Казахстан


Ми ауруларының ангиография жасауға негізгі көрсеткіш-



Pdf көрінісі
бет17/80
Дата06.12.2023
өлшемі3.42 Mb.
#485609
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   80
дек. Нейрохирургия

Ми ауруларының ангиография жасауға негізгі көрсеткіш- 
тері: 
1. Ми артериялары мен веналарының қалыпты топографиясы- 
ның өзгеруі. 
2.Тамырлардың жеткіліксіздігі болуы және пішінінің өзгеруі. 
Тамырлардың жартылай немесе толық қанмен толмауы. 
Ангиографияның көмегімен мидың ісіктерін, аневризмаларды 
және бассүйек ішілік гематомаларды анықтауга болады. Ми 
ангиографиясы жалпы түрде қауіпсіз әдіс. 
Ми қан айналымының көлемін сандық анықтау әдістері. 
Соңғы жылда нейрохирургиялық тәжірибеде ми қан айналымын 
сандық анықтаудың әдістері кең тараған. Ми қан айналымы мен 
метаболизмінің динамикасын, бұзылу деңгейін сандық түрде 
дәлірек зерттеу ми зақымдалуының ауырлығын, сонымен бірге 
емдік шаралардың тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді. 
Көлемді ми қан айналымы деп белгілі бір уақыт аралығында (1 
мин) белгілі ұлпа көлемінен өтетін қанның мөлшерін (миллиметр) 
айтады. Бұл әдіс үш топқа бөлінеді:
тоталды – тұтас мидағы немесе оның әрбір жарты шарындағы 
ми қан айналымын анықтау;
регионарлы – мидың белгілі бір аймағында;
локалды – ми затының аздаған көлемінде (жүздеген куб. мм).
Организмге, гематоэнцефалдық тосқауыл арқылы жеңіл 
өтетін және ми ұлпасын тез қанықтыратын индикатор жібереді. 
Көлемді ми қан айналымы анықтау қағидасы бойынша жүргізіледі. 
Бұл қағида бойынша инертті индикатормен миды толтыру көлемді 
ми қан айналымының қызметі болып саналады. 


29 
Көлемді ми қан айналымы зерттеуде әр түрлі функциялық 
күштер (гипервентиляция, оттегіні ішке жұту, көмірқышқылын 
жұту, т.б.) қолданады. Көптеген ұсынылған зерттеу әдістерінің 
ішінен кең түрде қолданылатындары: 
a) Кети мен Шмидтің (1948) тоталды анықтауы, құрамында 
тотыққан азот пен оның модификациясы бар күрделі газо- 
аналитикалық әдіс қолданылады. Бұл әдіс тұтас ми және оның әр 
жарты шарындағы қан айналымы туралы, сонымен бірге мидың 
газды метаболизмінің бүкіл параметрі жайлы анықтама береді. 
Қалыпты жағдайда көлемді ми қан айналымы 55 мл-ге тең (100 г. 1 
мин); 
b) Радиоактивті изотоптар (133 Хе т.б.) арқылы сандық өлшеу. 
Бұл 
өлшеу 
радиоактивті 
индикаторлардың 
мидың 
қан 
тамырларымен өтуіндегі тіркеуіне негізделген. Регионарлы 
көлемді ми қан айналымы каналды радиометриялық аспаптың 
көмегімен зерттейді. Бұл жағдайда датчиктер науқас миының 
бірнеше аймақтарына бағытталып, басына орналастырылады. Ішкі 
ұйқы артериясына тұзды ерітіндіге араласқан Хе
ш
- ды енгізген соң, 
оның ми ұлпасында жиналуы мен кейіннен тазалануы өзі жазатын 
аспаптың таспасына тіркеледі. Операцияга дейінгі және кейінгі 
динамикалық зерттеулерге қол жеткізу үшін изотопты енгізу 
арқылы ішкі ұйқы артериясына катетер салу әдісін қолдануға 
болады. Бірақ бұл әдіс ми метаболизмінің көрсеткіштерін 
анықтамайды; 
с) Локалды көлемді ми қан айналымы өлшеудің 
тітіркендіргіш әдісі, сутегі бойынша полиграфия жүргізу. 
Полиграфия әдісі бойынша жіңішке платина электродын енгізудің 
көмегімен сутегі клиренсін жүргізу. Бұл электродтарды, миға 
операция үстінде 7-15 күнге арнап енгізеді, осы арқылы көлемді ми 
қан айналымының динамикасын, операциядан кейінгі кезеңде 
мидың көптеген аймақтарында оттегінің ауырлығын және 
жүргізіліп жатқан емдік шаралардың тиімділігін зерттеуге 
мүмкіндік 
туады. 
Полиграфиялық 
әдіс 
электролиздегі 
электролитте пайда болған концентрациялы поляризация үрдісін 
қолдануға құралған. Деполяризация тоғы потенциалдың әр 
түрлілігі кезінде молекулалардың диффузиясымен анықталады. 
Полирограммада сутекті ішке жұтқан кездегі сутекті жарғылай 


30 
қорыту кезеңінің динамикасын тіркейді. Анализ кезінде Фиктің 
қисық сызықты қағидасын қолданады. Осы арқылы ми 
ұлпасындағы локалды қан тоғының сандық анықтамасын, сонымен 
бірге бос оттегінің деңгейін, оттегін қолданудың жылдамдығын, ми 
ұлпасының әр түрлі аймақтарында алмасу үрдістерінің 
белсенділігін анықтауға болады. Ми ұлпасындағы оттегі кернеуі 
(Р0
2
) қызмет ететін жасушаға оттегі тасымалдаудың соңғы кезеңін 
көрсетеді және оны ми ұлпасына жеткізілуі мен қолдануына әсер 
ететін факторларды бағалайды. Миға электродтарды енгізу 
нейрохирургиялық клиникада ми қанының тоғы мен метаболизмін 
ұзақ бақылауды жүзеге асырады. Зерттеудің адекваттық әдісі 
церебралды ангиография болады. [34] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет