Катализатор туралы түсінік Катализатор


 Ферменттердің активтігіне температура әсері



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата13.03.2023
өлшемі71.51 Kb.
#470697
1   2   3   4   5   6
stud.kz-73305

1.3. Ферменттердің активтігіне температура әсері
Ферментті реакциялардың жылдамдығы, басқада химиялық процестер
сияқты қыздырғанда қызады. Бірақта оның ферментсіз реакциядан
айырмасы, бұл жылдамдықтың өсуі өте қысқа температура интервалында
байқалады. Әр ферменттің өзгеруіне тән температурасы жағдайына
келгенде, реакция жылдамдығы максимум мәніне дейін жетеді, одан әрі
температура өссе жылдамдық кемиді.
Ферменттердің ең бір үлкен ерекшелігі температураны, әсіресе 70-80
градустан асқан температураны өте сезгіш келетіндігінде. Біз оның бұл
қасиетіне таңырқамай-ақ қояық. Өйткені барлық фермнттердің белоктардан
тұратынын білеміз. Ал, белоктар жоғары температура әсер еткенде күшті
өзгерістерге ұшырайды. Мысалы, Жұмыртқаны қайнап тұрған суға салып
жіберсеңіз, белогы лезде каогуляцияланады.
Ферменттердің жылы температураны сезгіштігінде тағы да мынадай қызық
сыр бар. Біз оны 40-50 градусқа дейін қыздыратын болсақ, оның реакцияны
жылдамдататын қасиеті бұрынғыданда арта түседі. Ал, мұнан жоғары
қыздырып жіберсек, ферменттердң бұл қасиеті күрт төмендеп кетеді. Бұл
орайда қыздырудың ұзақтылығы мен қысқалығыда көп роль атқарады. Егер
біз қыздыруды тоқсан градустан асырып жіберетін болсақ, өте қынжыларлық
нәтижелерге тап боламыз. Өйткені, ферменттер өзінің заттарға әсер ететін
барлық қасиеттерінен ажырап қалады. Бұл жерде ескеретін тағы бір жай бар.
Мысалы, адамның бұлшық еттерінде болатын ферменттер 100 градусқа
дейінгі температураны көтере береді. Кейбір ферменттерге қыздыру уақытша
ғана әсер етеді. Мұндай ферменттер қыздыруды тоқтатқаннан кейін белгілі
бір уақытөткен соң өзінің бұрынғы қасиетіне қайтадан ие болады.
Біз бұл орайда мына мәселені де мықтап еске сақтауымыз керек. Әрбір
ферменттің өмір сүруіне қолайлы әрі қажетті температуралар бар. Олар соны
қалайды. Мысалы, жылы қанды жануарлардың денесіндегі ферменттер
әдетте 37-40
0
С арасындағы жылылықты қалайды. Ферменттердің активтік
қасиеті организмнің тіршілік етуіне өте күшті әсер етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет