Казахстан



Pdf көрінісі
бет71/80
Дата06.12.2023
өлшемі3.42 Mb.
#485609
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   80
дек. Нейрохирургия

Каротид-каверналы 
саға. 
Каротид-каверналы 
саға 
каверналы синустың ішінен өтетін ішкі ұйқы артериясының 


195 
жарылған кезінде пайда болады. Мұндай жарылулар жиі соққы 
кезінде, кейде атеросклерозда немесе түрік ерінің бүйір сүйек 
каналынан экстрадуральды орналасқан ішкі ұйқы артериясының 
сына асты аневризмасының жарылуы кезінде туындайды. 
Каверналы синустағы ішкі ұйқы артериясының қабырғасы 
зақымданғанда бір-бірімен тікелей байланыс пайда болады. [19] 
Мұндай зақымданулар каверналы синус деңгейіндегі 
бассүйек қуысына кіретін артериялар аймағына сынуы сызығы 
бағытталған бассүйек негізінің сынуы кезінде пайда болады. Кейде 
зақымданудың ерте сатысында ұйқы артериясы мен синустар 
деңгейінің арасында фистула ғана болады, көп жағдайда каверналы 
синусты артериовеналық дөңестенуі дамиды. 
Каверналы-каротидті 
фистуланың 
жарақаттанған 
түрі 
спонтанды түріне қарағанда 3 есе жиі кездеседі және ауыр бас ми 
жарақаттануы кезінде самай сүйегінің немесе сүйек негізінің 
сынуы негізінде байқалады. Каротид- каверналы саға пайда 
болғанда (диаметрі 2-3 мм) каверналы айналыста қысым 
жоғарылайды. Ол үлкейіп және созылады. Бұл синусқа түсетін көз 
венасының (көктамырдың) кеңеюіне, осының әсерінен істеген 
соғушы экзофтальмға алып келеді, қызару қастың қайырылуына, 
қас және маңдай аймағындағы көктамырдың кеңеюіне, көз 
алмасымен бірге ұйқы артериясының лүпілдеуіне алып келеді. 
Сағаның пайда болуының алғашқы сатысына көз ішілік 
көктамырлар тез созылады, лүпілдеуге қарсы әсері олардың 
қабырғасы қалыңдап және көктамырлар артерияға ұқсас болады. 
Жарақаттан 
немесе 
басқа 
этиологиядан 
пайда 
болған 
каротид-каверналы саға кезінде мына белгілер байқалады: Бірінші 
топқа бассүйек негізінің сынуы және ми контузиясына ұшырағанда 
пайда болатын белгілер жатады. Екінші топқа аневризманың өзіне 
негізделген белгілері алғашқыда тез үлкейетін экзофтальм, 
кейіннен өршуі төмендейді, орбитада ауырсыну сезімі 
аневризманың үрпілдеуін шу, ал зақымдалған аймақтан барлық 
жаққа тарайды және мойындағы ұйқы артериясын басқанда 
төмендейді, кейде көз қуысының зақымдану синдромы III, IV және 
V бас жүйкелерінің жетіспеушілігінен болады. Үшінші топқа 
орбитадағы ұзақ уақыт қан айналымының өзгеруінен болатын 


196 
көздегі бұзылулардың белгілерін құрайды, шелдің ісінуі, көз 
алмасының күшейген протрузиясы, хемоз, көз қуысының толық 
бірікпеуі, шеттік инфильтрациясы немесе мүйізгектің жарасы. 
Экзофтальмия каверналы синустан шығатын көктамырлы 
орбита ішілік торға көздің көктамыры арқылы өтетін қанның 
ретроградты ағуы салдарынан болды. Қанның жоғарғы қысыммен 
әсер етуімен көктамырлы тор тез кеңейеді. Көз алмасының 
ісінуінен жиірек төменгі ауытқыған, орбита ішілік көктамырлы 
тордың кеңеюінің таралуына байланысты ауытқудың басқа да 
түрлері бар. Экзофтальм мынандай дәрежеге қастың көз алмасын 
жаба алмауына дейін жеткізуі мүмкін. [7] 
Екі жақты экзофтальм контрлатеральды ошақ жағында кеш 
байқалады және әдетте аз шамада айқындалады. Үлпілдеу әдетте 
көз алмасында жақсы білінеді және кеңейген жоғарғы қас және 
маңдай көктамырлардың жинау аймағында да анықталады. Кейбір 
жағдайларда соғу байқалмайды, онда көз алмасын сипалау немесе 
басу арқылы анықтау мүмкін болады. Науқастың ауыр белгісі 
ретінде "шуылдау" сезімі болады. 
Аневризматикалық шу стетоскоп көмегімен орбитальды, 
самай және маңдай аймақтарында және мойынның үлкен қан 
тамырларында жақсы естіледі. Екі жақты экзофтальм кезінде бұл 
шу екі жақта да естіледі. Көбінесе саға жағында анығырақ. Мойын 
бөлігінде ұйқы артериясын басқанда, сол жағында шу тез тоқтайды 
және қан ағысы қалпына келгенде қайтадан тез орнына келеді. 
Коньюнктиваның және склераның майда көктамырлары 
кеңейгенде және олардың сыналануы кезінде коньюнктиваның 
ісінуі дамиды, яғни ол өте жоғары дәрежеге дейін жетілуі мүмкін. 
Қастар қайырылған және ісінген коньюнктива қанның қызыл түсті 
грануляциялық ұлпаға ұқсас мүйізгекке қарай жылжиды. Тек қана 
оның орталық бөлігін шала қош қалдырады. 
Қосылған 
инфекциялардың 
әсерінен 
көру 
қабілеті 
жоғалуымен қатар, панофтальмиттің дамуы мүмкін. Кейде ісіну 
мұрын жолдарының шырышты қабатына тарайды, яғни сему 
құбылысы біртіндеп дамып мұрыннан профузды қан кетуі мүмкін. 
Офтальмоскопияда ретиналды көктамырдың кеңеюі, кейде 
олардың соғуы кей жағдайларда көру жүйкесі дискісінің ісінуі мен 
көз түбіне қан құйылуы анықталады. 


197 
Көз алмасындағы қан кетуі қиындаумен қан айналымының 
дөрекі бұзылуы көктамырлардың қысымының көтерілуі және 
ретиналды артерия қысымының төмендеуі мен көз ішілік 
қысымының жоғарылауы көрудің прогрессивті төмендеуіне, көру 
қабілетінің толығымен жоғарылауына дейін әкеліп соқтыратын 
негізгі себептер болып саналады. 
Диагнозды дұрыс қою үшін екі жақты каротиді, кейде 
вертебральды ангиографиямен каверналы синус пен коллатералды 
қан айналымын, саға жағдайын анықтау керек. 
Емі. Каротид-каверналы сағада хирургиялық ем қолданады. 
Ота жасауға көрсеткіші бас ауырсынуы, жанға бататын 
аневризматикалық шу және көру қабілетінің толық жоғалуына 
(соқыр болуы) қауіп төнуі мүмкін. Барлық ем түрлерінің соңғы 
мақсаты каротид-каверналы фистуланы жабу болып табылады. Бұл 
үшін қан айналымынан біртіндеп немесе толығымен бөліп тастау 
әдісі қолданылады. 
Мойын бөлігіндегі жалпы немесе ішкі ұйқы артериясын тану. 
Бұл ота 40 жастан жоғары адамдарға жасағанда мынандай 
клиникалық белгілері мидың қан айналымының жетіспеушілігіне 
немесе өлімге әкеліп соқтыруына ықтимал. Сондықтан қанмен 
қамтамасыз етудің тоқтауы ішкі ұйқы артерия жүйесі бойынша, ми 
тұрақтылығын зерттегеннен соң ғана ота жасалуы мүмкін. Ұйқы 
артериясын тануға ішкі ми коллатералды «жаттықтыру» ретінде 
жүйелі түрде мойындағы ұйқы артериясын саусақпен қысу 
мерзімін бірнеше минуттан бірнеше сағатқа, бір апта аралығына 
дейін біртіндеп жоғарылатады. Егер Маас байқауы мидың 
коллатералды қанмен қамтамасыз етілуі жеткіліксіз екенін 
көрсетсе, онда артериясын таңу қажетсіз. 
Каверналы-каротидті фистула кезінде ішкі ұйқы артериядан 
жеткізілген қанның көп бөлігі фистула арқылы қан тамыр жүйесіне 
ағып кетеді. Бұл жағдайларда отаға дейінгі сатыда ұйқы 
артериясының бөліктік окклюзиясы сияқты болып, мидың 
коллатеральды қанмен қамтамасыз етуінің дамуына жағдай 
жасайды. Осы арқылы каверналы-каротидті фистуласы бар 
науқастар кәдімгіге қарағанда, мойын ұйқы артериясын таңуды 
жақсы көтереді. Жасы ұлғайған адамдарда осы операциядан соң 
миға қан жетіспеушілігі (ишемия) болмайды. [22] 


198 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет