Кафедра меңгерушісі Джарасова Г. С


№17 Практикалық жұмыс. Жердің көлемді суретін салу



бет14/20
Дата09.06.2016
өлшемі7.12 Mb.
#124772
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20

№17 Практикалық жұмыс. Жердің көлемді суретін салу


Ellipse (Эллипс) құрал-сайманын таңдап алып, екі бірдей дөңгелек салыңыз (209-сурет).

209-сурет


Дөңгелектің бірін белгілеп, Texture Fill (Текстурная заливка) құрал-сайманын таңдап алсаңыз, келесі сұхбат терезе ашылады (210-сурет).

210-сурет


Ашылған сұхбат терезеде Texture Library (Библеотека текстур) кітапханасынан Styles кітапханасын, ал Texture List (Список текстур) кітапханасынан Satellite Photography (Спутниковая фотография) кітапханасын таңдап, параметрлерін беріңіз. Сонда келесідей Жер пайда болады (211-сурет).

211-сурет


Енді планетамызға көлем беру жұмысына кірісейік. Ол үшін екінші дөңгелекті белгілеп, Fountain Fill Dialog (Диалоговое окно градиентной заливки) құрал-сайманын таңдап алып, келесі параметрлерді беріңіз, яғни типін радиалды, қарадан-аққа, ортасы сол жақ жоғарғы бұрышқа ығысу деп береміз (212-сурет).

212-сурет


Екінші дөңгелекті бірінші дөңгелектің үстіңгі жағына орналастырамыз. Градиентті боялған дөңгелекті белгілеп, оған Interactive Transperency (Интерактивная прозрачность) құрал-сайманын пайдаланып мөлдірлеу эффектісін қолданамыз. Параметрі төменде көрсетілген (213-сурет).

213-сурет
Нәтижесінде жер екінші дөңгелектің бетінен көрінеді (214-сурет).

Енді бұл дайын болған көлемді объектіге қара фон, яғни түнгі аспан мен жұлдыздар жетіспейді. Оны өздеріңіз салыңыздар. Нәтижесі төменде көрсетілген (215-сурет).


214-сурет 215-сурет (нәтиже)



№18 Практикалық жұмыс. «Қанды бояу» эффектісін жасау


Text (Текст) құрал-сайманын таңдап алып, стандартты қаріптердің типінен Arial Black түрін таңдап алыңыз, мөлшерін де үлкендеу етіп алыңыз (216- сурет).

216-сурет


Shape (Форма) құрал-сайманының көмегімен қанның бейнесін жасау қажет. Бірақ бұл әрекетті жасамастан бұрын мәтінді «қисық» түріне келтіріп алыңыз. Ол үшін Pick (Выбор) құрал-сайманын таңдап алып, мәтінге тышқанның оң жақ батырмасын басып, Convert To Curves (Перевести в кривые) командасын таңдап алыңыз (217-сурет).

217-сурет


Shape (Форма) құрал-сайманын таңдап алып, ағылған әріп эффектісін келтіріңіз (218-сурет).

218-сурет
Енді мәтінді бояуға кірісейік. Параметрін төменде көрсетілген бойынша береміз (219-сурет).

219-сурет


Interactive Extrude (Интерактивный псевдообъем) құрал-сайманын таңдап алып, Lighting (Освещение) батырмасын басып, бірінші шамның суретін белгілеңіз. Параметрі төменде көрсетілген (220-сурет).

220-сурет


Келесі Bevels (Скосы) батырмасын басып, Use Bevel (Использовать скос) батырмасына жалауша қойыңыз да, төмендегі параметрлерді енгізіңіз (221- сурет).

221-сурет


Жұмыстың соңғы кезеңі көлеңке жасау болып табылады. Ол үшін объектілерді топтаңыз да, Interactive DropShadow (Интерактивная тень) құрал-сайманын келесі параметрлерімен беріңіз (222-сурет).

222-сурет

Жұмыс аяқталды, нәтижесі төменде 223-суретте көрсетілген.

223-сурет (нәтиже)



№19 Практикалық жұмыс. Мәтінмен жұмыс жасау


Text (Текст) құрал-сайманын таңдап алып - a_Concepto TitulBroken қаріп түрін және мөлшерін 72 пункт етіп алыңыз (224-сурет).

224-сурет

Shape(Форма) құрал-сайманын таңдап алып, мәтіннің ұштарын ұзартамыз. Ол үшін ең алдымен мәтінді Pick (Выбор) құрал-сайманымен белгілеп, мәтінге тышқанның оң жақ батырмасын басып, Convert To Curves (Перевести в кривые) командасын таңдап алыңыз.

Енді Shape(Форма) құрал-сайманымен жұмыс істей беруге болады. Нәтижесі төменде көрсетілген (225-сурет).



225-сурет


Енді бояуға көшейік. Бояудың ашық көк түсін таңдап алу керек.

Texture Fill Dialog (Диалоговое окно текстурной заливки) құрал-сайманын алып, ашылған сұхбат терезеде текстура кітапханасынан – Samples 6, текстураның ішінен - Oatmeal түрін таңдап алыңыз (226-сурет). Нәтижесі 227- суретте көрсетілген.



226-сурет 227-сурет
Жазуға көлеңке қосу арқылы, мәтіннің тереңдігін береміз. Ол үшін Interactive DropShadow (Интерактивная тень) құрал-сайманын алып, көлеңке жүргізіңіз және көлеңкенің түсін көгілдір түске өзгертіңіз (228-сурет).

228-сурет


Эффект жасаудың негізгі кезеңі орындалды. Мәтіннің тереңдігі мен жазудың жылтырлығын беру қажет.

Ендігі жұмыс осы мәтінді мұзға айналдыру болып табылады. Ол үшін Interactive Distortion (Интерактивная деформация) құрал-сайманын таңдап алып, мәтінді белгілеп, біраз жоғарыға тартыңыз (229-сурет).



229-сурет
Енді күнге шағылысқанда мұзда пайда болатын сәуле эффектісін келтіру керек. Ол үшін Polygon (Многоугольник) құрал-сайманын алып, жұлдызша салыңыз да ұштарын Pick (Выбор) құрал-сайманының көмегімен ұзартыңыз (230-сурет).

Дайын болған объектіні белгілеп, Arrange → Shaping → Weld (Расположение

→ Изменение формы → Объеденить) командасын орындап объектілерді біріктіріңіз (231-сурет).

Объектіні ашық көк түске бояп, сыртқы контурын Outline (Обводка) құрал- сайманының ішінен No Outline(Удалить обводку) құрал-сайманының көмегімен алып тастаңыз.

Сәулеге тереңдік беру үшін Interactive DropShadow (Интерактивная тень) және Interactive Transparency (Интерактивная прозрачность) құрал – саймандарын қолданыңыз (232-сурет).

230-сурет. 231-сурет 232-сурет Дайын болған сәуленің бірнеше көшірмесін алып мәтіннің әрбір жеріне

орналастырыңыз (233-сурет).

233-сурет (нәтиже).


3 тақырып. Анимация құру құралдары Flash– технологиясы. Web-кескіндерді өңдеу: HTML құралдарымен; Macromedia Flash бағдарламасы құралдарымен. 3D Studio Max бағдарламасы.

20 Практикалық тапсырма. Мәтінмен жұмыс істеу

Macromedіa Flash программасы фильмге мәтіндік элементті қойып, қасиеттерін беруге және жөндеуге мүмкіндік береді. Баспа жүйелеріне және иллюстрациялар құруға арналған басқа да программалар тәрізді Flash ортасында сол бетте орналасқан мәтінге қатысты мәтінді беттің кез келген жеріне орналастыруға болады. Ол үшін кестелер немесе ұяшықтар құрудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, мәтіннің өлшемін өзгерту, бұру және бұрмалау мүмкіндіктері қарастырылған. Енгізілген мәтіннің түсін, стилін өзгертіп, оны туралауға да болады. Графикалық объект сияқты мәтін әр түрлі формада болуы мүмкін.

Мәтінді графикалық объектіге түрлендіріп, оған векторлық графиканың барлық мүмкіндіктерін қолдануға болады. Сонымен қатар, мәтін анимациялық объект те бола алады. Flash ортасында мәтіннің үш түрі құрылады: статикалық мәтін; динамикалық мәтін; енгізу өрісі.

Мәтіннің типі объектілер инспекторы терезесінің көмегімен беріледі. Оны экранға шақыру үшін Window-Properties командасын орындау қажет. Нәтижесінде «қасиеттер» терезесі (234-сурет) ашылады.

234-сурет. Қасиеттер терезесі
Text type ашылатын тізімінің опциялары мәтіннің типін анықтауға мүмкіндік береді. Ал, Properties панелі мәтіннің әрбір түріне қажетті параметрлер жиынтығын береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет