй құралдар панелінен Эскиз;
-
Үшөлшемді модельдеу режиміне ауысыңыз;
-
Редактирование детали - - жаншу, - Айналдыру операциясы;
-
Қасиеттер панеліндегі параметрлер ішкі бетінде тұрғызу тәсілі көрсетілмейді. Өйткені мұндай тұрғызу кезінде эскизді тұрғызу үшін тек қана (тор) – айналу осі бойымен тесігі бар элемент арқылы ғана салуға болады, айналу бағыты 360 көрсетіңіз;
-
Қасиеттер панеліндегі Жұқа қабырғадан жұқа қабырғаны тұғызуды Жоқ деп көрсетіңіз;
-
Объект жасаңыз;
-
Түр құралдар панеліндегі Полутоновое, Полутоновое с каркасом таңдаңыз.
-
Мәзір қатарынан Сервис – Параметры, ЛКМ бассаңыз диалог терезесі ашылады, онда Ағымдағы деталь – Точность отрисовки и МЦХ (массо-центровая характеристика) көрсетіңіз. ОК басыңыз.
Тапсырма.
-
Айналдыру арқылы биіктігі 20 мм, радиусы 15 мм болатын толық конусты тұрғызыңыз.
-
Айналдыру арқылы биіктігі 40 мм, төменгі табанының радиусы 20 мм болатын, ал жоғарғы табанының радиусы 10 мм болатын қиық конусты тұрғызыңыз.
-
Жаншу арқылы радиусы 30 мм, жаншы қашықтығы 60 мм, Уклон1 ішке қарай, Бұрыш1 26,5 болатын толық конус тұрғызыңыз;
-
Жаншу арқылы радиусы 20 мм, жаншы қашықтығы 45 мм, Бұрыш1 0 болатын цилиндр тұрғызыңыз;
9 Өздік жұмыстардың тапсырмалары
1 Тақырып
-
Проекция әдісі. Центрлік және параллель проекциялау. Екі және үш проекция жазықтықтары жүйесіндегі нүктенің проекциялары. Жүйені келтіру және жұмыс параметрлерін орнату.
-
Центрлік проекциялау қасиеттері.
-
Параллель проекциялау қасиеттері.
Әдістемелік нұсқаулар – осы тақырып бойынша қысқаша конспект жазу. Координаттық сызбада тұрғызуларды игеру.
Негізгі әдебиет: (1 нег [8-20]), (2 нег [4-30])
Қосымша әдебиет: (2 қос. [7-14]).
Бақылау сұрақтары:
-
Центрлік проекциялаудың қасиеттерін айтып беріңіз.
-
Параллель проекциялаудың қасиеттерін айтып беріңіз.
-
Сызбаларға қойылатын негізгі талаптарды айтып беріңіз.
-
Нүктенің ортогональ проекциясы дегеніміз не?
2 Тақырып
-
Монж эпюрінде берілген жалпы және дербес жағдайдағы түзулер. Түзудің іздері. Түзу мен нүктенің өзара орналасуы.
-
Түзудің проекциясы.
-
Жалпы және дербес жағдайдағы түзулер.
-
Түзудің іздері.
Әдістемелік нұсқаулар – эпюрде нүкте, түзулерді сала білу керек.
Негізгі әдебиет: (1 нег [21-22]), (2 нег [31-34])
Қосымша әдебиет: (1 қос. [15-17]).
Бақылау сұрақтары:
-
Монж эпюрінде берілген жалпы жағдайдағы түзулер.
-
Монж эпюрінде берілген дербес жағдайдағы түзулер.
-
Қандай түзулер деңгейлік деп аталады?
-
Қандай түзулерді проекциялаушы деп атайды?
-
Түзудің іздері дегеніміз не?
3 Тақырып
-
Жазықтың проекциясы.
-
Жалпы және дербес жағдайдағы жазықтықтар.
-
Жазықтықтың іздері.
Әдістемелік нұсқаулар – эпюрде нүкте, жазықтықтарды сала білу керек.
Негізгі әдебиет: (1 нег [35-42]), (2 нег [40-49])
Қосымша әдебиет: (1 қос. [19-20]).
Бақылау сұрақтары:
-
Монж эпюрінде берілген жалпы жағдайдағы жазықтықтар.
-
Монж эпюрінде берілген дербес жағдайдағы жазықтықтар.
-
Жазықтықтың іздері дегеніміз не?
-
Комплекстік сызбада жазықтықтардың графикалық берілуін атап айтыңыз және сызып көрсетіңіз.
4 Тақырып
-
Позициялық есептер. Нүктенің, түзудің және жазықтықтың өзара орналасуы. Бәсекелес нүктелер. Эпюрде көрінетіндікті анықтау.
-
Түзудің және жазықтықтың өзара орналасуына қатысты есептерді шығару.
-
Көрінетіндікті анықтау.
Әдістемелік нұсқаулар – нүктенің түзуге, жазықтыққа тиістілігін, түзу мен жазықтықтың, екі түзудің, екі жазықтықтың өзара орналасуларын анықтау есептерін шешуді үйрену.
Негізгі әдебиет: (1 нег [43-62]), (2 нег [40-66])
Қосымша әдебиет: (1 қос. [20-29]).
Бақылау сұрақтары:
-
Түзу қай кезде жазықтыққа тиісті болады?
-
Нүкте қай кезде жазықтыққа тиісті болады?
-
Жазықтықтың басты сызықтарын атап, сызып көрсетіңіз.
-
Қандай жағдайда түзу жазықтыққа параллель болады?
-
Сызбада екі жазықтықтың параллельдігін қалай анықтауға болады?
5 Тақырып
-
Көпжақтар. Көпжақтардың сызбалары. Көпжақтың жазықтықпен қиылысуы.
-
Көпжақтың жазықтықпен қиылысуы сызығын анықтауға есептер шығару.
Әдістемелік нұсқаулар – көпжақтардың проекцияларын сала білу, нүктенің көпжаққа тиістілігін анықтау есептерін, көпжақтың жазықтықпен қиылысу сызығын анықтау тәсілдерін меңгеру.
Негізгі әдебиет: (1 нег [95-116]), (2 нег [11-146])
Қосымша әдебиет: (1 қос. [37-57]).
Бақылау сұрақтары:
-
Қандай беттерді көпжақтар дейміз?
-
Қандай көпжақтарды дұрыс көпжақтар дейміз?
-
Көпжақты дербес жағдайда орналасқан жазықтықпен қиюдың мәнін түсіндіріңіз.
-
Көпжақты жалпы жағдайда орналасқан жазықтықпен қиюдың мәнін түсіндіріңіз.
6 Тақырып
-
Көпжақтар. Көпжақтардың сызбалары. Көпжақтың түзумен жазықтықпен қиылысуы. Көпжақтардың өзара қиылысуы.
-
Екі көпжақтың өзара қиылысуына қатысты есептер шығару.
Әдістемелік нұсқаулар – көпжақтардың түзумен және екі жазықтықтың қиылысуларын анықтайтын есептерді шешіп үйрену.
Негізгі әдебиет: (1 нег [95-116]), (2 нег [11-146])
Қосымша әдебиет: (1 қос. [37-57]).
Бақылау сұрақтары:
-
Көпжақ пен түзудің қиылысу нүктесін тұрғызудың алгоритмін айтып беріңіз.
-
Көпжақтардың өзара қиылысуын тұрғызудың екі әдісінің мәнісін түсіндіріңіз.
7 Тақырып
-
Метрикалық есептерді шығару.
-
Тік бұрыштың тік бұрышты проекциясы туралы теорема.
-
Екі түзудің, түзу мен жазықтың, екі жазықтықтың перпендикулярлығы.
-
Аралық бақылау.
Әдістемелік нұсқаулар – метрикалық есептерді шығаруды үйрену, тік бұрыштың тік бұрышты проекциясы туралы теореманы білу, екі түзудің, түзу мен жазықтықтың, екі жазықтықтың перпендикулярлығы шарттарын білу.
Негізгі әдебиет: (1 нег [27,60-62]), (2 нег [40-56])
Қосымша әдебиет: (1 қос. [20-29]).
Бақылау сұрақтары:
-
Қандай есептерді метрикалық деп атайды?
-
Тік бұрыштың тік бұрышты проекциясы туралы теореманы айтып беріңіз.
-
Түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығы шарттарын айтып беріңіз.
-
Қай кезде тік бұрыш горизонталь проекция жазықтығына бұрмалаусыз проекцияланады?
-
Екі жазықтықтың перпендикулярлығы шарттарын айтып беріңіз.
-
Кесіндінің нақты шамасын қалай анықтайды?
8 Тақырып
-
Жазық параллель ығыстыру тәсілімен метрикалық есептерді шығару.
-
Жазық параллель ығыстыру тәсілінің инварианттары.
-
Түрлендіру тәсілдерімен шығарылатын негізгі төрт есеп.
-
Жазық фигураның нақты шамасын жазық параллель ығыстыру тәсілімен анықтау үшін орындалатын графикалық тұрғызулардың ретіне байланысты есептерді шығару.
Әдістемелік нұсқаулар – тақырып бойынша материалдар жинақтап, жазық параллель ығыстыру тәсілінің инварианттарын білу.
Негізгі әдебиет: (1 нег [27,60-62]), (2 нег [40-56])
Қосымша әдебиет: (1 қос. [20-29]).
Бақылау сұрақтары:
-
Жазық параллель ығыстыру тәсілінің инварианттары.
-
Жазық параллель ығыстыру тәсілінің мәнін түсіндір.
-
Түрлендіру тәсілдерімен шығарылатын негізгі төрт есепті атаңыз.
-
Жазық фигураның нақты шамасын жазық параллель ығыстыру тәсілімен анықтау үшін орындалатын графикалық тұрғызулардың ретін атаңыз.
9 Тақырып
-
Проекция жазықтықтарын алмастыру, проекциялаушы және деңгей түзуден айналдыру тәсілдерімен метрикалық есептерді шығару.
-
Проекция жазықтықтарын алмастыру тәсілінің, проекциялаушы түзуден және деңгей түзуінен айналдыру тәсілдерінің инварианттарын қолдану.
Әдістемелік нұсқаулар – тақырып бойынша материалдар жинақтап, проекция жазықтықтарын алмастыру тәсілін, проекциялаушы түзуден және деңгей түзуінен айналдыру тәсілдерінің инварианттарын білу.
Негізгі әдебиет: (1 нег [65-95]), (2 нег [94-110])
Қосымша әдебиет: (1 қос. [29-37]).
Бақылау сұрақтары:
-
Проекция жазықтықтарын алмастыру тәсілдерінің мәнін түсіндіру.
-
Проекциялар жазықтығын бір рет алмастыруды қажет ететін есептерді қалай атаймыз.
-
Проекциялар жазықтығын екі рет алмастыруды қажет ететін есептерді қалай атаймыз.
-
Проекциялар жазықтығына перпендикуляр осьтен айналдыру тәсілінің мәні неде?
-
Проекциялар жазықтығын алмастыру арқылы жазық фигураның натурал шамасын анықтағандағы графикалық тұрғызулар алгоритмін көрсетіңіз.
10 Тақырып
-
Беттер. Беттің анықтауышы. Беттерді құрастыру.
-
Қисық сызықтардың түрлері.
-
Беттердің очерктерін салу.
-
Бетке тиісті нүкте немесе сызықтың жетіспейтін проекцияларын анықтау.
Әдістемелік нұсқаулар – тақырып бойынша материалдар жинақтап, қисық сызықтардың түрлерін білу, беттердің очерктерін салу тәсілдерін білу, бетке тиісті нүкте немесе сызықтың жетіспейтін проекцияларын анықтау тәсілін білу.
Негізгі әдебиет: (1 нег [117-162]), (2 нег [67-93])
Қосымша әдебиет: (1 қос. [57-84]).
Бақылау сұрақтары:
-
Қандай қисықтар алгебралық және трансценденттік деп аталады?
-
Қисықтың қандай нүктелері ерекше нүктелерге жатады?
-
Беттің анықтауышы деген не?
-
Айналу беттерінің негізгі қасиеттерін атаңыз.
-
Қандай бұрама беттер геликоид деп аталады?
-
Бетке тиісті нүктені немесе сызықты қалай тұрғызуға болады?
11 Тақырып
-
Беттердің дербес және жалпы жағдайдағы жазықтықтармен қиылысуы.
-
Түзудің бетпен қылысу нүктелерін анықтау.
Әдістемелік нұсқаулар – тақырып бойынша материалдар жинақтап, метрикалық есептерді шеше білу, кесінділердің, жазық денелердің нақты шамаларын сызбаны түрлендіру тәсілдерін қолдана отырып таба білу.
Негізгі әдебиет: (1 нег [117-162]), (2 нег [67-93])
Қосымша әдебиет: (1 қос. [57-84]).
Бақылау сұрақтары:
-
Беттің проекциялаушы жазықтықтармен қиылысу сызығының нүктелерін анықтаудың жалпы қадамдарын атап шығыңыз.
-
Беттің жалпы жағдайдағы жазықтықтармен қиылысу сызығының нүктелерін анықтаудың жалпы қадамдарын атап шығыңыз.
-
Бет пен жазықтықтың қиылысу сызығының қандай нүктелері «тірек нүктелері» деп аталады?
-
Айналу конусын жазықтықпен қиғанда шеңбер, эллипс, гипербола, парабола, қиылысатын түзулер, нүкте болатын шарттарын атап шығыңыздар.
-
Конустық қиманың ең жоғарғы және ең төменгі нүктелерін тұрғызу.
12 Тақырып
-
Айналу беттерінің қиылысуы.
-
Қиюшы жазықтықтармен сфералар тәсілдері.
Әдістемелік нұсқаулар – беттердің қиылысу сызықтарын тұрғызу әдістері.
Негізгі әдебиет: (1 нег [191-200]), (2 нег [131-145])
Қосымша әдебиет: (1 қос. [103-116]).
Бақылау сұрақтары:
-
Еттердің қиылысу сызығын тұрғызудың негізгі әдістерін атаңыз.
-
Беттердің қиылысу сызығын тұрғызу кезінде қосымша қиюшы жазықтықтар және сфераларды таңдаудың жалпы принципін атаңыздар.
-
Қандай жағдайда айналу беттері шеңберді бойлай қиылысады?
-
Беттердің қандай қиылысуы толық және толық емес деп аталады?
-
Беттердің жазықтықпен қиылысу сызығының қандай нүктелері тірек нүктелері деп аталады?
13 Тақырып
-
Беттердің жаймаларын салу.
-
Көпжақтың жаймасын салу.
-
Конус пен цилиндрдің жаймаларын графикалық тұрғызу.
Әдістемелік нұсқаулар – беттердің жаймаларын тұрғызу әдістерін игеру керек.
Негізгі әдебиет: (1 нег [201-207]), (2 нег [105-110])
Қосымша әдебиет: (1 қос. [117-123]).
Бақылау сұрақтары:
-
Беттің жаймасы деп нені айтады?
-
Қандай беттер жайылатын деп, қандай беттер жайылмайтын деп аталады?
-
Жаймалардың негізгі қасиеттерін атаңыздар.
-
Конус пен цилиндрдің жаймаларын графикалық тұрғызу ретін айтып беріңіз.
-
Беттің аппрокимациясы деп нені айтады?
-
Көпжақтың жаймасын салудың қандай тәсілдерін білесіздер?
14 Тақырып
-
Сандық белгілері бар проекцияларда есептер шығару.
-
Жер жұмыстарының шекараларын анықтау.
Әдістемелік нұсқаулар – сандық белгілері бар проекцияларда позициялық және метрикалық есептерді шығара білу керек.
Негізгі әдебиет: (1 нег [290-300]), (2 нег [148-152])
Қосымша әдебиет: (1 қос. [317-318]).
Бақылау сұрақтары:
-
Түзудің көлбеулігі мен интервалы деп нені атайды?
-
Түзуді бөліктеу дегеніміз не?
-
Жазықтық масштабының көлбеулігі деген не?
-
Жазықтықтың горизонтальдары көлбеулік масштабқа қалай орналасқан?
-
Қандай бұрышты жазықтықтың еңіс бұрышы дейміз?
-
Қандай бұрышты жазықтықтың созылым бұрышы дейді?
15 Тақырып
-
Сандық белгілері проекцияларда есептер шығару.
-
Жер жұмыстарының шекараларын анықтау.
-
Аралық бақылау.
Әдістемелік нұсқаулар – сандық белгілері бар проекцияларда позициялық және метрикалық есептерді шығара білу керек.
Негізгі әдебиет: (1 нег [301-321]), (2 нег [152-175])
Қосымша әдебиет: (1 қос. [319-324]).
Бақылау сұрақтары:
-
Беттің горизонталі деген не?
-
Бет пен түзудің қиылысу нүктелерінің схемасын келтір.
-
Жазықтық пен топографиялық беттің қиылысу сызығы қалай тұрғызылады?
-
Сызбада конустық, цилиндрлік және топографиялық бетті салыңыз.
-
Қандай сызбаны топографиялық беттің профилі деп атайды?
10 Білім алушылардың оқытушымен өздік жұмысына кеңес беру кестесі
Барлық сұрақтар бойынша кеңес ағымдағы семестрдегі білім алушылардың оқытушымен өздік жұмысының кестесіне сәйкес жүргізіледі.
11 Білім алушылардың білімдерін тексерудің кестесі
Барлық дәрістер, тәжірибелік және лабораториялық жұмыстарға қатысып, тапсырмаларды уақытында орындау 0-100 баллмен бағаланады.
Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
-
№
|
СӨЖ түрі
|
Бақылау түрі
|
Сағаттың көлемі
| -
|
Дәрістерді талқылау. Қосымша материалдарды оқу.
|
Ауызша сұрау, межелік бақылау
|
15
| -
|
Тәжірибелік жұмыстарға дайындалу, есептерді рәсімдеу.
|
Бақылау сұрақтар, есеп
|
15
| -
|
Үй тапсырмаларын орындау
|
Жазбаша есеп
|
15
| -
|
Бақылау жұмыстарға дайындалу және қатысу
|
межелік бақылау, емтихан
|
15
|
Барлығы
|
60
|
Достарыңызбен бөлісу: |