1) R (көтергіш қабілеттілігін жоғалту) – кейінгі пайдалану мүмкін болмайтын құрылымның қирауы немесе деформациясы;
2) Е (тұтастықты жоғалту) – құрылымдарда жану өнімдері немесе жалын өтетін өтпелі жарықтар немесе өтпелі тесіктер түзілуі;
3) I (жылу оқшаулағыш қабілеттілігін жоғалту) – құрылымның қыздырылмайтын бетіндегі температураның орташа есеппен 140 0С-тан жоғары немесе кез келген нүктесінде 180 0С-тан жоғары температураға көтерілуі .
2. Өртті сөндіру. Өрт сөндіру тәсілдері және отсөндіруші заттар
Жануды болдырмау немесе тоқтату үшін, оның қажетті үш шартының біреуін болдырмау қажет: жанушы зат, тотықтырғыш, тұтандыру көзі.
Өртті сөндіру тәсілдері:
1) тотықтырғыштың жану аймағына немесе жанушы затқа жетімділігін тоқтату немесе оның көлемін жану мүмкін болмайтындай көлемге дейін шектеу;
2) жанушы заттың температурасын тұтану температурасынан төмен деңгейге дейін төмендету немесе жану аймағын салқындату;
3) жану реакциясын тежеу;
4) жалынды отсөндіруші заттың күшті ағынымен механикалық өшіру.
Жануды тоқтатушы заттар немесе материалдар ретінде мыналар қолданылады:
1) су, химиялық және ауа-механикалық көбік;
2) тұздардың сулы ерітінділері;
3) инертті және жанбайтын газдар;
4) су буы;
5) галоидты-көмірсутегілі қоспалар.
Отсөндіруші заттардың жіктелім көрсеткіштері 1-суретте келтірілген.
Сурет 1
3. Өрт сөндіру құралдары мен техникасы
Бірінші қолданылатын өрт сөндіру құралдарына жататын жабдықтар: шланг және стволмен жабдықталған өрт крандары, әр типті от сөндіргіштер, құм толтырылған жәшіктер, керекті сайман ілінген өрт тақталары (щит), су құйылған ыдыстар, әр түрлі жапқыштар (брезент, киіз, асбест т.б.). Бұларды бірінші деп атайтыны олар өрт шыққан жағдайда ең алдымен қолданылатын сөндіргіш құралдар болып саналады. Бұл құралдардың ішінде ең көп тараған, кең түрде пайдаланатыны қол от сөндіргіштері болады. Олар химиялық көбікті, ауа көбікті, көмір қышқылды, көмір қышқыл-бромэтилді, аэрозольді, ұнтақты тағы басқа түрлі өрт сөндіргіштер болып бөлінеді. Бұлардың ішінде ең көп қолданылатындары химиялық көбікті, көмір қышқылды және ұнтақты от сөндіргіштер.
Екінші топтағы өрт сөндіру құралдарына арнайы машиналар, өрттің үлкен ошақтарын сөндіру үшін пайдаланылатын тетіктер мен құрылғылар жатады. Өртке құралдар қызыл бояумен боялады, оларды басқа жағдайларға пайдалануға тыйым салынады. Алғашқы құралдар жиынтығын арнайы тақта-ларға жинақтап, көрнекті жерге орналастырады, жинаққа: балталар (2 дана), темір сүйретпелер (2 дана), шелектер (2 дана), өрт сөндіргіш құралдар (2 дана), көлемі 0,5 м3 –тан кем емес құм салынған жәшік.
Арналуы мен қолданылу саласына қарай өрт техникасының түрлерін бы-лайша жіктеуге болады: өрт машиналары; өрт сөндіру қондырғылары; өрттік дабыл қондырғылары; отсөндіргіштер; өрт сөндіру құралдары; өрттік қол құралдары; өрттік жеке қорғау құралдары; өрттік құтқару құрылғылары.
Өрт машиналары – өрт сөндірудің өте тиімді техникалық құралдары. Олар өрт орнына түрліше отсөндіруші заттар мен қоспаларды, өрт сөндіруші жасақты және өрттік-техникалық жабдықтарды жеткізуге арналған.
Өртті сөндіру үшін әр кәсіпорында су құбырлар жүйесін орналастыру керек. Су құбырлары сыртқы (далада жер астында) және ішкі (үй ішінде) болып бөлінеді. Су алу үшін сыртқы құбырлар жүйесінде арнайы жасалған өрт гидранттары, ал ішкі құбырларда өрт крандары орнатылады. Суды өрт болған жерге жеткізу үшін өрт шлангілерімен стволдары (брандспойттар) қолданы-лады.
Өрт қауіпті жоғары өндірістерде өртті автоматтық әдіспен сөндіру үшін стационарлық сөндіргіш құрылғылары пайдаланылады. Олар спринклер және дренчер қондырғылары. Спринклер мен дренчерде өрт сөндіргіш зат ретінде негізінде суды пайдаланады. Бірақ кей жағдайларда судың орнына басқа заттарды қолдануға болады (көбік, инертті газ, ұнтақ құрамдар, т.б.).
Отсөндіргіштердің жіктелімі мынадай түрде беруге болады:
1. Отсөндіргіштер тасымалды (массасы 20 кг-ға дейін) және жылжы-малы (массасы 20 кг-нан кем, бірақ 400 кг-нан артық емес) болады.
2. Қолданылатын отсөндіруші затқа байланысты:
- сулы (ОВ);
- көбікті, өз кезегінде былай жіктеледі: ауа-көбікті (ОВП); химиялық көбікті (ОХП);
- ұнтақты (ОП);
- газды, олар былайша жіктеледі: көмірқышқылды (ОУ); хладонды (ОХ);
- құрама.
3. Сулы отсөндіргіштер шығатын ағын түріне байланысты былай жіктеледі:
- ағыны ықшамды - ОВ(К);
- ағыны шашыраңқы - ОВ(Р);
- ағыны ұсақдисперсті шашыраңқы - ОВ(М).
4. Ауа-көбікті отсөндіргіш түзетін көбік ағынының параметрлеріне бай-ланысты:
- төмен еселікті (5…20 есе) - ОВП(Н);
- орта еселікті (20…200 есе) - ОВП(С).
5. Отсөндіруші затты шығару принципі бойынша: құйылмалы; сығылған немесе сұытылған газы бар баллонды; газогенерерациялаушы элементті; термиялық элементті; эжекторлы.
6. Жұмыс қысымы бойынша:
- төмен қысымды (сыртқы ортаның температурасы (20 ± 2) °С болғанда жұмыс қысымы 2,5 Мпа-ға тең немесе төмен)
- жоғары қысымды (сыртқы ортаның температурасы (20 ± 2) °С болғанда жұмыс қысымы 2,5 Мпа-дан жоғары).
7. Техникалық ресурсын қалпына келтіру мүмкіндігі және тәсіліне бай-ланысты: қайта зарядталатын және жөнделетін; қайта зарядталмайтын.
8. Зарядталған ОСЗ-қа байланысты мақсатына қарай:
- А класты өртті сөндіруге арналған;
- В класты өртті сөндіруге арналған;
- С класты өртті сөндіруге арналған;
- Д класты өртті сөндіруге арналған;
- Е класты өртті сөндіруге арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |