Ми қанайналымының жедел бұзылуы, анықталмаған инсульт. ( Артериальді гипертензияның асқынуы)
Шұғыл көмек көрсету алгоритмі:
Біріншілік қарау: ABC (тыныс алуын, жүрек қызметін бағалау)
Қайталап қарау – шағымдарын, анамнезін жинау, физикальді мәліметтер
Неврологиялық статусын анықтау: сұраймыз – сөйлеуін, аяқ-қолдарын көтеруіне, жүруіне
Экг түсіру.
Қандағы глюкоза деңгейін анықтау
Нифедипин 10 мг, таблеткасы
Каптоприл 12,5 мг, таблеткасы
Магния сульфат 25% - 10-20-30 мл көк тамырға баяу немесе тамшылап физ.ерітіндісімен
Неврологиялық бөліміне шұғыл тасылмалдау
28.Стенокардия ұстамасы кезіндегі шұғыл көмек.
Мақсаты: Ауырсыну синдромын басу, миокардтың оттегіге сұранысын тежеу. Керек жабдықтар: тонометр,фонендоскоп, дәрілік препараттар нитроглицерин,валидол,нифедипин 10мг ,аспирин 325 немесе 500мг ыстык су ,кыша қағазы.
Іс- әрекет алгоритмі:
1.Науқасқа физиқалық және психиқалық тыныштық; 2.Науқасты жатқызу немесе отырғызу, таза ауамен қамтамасыз ету ;
3.Тіл астына нитроглицерин және валидол. Егер жүрек ауырсынуы қоймаса нитроглицеринді әр 5мин сайын (2-3рет) беру. 4. Нитроглицерин жоқ болса тіл астына нифедипин (10мг) беруге болады (АҚҚ бақылау); 5.Шайнап жұтқызуға аспирин (325мг,500мг); 6.Жүрек аймағына қыша қағазын немесе науқасқа аз жұтынумен ыстық су ішкізу;
7. Науқастың жағдайын үнемі бақылау, АҚҚ өлшеу, пульсін санау;
8. Ауырсыну синдромы байқалған кезде дер кезінде көмек көрсету туралы науқаспен әңгіме жүргізу;
Ескерту: нитроглицеринді 3 реттен артық қолдануға болмайды.
29. Миокард инфаркті кезінде шұғыл көмек.
Мақсаты: ауырсыну синромын жою, миокардтың оттегіге сұранысын басу.
Керек жабдықтар: тонометр, фонендоскоп, оттегі балоны, маска, дәке салфеткасы,
Стерильді: бір рет қолданылатын шприцтер, система, мақта домалақтары, 70% этил спирті, резеңкелі жгут, қолғап, дезерітіндіге салынған пинцет, валик, лоток.
Дәрілік заттар: нитроглицирин, изокет- спрей, аспирин 325 немесе 500 мг, клопидогрел немесе плавикс, 2-4мг морфин, 5000 ЕД гепарин, актелизе, стрептокиназа 1500000Ед, преднизолон 60мг, 10мл физ.ерітінді.
Іс- әрекет алгоритмі:
1.Науқасқа физиқалық және психиқалық тыныштық ,науқасты жатқызу немесе отырғызу, таза ауамен қамтамасыз ету;
2.Тіл астына нитроглицеринді әр 5мин (3реттен көп емес) беру немесе тіл астына изокет - спрей 1-2доза;
3.Аспиринді 325-500мг шайнап жұтқызу немесе клопидогрел 300 мг немесе плавикс; 4. Ылғалды оттегін беру; 5. К/т 2-4мг морфин ; 6.АҚҚ 100с.б.төмен болса к/т 60 мг преднизолон 10мл физерітіндіге ерітіп ; 7. К/т тамшылатып стрептокиназа 1500000Ед 30мин бойы; 8. 5000 Ед гепарин к / т және 90 мин бойы 3 этаппен актелизе беру: 15 мг к/ т ағызу 50мг к/т тамшылытып 35 мин бойы 35мг к/т тамшылатып 60мин бойы ; 9. Пациентің жағдайын бақылау, (АҚҚ, ЖСЖ,ТАЖ бақылау). 10. Науқасты жатқызып тасымалдау.
Достарыңызбен бөлісу: |