ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | 3 деңгейлі СМЖқұжаты | ПОӘК | ПОӘК 042-18-4- 2014 | ПОӘК Оқытушыға «Кәсіпкерлік құқық» пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдары | № 1 баспасы _____________ |
«КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ»
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Құқық және экономика негіздері » мамандығының
студенттеріне арналған
ОҚУ – ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
Семей 2014
Алғы сөз
-
ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ
Құрастырған Газизова Н.С. __________ «______»_____________2014ж.
«Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы
-
ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1 «Құқықтану» кафедрасының мәжілісінде
Хаттама_____ «______»_____________2014ж.
Кафедра меңгерушісі, з.ғ.к. ____________________ Елеманов С.Х.
2.2 Гуманитарлы – құқық факультетінің оқу-әдістемелік бюросының мәжілісінде
Хаттама_____ «______»_____________2014ж.
ОӘБ төрағасы ______________ Мамырбеков А.М.
-
БЕКІТІЛДІ
Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесі мәжілісінде бекітілді және баспаға ұсынылды
Хаттама_____ «______»_____________2013ж.
ОӘК төрайымы, проректор __________________ Г.Искакова
-
ЕНГІЗІЛДІ
Бірінші рет енгізілді
МАЗМҰНЫ
-
Глоссарий
-
Дәрістер
-
Практикалық және лабораториялық жұмыстар
-
Курс жұмысы (жоба)
-
Студенттердің өздік жұмыстары
1.ГЛОССАРИЙ
Абайсыздық-неосторожность. Егер қылмыс істеген адам өзінің әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін біле тұра, бірақ жеңіл ойлылықпен ондай зардаптар болуы мүмкін екенін болжамаған болса, қылмыс абайсыздықпен істелді деп танылыады.
Адамның өз басына ешкімнің тимеуі - неприкосновенность.Соттың қаулысы немесе прокурордың рұқсаты болмайынша ешкімді қамауға алуға болмайды.
Адвокат,қорғаушы - адвокат. Қоғамдық кәсіби ұйым болып саналатын қорғаушылар алқасының мүшесі. Қорғаушылар қатарына жоғары білімі бар заң адамы қабылданады.
Азаматтығы жоқ адам - лицо без гражданства. Қандай да болсын мемлекеттің азаматы болып есептелмейтін адам.
Айып - штраф. Заңда немесе шарттар белгілінген тәртіппен немесе жағдаймен қолданылатын материалдық ықпал ету,ақшалай жазалау шарасы.
Айыпкер - обвиняемый. Қылмыс істеді деп айып тағылғын адам.
Айғақ адам - понятой. Тергеу әректтерін растау үшін тергеуші шақырып алған бөгден адам.
Аккредитив - аккредитив. Латынша «сенім білдіру» деген мағынада айтылады. Қазіргі кезде екі жуық тас мәнге ие болған: а) аты жөні жазылған тұлғаның, банктен көрсетілген мөлшерде ақша алуға құқығы барын куәландыратын атаулы бағалы қағаз.
ә) ақшаны қолма қол емес, аудару арқылы есептесетін есеп шоттың және банктік есеп айырудың бір түрі.
Акцепт - акцепт. Шарт жасау туралы қарсы жақтың ұсынысын қабылдау.
Ақысыз шарт - безвозмездныйдоговор. Бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе ешнәрсе бермей бір нәрсені ұсынуды міндетіне алсы - бұл ақысыз шарт болып табылады.
Алиби - алиби. Қылмыс жасады деп айып тағылған адамның қылмыс жасағалған жерде болмай, басқа жерде болып, қылмысқа қатысты жоқтың дәлелі.
Алқа - коолегия. Мемлекеттік басқарудың орталығы органдардың жанына құралатын кеңесші орган. Ол басқарудың орталық органдарының басшы қызметкерлерінен құрылады.
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы - специальное государственное пособие. Әлеументтік қорғауды қажет ететіндерге жәрдемақылардың өзге түрлеріне қарамастан берілетін ақша.
Ауыр дене жұмыстары - тяжелые физические работы. Қызметкерлердің ауыр заттардың қолымен көтеруге немесе орын ауыстыруға байланысты қызметткердің түрлеріне 300 ккал/сағаттан астам күш - қуат жұмсайтын басқа да жұмыстар.
Әкім - аким. Жергілікті атқарушы органдарды басқарады, Республика Президенті мен Үкіметінің өкілі болып табылады.
Әлеументтік жеке код - социальный индивидуальный код. Жеке зейнетақы шоттарын енгізу мен оған бақылау жасау және азаматтардың бірегейлендіру бойынша басқа да әлеументтік рәсімдер мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін, заңға сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар әрбір азаматқа тағайындалатын тұрақты жеке код.
Бас тарту көлемі - отступное. Тараптардың келісімі бойынша міндеттеме орындалудың орнына бас тарту төлемін беру арқылы тоқтатылуы мүмкін. Мысалы,ақша төлеу, мүлік беру,т.б.
Бандитизм - бандитизм. Азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында тұрақты қарулы топ (банда) құру,сол сияқты осындай топты басқару.
Банк кастодиан - банк кастодиан. Клиенттердің сеніп тапсырған бағалы қағаздары мен ақшаларын жауапкершілікпен сақтау және есепке алу жөнінде қызмет көрсететін банк.
Бос орын - вакансия. Жұмыс берушідегі бос жұмыс орыны.
Брокер - брокер.Свйаұы үшін шарт негізінде іс қимыл жасайтын, клиенттердің тапсырмасы бойынша, солардың есебінен және мүдделерін көздеп бағалы қағаздармен жасалатын мәмілерді жүзеге асырушы делдал. Бұйрық- приказ . Мемлекеттік басқарк органдарының, заңды тұлғалардың әкімшілігінің нақты мәселелерді шешуге арналған кесімі.
Вексель - вексель. Вексель берушінің ешқандай шарт қойылмаған міндеттемелерін не векселде көрсетілген өзге төлеушінің вексельде көзделген мерзім келген кезде вексель иесіне белгілі бір соманы төлеуін куәландыратын бағалы қағаз.
Венчурлік фирмалар - венчурные фирмы. Вексель берушінің ешқандай шарт қойылмаған міндеттемелерін не векселде көрсетілген өзге төлеушінің вексельде көзделген мерзім келген кезде вексель иесіне белгілі бір соманы төлеуін куәландыратын бағалы қағаз.
Демпинг - демпинг. Қазақстан Республикасының аумағына өзнің қалыпты бағасына төмен бағамен сатылатын тауар жеткізу.
Де – факто - де - факто (іс жүзінде). Халықаралық құқықта бір мемлекетті немесе үкіметті екінші мемлекеттің мойындауының бір түрі.
Де – юре – де - юре (заң жүзінде). Халықаралық құқықта бір мемлекетті немесе үкіметті басқа мемлекеттің ресми түрде толық мойындауы.
Диаспора - диаспора. Өзінің тарихи шығу тегінен тысқары елдерде тұрып жатқан халықтың бір бөлігі (этникалық қауымдастық).
Дивидент - дивидент. Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының шешіміне сәйкес қоғамның өз ационерлеріне оларға тиесілі акцйялар бойынша төлейтін сыйақысы.
Ереже - положение.Қандай да бір мемлекеттік органның немесе оның құрылымдық бөлімшесінің мәртебесі мен өкілеттілігін белгілейтін норманивтік құқықтық кесім.
Ережелер (қағидалар,рәсімдер) - правила. Заң белгілеген тәртіп, қағида,мәселен,ішкі тәртібінің ережелері.
Есірткелер - наркотики. Есірткі немесе психотроптық заттар деп жіктелген, оларды шектен тыс пайдаланғанда туындауы мүмкін зардаптарға байланысты халықтың денсаулығы үшін ықтимал қауіпі бар (есірткі,психотроптық заттар мен прокурорлардың тізіміне енгізілген), Қазақстан Республикасында бақылау жасауға тиіс өсімдіктер,заттар немесе препараттар.
Жала жабу - клевета. Басқа адамның ар-намысы мен қадір қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін көрінеу жалған мәліметтер тарату.
Жалақы - заработная плата. Еңбек үшін оның күрделілігіне, саны мен сапасыеа сәйкес төленетін сыйақы(табыс).
Жалгер - арендатор.Мүлікті ақы төлеп, уақытша иленуге және пайдалануға міндеттеме алған аренда шартының тарабы.
Жарлық - указ. Қазақстан Республикасы Президентінің кесімдерінің түрі. Жарлықтар рәсімді және рәсімі жоқ болып бөлінеді.
Заңдардың қайшылығы - коллизия законв. Бір мәселеге байланысты қабылдаған кем дегенде екі заңның біріне бірінің қайшы болуы.
Зейнетақы - пенсия. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы.
Зорлық,озбырлық - узурпация. Өкіметтің немесе басқа адамның белгілі бір құқықтарын заңсыз тартып алу.
Иесіз заттар - бесхозяйная вещь.Меншік иесі жоқ, немесе меншік иесі белгісіз зат, немесе меншік иесі оның құқығынан бас тартқан зат.
Карцер - карцер. Күзетте ұстаудың белгіленген тәртібін қасқана бұзған адамды ұстауға арналған бір адамдық камера.
Кешірім беру - помилование. Сотталған адамға тағайындалған жазаны жеңілдету немесе сотталды деген атағын жою туралы кесім. Кешірім беруді Қазақстан Президенті ғана шеше алады және тек жеке адамға қолданады.
Кодекс - кодекс. Біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар біріктіріліп, жүйеге келтірілген заң.
Қайырмалдық - пожертвование.Жалпы пайдалану мақсатында затты немесе құқықты сыйға тарту.
Қорлау - оскорбление. Басқа адамның ар-намысы мен қадір қасиетін әдепсіз түрде кемсіту.
Қашу - побег. Қылмыстық құқықта жазалау немесе қамуға алу негізінле бұлтартпау шараларын қолдану орнынан өз бетінше кетіп қалу.
Құзау хат - ходатайство. 1) Мемлекеттік ұйымға немесе тиісті құзыреттегі қоғамдық ұйымға жолданған ресми өтініш немесе ұшсынба. 2) Сот өндірісінде іске қатысушының тергеу өндірісі немесе кез - келген қылмыстық іс боынша шешім шығарған соттың әрекеттері жөнінде іс жүргізуші органдарға немесе басшы тұлғаларға ауызша немесе жазбаша өтініш жасауы.
Құқықтық режми - правовой режми. Белгілі бір затты, жаратылыс,т.с.с. құбылысты пайдаланудың, қорғаудың заңда белгіленген тәртібі. Мысалы,қорықтың құқықтық режимі.
Құқықтық сана - правосознание. Адамдардың әлеументтік топтардың, таптардың, ұлттардың құқыққа, заңдылықа, сот әділдігіне байланысты қалыптасқа көзқарасының, ойларының,сезімдерінің жиынтығы.
Мекеме-учреждение. Басқару,әлеуметтік-мәдени немесе өзге де комерциялық емес сипаттағы қызметтеерді жүзеге асыру үшін меншік иесі құрған және қаржыландыратын ұйым.
Мораторий - мораторий. Қарыз өтеу, белгілі бір әрекетке тыйым салу, қаржы міндеттемелерін орындау мерзімдерін тқтенше жағдайларға байланысты үкімет қаулысымен кейінге көшіру.
Нормативтік кесім - нормативный акт. Құқықтық норматиытері бар мемлекет органы жасаған құжат.
Нұсқаулық - инструкция. Заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласында қолданылуын егжей-тегжейлі көрсететін нормативтік құқықтық кесім.
Опцион - опцион. Келісілген баға бойынша және шарта белгіленген мерзім ішінде бағалы қағаздардың белгілі бір түрінің белгілі бір мөлшерін бір тараптың сатып алуға құқығын және екінші тараптың сатуға міндеттемесін куәландыратын екі жақты шарт.
Оферта-оферта. Шарт жасасу туралы бір немесе бірнеше нақты жақтарға жасалған ұсыныс.
Өзіндік капитал - собственный капитал. Шаруашылық жүргізуші субъектінің өз міндеттемелерін шегіріп тастағаннан кейінгі активтері.
Пайдақорлық - корысть. Қылмыс жасаудың бір түрткісі,негізі болуы мүмкін. Мысалу, ұрлық,пара алу пайдақорлық ниетпен жасалады.
Патент иленуші - патентообладатель.Қорғау құжатының иесі.
Пантронат - пантронат. Уәкілетті мемлекеттік орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдірген адамның жасасқан шарты бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берілетін тәрбие нысаны.
Парақорлық - взяточничество. Қалыптасқан қылмыстық құқықта қылмыстың үш түрін: пара алуды, пара баруды, парақорлықа делдал болуды қамтитын ұғым.
Порнография - порнография. Жынысқа,жыныстық қатынастарға қатысты әлденелерді бейнелеудегі әдепсіздік, шектен шықан арсыздық.
Поролангация - поролонгация. Шарттарда онда қаралған әрекет мерзімінен мейілінше ұзарту.
Регресстік талаптар - регрессное требование.Кері талап. Басқа тұлғаның міндеттемесін орындаған борышқор орындалған міндеттеме мөлшерінде сол тұлғаға кері талап қоюға құқылы.
Санаткерлік меншік - интеллектуальная собственность. Шығармашылық қызметтің объектілендірілген нәтижесіне меншік.
Сезікті - подозреваемый. Қылмыс істеді деген сезікпен ұсталған және айып тағылмастан бұрын бұлтартпау шарасы қолданылған адам.
Сервитут - сервитут. Азаматтар мен заңды тұлғалардың басқа адамдардың жеке меншік құқығындағы немесе жер пайдалану құқығындағы жер учаскелерін нысаналы пайдалану құқығы.
Симуляция - симуляция. Дені сау адамның белгілі бір ауру түрімен өтірік ауыруы, сол ауруға шалдыққан болып көрінуі. Оның екі түрі бар: ойдан шығарылған және әдетке айналған.
Субсидиялар - субсидиялар. Заң актілерінде белгіленген мақсаттар үшін коммерциялық ұйымдарға бюджеттен бөлінетін тегін және қайтарымсыз телемдер.
Суррогат ана шарты - договор суррагатного материнства. Балалы болуды қалайтын адамдар мен бойға бала бітірудің жасанды әдісін немесе эмбрион имплантанциясын қолдануға келісім берген әйелдің арасындағы келісім.
Сұрау салу - запрос. Парламент депутаты,депутаттар топтары, комитеттер Министрлер Кабинетіне, оның мүшелеріне олардың қызметіне қатысты сұрау салуы мүмкін. Мұндай сұрауға сұрау салынған оргындар жауап беруге міндетті.
Тағылық - вандализм. Үйлерді немесе өзге де құрлысарды жазулармен немесе суреттермен, немесе жұртшылықты намысына тиетіндей өзге де іс- әрекеттермен қорлау, сол сияқты көлікте немесе өзге де қоғамдық орындарда мүлікті қасқана бүлдіру.
Тергеу изоляторы - следственный изолятор.Бұлтартпау шаралары ретінде қамауға алу қолданылған сезіктілер мен айыптаушыларды ұстауға арналған арнаулы мекеме.
Терроршы - террорист. Террорлық іс-әрекетті жүзеге асыруға қатысушы адам.
Техникалық шарттар - технические условия. Нақты өнімге, процестерге, көрсетілетін қызметтерге немесе өнімнің бірнеше түріне қойылатын техникалық талаптарды белгілейтін нормативтік құжат.
Тонау - грабеж. Бөтен мүлікті ашық ұрлау.
Тонаушылық - мародерство. Шайқас даласында өлгендер мен жараланғандардың заттарын ұрлау(тонау).
Ұрлық - кража. Бөтен мүлікті жасырын ұрлау.
Цессия - цессия. Азаматтық заңдарға сәйкес міндеттемедегі талаптарды азайту.
Чартерлік шарт - чартерный договор. Әуе кемесінің иесі мен әуе кемесін жалдаушының арасында жасалатын әуе кемесін жалдау шарты.
Шешім - решение. Құқықтық кесімнің бір түрі: 1) Өкілдік және әкімшілік органдардың кесімдері. 2) Азаматтық істерді қарағанда сот органдарының қабылдайтын кесімі.
Шпионаж - шпионаж. Нақты бір мемлекеттің құпиясы болып табылатын экономикалық немесе басқа сипаттағы мәліменттерді астыратын жинау, ұрлау немесе басқа мемлекетке беру түріндегі ұшырасатын қылмыс.
Іссапар - командировка. Жұмыс берушінің үкімі бойынша қызметкерді тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу.
Эксгумация - эксгумация. Мәйітті көрден қазып алу. Заң бойынша эксгумация көрден қазып алудың мақсатын көрсете отырып, шығарылған тергеушінің қаулысы немесе соттың ұйғырымы бойынша жүзеге асырылды.
Эмбарго - эмбарго. Тауарлардың, бағалы қағаздарды, т.б. шетелге шығаруға не шетелдерден әкелуге тыйым салу.
2 ДӘРІСТЕР ҚЫСҚАША КОНСПЕКТІСІ
1-тақырып. Кәсіпкерлік құқыққа кіріспе
Мақсаты: Студенттердің кәсіпкерлік құқыққа байланысты білім деңгейлерін көтеру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін және өздігінен шешім табу қасиеттерін дамыту. Құқықтық, патриоттық тәрбиені жүзеге асыру.
Жоспары:
1. Кәсіпкерлік құқық ғылымының , құқықтың және оқу пәнінің саласы ретінде.
2. Кәсіпкерлік құқықтың жүйесі, оның принциптері.
3. Кәсіпкерлік құқықтың қайнар көздері.
Кәсіпкерлік құқық ғылымының , құқықтың және оқу пәнінің саласы ретінде.
« Кәсіпкерлік» терминіне деген әртүрлі көзқарастардың эволюциясы.
Ғалымның аты-жөні, жаряланған жылы
|
Теорияда зертелген негізгі ережелер
|
1
|
2
|
Ричард Кантиллион
(1725)
Николас Бауде
(1767)
Жан Батист Сэй
(1810)
Карл Менджер
(1871)
Альфред Маршалл
(1890)
Джозеф Шумппетер
(1910)
Франк Найт (1921)
Давид Макклеланд(1967)
Питер Друкер(1964)Харви Либенстейн
|
- Кәсіпкер өзіне -өзі жұмыс орнын жасайтын адам
-Кәсіпкер тұрлаусыздық және тәуекелдік жағдайында жұмыс істейді.
-Кәсіпкер нарық талаптарына сай іс-әрекет жасауы керек.
- Кәсіпкер ең алдымен жаңартпа менеджері.
-меншіктенуші мен кәсіпкер расында айырмашылықтар бар.
-Кәсіпкерлерді қолдап және арнайы оқытып оьыру қажет
-Кәсіпкерлік еңбек те- еңбек, жер, капитал сияқты негізгі өндіріс факторы.
- Кәсіпкерлер - белгілі бір моральдық және кәсіби қасиеттерге ие болулар қажет.
- Кәсіпкерлер тұрлаусыздық жағдайында жұмыс істейді және әрдайым кәсіпорынның алдында тұрған қиыншылықтарды жеңіп отыруға мәжбүр.
- кәсіпкер шешім қабылдауда 4 сатыны қолдануы қажет: мәлімет жинау, экономикалық есеп, тауар таңдау және өндіріс жоспарының орындалуын басқару.
-Кәсіпкер мен менеджердің қызметтерінде айырмашылықтар бар, демек оларға әртүрлі талап қойылады.
- Кәсіпкердің міндеті- капиталды, еңбекті іске қосу, жоспар құру және оның орындалуын ұйымдастыру.
-кәсіпкерліктің мәні өндіріс күштерні жаңадан ұйымдастырудан тұрады.
-Кәсіпкерлік қызметтің бағыттары:
1. жаңа өнімдер немесе қызмет өрсетулер;
2. жаңа өндіріс әдістері;
3. жаңа өткізу нарықтары;
4. жаңа жабдықтау көздері;
5. жаңа ұйым түрлері.
-Кәсіпкер- әлеуметтік-экономикалық жаңартпашы.
Кәсіпкер өз еңбегімен пайданың жаңа түрін жасайды- кәсіпкерлік табыс.
- Кәсіпкер бір мезгілде капитал меншіктенушісі де болуы керек.
- Кәсіпкердің негізгі міндеттері- ұйымдастыру және бақылау.
- Кәспкер өз көзқарасын қорғай білуі және қиыншылықтарды жеңе білуі қажет.
- Кәсіпкер болашақ нәтижелерді болжай алу, тәуекел ете алу және жігрлік сияқты қасиеттерге ие болуы керек.
-бірінші рт пайда табуға мүмкіндік категориясын енгізеді.
-Кәсіпкердің міндеті- ресурстарды тиімділігі төмен саладан, тиімділігі жоғары салаға ауыстыру
-Кәсіпкер әртүрлі нарықтық жағдайларда жұмыс істей білуі қажет: тұрқты нарық жағдайында сондай-ақ жаңа, белгісіз нарық жағдайында
|
Тақырыпқа байланысты талданатын сұрақтар:
1. Кәсіпкерлік құқық ғылымының , құқықтың және оқу пәнінің саласы ретінде.
2. Кәсіпкерлік құқықтың пәні , оның ерекшіліктері , құқықтың реттеу әдістері. Шаруашылық және кәсіпкерлік қызмет түсінігі, ұғымы.
3. Кәсіпкерлік құқтың басқа салаларынан айырмашылығы.
4. Кәсіпкерлік құқықтың жүйесі, оның принциптері.
5. Кәсіпкерлік құқықтың қайнар көздері. Кәсіпкерлік заңның құрылымы.
Заңдар және заңға негізделген актілер, нормативтік- құқықтық актілер кәсіпкерлік құқықтың қайнар көзі ретінде.
Тесттер:
1. Құқықтық қатынасқа қойыла алатын тұлға төмендегідей аталады?
А) құқықтық қатынастық субъектісі.
B) құқықтық субъетісі
C) құқықтық субъект
D) құқықтық қатынастың субъектісі
E) дұрыс жауабы жоқ
2.Мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің негізгі міндетінің неегізгі міндет мақсаты неге ббағытталған?
-
көрсетілгендердің барлығы
-
қоғам мен мемлекеттің қажетіне қарай айқындалатын мынадай әлеумметтік-экономикалық міндеттерді шешу болып табылады.
-
мемлекеттік қорғаныс қабілетін материалдық жағынан қамтамасыз ету және қоғам мүддесін қорғау.
-
мемлекеттік монополияға жатқызылған немесе бақылау және қадағалау функцияларын қоспағанда
-
мемлекеттің функциясы болып табылатын салалардағы қызметті жүзеге асыру.
3. Республикалық мемлекеттік кәсіпорынды кім құрады?
-
ҚР Үкіметінің немесе Ұлттық Банктің шешімі бойынша
-
Әділет министрлігі шешімі бойынша
-
Премьер министр шешімі бойынша
-
Заңды тұлғаны тіркейтін департамент шешімі бойынша
-
Дұрыс жауабы жоқ
4. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынды кім құрады?
-
ҚР Үкімет белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша құрылады.
-
Министр шешімі бойынша
-
Президентің қаулысы бойынша
-
Маслихат депутаттарының ұсыысы бойынша
-
Парламент депутаттары.
5.Мемлекттік кәсіпорынның құрылтайшысы кім болып табылады?
-
уәкілетті орган
-
заңды тұлға
-
жеке тұлға
-
оқшау мүлкі бар тұлға
-
бірақ азаматығы Қазақстандық емес
Пайдаланатын әдебиеттер жинағы:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. А., 2007.
2. ҚР Азаматтық кодекс А ., 2004.
3 Қазақстан-2030 А., 2004.
4. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында
Н.Назарбаевтың халыққа жолдауы А., 2005.
5. Дулатбеков Н, Амандықова С, Турлаев А Мемлекет және құқық негіздері оқулық. А., 2002.
6. Баққұлов С. Құқық негіздері . Оқулық . А., 2004.
7. Сапарғалиев Ғ., Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы . Оқу құралы А., 1997.
8. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы Оқулық . А., 1999.
9. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы . Оқулық А., 2001.
10. Айымханов Н. ҚР еңбек құқығы. Оқу құралы. А., 2002.
11. Ағыбаев А. Қылмыстық құқық .Оқулық А., 2001.
12. Битеміров Қ.Т. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің даму жолдары және құқықтық негіздері . А., 1998.
13. Лаптев В.В Предмет и системе хозяйственного права . М., 1969.
14. Лившиц А.Я. Введение в рыночную экономику. М., 1991.
15. Кәсіпкерлік нормативтік-құқықтық актілер жинағы
16. Долинская В.В. Предпринимательское право. М., 2002.
2-тақырып. Кәсіпкерлік құқықтық қатынастар
Мақсаты: Студенттердің кәсіпкерлік құқыққа байланысты білім деңгейлерін көтеру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін және өздігінен шешім табу қасиеттерін дамыту. Кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың ерекшеліктерін ашып көрсету. Құқықтық, адамгершілік, патриоттық тәрбиені жүзеге асыру.
Жоспары:
-
Кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың түрлері.
-
Кәсіпкерлердің өзара және басқару органдарымен байланысы.
-
Кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың құрылымдық ерекшеліктері.
Рыноктық механизмді ең жалпы түрде экономиканың негізгі мәселелерін шешу мақсатында өндірушілер мен тұтынушылардың рынок арқылы өзара әрекет ететін шаруашылықты ұйымдастыру формасы деп анықтауға болады.
Рынок дегеніміз не? Басында рынок дегенді әр түрлі тауарларды сатумен байланысты жұртқа жария орын ретінде түсіндірді. Қоғам дамыған сайын, оның экономикалық құрлымы қиындаған сайын рынок ұғымы да өзгеріп отырады. Қазіргі дамыған қоғамда рынок деген міндетті түрде сатушылар мен сатып алушылар кездесіп, келісім жасайтын орын емес. Қазіргі заманда саудагерлер телидидар арқылы жарнама бере алады, сатып алушылармен тікелей байланыспай-ақ алыс-беріс жасаушылардың табыстарын телефонмен жинап және тауарларды почта арқылы жібере алады. Рынок-қоғамдық еңбек бөлінісі негізінде оқшауланған өндірушілердің арасындағы үстемдік етуші және анықтаушы байланыс әдісі ретінде көрінеді.
Тауар өндірісі жағдайында рыноктық байланыстар экономикалық қатынастардың барлық жүйесін және барлық субьектілерін қамтиды. Рыноктың құрамына өз жұмыс күшін сатушы кәсіпкерлер де, еңбеккерлер де, соңғы тұтынушылар да, қарыз капиталының және бағалы қағаздардың иелері де т.б. кіреді. Осыған сәйкес, қазргі рыноктық экономика рыноктардың бүгінгі бір жүйесі тауар мен қызметтер, жұмыс күші , қарыз капиталдарының, бағалы қағаздардың, валюталық рынок және басқалар. Алайда қандай рынок болса да, оның нақты түріне байланыссыз, үш негізгі элементке: бағаға, сұраныс пен ұсынысқа, бәсекеге негізделеді.
1)Бағалар-салыстырмалы бағалардың өзгеруі өндірушіге өндіріс көлемін өзгерту қажеттігін анықтау қызметін атқарады.Бағалардың өзгеруі өндіріс технологиясын таңдауға әсерін тигізеді. Бағалар ақыр соңында табыстардың берілген бір деңгейінде өнімді кімдер тұтынатынын да алдын ала анықтайды.
2) сұраныс төлем мүмкіндігі бар қажеттілік, яғни тұтынушылардың керекті тауарларға төлей алатын ақша сомасы. Ұсыныс дегеніміз берілген бағада сатуға арналған тауардың саны. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасының өзгеруі бағаның құн төңірегендегі тербелуін тудырады. Осы тербелулер арқылы сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін, ал түбінде өндіріс пен тұтынудың тепе-теңдігін қамтамасыз ететін деңгей қалыптасады.
3) Бәсеке- әрбір кәсіпкердің мақсаты пайданы барынша ұлғайту, сондықтан да, шаруашылық қызметінің көлемін ұлғайту. Ал бұның өзі өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін кәсіпкерлердің өзара күресіне әкеліп соғады да, олар бір біріне деген қатынасы қарсыластар немесе бәсекелестер ретінде көрінеді. Егер қандайда бір тауардың ұсынысы сұранысынан көп болса, онда сатушылардың арасындағы бәсекелік күрес күшейеді.
Кәсіпкерлікті дамытудың шарттары:
кәсіпкерліктің қажетті шарты мен белгісі, субьектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқы болуы шарт. Ол шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік бағдарламаны анықтау, қаржыландыру көзін таңдау, өнімдерді өткізу, оларға баға белгілеу, пайдаға өз жарлығын жүргізу т.б. кәсіпкер шаруашылықты жүргізудің экономикалық жағынан оқшауланған субьектісі болуы керек.
Кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелділікті қажет етеді. Қабылданған шешімдерге деген жауапкершілік болмайтын болса, ол кәсіпкерлік болмағаны, жәй тапсырма бойынша жарлық ету болғаны. Тәуекелдік тура шешім туралы ерекше айту керек. Кәсіпкерліктің қандай түрімен айналысушылардың басым көпшілігі кепілді табыс пен жоғары жалақыға есеп жасайды. Алайда кәсіпкерлік және рыноктың дамуы тек жоғарғы табыс пен жалақыдан тұрмайтыны, оның көлеңкелі жақтары да аз емес екендігі белгілі. Осыдан да болар ауыз екі сөзде тәуекел тас жарады, тас жарамаса бас жарады деген де бар.
3) Кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциялық табысқа жетуге , пайда табуға бағдар ұстауы, мұның өзі экономикалық қажетті рыноктық құрлымын орнатумен байланысты. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кәсіпкерліктің жан-жақты дамуына оның құқылық базасы жеткіліксіз оған сай әлеуметтік-экономикалық шарт қалануы қажет. Олай дейтініміз рынок пен кәсіпкерлік кенеттен пайда болып тез дамымайтын кім-кімге де түсінікті. Олар бұйрықпен, үкімет шешімдерімен, міндеттеу жолымен іске қосылмайды. Өйткені ақшасыз, тауарсыз,капиталсыз, ең басты реттеуші-құн заңынсыз, қозғаушы күші бәскесіз олар дами алмайды.
4)Шарты еркін кәсіпкерлік меншіктің әр қилы формада, түрде, типте болуын қалайды, олай болса иемденуді де қамтиды.өз кезегінде көптүрлілік обьективті құбылыс, өйткені ол өндірістік қызмет көрсету ісінің дамуының нәтижесі.
Белгілі Австриялық экономист И. Шумпетер айтқандай, кәсіпкерлік-жұмыстың бір түрі емес, тұнып тұрған ақыл-ой, тұла бойы қасиет. « ерекше бір көріпкелдік қасиет болуы рутина қысымына әрдайым қарсылық жасай білуі шартты мәселе. Жаңалақты таба білетін, оның нәтижесін пайдалана білуі керек. Хас тәуекелге бел байлап, қорқуды, үрейді жеңе білу, болып жатқан құбылыстарға еш байланыссыз өз шешеімін анықтау.»
РЫНОК ИНФРАҚҰРЛЫМЫ
Достарыңызбен бөлісу: |