МБ-1.2. Кәсіпкерліктің дамуы, түрлері мен формалары
1. Кәсіпкерлік экономиканы дамытудың қозғаушы күші.
2. Шағын кәсіпорын және оның дамуы.
І. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік шаруашылық қызметтің маңызды түрі. Қазіргі
экономика ғылымы кәсіпкерлікті шаруашылықты ұйымдастырудың негізгі типі ретінде
анықтайды. Кәсіпкерлікке ұйымдық шаруашылықтың жаңашылдығы, ресурстарды пайдаланудың
тиімді әдісі, икемділік кей жағдайда тәуекелділікке бел байлауда тән.
Кәсіпкерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен кәсіпорын. Экономикалық категория ретінде ол
өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастарды ұйымдастырудың негізгі буыны болып табылады.
Құқықтық тұрғыдан алғанда кәсіпорын заңды құқықтары бар дара шаруашылық субъектісі, өзіне
бекітіліп берген мүліктерді
пайдалана отырып өнім өндіреді, жұмыс атқарады және әртүрлі
қызмет көрсетеді.
Кәсіпкер өндірістік, сауда және т.б. кәсіпорынның иесі, ол тиімді істерді амал ретінде тауып,
ұйымдастыра білетін іскер адам. Ал
кәсіпкерлік болса, кәсіпкерге оның ісіне тән қызмет істеуді
ұйымдастыруды айтамыз, яғни олардың бірлескен одағы.
Біздегі көп жылғы экономиканың бір орталықтан басқару, бөлу, бақылау жүйесі кәсіпкерліктің
дамуына жол бермей келгені белгілі. Ал қазіргі қоғамдағы кәсіпкерлік
нарықтық қатынасқа
енумен байланысты жаңа мән-мазмұнға ие болды. Республика көлемінде кәсіпкерлікті дамыту,
оның көркейту мақсатымен арнайы заң қабылдап, оны өндірістің қай саласында да,
одан тыс
салаларда да қолдап, дамытып, қорғауға жол ашып отыр. Кәсіп, кәсіпкерлік, кәсіпкер ұғымдары
арабтың ежелгі сөзінен шыққан. Ол
пайда табу, кіріс, ұтыс, тіршілік, шаруашылық маңызында
пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: