Кәсіптік оқытудың әдістемесі


Жобаланатын нысандарға қойылатын талаптар



бет20/32
Дата20.06.2022
өлшемі6.75 Mb.
#459370
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32
. Кәсіптік оқытудың әдістемесі және сәндік койлек

2.2. Жобаланатын нысандарға қойылатын талаптар.

Киім адам үшін қажет зат болып табылады. Ол адамның тәнің сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғайды. Сондай- ақ адамға көрік береді. Киімге қойылатын талаптар әр түрлі болып келеді. Олар: гигиеналық, әсемдік пайдалану, арнайы техникалық, үнемділік. Егер өндіріс талабын техникалық мүмкіншіліктер мен экономикалық өнім дайындаудың тұтастығын бір уақытта ескермесе бұйым сапасының толық елестету мүмкін емес. Өйткені өнім өндірістен тыс, материалсыз, конструкциясыз, энергия шығынсыз және адам еңбегінсіз дайындалуына қажетті құралдарсыз тұтынуға ұсынылмайды.


Бүгінгі таңда өндіріс ұйымының ең негізгі көрсеткіші болып өнім сапасы, оның тұтынушылардың сұраныс өтімділігі негізгі бәсекеге түседі. Киім ең алдымен тұтыну затты болып саналатындықтан, оның сапасы адам тұтынушы қоятын талаптарға сәйкес келеді. Киім сапасына қойылатын барлық талаптар тұтынушылық және техникалық- экономикалық болып бөлінеді. Тұтынушылық талаптар функционалдық, әлеуметтік, эстетикалық, эргономикалық, эксплуатациялық талаптар болып жіктеледі. [12]
Тұтынушылық талаптарға бұйымдардың қоғамдық сұраныстарға сәйкестігін, олардың өндіріске және өтім мақсаттарына лайықтылығын қамтамасыз ететін әлеуметтік талаптар жатады. Сондықтан әлеуметтік талаптар ассортименттерінің мақсатқа лайықтылығымен анықталады.




Әлеуметтік факторлардың рөлі базардың тауарларымен толуы және халық әл-ауқатының жақсаруы нәтижесінде артады.


Функционалдық талаптар бұйымның негізгі функционалдық тағайындалуы мен тұтынушылардың сыртқы келбетіне киімнің үйлесімділігін есепке алады. Тағайындау модельге, конструкцияға және матаға қойылатын талаптарды анықтайды. Тұтыну шарттарының әр алуандылығы киімнің кең ассортиментін анықтайды. Функционалдық талаптар қазіргі өмір құрылымына, тұрмысқа, (яғни қазіргі даму құралдарына, сәулет өнеріне, жиһазға және т.б.) пайдаланымның нақты жағдайына, адам қызметінің түріне, оның сыртқы келбетіне, жас және психологиялық ерекшіліктеріне киімнің сәйкестік дәрежесін қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет