Кіріспе ι КӘсіпкерлікті дамытудың жалпы сипаттамасы және өзіндік ерекшелігі


Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметінің дамуы және оның ерекшеліктері



бет4/5
Дата21.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
#152456
1   2   3   4   5

1.3. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметінің дамуы және оның ерекшеліктері.

Кәсіпкерлік қызметтің қандайы болмасын мемлекеттің экономикасы аясынан өзіне тиісті орнын дәреже деңгейің тапқаны бугінде баршаға мәлім Ал бүгінгі таңда Қазақстандағы кәсіпкерліктің туындап, дамуы жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың өзегі ретінде көрініс табуда. Өйткені, нарық экономикасына көшудің бірден - бір жолы мемлекет құрылымдағы әр түрлі аяда қызмет атқаратын өндіріс, кәсіпорындармен тай таласа және бәсекелесе алатын, айтарлықтай дәрежесі бар кәсіпкерлік құрылымдарын құру, дамыту болып табылады. Демек бұл кәсіпкерлік құрылымдарын материалдық базасы жеке меншік инвестициалар болып табылумен қатар, олардың басқару бастауында білікті және қайратты кәсіпкер тұруы қажет. Мемлекетіміздің бірнеше жыл көлемінде жүргізіліп жатқан жекешелендіру саясаты қандай болмасын мемлекеттік меншікке негізделген монополизмді жойьіп мемлекеттік емес коммерциалдық емес құрылымдардың дамып, өркендеуіне бағыттылған деп айта аламыз. Негізінде кәсіпкерлік деп, өзара пайдалы нәтижеге жету және табыс табу мақсатында қатысушыларының өз қарамағындағы муліктерімен қаражаттары, сондай-ақ дагиытуға бөрілөтін нөсиөлөр өсөбінөн, ағымдағы заңдардың көлемінде жүзегв асырылатын шаруашылық және басқа да коадмерциалық қызметті айтамыз. Кәсіпкерлік халыққа қажет тауарлар, өнеркәсіп өнімдерін және басқа қызметтер жөніндегі қоғамдағы, мемлекетімізде сұраныстар мен ұсыныстар есепке ала отырып жүзеге асырылатын қызмет болатындықтан ол тек кәсіпкерге ғана емес халыққа тиімді.

Осы жайлардың айғағы ретінде қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы Ел Басының тарапынан көрсетіліп жатқан жәрдем, қамқорлықтарды айтуға болады. Бірақ бұл жерде айта кететін бір жай кәсіпкерлік қызмет жөніндегі бірнеше заңдар мен басқа да заңға сәйкес актілердің қабылдауына және өркениетті жекешелендіру саясатының бірқалыпты жүргізілуіне қарамастан кәсіпкерлердің, әсіресе өндіріс, өнеркәсіп аясындағы кесіпкерліктің ойдағыдай дамымай отырғаны белгілі.

Себебі бюракратиялық аппараттың әлі де азаймауы, мемлекет, қоғам мүддесін көздейтін жекешелендіру саясатын жергілікті және басқа да деңгейде айтарлықтай жүзеге асырмауы, сондай - ақ салық салмақтарының кемімеуі.

Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің субъектілері заң жүзінде белгіленген. Олар: ҚР - ның азаматтар мен заңды тұлғалары, сондай - ақ шетелдік жеке және заңды тұлға резиденттер болып табылады, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлға азамат заңды тұлға құрып немесе құрмай айналыса беруіне болады, ал ұжымдық кәсіпорындар, кооперативтер немесе әкімшілік - аумақтың кәсіпкерлік қызметтері өз меншіктің негізінде заңды тұлға құру арқылы кәсіпкерлікпен айналысады. Енді аздап осы кәсіпкерліктің мәні мен маңызына тоқталайық. Бұл жөнінде бұрыннан қалыптасқан дәстүрлік көзқарастардан бөлек келешегі бар концепцияда адамның мынандай іс - қимыл - әрекеті өзінің сипатына байланысты мынадай негізгі екі типке бөлінеді: бастапқы базистік еркін - ерікті қызмет және қондырма еріксіз қызмет.

Біріншісі кәсіпкерлікке жатады, өйткені ол қызметті жүзеге асырушу тұлғаның мүддесіне, жүзеге асыру жолдары меи әдістерін таңдау еркіне, мақсат еткен нәтижесіне жетуіне, өзінің қаражат мүліктеріне негізделген. Бірақ қанша ерікті қызмет болғанымен заңда белгіленеген шектен шықпаулары қажет. өйткені мемлекет мүддесіне яғни ұйымдасқан қоғам мүддесіне зиян келуі мүмкін.

Кәсіпкерлік мемлекеттің зкономикасының басты элементі болып есептеледі, себебі ол өндіріс аясындағы экономикалық қызмет ретінде басқарушы қызметтен ерекшелінеді. Мемлекеттің өзі саяси биліктің субъектісі және мемлекеттік меншік иесі болғандықтан тікелей шаруашылық кәсіпкерлік (коммерциалық) қызметтерге араласпайды, ол тек әзірше (мүмкіндігінше толы жекешелендірген) жұмыс атқарып, қызмет көрсетіп жатқан мемлекеттік кәсіпорындар, шаруашылық ұйымдары арқылы кәсіпкөрлік қызметке араласады.

Бұл турасында ҚР азаматтық кодексінің 10 бабында айтылған. "Кәсіпкерлік - меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға сүранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе табыс табуға бағытталған, жеке меншікке не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару қүқығына негізделген ынталы қызмет". Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Осыған орай кәсіпкердің кім екені жөнінде түсінік беру қажет. Кәсіпкер деп өз атынан және өз қаражаттары есебінен тауарлармен өнімдерді өндіру, сату немесе сатып алу жөніндегі жүмыстарды орындау және қызмет көрсету арқылы пайда табу мақсатындағы қызметті үдайы неізінде жүзеге асыратын азаматты немесе заңды тұлғаны айтамыз. Мемлекет тарапынан кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне кепілдік берілген.Кәсіпкерлікті қолдау мен қорғауды мелекет, мемлекөт атынан өкілетті органдар қамтамасыз етеді.

Дәл осы жерде кәсіпкерліктің қүқықтық режимі жөнінде айта кетуіміз қажет. Негізі қай салада болмасын құқықтық режимнің екі түрі: жалпыға бірдей рұқсат етілген яғни диспозитивтік түрі, сондай-ақ рұқсат беру арқылы көрініс табатын императивтік түрі белгіленеді.Кәсіпкерлік қызметтің құқықтық режимі тек рұқсат етілген құқықтық реттеу сипатында болады, сондықтан қатысушы екі жақты тарап заң жүзінде тең құқықты.

Кәсіпкерлік қызметте әрбір жасалынатын әрекет жөнінде нормативтік -құқықтық акт қабылдау арқылы оны реттеу сияқты қызметтер қажет емес.

Кәсіпкерліктің дамуына мол сенім, мемлекет тарапынан келіл, зкономикалық негіз ретінде жеке меншік нысаны құқықтық негізгі ретінде заңдар бар.

Кәсіпкерлік қызметті жузеге асыратын жеке тұлғалар заңды тұлға құрмай -ақ осы қызметтпен айнальюуға патент алған кезде бастап құқығы. Патент бір мезгілде азаматтың кәсіпкер ретінде тіркелгені жөнінде куәлік және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензия болып табылады.

Ал шаруа (фермер) қожалығы құрамында ;мердігерлік шарт және өзге де азаматтық құқықтық шарттар неізінде бір жолғы жұмыс атқаратын;көтерме және бөлшек сауда желісінен басқа өздеріне тиесілі мүлікті, сондай-ақ өндірілген , өңделген, сатып алынған өнімдерді, оған қоса импорттық өнеркәсіптік және азық-түлік тауарларын сол үшін арнайы бөлінген жерлерді немесе комиссиялық дүкендер арқылы сатумен айналысатын азаматтар : жұмыс істеп, қызмет көрсетудің түсімі жылына ең төменгі жиырма жалақы жиынтығынан аспайтын азаматтар мемлекеттік тіркеуден босатылады, яғни қызметтерін заңды тұлға құрмай жүзеге асырады.

Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда келтіруді кездейтін (коммөрциялық) ұйым заңды тұлға болып табылады.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға мемлекеттік кәсіпорындар, толық серіктестіктер,(командиттік) сенім серіктестіктері, жауапкершілігі шектеулі серіктестер, қосымша жауапкершілігі бар серіктестер, өндірістік кооперативтер жатады.

Сонымен ҚР-дағы кәсіпкерлік екіге бөлінөді деп айта аламыз.Оны шағын және орта кәсіпкерлік, яғни жеке кәсіпкерлік сондай-ақ мемлекеттік кәсіпкерлікке бөлу кәсіпкерліктің экономикалық негізінің заңды маңызын білуге және реттеуге себін тигізеді.Кәсіпкерліктің түрлері заңдар арқылы белгіленеді, сондықтан олар құқықтық негізі болып табылады .


1.4. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің ұйымдастырылуы және оны дамыту жөніндегі мемлекет саясаты.
Қазақстан аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғаларға қарағанда басым көпшілігі екені белгілі. Кәсіпкерлікпен айналысатын ұйымдар құқықтық нысандарының белгіленуі арқылы белгілі бір заңды тұлғаға айналады. Ұйымның құқықтық жағдайы кәсіпкерлік аясындағы экономикалық функцияны жүзеге асыруына заңды жағдай туғызады. Ең бастысы ұйымның азаматтық құқық субъектісі болуы қажет, ал азаматтық құқық субъектілікке тек заңды тұлға ғана ие болады.

Азаматтық заңдарда заңды тұлғаның мына төмендегідей ұғымы берілген "меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтыр мен міндеттемелерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер мен жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп табылады ".

Осыған орай әрбір заңды тұлғаның өзіне тән дербес балансы немесе сметасы болады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін заңда өзгеше айтылмаса жарғы не құрылтай шартымен жарғысы, не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге асырылады.

Заңды тұлғалар өз қызметтеріне байланысты коммерциялы және коммерциялы емес болып бөлінеді. Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда келтіруді көздейтін коммерциялық ұйым, не мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін- коммерциялық емес ұйым заңды тұлға бола алады . Ал осы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік және өндірістік кооператив нысандарында құрылуы мүмкін.

Коммерциялық емес ұйым - заңды тұлға мекеме қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор және діни бірлестік нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысыандарда құрыла алады. Осы ұйым кәсіпкерлік қызметпен өзінің жарғылық мақсаттарына сай келуіне қарай ғана айналысады.

Кейбір мәліметтерге қарағанда Қазақстан аумағындағы коммерциялық заңды тұлғалардың құрылу құқықтық нысандары мына бағытта дамыған: мемлекеттік кәсіпорындар, шаруашылық серіктестіктері және өндірістік кооперативтер. Отанымыздағы кәсіпкерлік женіндегі заңдардың дамуы 1990 жылғы 11 желтоқсаннан басталған болатын. Осы уақыттың ішінде қабылданған басқа да заңдарга сәйкес кәсіпкерліктің мынадай ұйымдық нысандары көзделген болатын:

> Қандай да болмасын меншік нысанындағы кәсіпорындар және олар құратын бірлестіктер;

> Шаруашылықтар және өзге де қоғамдар мен серіктестіктер;

> Қорлар және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқығы бар өзге де қоғамдық ұйымдар;

> Жекеменшік кәсіпкерлік ұйымдар ;

Енді осы жоғары да аталған кәсіпкерлік нысандарын мұқият қарастырамыз. Кәсіпорындардың әр-түрлі меншік түрінде құрылатны белгілі және бұл жағдайлар меншік туралы және кәсіпорындар туралы Заңдарда көзделген болатын.

Бұлардан басқа мемелекеттік меншікке негізделген мынадай кәсіпорындарды құру көзделген болатын:

1. Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық дамуының жалпы мемлекеттік мәселелерін шешу мақсатында құрылатын мемлекеттік республикалық кәсіпорындар;

2.Тиісті аумақтың тұрғылықты халқының әлеуметтік-экономикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін құрылатын коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар;

Негізінде осы аталған кәсіпкерлік нысандары еліміздегі орта және шағын кәсіпкеліктің өсіп дамуына байланысты басқаша түрлерде де құрылулары мүмкін.

Кезінде құрылған шағын кәсіпорындар кәсіпорындар деп танылған болатын, Бірақ уақыт өте келе бұл жағдай қателік болып табылғаны белгілі. Сондықтан шағын кәсіпорындардың барлығы азаматтық кодексімен көзделген коммерциялық ұйымдардың бірі ретінде қайтадан тіркеуден өткен болатын.

"Шаруашылық серіктестері және акционерлік қоғамдары туралы " заңға сәйкес шаруашылық серіктестіктердің мына келесідей түрлерін құру мүмкіндігі қарастырылған еді. Олар:

1. Толық серіктестіктер;

2. Сенім серіктестігі:

3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

4. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;

5. Акционөрлік қоғам түрінде құрылуға тиісті серіктестік;

Енді осы кәсіпорындардың ұйымдарының әрбір түрлеріне азаматтық заңдарға сүйене отырып сипаттама береміз. Бірінші қарастыратынымыз мемлекеттік кәсіпорындар, оның ішінде жеке бөліп ашып көрсететініміз шаруашылық жүргізу құқығына негізделген шаруашылық кәсіпорындар.

Мемлекеттік кәсіпорындардың қысқаша сипаттамасы :

1. Мемлекеттік көсіпорьіндар құқығына негізделген жөне шаруашылық жүргізу құқығына негізделіп екіге бөлінеді;

2. МемлекеттІк кәсіпорынның мүлкі бөлінбейді және оны салымдар бойынша, соның ішінде кәсіпорын қызметкерлері арсында бөлуге болмайды ;

3. Мемлекеттік кәсіпорындардың фирмалық аталымында оның мүлкі көрсетілуі тиіс;

4. Мемлекеттік кәсіпорын уәкілдік берілген мемлекетгік органның шешімі бойынша құрылады;

5. Мемлекеттік кәсіпорын органы уәкілдік берілген мемлекеттік орган тағайындайтын және оған есеп беретін басшы болып табылады;

6. Мемлекеттік кәсіпорынды тарату және қайта құру оның құрылтайшысының шешімі бойынша жүзеге асырылады;

Енді шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорынға сипаттама береміз.Кәсіпорыннның атқаратын қызметтерінің құқықтық жағдайлары ҚР азаматтық кодексінде ҚР Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорындар туралы "Заң күші бар жарлығында және т.б. нормативті актілерде көрініс тапқан болатын.

Мемлекеттік меншік түрлеріне байланысты кәсіпорындар республикалық және комумналдық мемлекеттік кәсіпорындарға бөлінеді.

Республикалық меншіктегі республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізімін ҚР үкіметі бекітеді. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды әкімдер бекітеді. Мемлекеттік кәсіпорындардың негізгі бағыты қоғам және мемлекет мұқтаждықтарымеи айқындалған әлеуметтік -экономикалық мәселелерді шешу болып табылады. Осыған орай мемлекеттік кәсіпорындар өз қызметтерін :

Мемлекеттің қорғаныс қабілеттілік материалдық тұрғыдан қамтамасыз етуге және қоғам мүддесін қорғауға ;

> өндірістің жеке бизнеспен қамтылмаған немесе айтарлықтай қамтылмаған аялары мен салаларында тауар өндіруге ;

> мемлекет монополиясына жататын немесе мемлекеттік функциялар болып табылатын аяларда қызметтерін жүзеге асыруға бағыттайды ;

Мемлекеттік кәсіпорындар жалпы бірдей тәртіп бойынша юстиция органдарына тіркеледі. Кәсіпорындардың бірден-бір құрылтайшы құжаттары құрылтайшы бекіткен жарғы болып саналады . Жарғыда кәсіпорын атқаратын қызметтің бағыты мен мақсаты көрсетілуге тиісті.

Мемлекеттік кәсіпорындар тек мына аяларда құрылып, қызмет атқара алады:

1. банктік, сақтандыру жене т.б. қаржылық қызметтері;

2. қару -жарақ, оқ -дәрі, қорғаныс құралдары, әскери техникаларды және олардың жабдықтарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, өткізу және жою;

3. уранға және олардан жасалатын материалдар мен заттарға байланысты кейбір жұмыстардың түрлері, сондай-ақ белгілі бір жағдайда құрамында радиоактивті заттар бар өнімдерді жасап шығару және өткізу;

4. медикаменттерді, дәрілік құралдарды және еңбек препараттарын медициналық жабдықтар мен саймандарды жасау және өткізу ;

5. мемлекеттің монополиясына жататын немесе шаруашылық қызметті жүзеге асырудың арнайы тәртібі белгіленген аялардағы қызмет;

6. тікелей мемлекеттік бақаруды қажет ететін энергиямен, сумен жене жылумен жабықтау, магистральді көлік, байланыс, коммуникация, коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығы, сондай-ақ басқа да өмірге қажетті жүйелер.

Азаматтық заңдарға сәйкес жарғылық қоры құрылтайшылардың үлесіне бөлінген коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестіктер деп аталады

Шаруашылық серіктестіктері кәсіпкерліктің кеңінен тараған нысанына жатады. Осы нысан шеңберінде қандай да болмасын кәсіпкерлік коммерциялық қызметті жүзеге асыруға болады. Мысалы, өндірістік, сауда делдалдық, несиелік-қаржылық, сақтандыру және т.б. Осы қызметтер шаруашылық серіктестік аумағында жүзеге асырылса 1995 жылғы 2 мамырдың ҚР Президентінің "Шаруашылық серіктестері туралы " Заң күші бар жарғысымен реттеледі.

Шаруашылық серіктестіктері толық серіктестік, сенім серіктік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, акционерлік қоғам- нысандарында құрылуы мүмкін. Құрылтай шарты мен жарғы шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаттарын міндетті түрде нотариатта куәландыруға тиісті. Құрылтайшылардың салымдар есебінен құрылған сондай-ақ шаруашылық серіктестік өз қызметі үрдісінде өндірген және алған мүлік меншік құқығы бойынша серіктестікке тиесілі болады.

Шаруашылық серіктестіктерінің әрбір қатысушының үлес мөлшері туралы, серіктестіктің жарғылық қорына олар салатын салым мелшер құрамы, мерзімі және тәртібі туралы; Серіктестіктің жарғылық қорына салым салу жөніндегі міндеттерді бұзғаны үшін қатысушылардың жауапкершілігі туралы ережелер және заң құжаттарында көзделген өзге де мәліметтер болуға тиіс.

Шаруашылық серіктестік, заң құжаттарында көзделген реттерді қоспағанда, басқа шаруашылық серіктестіктердің құрылтайшысы болуы мүмкін, Шаруашылық серіктестігінің жарғысымен барлық мүдделі адамдар танысуы қажет. Айта кететін бір жайт, осы шаруашылық серіктестік нысандарының ішіндегі кәсіпкерлер ұнататын түрлері жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, толық серіктестік және акциоенерлік қоғамдар болып есетелінеді.Ал ең аз қолданатыи нысандары сенім серіктестіктері және қосымша жауапкершілігі бәр серіктестіктер.

Шаруашылық серіктестіктерінің қатысушыларының нысандарына, мәртебелеріне, сандарына тоқталып, қысқаша сипаттап өтейік, Нысаны бойынша толық серіктестік тек жеке тұлғалардан тұрады және олардың саны екі адамнан кем болмауы керек.

Сенім серіктестігі толық серіктестікерден және салық салушылардан тұрады. Сан жағынын екі адамнан кем болмауы керек және олар міндетті түрде бір толық серіктен және бір салым салушылардан тұруы керек. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрамы заңды және жеке тұлғалардан тұрады, қатысушылар саны бір адамнан отыз адамға дейін болады. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің де қатысушылары жеке және заңды тұлғалар болып табылады. Қатысушьшар бір адамнан отыз адамға дейін болуы мүмкін. Жабық акционерлік қоғам нысандары шаруашылық серіктестігінің қатысушылары жеке және заңды тұлғалар болып белгіленеді және заң сан мелшері бірден елуге дейін жеткізіледі .Акционерлік қоғамнан басқа шаруашылық серіктестігінің акциялар шығаруға құқығы жоқ. Ашық акционерлік қоғамдар да жеке және заңды тұлғалардан тұрады, сондай-ақ олардың санына шек қойылмайды. Осы қатысушылардың заң жүзінде белгіленген өздеріне тән құқықтары мен міндеттері бар.

Жеке тұлға тек бір ғана толық серіктестіктің қатысушысы бола алады. Толық серіктестіктің ең жоғарғы органы қатысушылардың жалпы жиналысы болып табылады. Толық серіктестіктің ішкі мәселелер жөніндегі шешім барлық қатысушылардың жалпы келісімі бойынша қабылданады. Толық серіктестікке қатысушының қалған қатысушылардың келісімінсіз өз атынан және өз мүдделері немесе үшінші жақтардың мүдделері үшін серіктестік қызметі мәнімен біртектес мәмілелер жасауға құқығы жоқ. Бұл ереже бұзылған жағдайда серіктестік өз қалауы бойынша мұндай қатысушылардан серіктестікке келтірілген залалдың орнын толтырудың, не осындай мәмілемелерден тапқан пайданы толығымен серіктестікке беруін талап етуге құқылы.

Толық серіктестіктің құрамында жалғыз қатысушы ғана қалса сондай - ақ ол 6 ай ішінде серіктестікті қайта құрмаса немесе жаңа қатысушылар қабылдамаса серіктестік таратылады. Былай айтқанда:

1. жаңа қатысушылар қабылдау арқылы серіктестікті сақтап қалу;

2. салымшылармен келісу арқылы толық серіктестікті сенім серіктестігіне айналдыру;

3. жарғылық қордың ең төменгі мөлшері жөніндегі шартты сақтай отырып толық серіктестікті жауапкершілігі шектелген немесе қосымша жауапкершілігі бар серіктестікке немесе акционерлік қоғамға айналдыру;

4. толық серіктестікті тарату.

Сенім серіктестіктеріне міндетті түрде «командиттік серіктестік» сөзі қосылып отыруы және барлық толық серіктестіктердің аты немесе бір толық серіктестіктің атына " жеке компания " деген сөз қосыла жазылуы қажет. Сенім серіктестігі кәсіпкерлікті жүзеге асыруға қатыспайды. Азамат тек бір ғана сенім серіктестігінің толық серіктестігі бола алады. Сенім серіктестігіндегі толық серіктес толық серіктестіктің қатысушысы бола алмайды. Сенім серіктестігінің жарғылық қоры оның қатысушылары салатын салымнан тұрады.

Шаруашылық барысында жарғылық қордың өзгертілуі мүмкін. Жарғылық қордың мөлшерін сенім серіктестігінің толық серіктестері белгілейді және ол заң жүзінде белгіленген ең төменгі мөлшерден кем болмауы керек. Салымшылар үлесінің мөлшері сенім серіктестігінің жарғылық қорының 50 процентінен аспауы керек.

Енді жауапкершілігі шектеулі серіктестікке сипаттама береміз. Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі деп бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық қоры құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген, сондай - ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары оның міндеттемелері бойынша жауап бермейтін және қызметтеріне байланысты залалдарға өздері қосқан салымдардың құны шегінде тәуекел ететін серіктікті айтамыз. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің мәні бойыиша тұлғалар мен капиталдардың бірігуін көрсетеді. Бұл жерде толық және сенім серіктігі арасында сондай - ақ акционерлік қоғам арасында өз орнын алатын коммерциялық заңды тұлғаның нысаны байқалады. Осы серіктестік түрі 19 ғасырдың аяғында Алманияда дүниеге келген.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар саны 30 -дан аспауы қажет» яғни ол 1 жыл ішінде акционерлік қоғам етіп қайта құрылуға тиіс басқа жағдайда. Егер осы мерзім ішінде қатысушылар саны 30 - ға дейін кемімесе онда ол сот тәртібімен таралуға тиіс.

Қатысушылардың бір ауыздан қабылданған шешімі бойынша өз еркімен қайта құрылуы немесе таратылуы мүмкін. Қайта құрылған жағдайда ол тек акционерлік қоғам болуға құқылы.

Қазақстанда кеңінен тараған кәсіпкерліктің бір нысаны акционерлік қоғамдар болып табылады. (сондықтан болар, 1998 жылғы 10 шілдеде "Акционерлік қоғамдар туралы " ҚР Заңы қабылданған болатын. Алайда бұл жағдай субъективтік негіздерге негізделген. Себебі жекешелендіру кезінде мемлекеттік кәсіпорындар тек акционерлік қоғамдарға айналдыратын, басқа серіктестік түрлермен салыстырғанда оның ерекшелігі акциялар шығаруы. Сонымен, жарғылық қоры акциялардың нақты құнына тең белгілі санына бөлінген сөріктестік акционерлік қоғам деп аталады. Акционерлік қоғам қатысушылары өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлік келісімінсіз бөліп бере алатын акционерлік қоғам ашық акционерлік қоғам деп аталады.

Акциялары тек өз құрылтайшылары немесе алдын-ала белгіленген өзге адамдар арасында таратылатын акционерлік қоғам жабық акционерлік қоғам болып табылады .Акционерлік қоғамды басқаратын жоғарғы орган оның акционерлерінің жалпы жиналысы болып табылады.

Жабық түрдегі акционерлік қоғамның жарғылық қорының мөлшері 5 айлық есептік көрсеткішпен кем болмауы керек.Тіркеу кезінде елу процент болуы ,ал айрықша акцияларды шығару көлемі жарғылық қордың 25 проценттен аспауы қажет. Ашық түрдегі акционерлік қоғамның жарғылық қоры 10000 айлық есептік көрсеткіштен төмен болмауға тиісті .Тіркеу кезінде елу процент , қалған елу процент жыл аяғына дейін қорда болуы және айрықша акция шығару жарғылық қордың 25 проценттінен аспауы керек.

Акционерлік қоғамдар жиналыс шешімі бойынша қайта құрылуы немесе қайта таратылуы мүмкін. Қайта құрылу жағдайында ол тек қана жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып құрылуға құқылы. Еншілес және тәуелді шаруашылық серіктестіктері толық серіктестік нысаны болып табылмайды. Осыған байланысты дербес заңды тұлға ретінде құрыла алмай ды. Сонымен, еншілес серіктестік деп жарғылық қорға қатысуына қарай, не олардың арасында жасалған шарттқа сәйкес, немесе өздеріне қабылдайтын шешімді өзгеше түрде белгілей алатын шаруашылық серіктестікті айтамыз.

Тәуелді акционерлік қоғам деп дауыс беруші акцияларының 20 проценттен астамы басқа заңды тұлғаныкі болатын акционерлік қоғамды айтамыз.

Өндірістік кооператив коммерциялық заңды тұлғаның бір нысаны болып табылады. Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызметтері үшін мүшелік негізде олардың өз еңбегінің қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіріу негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив болып есептелінеді. Кооператив мүшелері екі адамнан кем болмауы қажет .Қазақстанда кооперативтік қозғалыстар 80 жылдың аяғына таман күрт дами бастаған болатын. Алайда көптеген объективті және субъективті жағдайларға байланысты, сондай -ақ нормативті актілердің (осы аяны реттейтін) осал болуы 1991 жылдары оның құлдырауына алып келді. Осы жағдайды түзету мақсатында 1995 жылғы 5-ші қазанда ҚР Президентінің "өндірісті кооперативтер туралы" заң күші бар Жарлығы қабылданған болатын. Өндірістік кооперативтердің құқықтық жағдайлары осы жарлықпен және азаматтық кодекспен белгіленіп айқындалады.

Өндірістік кооперативтің қызметі өзінің жарғысына немесе құрылтай шарты мен жарғысына негізделе отырып жүзеге асырылады. Құрылтайшылар өндірістік кооператив құру жөнінде құрылтай шартын жасауды өз беттерімен шеше алады. Азаматтық кодексте жарғыда орын алатын мәліметтер тізімі анықталған. Өндірістік кооперативтің жарғысында мына келесідей мәліметтер бар: кооператив мүшелерінің жарнасының мөлшері туралы; кооператив мүшелерінің құрамы мен жарна қосу тәртібі және олардың жарна қосу жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілігі туралы; кооператив қызметіне оның мүшелерінің еңбек пен қатысу сипаты мен тәртібі және олардың жеке еңбекпен қатысуы женіндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілігі туралы; кооперативтің пайдасы мен залалдарын бөлу тәртібі туралы; кооперативті басқару органдарының құрамы, құзіреті және олардың шешімдер қабылдау, соның ішінде шешімі бір ауыздан немесе білікті көпшілік дауыспен қабылданатын мәселелер жөніндегі шешімдер қабылдау тәртібі туралы ережелер болуға тиісті. Осы мәселелердің кейбірі Президент жарлығында көрініс тауып, ашылып көрсетілген.

Кооператив мүшелері екі адамнан кем болмауы керек. Қазақстанда 16 жасқа толған азаматтар кооперативке мүше бола алады және өзі міндетті түрде кооператив қызметіне қатысуы қажет.

Өндірістік кооператив мүшелері кооператив туралы заңда көзделген мөлшер мен тәртіп бойынша қосымша жәрдем беруге жауапты болады.

ΙΙ «ТУРАН ӘЛЕМ БАНК» ААҚ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет