Кербұлақ ауданы Өнер мектебінің оқушылары «Жұлдыз-ай» жазғы алаңын көңілді өткізуде



Дата18.08.2023
өлшемі15.37 Kb.
#476116
Кербұлақ Өнер мектебі жазғы алаң СМИ


Кербұлақ ауданы Өнер мектебінің оқушылары «Жұлдыз-ай» жазғы алаңын көңілді өткізуде
Мемлекеттің де, ұлттың да ең басты қазынасы – өскелең ұрпақ. Қоғамдағы әрбір игі іс сол жас ұрпақтың мүддесі үшін атқарылып жатқаны айтпасақ та түсінікті. Сапалы білім, саналы тәрбие берумен қоса, жайдары жаз мезгілінде бүлдіршіндерді сауықтыру шаралары да ел билігінің басты назарында. Осы ретте биыл Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылының Өнер мектебінің оқушысы жазғы демалысын көңілді өткізуде.
Жаз айлары — мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндей демалыстың орны ерекше. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі болып табылады.
Бұл уақыт балалардың негізгі сабақтан босап, әр бала өз қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді. Сондықтан да, жазғы алаңының қызметкерлеріне, мұғалімдеріне оқушының бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттаудың, үйретудің мәні зор. Жазғы демалыс уақытында балалар мен жасөспірімдердің дем алуларына, шығармашылық және қоғамшылдық белсенділігін арттыруға, балалардың өзін-өзі ұйымдастыру қабілеттерін дамытуға, рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбие, жалпы шығармашылық қабілеттерін, спорт, саяхат пен өлкетану және басқа да танымдық қызмет түрлеріндегі білім мен іскерліктерін арттыруға жағдай жасау мақсатында біздің мектепте «Жұлдыз-ай» жазғы алаңы жұмыс жасап, 300-ге жуық оқушы қамтылады. Өнер мектебінің педагогтары оқушыларға шеберлік сабақтарды және білім беру-сауықтыру іс-шараларын әзірледі. «Шебер қолдар» ұлттық сәндік-қолданбалы өнері бойынша сабақ өте қызық болды. Оқушылар өз қолдарымен ұлттық нақышта бұйымдар тігіп жасады. «Би-ұлт мәдениетінің биік шыңы» тақырыбында би сыныбында заманауи билерден сабақтар өткізілді. Ойын алаңдарында балалар ұлттық ойындарды ойнап, ептіліктерін, жылдамдықтарын, тапқырлықтарын көрсете білді. Кішкентай қылқалам шеберлері «Алақай жаз келді!», «Ескерткіш тастар», «Патриотизм – ұлттық рухтың белгісі» атты сабақтарда табиғат аясында сурет салды. Оқушылар «Тарихи орындармен танысайық», «Ж.Жексенбаевтің музейі», «Аудио дыбыспен бір күн», «Бірге ансамбльде ойнайық» мәдениет үйіне, кітапханаға саяхат жасады.
Жазғы алаңның құрған жоспары бойынша оқушыларға әртүрлі ойындар ойнатылып, әртүрлі жарыстар, тақырып бойынша тапқырлық, сөз жұмбақ сайыстары ұйымдастырылып тұрды. Мұғалімдер әр күнге белгіленген түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырып, оқушылардың демалысы қызыққа, қуанышқа толы болуына бар күш-жігерлерін, өнерлерін аямай жұмсауда. Шара аясында балалардың жас ерекшеліктеріне қарай спорттық ойындар, ойын-сауық, саяхаттар, концерттік бағдарламалар, қолөнер және сурет көрмелері ұйымдастырылды. Осылайша «Жұлдыз-ай» тақырыбында өткен жазғы алаңның әр күні мәнді де сәнді өттіп, оқушылардың көңілінен шықты.


Айнур Турекулова,
Кербұлақ ауданы Өнер мектебі директордың бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет