КӘсіпорынның инвестициялық Қызметі



бет1/7
Дата20.07.2016
өлшемі0.91 Mb.
#211575
  1   2   3   4   5   6   7
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған

оқу-әдістемелік құралы


Павлодар


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қаржы-экономика факультеті
Экономика және менеджмент кафедрасы

КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған

оқу-әдістемелік құралы

Павлодар

Кереку


2011

УДК 330.322 (07)

ББК 65.290-56 я 7

К 26
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қаржы-экономика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен



басуға ұсынылды

Пікірсарапшылар:

э. ғ. к., доцент, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Экономика және менеджмент» кафедрасының меңгерушiсi С. К. Кунязова

э. ғ. к., доцент, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» кафедрасының меңгерушiсi Г. Р. Байтаева

э. ғ. к., доцент, Инновациялық Еуразия университетінің «Экономика» кафедрасының меңгерушiсi З. А. Арынова


Құрастырушы: Н. М. А ленова

К 26 Кәсіпорынның инвестициялық қызметі : экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы / құраст. Н. М. Аленова. – Павлодар : Кереку, 2011. – 94 б.


«Кәсіпорынның инвестициялық қызметі» пәннің оқу-әдiстемелiк кешеннiң жинағы осы оқу курсын толық меңгеруi үшiн барлық оқу-әдiстемелiк материалының компоненттерін қамтиды.

Оқу-әдістемелік құрал экономика мамандықтарының студенттеріне арналған.

УДК 330.322 (07)

ББК 65.290-56 я 7

© Аленова Н. М., 2011

© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2011

Материалдық дурыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты

Мазмұны





Кіріспе ..............................................................................................3

1

Сыртқы оқу нысанының студенттеріне арналған силлабус........4

2

Тәжірибелік сабағына арналған әдістемелік нұсқау …….........20

3

Пәнді оқуға арналған әдістемелік нұсқау...................................36

4

Дәріс материалы............................................................................39

5

Өзіндік жұмыстарға арналған материалдар…………………....67

5.1

Дәрістерге дайындалуға арналған тапсырма..............................67

5.2

Тәжірибелік сабақтарға дайындалуға арналған тапсырма........71

5.3

5.4


Оқу материалын өзіндік оқуға арналған тапсырма ……...........79

Бақылау шараларына дайындалу.................................................84



5.5

Қорытыңды бақылауға арналған сұрақтар ………………………..........88

6

Білім алушылырдың оқу жетістіктерін бақылау мен

бағалау бойынша материалдар.....................................................89



6.1

Сырттай оқитын студенттердің бақылау жұмыстарға

арналған әдістемелік нұсқау ……………………........................89






Әдебиеттер ....................................................................................93


Кіріспе
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі – бұл инвестициялар салымы және инвестициялық ағымдардың тиімді жолдарын іске асырудағы әр түрлі әдіс – тәсілдер мен іс-шаралардың жиынтығы. Сонымен қатар негізгі қорларды құру мен іске асыру капитал салымдар нысанында болады.

Инвестициялау (инвестициялық процесс)бұл қарапайым және өндіріс қаражаттарын қалпына келтіруді ұлғайту процесі. Кәсіпорынның негізгі қоры, машиналар мен құрал-жабдықтар ескіріп, табиғи және сапалық тозуға ұшырайды, олар өндірістік процес барысында ұдайы ауыстырылып отырады. Кәсіпорынның дамуы, оның тиімділігінің ұдайы артып отыруы өндіріске жаңа үлгідегі техника мен технологияны тартуға, оны техникалық жағынан қайта жарақтану және қайта құруды жүргізумен тікелей байланысты.

«Кәсіпорынның инвестициялық қызметі» экономистер мен менеджерлердi дайындауда міндетті бөлiгi болуы керек.

Ұсынылып отырған жинақ силлабус негізінде сырттай оқитын студенттерге тәжірибелік сабақтарға әдістемелік нұсқау, өздік жұмыстарына арнайы тапсырмалар, бақылау мен бағалауға арналған материал және сырттай оқитын студенттерге бақылау тапсырмаларына әдістемелік түсініктер мен қорытынды сынаққа сұрақтар берілген.

Оқу әдістемелік кешен келесі материалды қамтамасыз етеді: инвестиция мен инвестициялық қызмет мәнін зерттеу; инвестициялық менеджмент мақсаттары мен міндеттерін зерттеу; инвестициялық қызметі мемлекеттік реттеу негіздерімен таныстыру; инвестициялық нарықтың әрекет ету мәні мен механизмін зерттеу; инвестициялық жобаларды басқару әдістемесін қарастыру; кәсіпорынның қаржылық инвестициялары негіздерімен таныстыру; халықаралық инвестициялық ынтымақтастық рөлін айқындау.

Тәжірибелік бөлімінде өткен теориалық білімдерін пайдаланып өздік жұмыстарын орындау, соны мен қатар тәжірибе мен теорияны тоғыстыратын семинар, іс ойындар, нақты жағдайлар әдісі бойынша өткізетін тапсырмалар кіргізілген.

Бұның бәрі теориялық білімдерін әрі қарай жетілдіріп, білім сапасының денгейін көтерүге мүмкіндік жасайды.

Автор бұл «Кәсіпорынның инвестициялық қызметі» пәннін оқу әдістемелік кешеннің жинағы университеттің оқу-әдістемелік базасының дамуына үлес қосатындығына үміттенуде.



1 Сыртқы оқу нысанының студенттеріне арналған силлабус
1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

Аты-жөні Аленова Нуржанат Мухтаровна, аға оқытушы

Экономика және менеджмент кафедрасы А корпусында (Ломов көш.64), 419 аудиторияда орналасқан.

Байланысу телефоны 67-36-43.


1.2 Пән туралы мәліметтер

Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттер саны

Сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

СӨЖ


бақылау түрлері

бар-лығы

дәріс-тер

практи-калық (сем)

зертха-налық

студия-лық

жеке

бар

лы

ғы



ОСӨЖ

5В050600«Экономика»

сыртқы ЖКБ, ОКБ негізінде, т.ж. 2010

4,5

3

18

12

6










117

18

емтихан


1.3 Пәннің мақсаты және міндеттері

Курстың мақсаты – болашақ мамандарға кәсіпорынның инвестициялық қызметінің салсында теориялық білім және тәжірибелі дағды беру.

Курстың негізгі міндеті - инвестиция мен инвестициялық қызмет мәнін зерттеу; инвестициялық менеджмент мақсаттары мен міндеттерін зерттеу; нарықтық ортадағы кәсіпорынның инвестициялық қылығын қарастыру; инвестициялық қызметі мемлекеттік реттеу негіздерімен таныстыру; инвестициялық нарықтың әрекет ету мәні мен механизмін зерттеу; кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы түсінігімен таныстыру; инвестиция тиімділігін бағалау тәсілдерін зерттеу; инвестициялық жобаларды басқару әдістемесін қарастыру; кәсіпорынның қаржылық инвестициялары негіздерімен таныстыру.
1.4 Білімге, икемділікке және машықтарға қойылатын талаптар

Студент пәнді оқып бітірген соң білуге қажет:

- кәсіпорынның инвестициялық қызметінің ерекшеліктері оның шаруашылық қызметі түрі ретінде;

- инвестициялық менеджменттің механизмінің негізгі элементтерінің сипаттамасын;

- кәсіпорынның инвестициялық қылығының экономикалық мотивациясын;

- Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатын;

- кәсіпорынның нақты инвестициялауын өткізу нысандары мен ерекшеліктерін.

Студент пәнді оқып бітірген соң істей білу қажет:

- инвестициялардың экономикалық тиімділігін есептеу тәсілдерін;

- инвестициялық жобалардың техника-экономикалық түсініктемесін және бизнес-жоспарлау тәсілдерін;

- экономикалық және ұйымдастырушылық сипаттағы есептерді шешумен байланысты арнайы теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдылар кешенін.
1.5 Пререквизиттер:

- микроэкономика;

- макроэкономика;

- экономикалық теория;

- дүниежүзілік экономика;

- халықаралық экономикалық қатынастар;

- статистиканың жалпы теориясы;

- экономика-математикалық әдістер;

- информатика мен есептеу техникасының негіздері.
1.6 Постреквизиттер:

- кәсіпкерлік;

- өндірісті ұйымдастыру;

- ЕАМҰ;


- фирмаішілік жоспарлау.

1.7 Тақырыптық жоспар

Тақырыптардың атауы

Сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

дәріс.

практикалық (сем)

зертха-налық

студия-лық

жеке

СӨЖ

1 Инвестициялық қызмет және инвестицияның экономикалық мәні

2

1

-

-

-

11

2 Инвестициялық менеджменттің міндеті және мәні

1

1

-

-

-

11

3 Нарықтық ортадағы кәсіпорынның инвестициялық қылығы

1

1

-

-

-

11

4 Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу

1

1

-

-

-

11

5 Инвестициялық нарық: мәні және жұмыс істеу механизмі

1

1

-

-

-

11

6 Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру

1

1

-

-

-

11

7 Инвестициялар тиімділігін бағалау әдістері

1




-

-

-

11

8 Инвестициялық жобаларды басқару

1




-

-

-

11

9 Кәсіпорынның қаржылық инвестицияларын басқару

1




-

-

-

11

10 Кәсіпорынның инвестициялық ресурстары

1




-

-

-

11

11 Халықаралық инвестициялық ынтымақтастық

1




-

-

-

6

Барлығы

12

6










117


1.8 Пәннің қысқаша сипаттамасы

Инвестицияларды дұрыс басқара білу кәсіпорынның экономикалық тиімділігіне, қаржылық тұрақтылығына, оның өз бизнес саласындағы өміршеңдігіне айтарлықтай әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан да, инвестициялық қызметті басқару кәсіпорындағы қаржы менеджментінің маңызды да жауапты міндеттерінің бірі болып табылады.

Кәсіпорындар өзінің инвестициялық қызметі барысында белгілі бір инвестициялық саясатты бетке алады. Кәсіпорынның нвестициялық саясаты дегеніміз – бұл кәсіпорынның өз инвестициялық қызметін тиімді жүзеге асыру арқылы табыс табуға немесе өндіріс көлемін кеңейтуге бағытталған шараларының жиынтығы болып табылады.

Кәсіпорынның инвестициялық саясаты капитал салымдарының тиімді объектілерге салынуын, олардың өндіріс барысын сенімді ақша ағындарымен қамтамасыз етуге, нәтижесінде кәсіпорынның жалпы экономикалық қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуге арналған. Демек, инвестициялық саясат өз кезегінде кәсіпорынның экономикалық саясатының құрамдас бөлігі болып табылады.


1.9 Курстың компоненттері
Дәріс сабақтарының тізімі
1-тақырып. Инвестициялық қызмет және инвестицияның экономикалық мәні

Инвестицияның басқару объектісі ретіндегі мәндік сипаттамалары. Кәсіпорынның тиімді қызмет етуін қамтамасыз етудегі инвестицияның ролі. Инвестициялар жіктелуі.

Инвестициялық қызметтің объектілері мен субъектілері. Кәсіпорынның инвестициялық қызметі оның экономикалық мүдделерін жүзеге асыру нысаны ретінде. Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің ерекшеліктері оның шаруашылық қызметі түрі ретінде.

Қазақстан Республикасындағы инвестицияның құрылымы мен динамикасы.


2-тақырып. Инвестициялық менеджменттің міндеті және мәні

Инвестициялық менеджменттің мәні. Кәсіпорынның жалпы басқару жүйесіндегі инвестициялық менеджменттің орны. Кәсіпорынның инвестициялық қызметін басқарудың негізгі принциптері.

Инвестициялық қызметін басқарудың оның басты мақсатын жүзеге асыруға бағытталған негізгі міндеттері. Кәсіпорынның инвестициялық менеджменттің объектісі ретінде жіктелуі. Инвестициялық менеджменттің негізгі субъектілері.

Инвестициялық менеджменттің функциялары басқару жүйесі ретінде. Инвестициялық менеджменттің функциялары кәсіпорынды басқарудағы арнайы сала ретінде.

Инвестициялық менеджменттің механизмінің негізгі элементтерінің сипаттамасы.

3-тақырып. Нарықтық ортадағы кәсіпорынның инвестициялық қылығы

Экономикалық ғылымдағы инвестициялар теориясы. Инвестициялық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру моделі.

Кәсіпорынның инвестициялық қылық теориясы. Инвестициялық шешімдер қабылдаудың сыртқы экономикалық (институционалдық) мотивациясы. Кәсіпорынның инвестициялық қылығының экономикалық мотивациясы.

Кәсіпорынның инвестициялық тәртібі моделінің негізгі элементтері.


4 тақырып. Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу

Мемлекеттік инвестициялық саясаттың мақсаты мен міндеттері. Кәсіпорынның инвестициялық қызметін мемлекеттік реттеудің нысандары. Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау.

Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты.
5- тақырып. Инвестициялық нарық: мәні және жұмыс істеу механизмі

«Инвестициялық нарық» ұғымының мәні. Инвестициялық нарықтың негізгі қызметі.

Негізгі белгілері бойынша инвестициялық нарықтың түрлері. Жеке түрлерге бөлгендегі инвестициялық нарықтың құрамы.

Инвестициялық нарықтың қатысушылары және олардың қызметі. Инвестициялық нарықтың негізгі қаржылық құралдарының сипаттамасы.

Инвестициялық нарықтың жұмыс істеу механизмінің қалыптасуының негізгі принциптері. «Нарық тиімділігі» ұғымының мәні.

Нарық конъюнктурасының түсінігі және оны зерттеудің принциптері. Инвестициялық нарық конъюнктурасын талдау әдістері. Доу теориясы. Элиоттың жігер теориясы. Жылжымалы орташа теориясы.


6-тақырып. Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру

Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясының мәні және оның кәсіпорын дамуындағы ролі. Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясын жасау кезеңдері және принциптері.

Инвестициялық стратегиясын жасау әдістері.

Инвестициялау стратегиясын жасау. Инвестициялық қызметтің нысандары мен стратегиялық бағыттарын негіздеу.

Кәсіпорынның жасалған инвестициялық стратегиясының мониторингі.
7- тақырып. Инвестициялар тиімділігін бағалау әдістері

Жобаларды бағалау әдістері. Инвестициялар тиімділігін (бухгалтерлікке есепке негізделген) дисконттауды қоспай бағалау әдістері.

Пайданың ішкі мөлшері мен ағымдағы құны әдістерін салыстыру.

Жобаның әлеуметтік салдарын бағалау. Инновация және лизингтің тиімділігін бағалау ерекшеліктері.

Инвестициялық жүзеге асырудағы тәуекелдік және беймәлімділік факторларын есепке алу. Операциялық левередж және тәуекелділік. Жобалардың тәуекелділігін бағалау. Қоржын шеңберіндегі тәуекелділік.

Инвестиция жобаларын саралау ықтималдылығы. Инвестицияның тиімділігіне амортизация мен салықтардың әсері.

Инфляция жағдайында инвестициялар тиімділігін бағалау.
8-тақырып. Инвестициялық жобаларды басқару

Кәсіпорынның нақты инвестициялауын өткізу нысандары мен ерекшеліктері. Инвестициялық жобалардың түрлері мен оларды жасауға талаптар. Инвестициялық жобаларды басқару мәні.

Жобалық цикл. Жобаларды құрылымдау. Жоба қатысушылары. Инвестициялық жобаның өмірлік циклы кезеңдеріндегі бақылау.

Жобаның алғашқы (инвестиция алдындағы) фазасы. Жобалық құжаттауды жасау.

Инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды басқару. Жобаны жоспарлау. Жобаны басқаруды ұйымдастыру. Жобаны реттеу және бақылау. Жобаның сапасы. Жобаның аяқталуы.
9-тақырып. Кәсіпорынның қаржылық инвестицияларын басқару

Қаржылық инвестициялар нысандары және оларды басқару саясаты. Эмитенттер мен инвесторлар. Үлестік және қарыздық құнды қағаздар.

Инвестициялаудың жеке қаржылық құралдарының инвестициялық сапасын анықтайтын факторлар.

Қазіргі қоржындық теория негізінде қаржылық инвестициялық қоржынды қалыптастыру. Тиімді және оңтайлы портфельдер. Портфельдің табыстылығы мен тәуекелділігі. Портфельдің диверсификациясы. Тәуекелдік активтер ішінен портфельді таңдау. Инвестициялық портфельді қалыптастырудың тәртібі мен принциптері.

Қаржылық активтерге инвестициялаумен байланысты тәуекелділіктер. Міндеттемелердің жіктелуі. Активтер мен пассивтерді басқарудың негізгі принциптері.
10- тақырып. Кәсіпорынның инвестициялық ресурстары

Кәсіпорынның инвестициялық ресурстар ұғымы және оның жіктелуі. Құрылып жатқан инвестициялық ресурстардың құнын бағалау принциптері. Кәсіпорынның жеке инвестициялық ресурстарын қалыптастыру саясаты. Кәсіпорынның заемдық инвестициялық ресурстарын қалыптастыруын басқару. Кәсіпорынның инвестициялар қызметі бойынша ақша ағымының мәні мен түрлері.

Инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздері. Инвестициялық жобаларды қаржыландыру нысандары: акционерлік қаржыландыру, мемлекеттік қаржыландыру, несиелеу.

Инвестицияларды халықаралық қаржыландырудың ерекшеліктері. Жобалық қаржыландыруды ұйымдастыру.


11-тақырып. Халықаралық инвестициялық ынтымақтастық

Халықаралық инвестициялардың ерекшеліктері мен артықшылықтары. Халықаралық инвестициялардың тәуекелділіктері. Халықаралық инвестициялардың принциптері.

Тікелей шетелдік инвестиция және трансұлттық компаниялардың саясаты. Шетелдік инвестицияны реттеудің халықаралық тәжірибесі.

Қазақстан Республикасындағы халықаралық инвестициялық ынтымақтастық. Қазақстан Республикасындағы шетелдік инвестицияларды игеру.

Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасы ұлттық экономиканың басымды салаларына бағытталған сыртқы қаржылық ресурстар ретінді.
Тәжіребелік сабақтарының тізімі
1-тақырып. Инвестициялық қызмет және инвестицияның экономикалық мәні

Инвестициялық қызметтің объектілері мен субъектілері. Кәсіпорынның инвестициялық қызметі оның экономикалық мүдделерін жүзеге асыру нысаны ретінде. Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің ерекшеліктері оның шаруашылық қызметі түрі ретінде.

Қазақстан Республикасындағы инвестицияның құрылымы мен динамикасы.
2-тақырып. Инвестициялық менеджменттің міндеті және мәні

Инвестициялық менеджменттің мәні. Кәсіпорынның жалпы басқару жүйесіндегі инвестициялық менеджменттің орны. Кәсіпорынның инвестициялық қызметін басқарудың негізгі принциптері.

Инвестициялық менеджменттің функциялары басқару жүйесі ретінде. Инвестициялық менеджменттің функциялары кәсіпорынды басқарудағы арнайы сала ретінде.

Инвестициялық менеджменттің механизмінің негізгі элементтерінің сипаттамасы.


3-тақырып. Нарықтық ортадағы кәсіпорынның инвестициялық қылығы

Экономикалық ғылымдағы инвестициялар теориясы. Инвестициялық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру моделі.

Кәсіпорынның инвестициялық қылығының экономикалық мотивациясы. Кәсіпорынның инвестициялық тәртібі моделінің негізгі элементтері.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет