«ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САЛАЛЫҚ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІПТІК ОДАҒЫ»
ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ
|
| ОБЩЕСТВЕННОЕ ОБЪЕДИНЕНИЕ
«КАЗАХСТАНСКИЙ ОТРАСЛЕВОЙ ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ СОЮЗ РАБОТНИКОВ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ»
|
АТҚАРУ КОМИТЕТІ ИСПОЛНИТЕЛЬНЫЙ КОМИТЕТ
ҚАУЛЫ ПОСТАНОВЛЕНИЕ
26.08.2015 ж. № 4 т.2
Ақпараттық жұмыс жағдайы және
оны сапалық жақсарту міндеттері туралы
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Атқару комитеті кәсіподақ төрайымының орынбасары В.Ф.Беженаровтың «Ақпараттық жұмыс жағдайы және оны сапалық жақсарту міндеттері туралы» ақпаратын тыңдап және талқылай отырып, барлық деңгейдегі кәсіподақ органдарының ақпараттық-насихаттау жұмысын күшейтуге қатысты Кәсіподақтың XIII съезінде қойылған міндеттерді орындау, кәсіподақ қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді жақсарту жөнінде нақты шаралардың кәсіподақ органдарымен қабылданатынын атап өтеді.
Кәсіподақ активі ақпараттық жұмыстың негізгі мақсаты кәсіподақтың беделі мен ықпалын арттыру, салалық кәсіподақ қозғалысы туралы қоғамдық оң пікірді қалыптастыру, оның қызметін түсіндіріп тарату, әлеуметтік әріптестікті одан әрі дамыту, кәсіподақ мүшелігіне ынталандыруды күшейту, кәсіподақтың барлық құрылымдарының нақты жұмысы туралы анық және мақсатты ақпарат негізінде кәсіподақ мүшелерінің белсенділігін ынталандыру екенін түсіндіреді .
Осы жыл басталғалы Салалық Кеңес 10 кітапша шығарып, олардың жалпы саны 2000 данадан асты. Түрлі БАҚ-та жарияланатын ақпараттар көлемі үнемі артып отыр, 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында олардың жалпы саны 266-ға жетіп, материалдар сапасы жақсаруда. Осы бағытта: Қостанай, Шығыс-Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе, Қарағанды облыстық кәсіподақ ұйымдары белсенді жұмыс жасайды.
Ақпараттық жұмыстағы маңызды бағыттардың бірі көшпелі семинарлар өткізу болып табылады, бұл Кәсіподақтың Салалық Кеңесінің қызметі туралы ақпаратты ұсынуға және кәсіподақ жұмысында тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында барлығы 6 семинар өткізілді.
Қабырғадағы ақпараттық стендтерді, кәсіподақ бұрыштарын әзірлеу мен ресімдеу деңгейі, орналастыратын ақпараттың жеделдігі мен маңыздылығы артып отыр. Үгіттеу және имидждік баспа өнімдерін (шарфтар, футболкалар, буклеттер, плакаттар, қалта күнтізбелері) шығару тәжірибесі пайдаланылып жүр.
Ақпараттық жұмыста дәстүрлі әдістермен қатар заманауи технологиялар да қолданылады. Салалық кәсіподақтың сайтын жаңарту жөнінде пайдалы жұмыстар атқарылып, оның платформасы қалпына келтіріліп, сайт контентін құрудың тәсілдері құптарлықтай өзгерді.
Кеңес аппаратының мамандары мен мүшелік ұйымдар салалық кәсіподақтың сайтында жариялайтын материалдарды жүйелі дайындап отырады. Салалық кәсіподақ қозғалысының идеяларын ілгерілету мақсатында әлеуметтік интернет-ресурстар кеңінен қолданыла бастады. Ақпараттық жұмыста республикалық және жергілікті баспа басылымдары қолданылады.
Салалық кәсіподақтың бірлескен ақпараттық саясат мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы кәсіподақтарының Федерациясымен ынтымақтастығы белсенді дамып келеді. Салалық кәсіподақ ұйымдарында 2015 жылдың екінші жартыжылдығына республикалық «Қазақстан кәсіподағы» кәсіподақ газетіне жалпы саны 3319 данаға жазылған, бұл республика бойынша оған жазылудың жалпы деңгейінен 69 % құрайды.
Сонымен қатар, ақпараттық алмасудың жеткіліксіз деңгейімен, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының, кәсіподақтың әрбір мүшесінің ақпараттық қорға қолжетімдіктерінің төмен дәрежеде қамтамасыз етілуімен байланысты мәселелер де кездеседі.
Бұқаралық ақпарат құралдарында Кәсіподақтың және оның құрылымдық ұйымдарының қызметі туралы басылымдар көлемін көбейту жөнінде міндеттерді шешуді жеделдету қажеттілігі, Кәсіподақ ұйымының интернет-өкілдігін және кәсіподақ ұйымдарының ағымдағы қызметін ақпараттандыруды қамтамасыз ету, кәсіподақ активінің электрондық поштаны және интернет желісін кеңінен қолдануы өзекті және аса маңызды мәселе болып отыр.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Атқару комитеті
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Кәсіподақ ұйымдарының сайланбалы органдары, барлық кәсіподақ активі Кәсіподақтың ақпараттық саясатын жүзеге асыру жөніндегі Кәсіподақтың XIII кезектен тыс Съезінің шешімдерін орындауды қамтамасыз етсін.
2.Кәсіподақ Кеңесінің аппаратына (М.Т.Амантаева, А.М.Мұқашева, В.Ф.Беженаров ):
-
ақпараттық жұмысты жүргізу және кәсіподақ мүшелігіне ынталандыру жөнінде әдістемелік ұсыныстар жүйелі әзірленіп, жариялансын;
-
ақпараттық жұмысқа жауапты мүшелік ұйымдар аппаратының қызметкерлеріне оқыту семинарлары дайындалып, өткізілсін;
-
2016 жылы кәсіподақтың мүшелік ұйымдарының арасында ақпараттық жұмысты үздік ұйымдастырудың байқау-сайысы өткізілсін.
3. Кәсіподақтың мүшелік ұйымдарының басшыларына:
-
республикалық және жергілікті баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-әрекетті белсендендіру, кәсіподақ жұмысының әлеуметтік әріптестік, қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау функцияларын жүзеге асыру сияқты негізгі бағыттары бойынша басылымдар санын көбейтуге шаралар қабылдау;
-
кәсіподақ ұйымдарының, кәсіподақ мүшелерінің арасында, сондай-ақ сыртқы ортада да Кәсіподақтың ресми бейнелемесінің кәсіподақ атрибутикасын, баспа өнімдерін (ақпараттық, әдістемелік, жарнамалық) тарату жолымен кеңінен енгізілуін ұйымдастыру;
-
әрбір мүшелік ұйымда ақпараттық стендтерді, кәсіподақ бұрышын ресімдеу және кәсіподақ активінің кітапханасын құру жөнінде бірыңғай талаптарды анықтап, ұйымдарда ақпаратты жиі жаңарту арқылы кәсіподақ стендтерін жасау жұмыстарын жүргізу;
-
ҚР КФ республикалық кәсіподақ газетіне жазылуды белсендендіру, бастауыш кәсіподақ ұйымдарында ынталандыру-насихаттау жұмысына бағытталған жеке жедел-ақпараттарды, ақпараттық-әдістемелік хабаршыны шығаруды қамтамасыз ету;
-
ақпараттық жұмыс тәжірибесінде қоғамдық корреспонденттер институтын кеңінен қолдану;
-
барлық деңгейдегі кәсіподақ органдары жұмысының тәжірибесіне жаңа ақпараттық технологияларды қолдануды белсенді енгізу ұсынылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Кәсіподақ төрайымының орынбасары А.М.Мұқашеваға жүктелсін.
Төрайым М.Т. Амантаева
Достарыңызбен бөлісу: |