Кіріспе қазақстан республикасында шетелдік инвестицияны пайдаланудың Қажеттілігі


Шетелдік инвестициялар және олардың Қазақстан экономикасындағы атқаратын қызметі



бет2/4
Дата04.07.2016
өлшемі0.59 Mb.
#178185
1   2   3   4

1.2 Шетелдік инвестициялар және олардың Қазақстан экономикасындағы атқаратын қызметі

Қазақстан Республикасы ашық рыноктың экономикасы жүзегс асыруға бағытталған саяси және экономикалық бір жүйелілікке бет алыспен келеді. Бұл Республика Президенті мен Үкіметінің республикаға шетелдік капиталдың құйылуы ынталандырудағы іс-әрекеттерінен, қолданып жатқан шараларынан көрінуде.

Инвестициялық саясат ел экономикасында маңызды роль атқарады және оның максаты мен алға қойылған міндеттерін білу қажет. ҚР үкіметі сонғы жылдардағы жинақталған тәжірибені негізге ала отырып, шетелдік ин-весторлар мүддесінің белгілі шеңбері туралы мәліметтер алды.

Қазақстанда шетелдік иинестицияны тартуды максатты түрде басшылыққа ала отырып, оның екі негізгі мүмкіншіліктерді еске алу керек:

1)Қазақстанның табиғат ресурстарына баилығы. Қазақстан территориясы Еуропа мен Азияның түйіскен жеріндсгі сгратегиялық маңызды жерге орналасқан және Еуропа мен Азияның кең ауқымды рыыногының байланысын жеңілдетуге мүмкіндігі мол.

2)Қазақстанда оқымыстылар, техниктер, маманданған және жартылай маманданған жұмысшыларды қосқанда адам ресурстарының жақсы білімді және әртүрлі ұлт-ұлыстық резервінің (қорының) жеткіліктілігі. Бірақ та әрбір айтылғап факторлардың өз деңгейінде шектелулері бар, оны мойындай және ескере білу керек:

1) Қазақстан құрғақ құрлықта орналасқан және ыңғайлы, арзан, көлемді мұхиттын сауда флотына жақын орналаспаған ;

2) табиғат ресурсы өндірілген пайдалы қазбаны өндеуге, тазалауға, бөлшектеуге, тасымалдауға қосымша қажетті шығындарды да есептеу қажет/6/.

Шетелдік инвестиция халық шаруашылығының барлық бөліктерінде қажет, нақты айтқанда мүнай зерттеу мен өндіру, өндеуге, метал өндеуге және телеқатынастың жердегі және әуедегі транспортқа дейін, тамақ өнеркәсібінде, өнеркәсіп тауарларын өндіруде халық тұтынатын тауарларға және бөлшек саудаға. Шетелдік инвестицияны елдің қауіпсіздігіне тікелей байланысты қару жарақ өндіруге, есіріткі заттар шығаруға және т.б. салаға колдануға болмайды.

Шетелдік инвесторлар кемегімсн, біздің ойымызша, мынадай міндеттерді орындауға болады:

1) аймақтық жоғары бағаланған жаңадан табылған салалардың дамуын ынталандырып қолдау (негізгі іс атқарғыш күштерді аймақ территориясына орналастыру);

2)өндірістің бірқатар тұйықталған жүйесін құру (мүмкіндігінше дайын өнім өндіру);

3)белгілі салалардағы ұлттық жәнс шетелдік кәсіпорындарға
өзара тиімді бәсекеге түсуді қамтамасыз ету ушін қолайлы
арақатынасқа жағдай жасау.

Бұл міндеттердің орындалуы, жалпы басқа өте маңызды экономикалық қиындықтарды шешуге әсер еткен болар еді:

1) жұмыспен толық қамтамасыз ету;

2)жоғарғы деңгейдегі капитал (күрделі қаржы) қайтарымына жету;

3) бұрын өндірісте өндірістік мақсатқа жарамайды деп пайдаланылмаған

жергілікті шикізат пен материалдарды, ресурстарды шаруашылық айналысына игеру;

4) пайдалану шығындырын темендету.

Тікелей шетелдік инвестициялар экономикалық реформаға әсер етуде экономикалық басқа нысаналарымен салыстырғанда бірсыпыра маңызды, үстемдігі бар: тауар өндіру мен қызметтер атқаруға, күрделі қаржы тауып салудың қайнар көзі, жаңа технологияны пайдаланға, ноу-хау, басқарудың алдынғы қатардағы әдістері, және маркетингті(өндірісті сұранысты қанағаттандыруға бейімдеу) дамытуға қолайлы. Онымен бірге қарызды өтеуге қаржы жинақтау керек.

Шетелдік қызметінің зор тиімділігін ынталандыра отырып, тәуекелінің толық ақталуы жобаларының жетістікке жеткізу инвесторлардың өздеріне жүктеледі. Қорытындысында өндіріс пен ғылыми-техникалық кооперацияның тығыз байланысы қалыптасуының нәтижесінде тікелеи шетелдік инвестиция ұлттық экономика мен дүние жүзілік шаруашылықтың өте тиімді байланысуын қамтамасыз етеді. Қазақстанда біріккен кәсіпорын ашу процесі өте тезжүріп жатыр /7/.

Егер 1994 жылы республикада барлығы 491 БК болса, 1995 жылы 736-ға жетті, ал бүгінде оның саны 1/3-ке өсіп біріккен кәсіпорын 1 мыңнан асып отыр. Рыноктың қайта қалыптасу кезеңінде біздің республикаға шетелдік капиталдың әкелінуінің өте көлемді және басты түрі (әдісі), бұл мемлекеттік қауіпсіздендірумен (кепілдікпен) алынатын экспорттық кредит деп аталатын мемлекеттік емес несие. 1997 жылы мен 2001 жыл аралығында республикаға әлемнің 17 елінен АҚШ-тың 9 млрд. доллары көлемінде экспортты кредит алынды. Соның ішінде ірі көлемде мына елдерден кредит алынған: Германия (1 млрд. доллар), Түрік мемлекеті (800 млн. доллар), Австрия (458 млн. доллар) және Ұлыбритания (400 млн. доллар).

Шетелдік капиталдың құйылуын көбейту үшін біздің елімізде бірінші кезекте жақсы дамыған инфрақұрылым және коммуникация (қатынас) қажет. Сондықтан Республика Үкіметі Қазақстаның дамуына ресми көмек ретінде келіп жатқан шетелдік капиталды қазіргі кезенде тарту мен тиімді пайдалануға көп көңіл бөліп отыр /17/. Бұның шеңберінде Қазақстан көптеген Халықаралық қаржы ұйымдарымен қаржылық қарым-қатынасты дамытып отыр. Атап айтсақ, МВФ,МБРР,АБР, ЕБРР,ИБР және көмекші елдер, Жапония, АҚШ, Германия, Франция және басқа елдер үкіметтерімен байланыста.

Қазақстан Республикасы барлығы 1996 жылдан бүгінгі күнге дейін 5,6 млрд. АҚШ долларымен қарыз қаржыларын МФЭО мен көмекші елдерден алған, оның төрт млрд.тан астамы игерілген, ол дегеніміз 65 проценті құрайды.

Токиода өткізілген Қазақстанға көмекші елдер тобының түсінушілік кездесуінде жарияланғанындай 1999-2001 жж. аралығында қаржы міндеттемелеріне сәйкес республикаға 4,35 млрд. АҚШ доллары көлемінде несие қаржысы берілді. Оның ішінде 140 млн. АҚШ доллары тікелей төлеусіз, техникалық көмекке беріледі.

Республикаға өте қажетті ондаған жобалар жүзеге асырылып жатыр. Мысалы: Астанада ағылшындар 300 орындық аурухана салуды қолға алды. Сызғанов атындағы Хирургия Ғылыми Орталығы балалардың денсаулығын қалпына келтіру орталығына ЦБР-дің несиесі, ауылшаруашылығында жекешелендіру мен реформаны қолдау және фермерлік шаруашылықты дамытуға МБРР жобасы, шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін Германияның несие беру бағыты және көптеген баска жобалар.

Жан-жақты техникалық көмек жүйесінен мынаны атап көрсетсек, ТМД елдеріне техникалық көмек бағдарламасы шеңберінде Еуропалық Одақ (ЕО) жобасы, ол экономикалық реформа процесіне қолдау көрсетуге бағытталған. Іс-жүзінде қолданылып жатырған жалпы жобалар саны 49, олар жалпы саласы, 77,9 млн. АҚШ доллары. .

Жалпы алғанда соңғы жылдарда Қазакстан экономикасына шетелдік инвестицияның (соның ішінде тура, портфельді, қарыз қаржылары, сыртқы несиелер) жалпы сомасы 22 млрд. АҚШ доллары тартылған. Соның ішінде тура йнвестиция - 9,4 млрд.АҚШ доллары, оның 46,7 проценті мүнай газ комплексі, 29,7 проценті металлургияға.

Инвестиция бөлуіпі елдер арасында инвестициядан жетекіпі АҚШ (50,5 %). Сонда да болса соңғы жылда Оңтүстік Корея, Ұлыбритания және Жапон елдері инвесторларының іс- әрекеттері (талпыныстары) әжептеуір өсті.

Болжап есептеуге қарағанда жыл сайынғы Казақстанның шетелдік инвестицияны жалпы қажетсінуі 4-6 млрд. АҚШ доллары көлемінде. 2000 жылы шетелдік капиталды тарату, 4,3 млрд.доллар деп болжанған оның ішінде тура иниестиция 7,1 проценті, және 24 проценті несиелік /23/.

Біріккен кәсіпорын өз қызметтерін ішкі рынокқа да атқарып келеді. Ішкі рынокта Біріккен кәсіпорын өнімдерін өткізу, бөлшек сауда тауар айналысыныц 16 процентін құрады. Шетелдік инвесторлар инвестицияны Қазақстан экономикасының шикізаттық салаларына бірінніі кезекте таукен өнеркәсібі және отын-энергетика кешеніне көп көңіл аударуда.

Тау кен өнеркәсіптік кешеніндегі тура шетелдік инвестиция арқылы Біріккен кәсіпорынның ең ірі және өте белгілісі Семей облысы, Бақыршақ кен орынында ашылған алтын мышякты руданы өндіру мен өңдейтін фирма «Минпрон-Чилевич» және НАК «Алтын Алмас». Инвестицияның болжамдағы көлемі 212 млн. АҚШ доллары. Ол 30 жылға
аралықтағы қызметінде 930 млн. АҚШ доллары көлемінде таза табыс алынады деп күтілуде, оның 230 млн. доллары мемлекетке беріледі, ал НАК "Алтын Алмас" үлесі сыбағасы 490 млн. АҚІІІ доллары.

Қазіргі кезеңде 18 біріккен кәсіпорын көмірсутегін зерттеп табу мен өндіруде қызмет атқарып жатыр. Оның қатарында белгілі Тенгиз және Королев мұнай орындарын игеріп жатқан "Шеврон Оверсиз" (АҚІІІ) компаниясының "Тенгиз Шевойл" біріккен кәсіпорыны және Қазақстанның батыс облыстарында мұнай орындарын зерттейтін және өндіретін Түрік ұлттық компаниясы мен біріккен кәсіпорын, "Қазақтүрікмұнай". Одан басқа өз қызметтерін табыспен жүргізіп жатқан біріккен кәсіпорындарға: Орикс (АҚШ) компаниясымен Маңғыстау облысындағы Арман мүнай кен орнын игеріп жатқан біріккен кәсіпорын "Арман", Канада фирмаларымен "Канадиен Оксидентал" және "Харикейн-Хайдрокарбон" ашылған.”Тұран Петромум" Қызылорда облысындағы Қызыл-Кия, Майбұлақ және Арыскұм кен орындарында, "Вега Ойл ГМБХ" германия компаниясымен ашылған "Казгермұнайы Ақшабұлақ", Нуралы және Ақсай кен орындарын игеріп жатыр/ 20 /.

Сонымен қатар қазіргі мұнайды зерттеп табатын және өндіретін Қазақстандық біріккен кәсіпорындар қазіргі экономикалық жағдайлар мен инвестициялық мүмкіндіктерімен жер ресурстарының иесі ретіндегі мемлекеттің өте тиімді пайда табуға мүмкіндік болса да, бұл біріккен келісімдер мақсатқа сәйкес емес. Мемлекет үшін тиімді келісім-шарт өнімді бөлу болды.

Қазақстан мұнайгаз ресурстарына, өте мол мүнайгаз кен орыны Карашығанақ туралы өнімді бөлу келісім шартына кол қойылып бекітілгеннен кейін күрделі қаржыны салу мен игеру әжептеуір ұлғаяды деп үміттенуге болады. Қарашығанақ орынында "Бритиш Газ" ( Ұлыбритания) және "Аджип" (Италия) альянсы және Каспий теңізі шельфінде барлау мен өндірумен келісімге ниет білдіруіпі консорциум мүшелері ("Шел","Бритиш Ретоулем","Статойл","Бритиш Газ", "Мобил", "Аджип" және "Тоталь").

Мемлекеттік меншікті "жекешелендіру пропесіне шетелдік инвесгорлар қатысуы туралы"бекітілген ережеге сәйкес республикада шетелдік инвесторлар жекешелендіру процессінің барлық түрлеріне қатысуына болады. Нақты айтқанда жекешеледіруге қатысатындары:


  1. өзінің жобаларымен;

  2. жалпы көпшілік жекешелендіруге;

  3. кіші жекешелендіруге.

Өндіріс бөлігіндегі қызметтің артуы (Қазақстан кәсіпорындарының акциясын алу) шетелдік компаниялардың саясатында өнім өткізу рыногын қолға алудағы жаңа бағытты (ағымды) көрсетеді.

Қазіргі уақытта "Филипп Моррис" компаниясьша Алматы темекі фабрикасының акциясы сатылған. Жобаның жалпы сомасы 302 млн.долл. болады. Шымкенттің кондитерлік фабрикасын жекешелендіру туралы американың "Набиско" компаниясымен мен келісім шартқа қол қойылған. Бұл жобаның жалпы сомасы 74,6 млн.долл./22/

Әлемдік экономикалық жүиенің интеграциясы (экономикалық одақтың құрылуы) шетелдік инвестиция құқықтық жағдайын жасамай мүмкін емес, бұл біркелкі салық және тарифтік белгіленген баға нарық көрсеткіш жүйесі шетелдік серіктердің талабына, қажеттілігіне сәйкес келетін және ұлттық мүддені қорғауды қамтамасыз ететін, шетелдік инвестицияны республика экономикасына тарту болашақ мақсатқа жақсы үйлестіріп нақты белгілеусіз орындаллмайды /21/.

Қазіргі кезде ҚР да шетелдік инвестицияның қызметтері және сыртқы экономикалық байланысты 30 -ға жуық заңдар мен заң күшіндегі актілермен реттелуде. Ең бір басты инвестициялық климаттың қалыптасуына керектісі "Шетелдік инвестиция туралы" заң. Бұл заң бұрынғы КСРО да Қазақстан Республикасына алғашқының бірі болып қабылданды және бұнда біріккен кәсіпорын қызметтері мен құрудың жағдай шаралары анықталып, оның кепілдігі,салық салу тәртібі, мен келіспеушілікті шешу бірінші редакциясында қабылданған.

Бұл заңды қабылдағанына 5 жыл өтті. Осы кезеңде Қазақстан алғашқы қадамынан бастап шетелдік капиталды тартуда біртіндеп үлкен көлемде жүргізіліп келеді. Осы заң шетелдік инвестицияны тартуға, тура инвестиңияға ыңғайлы және жеңілдік жасауымен қатар өте жайлы жағдай жасауда басты орын алды және өз уақытындағы басты, үлгілі болып саналады.

Еліміздің инвестициялық климатын бағалаудың басты бір жағы оның заңдарды талдау болып саналады. Экономикалық реформаның даму дәрежесіне сәйкес оның зандық қоймасы одан әрі жетілдіріліп тұруы қажет.

Республика Президентінің заң шығару жоспарында ынта көрсетуіне сәйкес 1994 жылы "Шетелдік инвестиция туралы" заң жобасы жасалды, ол 1994 жылы желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінде қабылданды /10/.

Бұл заңның жаңа редакциясы шетелдік инвесторлар қызметтеріне мүмкіндігінше ыңғайлы жағдай жасады, шетел пнвестициясы түсінігін кеңейтіп, республикадағы қызметтеріне мүмкіндіктер жасау мен қатар кең көлемде кепілдіктер жасау максатын көздейді.

Заңның жаңа редакңиясында инвестиция түсінігі кең ұғымдағы сөз ретінде қарала отырып, оған мүліктік бағалықтардың (құндылықтардың) бар түрлері мен оған деген құқықтарды, шетелдік инвесторлар үшін ұлттық тәртіпті тарату саясаты жалғасын табады, халықаралық арбитраж туралы қаралған. Уставтың қорға және оның СКВ арқылы қалыптасуына және т.б. шектеу жойылды.

Заң бойынша кез келген шетелдік инвестиция түрлері және соған байланысты қызметтер ұлттық инвесторларға – жасаған жағдайлардан кем түспейді.

Бұл ережеден шетелдік инвесторларға тиімді ерекшеліктері халықаралық шарттарға сәйкес үстемдік (жеңілдік), сонымен қатар шетел инвестициясы жекешелендіруге қатысу мүмкіндігі және ол арнаулы заңмен реттеліп отырылады. Бұнан басқа шетел инвестициясы экономиканың жаңадан ашылған бөлігінде қосымша жеңілдіктер жасалуы мүмкін /23/.

Заң шетел инвестициясына әртүрлі кепілдіктер береді, олар нақты айтқанда ұлттықтандыру (мемлекет меншігіне айналдыру) мен еріксіз тартып алу, мемлекеттік мекемелер мен билік иесінің заңсыз әрекеттерінен кепілдік, саяси жағдайдың өзгерісінен кепілдік және т.б. кепілдіктер.

Сонымен шетел инвестициясы мемлекет иелігіне және еріксіз шартын алу тек қоғамдық мүддеге байланысты болмаса, басқа барлық жағдайда болмайды (жүзеге асырылмайды). Егер мұндай жағдай болып қалғанда шетел инвестициясын тез арада тепе-тең және тиімді дәрежеде олардың шығынын өтеп беру орындалады.

Шетелдік инвесторлар инвестиция жұмысы басталғаннан 10 жыл бойына Заң өзгерістерінен кепілдік берілді. Мемлекет кез келген жағдайға байланысты, сонығ ішінде соғыс жағдайы, үкімет ауысуы немесе мемлекеттік құрылымның өзгеруінде халықаралық қазы шешіміне бағынып, инвестор алдындағы барлық мүліктік, заттың міндеттемелерін орындайды.

"Шетелдік инвестиция туралы" (7.12.1990 ж.) бүрынғы занда шетел инвесторларына белгілі бір жағдайда "Салықтық каникулдер" берілген болатын - бұл инвестиция іске асқаннан кейінгі алғашқы бес жылда табысқа салынатын салықтан босату және осы салықты кейінгі бес жылда 50 % төмендету. Алайда жаңа занда (20.01.2003ж.) "салықтық каникулдер" қарастырылмаған, өйткені көптеген елдердің, оның ішінде АҚШ-тың салық заңында трансұлттық компаниялар үшін салықты елдегі кірістен, пайдадан алынған төлем тең көлемде азайту қарстырылған.

Қазір көптеген елдер арасында қосарлы салықты болдырмау туралы үкімет аралық келісімдерге қол қойылды. Солай болса да іс жүзінде жаңа заңға сәйкес экономиканың нақты секторында Қазақстан үшін алынған инвестициялар үшін салықтың жеңілдіктерін шетел инвесторларына Парламент немесе Президент бере алады / 9 /.

Қазақстан аумағында шетелдік инвестиция ұлттық инвесторлар үшін барлық рұқсат етілген ұйымдық құқықтық нысанда шетел инвесторының толығымен тиесілі біріккен кәсіпорында, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың бөлімшелері мен өкілдіктерін құру жолымен жүзеге асырылады.

Бұл жағдайда осы кәсіпорындарды тіркеу республика занды түлғалары үшін белгіленген жалпы ереже бойынша жүргізіледі.

Республика жүргізілген мемлекет иелігінен айыру саясаты жаңа "Шетел инвесторлары туралы" заңда толық ашылған. Шетел инвестициясы мемлекеттік кәсіпорындарды, аяқталмаған құрылыс объектілерін жекешелендіруге қатыса алады. Шетел инвестициясына, шетелдік қатысатын кәсіпорынға мүлікті жалға беруші жалға беру шарты бойынша жүргізіледі.

Шетел инвестициясына қосымша кепілдікті заңдық қорғаумен қатар үкімет аралық екі жақты шетел инвестициясын ыталандыру және өзара қорғау туралы келісімдер жасалады. Қазақстан үкіметі Егемендік алған уақытта 18 елмен осындай шарт жасады.Бұл: АҚШ, Англия, Египет, Туркия, Франңия, Швейцария және басқалар. Қазіргі уақытта 20 елмен Келісім жобалары талқылану үстінде /24/.

Біздіңше заңда, Республика экономикасына инвестициялардың тартылуына белгілі бір деңгейде ықпал ететін кедергілер бар. Бұл:

1) заңды және жеке тұлғалардан алынатын салықтың жоғарылығы;

2) елдегі еркін экономикалық аймақ санының жеткіліксіздігі;

3) төлем мәселесі - шетел валютасына қол жеткізу қиындығы;

4) үнемі өзгеретін және дәйексіз заңдар;

5) заңдық базаның жалпы тұрақсыздығы.

6)"Кепілдік туралы" заңның икемсіздігі, әсіресе шетел кредитына арналған кепіл ретінде қозғалмайтын мүлікті пайдалануға қатысты бөлім; 7)жекеменшіктің бүкіл институтының негізі болатын жер үшін жекеменшіктің жоқтығы;

8) дамымаған қаржы секторы, шетелдік жобалар үшін қаржының жоқтығы, кепілдік алу қиындығы;

9) экологиялық нормаларды сақтауда кәсіпорынның жауапкершілігі туралы мәселеде нақты саясаттың болмауы;

10) жетілмеген банк туралы заңдар және өте түрпайы банк жүйесі;

11) Қазақстан мен сыртқы дүние арасындағы әуе желісінің жеткіліксіздігі;

12) сыртқы рынокқа Қазақстаннан құрлық бойынша тауар тасымалдауға арналған жермен тасымалдау жүйесінің икемсіздігі (“Мұнай және газ” құбырын қоса алғанда).

Шетел инвесторын тарту саясатының негізгі мақсаты-ұлттық экономиканы жетілдіру мен құрылымдық тұрғыдан өзгертуде шетел капиталын пайдалану негізінде экономикалық артта қалушылықты жою, ел өмірінің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету болып табылады. Республика шетел капиталының ағылуын жалпы оң сипаттай отыра негізгі кредитор елдердің белгіленбегенін атап өткен жөн. Келісім-шарттарды жасау шарты нашар әзірленеді және олар жүзеге аспайды. Берілген кредиттік ресурстар республиканың болашақтағы мүдделерін ескермейді, облыстар мен аймақтарға ретсіз бөлінеді.

Бұдан басқа нашар дамыған елдерге шетел капиталының жұмсалуы әдетте онша жақсы нәтиже бермейді, кей жағдайда жағымсыз салдарға алып келеді. Мысалы, нашар дамыған елдерде қонақ үймен құрылыс кешендерін салуда елдің ұтатын, бірақ артықшылығы салынған қонақ үйінде тұрғындардың белгілі бір бөлігі жұмысқа орналасады, алайда бұл адамдар ең ауыр және қолайсыз жұмыстарды істейді, ал қомақты жұмыс орындарында әрдайым шетелдіктер істейді. Сондықтан, бүкіл жалақының мардымсыз бөлігі ғана елде қалады. Сонымен катар қонақ үйін салуда барлық қажетті құрылыс материалын ғана емес, сондай-ақ жиһаз, тіпті шетелдік туристерді тамактандыру үшін қажетті азық-түліктерде сырттан әкелінеді, ал бүкіл пайда шет елге аударылады.

Біріккен кәсіпорын құру кезінде койылған мақсаттардың бірі Қазақстан кәсіпорынның жаңа технологияны, "Ноу-Хауды" алу, саланың жалпы техникалық деңгейін көтеру болатын, алайда жүре келе бұл мақсат ұмтылады, мысалы, негізгі міндет ретінде тек :мұнай өндіру қалады. Қазіргі уақытта бірде бір бірлескен кәсіпорын кен орындарын терең зерттеу, мұнай қайтарымының ең жоғарғы коэфициентінің және өндірілген өнімді толық пайдалануды қамтамасыз ететін технологиялық схемаларды әзірлеу туралы жұмыстарды орындамайды. Жер қойнауы саласында Біріккен кәсіпорындарды құруда қазақстандық қатысушылар тәжірибесіздігінен осы біріккен кәсіпорын қызметін қиындататын, ал кейбір жағдайда тоқтауына алып келетін кемшіліктерге жол берді /25/.

Басты кемшілік тіркеу (құрылтайшылық) мәселелерді ақырында көптеген құрылтайлық құжаттарды қамтитын құрылтайшылар құзіретіне кірмейтін салық салу және басқа экономикалық көрсеткіштер мазмұндау болып табылады. Біріккен кәсіпорын қызметін талдау құзіретті орган мен бөлек біріккен кәсіпорын арасында үлгілік (модельдік) келісім шарт әзірлеу кажеттігін анық көрсетті, онда барлық салықтың және тараптгардың басқа каржылық міндеттемелері мазмұндалатын болды.

Қазіргі уақытта экономика министрлігі газ және мұнай министрлігімен бірге осы жоба бойынша жұмыс істеуде.

Сондықтан, инвестиция саясатын жүзеге асыруда ұлттық мүддені жан- жақты ескеру қажет. Мұндай мүдделерді іске асыруда бірінші кезекте республика экономикасына тартылған капитал көлемі ықпал етуі мүмкін. Олардың жиынтық саны ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін белгілі көлемнен аспауы тиіс. Қазақстан эконкомикасына шетел инвестициясын тартуды ынталандыру максатына шетел инвесторлары үшін түсінікті ұзақ мерзімді саясатқа негізделген жаңа іскерлік, ақуалдық жасау үіпін Республика Үкіметі үлкен күш жігер жұмсауда. 1995 жылы Президенттің заң күші бар мынадай жарлықтары қабылданды:



  1. "шетел инвесторлары туралы" ( 30.03.95);

  2. "банкрот туралы" ( 07.04.95);

  3. "заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы" (17.04.95);

  4. "Қазақстан республикасының ұлттық банкі туралы"(30.03.1995); "лицензиялау туралы" (17.04.95);

  5. "шаруашылық серіктестіктер туралы" (02.05.95);

  6. "салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер туралы"(24.04.95)

Қазақстан кешенінің минералдық шикізатының, отын энергетика ресурстарының, сирек кездесетін асыл металдардың, орасан зор қорына пайдалы қазбаларды өндірудің және бастапқы ұқсатудың қуатты индустриясына ие бола отыра көп салалы, осы заманғы машина жасау базасына, жоғары сапалы тауар өнімдерін шығару жөніндегі өндіріссіз қалып отыр. Іс-жүзінде ғылыми мәнді техникалық күрделі өнімдерді шығаратын сала жоқ, халық тұтынатын тауарлар өндірісі маналар дамыған: химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығының өнімдерін ұқсату нашар пайдаланылады, өнеркәсіптің жетекші саласы қара және түсті металлургияда, химия кешенінде энергия көп кететін экологиясы лас технологияны әбден тозған қондырғыны пайдаланудың үлес салмағы жоғары, осыған байланысты өнеркәсіп кешендерін дамытудың артықшылықты иннестициялық жобаларын, ұзақ мерзімді багдарламасы жасалды /11/.

Артықшылық ретінде мыналарға бағытталған жобалар танылады:

1) өнімдердің дәстүрлі экспорттың түрлерін шығаратын өнеркәсіптің базалық салалары өндірісінің көлемін күрт ұлғайту (түсті металл, болат прокаты, ақ қаңылтыр, хром кені, темір кені, сары фосфор, тыңайтқыш және т.б.);

2) металдан жасалынған өнімдердің тауарлық әзірлігін көтеретің мұнай құбырлары өндірісін құру;

3) өнімнің жаңа түрлерінің өндірісін ұйымдастыру (ауылшаруашылық машиналары, тау-кен көлігі техникасы, электр қозғалтқыштар, аккумуляторлар, көмір қышқылы негізіндегі композициялық материалдар, полиэтилен, және полипропилен, бастапкы алюмин және т.б.);

4) күрделі ғылыми мәнді өнімдерді және халық тұтынатын тауарларды шығаратын өндірісті құру(телевизор, магнитафон, тоназытқыш, улы газды тоқтатқыш, сирек металдар негізіндегі бұйымдар және т.б.).

Өнеркәсіп қалдықтарын тереңірек ұқсататын өндірістің экологиялық мақсатын шешу. Шетел кредиті үшін министрлік ұсынған артықшылықты тізбеге 206 жоба кіреді. Ол жоба бойынша бөлінген және инвесторларға, жобаға, кредитке мұқтаждық жобаны енгізу мерзімі, техникалық экономикалық негізделе, қаржыландыру ерекшеліктері, шетелдік әріптердің саны туралы қысқаша ақпарат береді /26/.

Соңғы жылда Министрліктін шетелдік серіктермен жұмысы керсеткендей, іскерлік қатынас Германия, Турция,. Жапония, АҚШ, Финляндия фирмалары мен банктерімен қалыптасты. Италия, Франция, Австрия, Англия; ІПвеция, Канада және баска елдердегі серіктестер мен достық қарым-қатынас дамып, нығайтып келеді.

Бүгінде республикада экономикалық достық қарым-қатынасы көлемді түрде өзара тиімді дамытуға және нығайтуға қалыптастыруға барлық мүмкіндік бар. Оның негізгі түбірі Қазақстанның шетелдік инвестицияны тарту болашағына сеніммен қарау.

2 МҰНАЙ ӨНДІРУШІ КӘСІПОРЫНДАҒЫ ШЕТЕЛДІК

ИНВЕСТИЦИЯНЫ АЙМАҚТЫҚ ЖӘНЕ САЛАЛЫҚ ТАРТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

2.1 “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ қызметiне аймақтық баға беру

Маңғыстау облысының аймақтық экономикалық көрсеткiштерi “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ қызметiмен тығыз байланысты. Бұл кәсiпорын облыстың бюджеттiк түсiмдерiн қалыптастырудың негiзгi шаруашылық субъектiсi болып табылады, және бiр жағынан оны монополист ретiнде қарастыруға болады, ал екiншi жағынан экономикалық көрсеткiштерге көптеген аймақтық әсер ететiн донор-кәсiпорын ретiнде қарастыруға болады. Бұл қатынаста аймақтың даму болашағы бәрiнен бұрын. өзiндiк қалпына келтiру және кәсiпорынның өзiне жандандыру (аймақтың және бүкiл республиканың экономикасын жандандыру) негiзi болатын. Оның ең iрi салық төлеушiсiнiң даму болашағына байланысты.

“Маңғыстаумұнайгаз” АҚ аймақтың, саланың және Қазақстанның дамуының макрокөрсеткiшiне қазiрден бастап максималды әсер етуде. Егер макроэкономикалық және салалық деңгейiнде талдау, кәсiпорынның маңыздылығының өте жоғары екендiгiн көрсетсе, онда мұнайдың 50 % – нан астамын “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ өндiретiн аймақтық деңгейде де осыны күтуге болады (10 кесте).

1-шi кестенiң мәлiметтерiн есепке ала отырып, экспорт және республика бойынша аймақтың негiзгi салық төлеушiлерiне мұнайды жеткiзудiң өзгеруiн талдауға болады және 1999-2001 жж. аралығында “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ, “Жетiбаймұнайгаз” МГӨБ және “Қаламқасмұнайгаз” МГӨБ кәсiпорындарының дамуы мен өзара әрекет ету графигiн құруға болады.

Кәсiпорын стратегиясын жүйелiк талдауды ұйымдастыру көзқарасы жағынан қажеттi, өйткенi бұл тек стратегиялық жоспарлауға ғана емес, сондай-ақ кәсiпорынның өндiрiстiк-шаруашылық қызметiнде жаңа стратегиялық бағыттардың пайда болуын қамтамасыз ететiн жалпы корпоративтiк басқаруға бiршама салмақ түсiредi. Сонымен қатар бұл мынаны бiлдiредi, яғни күнделiктi үйреншiктi қызметке қарама-қайшы келуi мүмкiн, және қажеттi жаңа бастамаларға керi әрекет етедi.

1 – суреттiң графигiнде көрiнiп тұрғандай берiлген кәсiпорынға мұнайды экспорттық және iшкi жеткiзу әрдайым өзгерiп отырады, сондықтан қызметтiң тиiмдi бағытымен сәйкес келетiн потенциалдық мүмкiндiктерге баға берудi анықтау үшiн жағдайдың даму тенденциясымен сәйкес келетiн оқиғаны көрсетуге мүмкiндiк беретiн экономикалық-статистикалық үлгiнi жасау қажет, яғни 1999-2001 жж. аралығындағы iшкi тұтыну және экспорт үшiн “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ мұнай жеткiзу, кәсiпорын, сала және аймақтың тиiмдi даму бағытын анықтау.
1999-2001 жж.аралығындағы ішкі тұтыну және экспорт үшін “Манғыстаумұнайгаз” АҚ мұнай жеткізу


1-сурет
Өтпелi кезеңдегi кәсiпорынның шаруашылық қызметiнде өздерiнiң рыноктық қалыптасу кезеңiнде көптеген елдер соқтығысатын мәселелер бақылануда. Көптеген елдiң даму тәжiрибесi көрсетiп отырғандай, кәсiпорынның стратегиясын жүзеге асыру көбiнесе тек сыртқы ортаға (заңдылық) байланысты емес, сонымен бiрге әр түрлi бөлiмдерiнiң (iшкi орта) қызметтерiне байланысты /27/. Сондықтан, оның бөлiмшенiң әрекет ететiн келiсiмдiлiгiнiң қажеттiлiгi фактiлi түрде сыртқы ортаға тәуелдi мүмкiндiктермен үйлеседi, яғни өтпелi кезеңде өндiрiстi жеке басқару бойынша iшкi резервтер практикалық түрде тиiмсiз болады, өйткенi сыртқы жағдайдың алғашқы кезi бекiтушi болып табылады және осы себеп бойынша iшкi резервтердi пайдалану кәсiпорын үшiн көрiну мүмкiндiгi аз болады.

1-кестенi өңдей отырып, “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ құрылымдық бөлiмшелерi қызметiнiң сәйкес әсер етуi мен тиiмдi байланыстары анықталды (2 – кесте).


2-кесте 1999-2001 жж. аралығындағы Маңғыстау облысының “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ мен “Жетiбаймұнайгаз” және “Қаламқасмұнайгаз” МГӨБ аймақтың көрсеткiштерiне мұнай өндiрудiң сараланған корреляциясы*


Кәсiпорын

Корреляция коэффициентi

“Маңғыстаумұнайгаз” АҚ (ММГ)

0,5396

“Қаламқасмұнайгаз” МГӨБ (КМГ)

0,5309

“Жетiбаймұнайгаз” МГӨБ (ЖМГ)

0,2655

* Ұлттық статистика агенттiгi мен “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ қызметiнiң экономикалық көрсеткiштерiнiң мәлiметi

1-кесте 1999-2001 жж. аралығында облыс және “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ бойынша мұнай және газ өндiру көрсеткiштерi*

Көрсеткiштер

Жылдар




1999

2000

2001




I кв.

II кв

III кв

IҮ кв

I кв.

II кв

III кв

IҮ кв

I кв.

II кв

III кв

IҮ кв

Маңғыстау облысында мұнай өндiру, мың тонна

1829,7


4240,8


6070,5


8213,3


1843,2


3659,4


6893,2


8456,1


1786,1


1943,3


1550,4


1754,4


Мұнай өндiру, мың тонна

“Маңғыстаумұнайгаз” АҚ (ММГ)


“Қаламқасмұнайгаз” МГӨБ (ҚМГ)




“Жетiбаймұнайгаз” МГӨБ (ЖМГ)



9
209,5

767,2
76,7

1
220

978
198

1
234

968
202

1
221

909
130

1
200

890
090

1
201

902
103

1
202

962,9
164,9

1
203,9

919,1
123

1
168

1025
193

1
175

1011
186

1
181

1014
195

1
169

936
105

Газ өндiру, млн м3

“Маңғыстаумұнайгаз” АҚ (ММГ)


“Қаламқасмұнайгаз” МГӨБ (ҚМГ)




“Жетiбаймұнайгаз” МГӨБ (ЖМГ)



3
15

21
6

3
17,05

19,95
7

3
18

21,05
9,05

4
19,8

20,2
0

3
16,05

18,95
5

3
16,5

19,7
6,2

3
16,7

21,8
8,5

4
17,5

22,75
0,25

3
13,1

23,6
6,7

3
14,1

23,9
8,0

4
15,2

26
1,2

3
15,7

23,3
9

Мұнай жеткiзу, мың тонна

Қазақстан iшiнде


Экспортқа




Барлығы


8
300

1185
85

9
230

1170
40

8
265

1090
25

8
270

1150
80

7
339

1070
31

7
350

1090
40

7
340

1100
60

8
310

1127
17

6
488

1123
35

7
491

1215
24

7
512

1267
55

7
420

1219
99

* Ұлттық статистика агенттiгi мен “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ қызметiнiң экономикалық көрсеткiштерiнiң мәлiметi

Корреляция деңгейi бойынша көрiнiп тұрғандай, аймақтың мұнай өндiрудегi ең маңызды үлесi “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ өзiне жатады (корреляция коэффициентi 53,96 %) және оның құрылымына “Қаламқасмұнайгаз” МГӨБ (корреляция коэффициентi 53,06 %), бұл яғни тек “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ кәсiпорнына ғана емес, жалпы аймақтың мұнай өндiру көрсеткiшiне күштi әсер ететiн берiлген МГӨБ көңiл бөлудiң қажеттiлiгiн көрсетiп отыр. Бұл “Жетiбаймұнайгаз”МГӨБ қарағанда осы кәсiпорынның скважиналарында өндiру көлемiмен байланысты. Берiлген талдауда көрiнiп отырғандай, аса күштi кәсiпорын маңызды қажеттiлiктерге құқықсыз көңiл бөлудi талап етедi, бұл қателiктер, яғни өнiмнiң шығын мәселесi бойынша емес, өз кезегiнде аса икемдi, аса тез мүмкiндiктердi бiлдiретiн менеджмент немесе жоспарлаудың әлсiздiгi мәселесi бойынша емес, тиiмдiлiк, яғни рыноктық басқару. Бұндай iстердiң жағдайы мынадай жағдайда мүмкiн, ең алдымен мұнай бизнесiндегi жағдайдың төтенше тез өзгеруiне қамқоршылық жасайтын (орталықтанған – министрлiк немесе үкiметтiк) органдардың аса жылдам әсер етуi немесе сұрақтарды шешудегi құзiретi, және де берiлген аймақтың нақты құқықтық статусын анықтауда аймақтың саясатының институционалдық негiзi мен құқықтық бар болуында.

Бұл қорытынды уақыттың әрбiр сәтiне “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ әрбiр бөлiмшенiң өндiру үлесiнiң бағасын бiлдiредi, бiрақ корреляциялық тәуелдiлiк динамикасындағы бағаны бiлдiредi. Сондықтан, мысалы, егер “Қаламқасмұнайгаз” МГӨБ динамикасында өндiру үлесi неғұрлым жоғары болса, соғұрлым сәйкесiнше реттеуде тұтынушылық жоғары.

Аймақтың саясатты құру, оның мақсаттары мен қағидаларын қалыптастыру, олардың өткiзу механизмдерiн шығару сияқты шаралардың бәрi экономикалық ережелердiң қалыптасуы және аймақтық деңгейде анықталған қамқоршылық жасайтын құқықтық шешiмдердi табыстаумен байланысты. Бұл жерде берiлген аймақта еркiн экономикалық кеңiстiктi қалыптастырудың мақсаттылығы мен қажеттiлiгi көрiнiп отыр.

Екiншi вариант – анықталған сәтке дейiн әртүрлi әлеуметтiк-экономикалық және саяси жағдайдың күшiнде өте тиiмдi болған тоталитарлық және қатаң басқару жағдайында отралықтанған қамқоршылық жасайтын органдардың аса жылдам әсер етуi. Бiрақ, бұндай жағдай республикамыздың нарықтық экономикаға өту жағдайында қаржылық, экономикалық, саяси және әлеуметтiк сипаттағы әр түрлi себептер бойынша тәжiрибе түрiнде аз ықтималды болып қалды, сондықтан бұл тиiмсiз.

Осының салдарынан монополиялық кәсiпорындардың шығуы және негiзгi салық төлеушi ретiнде оны анықтау “локомотивтi” монополиялық экономикалық секторды аса күштi дамыту және оны шағын және орта бизнестiң әлеуметтiк iшкi пайдалану арқылы бiрқалыпты әрi қарай азайту үшiн әрi қарай өздiгiнен жағдайларды қалыптастыра алатын еркiн экономикалық аймақтың (ЕЭА) қалыптастыруға деген ғылыми жақындасушылықты бiлдiредi. Сонымен, берiлген экономикалық аймақтағы қызметтердiң әрдайым ұлғаюы, бiрiншiден, республика экономикасында, содан соң аймақта оның бiрқалыпты еркiн кетуiнен негiгi “локомотивтi” монополизмнiң азаюына әрекет етедi, ал, екiншiден, аса универсификациялық өздiгiнен даму, сонымен бiрге кәсiпкерлiк қызметтiң барлық жаңа түрлерiнiң пайда болуы үшiн сәйкес жағдайларды құруға әкелiп соғады. Сонымен қатар келесiдей жағдай қосымша бақыланады: монополист кәсiпорынның салықтық үлесiн төмендету арқылы монополист-кәсiпорынның салықтық төлемдер бойынша экономикадағы рөлi аз болады, бұл яғни барлық мүмкiн дағдарыс жағдайында аймақтың аса тұрақты және динамикалық дамуына жалпы әрекет етедi, және алдымен аймақ деңгейiне, содан соң барып республика деңгейiндегi әлеуметтiк-экономикалық жағдайдың күшеюiне әрекет етедi /33/.

1999-2001 жж. аралығындағы “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ берiлген мұнайөндiру қоғамдық қызмет нәтижесiнiң 98 % – корреляция коэффициентi 0,9869 –ға тең “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ ең күштi “Қаламқасмұнайгаз” МГӨБ құрылымының қызметiне байланысты, тәжiрибелiк түрде “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ-ның “Жетбаймұнайгаз” МГӨБ (корреляция коэффицентi 0,4757) бөлiмшесiнiң қызметiнiң нәтижелерiнiң әсерiнен екi есе жоғары.

3-кестенiң мәлiметi бойынша барлық акционерлiк қоғамның негiзгi қолайлығының 100 %–ға жуығы “Қаламқасмұнайгаз” МГӨБ жұмыс iстеуiне байланысты, сол себептен бұл ерекше көңiл бөлудi талап етедi.
3-кесте 1999-2001 жж. аралығындағы “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ жалпы өндiруiнде “Қаламқасмұнайгаз” мен “Жетбаймұнайгаз” МГӨБ мұнай өндiруiнiң әсерi*


Көрсеткiштер

Коэффициенттер

“Қаламқасмұнайгаз” МГӨБ мұнай өндiруi

0,9869

“Жетiбаймұнайгаз” МГӨБ мұнай өндiруi

0,4757

* Ұлттық статистика агенттiгi мен “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ қызметiнiң экономикалық көрсеткiштерiнiң мәлiметi

Сонымен қатар, сәйкес келетiн статистикалық өңдеуден кейiн қарама-қарсы әсерi 0,3278 тең болатын МГӨБ бiр-бiрiмен байланысын ескеру керек, бұл 32,78 % сәйкес және “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ фактiлi түрде негiзгi бөлiмшесi ретiнде “Қаламқасмұнайгаз” МГӨБ статусын көрсетедi. АҚ берiлген жұмысының нәтижесiне байланысты жағынан аймақтың экономикалық дамуын қарастыра мынадай жағдайды айта кеткен жөн, нарық жағдайында соңғы нәтиженiң тиiмдiлiгiн құрайтын осындай кәсiпорындар үшiн қажеттi элементтердiң бiрi болып өнiмнiң өткiзiлiмi табылады.

“Маңғыстаумұнайгаз” АҚ үшiн бұндай өткiзу келесi бағыттарда жүзеге асырылады:


  1. Республика шегiнде, яғни қайта өңдеуде iшкi тұтыну үшiн мұнай өндiрудi өткiзу үшiн. Негiзiнен үш қайта өңдеу кәсiпорын бар – Атыраулық, Шымкенттiк және Павлодарлық. Бұл жерде мынадай кәсiпорындарда “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ мұнайды қайта өңдеу мүмкiндiктерiне қосымша талдау жасауды қажет етедi;

  2. “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ мұнайды жақын және шетелдерге экспортқа сатудың бөлiну мүмкiндiгiн бiлдiредi.

Бiрiншi мүмкiндiк төлемсiздiктiң үлкен тәуекелдiгiмен, бiрақ тасымалдаудың кiшi мәселесiмен байланысты, ал екiншiсi керiсiнше.

Жоғарыдағы берiлген бөлiнуден негiзiнен аймақтық деңгейде мұнайды қандай көлемде әсер ететiндiгiн анықтау қажеттiлiгi туып отыр, яғни кем дегенде бекiтiлген екi мүмкiндiктi алайық – iшкi тұтыну мен жақын және алыс шет елдерге экспорттау үшiн. Кәсiпорындардың мәлiметтерiн статистикалық өңдеуден кейiн (1кесте) компьютерлiк бағдарламалардың көмегiмен 4-кестеде көрестiлген келесiдей нәтижелер алынды.


4-кесте 1999-2001 жж. аралығындағы аймақтың мұнайөндiруге “Маңғыстаумұнайгаз” мұнай өндiрудi жеткiзудiң сараланған корреляциясы*


Мұнай жеткiзу

Корреляция коэффициентi

Экспортқа

- 0,2035

Қазақстанның тұтынушылары үшiн

0,1156

Барлығы

0,0017

* Ұлттық статистика агенттiгi мен “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ қызметiнiң экономикалық көрсеткiштерiнiң мәлiметi
4-кестеде көрiнiп тұрғандай, “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ мұнайды өткiзу байланысы аймақтың бүкiл мұнайөндiрумен қарама-қарсы байланысы келесiдей себептер бойынша қызықты болып келедi:

  1. “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ экспортқа бағытталған қызметi аймақтық мұнай өндiруге әсер етедi, яғни тек келтiрiлген фактордың әрекетi арқылы аймақтағы жалпы мұнайөндiрудi 20,35 %-ға ұстап қалуына сәйкес келетiн корреляция шамасымен (-0,2035) дәлелденедi;

  2. аймақтың мұнайөндiруге қатынасы бойынша АҚ өндiрген мұнайдың республикадағы iшкi тұтыну 11,56 % құрады, бұл облыстың басқа да мұнайөндiру кәсiпорындарына оның әсер ету маңыздылығының аз екендiгiн сипаттайды;

  3. “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ бойынша барлық мұнайды сатудың жалпылама әсерi оны аймақтық өндiруде экономиканың барлық мұнай секторында оның оған деген әлi де маңыздылығының аздығын көрсетедi – 1,7 %;

“Маңғыстаумұнайгаз” АҚ экспортқа мұнайөндiру фактiлi түрде басқа да кәсiпорындардың мұнайөндiрудi дамытуды тежеп отыр, бұл осы қызмет түрiн демонополизациялаудың қажеттiлiгiн көрсетiп отыр. Бұл жерде аймақтық деңгейде бұл бизнестi заңдылық реттеу мәселесi туындап отыр, бұл яғни өтпелi кезең жағдайында сәйкес келетiн балансты ұстап қалатын жылдам және икемдi процестi қамтамасыз ететiн еркiн экономикалық кеңiстiктi қалыптастырудың жалпы қажеттiлiгiн көресетедi. 4-кестедегi мәлiметтердi сәйкес келетiн өңдеуден сараптамалық қорытындысының бiр-бiрiмен байланыстылығы келесiдей 5, 6, 7 кестелерде берiлген.

Көрсетiлген кестелердiң мәлiметi бойынша “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ өндiрген мұнайдың жалпы өткiзiлiмiне оны iшкi нарыққа сату (89,31 %) мен экспорттаудың (- 60,2 %) әсерiн көрiп отырмыз. Iшкi нарық басымды болып отыр, өйткенi неғұрлым iшкi нарықта сату жоғары болса, соғұрлым АҚ жалпы өткiзiлiмi жоғары болады. Осыған байланысты аймақтың мұнайөндiру “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ мұнай өткiзiлiмiне ешқандай маңызды әсерiнiң жоқтығын көрсетедi, бұл қайтадан оның сәйкес мүмкiндiктерi мен ерекше маңыздылығын көрсетiп отыр. Экспорттың жеткiзiлiм өзiнiң басымдылығын жоғалтып “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ жұмысында негiзгi бағыты болып саналмайды. Бұл мұнайбизнесiнiң көзқарасы жағынан қарағанда қазақстандық тиiмдi нарыққа кiру мүмкiндiгiнде көптеген мұнайөндiретiн шетел кәсiпорындары үшiн ынталандырушы сәт болып табылатын. Әлемдiк мұнай дағдарысының әрекет ететiндiгiнiң дәлелi.


5-кесте 1999-2001 жж. аралығындағы “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ нәтижелерiне Маңғыстау облысының мұнайөндiрушi республикалық экспорттау және iшкi жеткiзудiң әсерi*


“Маңғыстаумұнайгаз” АҚ жалпы өткiзiлiмiне әсер ету деңгейлерi

Корреляция коэффициентi

Қазақстан тұтынушылары

0,8931

Экспорт

- 0,602

Жалпы аймақтық өндiру

0,0017

* Ұлттық статистика агенттiгi мен “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ қызметiнiң экономикалық көрсеткiштерiнiң мәлiметi

6-кесте 1999-2001 жж. аралығындағы “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ нәтижелерiне Маңғыстау облысындағы мұнайөндiру мен экспорттаудан түскен iшкi республикалық тұтынудың әсерi*


Iшкi жеткiзiлулерге әсер ету деңгейi

Корреляция коэффициентi

Экспорт

- 0,8969

“Маңғыстаумұнайгаз” АҚ жалпы өткiзiлiмi

0,8931

Аймақтық мұнайөндiру

0,1156

* Ұлттық статистика агенттiгi мен “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ қызметiнiң экономикалық көрсеткiштерiнiң мәлiметi

7-кесте 1999-2001 жж. аралығындағы “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ мұнайөндiруiне облыстық өндiру iшкi тұтынудан түскен республикалық экспорттың әсерi*


Экспортқа әсер ету деңгейi

Корреляция коэффициентi

Iшкi республикалық тұтыну

- 0,8969

“Маңғыстаумұнайгаз” АҚ жалпы өткiзiлiмi

- 0,602

Аймақтық өндiру

- 0,2035

* Ұлттық статистика агенттiгi мен “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ қызметiнiң экономикалық көрсеткiштерiнiң мәлiметi
Мұнайөндiруде тағы бiр өте жақсы технологиялық ерекшелiк бар – яғни қосалқы газ алу. Бұл фактор “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ рентабельдiлiгiн көтеруге әрекеттенедi. Сондықтан оның сипаттамасы аймақтық маңызды кәсiпорынның барлық қызметiне бiртектi баға беру үшiн қажеттiлiгiн бiлдiредi /28/.

1-кестеде келтiрiлген мәлiметтердi статистикалық өңдеу аймақтық мұнай бизнесiнiң қосалқы газ өндiру мен (8, 9, 10, 11 кестелер) сәйкес келетiн байланысын анықтауға мүмкiндiк бередi.

8-11 кестелердiң мәлiметтерiн талдау мынаны көрсетедi, яғни қосалқы газ өндiрудiң жалпы аймақтық көрсеткiшi негiзiнен “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ қызметiне байланысты, “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ iшiнде “Қаламқасмұнайгаз” МГӨБ (63,58 %) қарағанда “Жетбаймұнайгаз” МГӨБ (79,6 %) газ өндiру маңызды рольге ие.

“Маңғыстаумұнайгаз” АҚ-на аймақтық әсер ету байланысы “Жетбаймұнайгаз” (78,56 %) өндiрудiң аз ғана әсерi мен “Қаламқасмұнайгаз” (69,19 %) әсерiнiң күшеюi жеткiлiктi түрде жоғары болып тұр.


8-кесте 1999-2001 жж. аралығындағы аймақтың (облыстың) қосалқы газ өндiруге, “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ, “Жетбаймұнайгаз” МГӨБ мен “Қаламқасмұнайгаз” МГӨБ қосалқы газ өндiрудiң әсерi*


Аймақтық газ өндiруге деген әсер ету деңгейлерi

Корреляция коэффициентi

“Маңғыстаумұнайгаз” АҚ газөндiру

0,9727

“Жетбаймұнайгаз” МГӨБ газөндiру

0,796

“Қаламқасмұнайгаз” МГӨБ газөндiру

0,6358

* Ұлттық статистика агенттiгi мен “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ қызметiнiң экономикалық көрсеткiштерiнiң мәлiметi

9-кесте 1999-2001 жж. аралығындағы “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ қосалқы газ өндiрудiң Маңғыстау облысының аймақтық деңгейiне, сондай-ақ “Жетбаймұнайгаз” МГӨБ және “Қаламқасмұнайгаз” МГӨБ әсерi*


Аймақтық газ өндiруге деген әсер ету деңгейлерi

Корреляция коэффициентi

Аймақтағы газөндiру

0,9727

“Жетбаймұнайгаз” МГӨБ газөндiру

0,7856

“Қаламқасмұнайгаз” МГӨБ газөндiру

0,6919

* Ұлттық статистика агенттiгi мен “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ қызметiнiң экономикалық көрсеткiштерiнiң мәлiметi
Осы бағытта Жетбаймұнайгаз” МГӨБ қызметiнiң нәтижелерiне аймақтық өндiру аса үлкен әсерiн тигiзедi және “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ қызметiне “Қаламқасмұнайгаз” МГӨБ (9,7 %) жағынан минималды әсерiн тигiзедi.

“Қаламқасмұнайгаз” МГӨБ қосалқы газөндiруiне осы бағыттағы “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ (69,19 %) қызметi мен аймақтық өндiру (63,58 %) максималды әсерiн тигiзедi және минималды әрекет ету “Жетбаймұнайгаз” МГӨБ (9,7 %) жағынан жүзеге асырылады. Қосалқы газөндiрудiң келтiрiлген талдауын қарастыра келе, мына жағдайды айта кету қажет, яғни “Жетiбаймұнайгаз” МГӨБ мен “Қаламқасмұнайгаз” МГӨБ көбiнесе тәуелсiз, сондықтан “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ менеджментiн жақсарту үшiн оны құрылымдық қайта ұйымдастыру қажет. Сол себептен “Қаламқасмұнайгаз” МГӨБ бөлiмшесiне көп көңiл бөлiнетiндiгi.


10-кесте 1999-2001 жж. аралығындағы “Жетбаймұнайгаз” МГӨБ қосалқы газ өндiруiнiң облысқа, “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ және Қаламқасмұнайгаз” МГӨБ әсерi*


Газ өндiруге деген әсер ету деңгейлерi

Корреляция коэффициентi

Аймақтағы газөндiру

0,796

“Маңғыстаумұнайгаз” АҚ газөндiру

0,7856

“Қаламқасмұнайгаз” МГӨБ газөндiру

0,0968

* Ұлттық статистика агенттiгi мен “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ қызметiнiң экономикалық көрсеткiштерiнiң мәлiметi
11-кесте 1999-2001 жж. аралығындағы “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ қосалқы газ өндiрудiң облысқа және өздерiнiң “Жетбаймұнайгаз” МГӨБ менҚаламқасмұнайгаз” МГӨБ бөлiмшелерiне әсерi*


Қаламқасмұнайгаз” МГӨБ газөндiруге әсер ету деңгейлерi

Корреляция коэффициентi

“Маңғыстаумұнайгаз” АҚ газөндiру

0,1958

Аймақта газөндiру

0,6358

“Жетбаймұнайгаз” МГӨБ газөндiру

0,0968

* Ұлттық статистика агенттiгi мен “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ қызметiнiң экономикалық көрсеткiштерiнiң мәлiметi
“Маңғыстаумұнайгаз” АҚ көрсеткiштерiмен сәйкес келетiн аймақтық деңгейде мұнай өндiрудiң байланысын зерттеу мысалы, жоспарлау облысында қабылданған шешiмдердi талдау сияқты әртүрлi мақсаттар үшiн экономикалық-статистикалық үлгiнi (модельдi) қалыптастыруға мүмкiндiк бередi.

Бұндай модель келесiдей болады:


Амө  7,15708 * 0,9956 х1 * 1,0107 х2 * 1,010 х3

(1)


мұндағы, Амө - 1999-2000 жж. аралығында аймақтық мұнай өндiру көлемi, мың тонна;

х1 – 1999-2001 жж. аралығында “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ мұнай өндiру көлемi, мың тонна;

х2 - 1999-2001 жж. аралығында “Жетбаймұнайгаз” МГӨБ мұнай өндiру көлемi, мың тонна;

х3 - 1999-2001 жж. аралығында “Қаламқасмұнайгаз” МГӨБ мұнай өндiру көлемi, мың тонна.
Берiлген экономикалық-статистикалық модель көпше түрде 0,4352 тең коэффициентке ие, бұл қабылданған факторларды талдау үшiн тығыз байланысының жеткiлiктiгiн көрсетедi, ол факторлар “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ мұнай өндiру көлемдерi, оның “Жетбаймұнайгаз” және “Қаламқасмұнайгаз” құрылымдық бөлiмшелерiнiң, сондай-ақ көмiрсутегi шикiзатын аймақтық өндiру.

F – критерий (1,027) жедел жоспарлау мақсаты үшiн алынған модельдi пайдаланудың статистикалық мүмкiндiгiн бiлдiредi. Берiлген модель сондай-ақ “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ, “Жетбаймұнайгаз” МГӨБ және “Қаламқасмұнайгаз” МГӨБ алдын ала жоспарланған мұнай өндiру маңыздылығын келiстiру арқылы бүкiл аймақ бойынша мүмкiн қызметтiң нәтижелерiн алуға мүмкiндiк бередi. Бұндай нәтижеге жетудiң ықтималдығы көпше түрде регрессия коэффициентiмен қойылады және 43 % шегiнде жататын болады.

Аймақтық өндiрумен байланыста республиканың iшкi тұтыну мен экспорттау үшiн акционерлiк қоғаммен өндiрiлетiн мұнайды өткiзу факторы бойынша берiлген модельдi қалыптастыру әрекетi жеткiлiктi күштi байланыстар мен сйкес келетiн параметрлердi көрсете алмады, солардың бiрi болып көпше түрдегi корреляция коэффициентiнiң әртүрлi функциялардың (сызықтың – 0,064; логарифмдiк – 0,113 және т.с.с) түрлерiн таңдауда өте төмен болып шықты. Сол үшiн зерттеу уақыты кезiнде осы параметрлер бойынша жеткiлiктi сенiмдi модельдi ала алмадық. Бұл кiшi статистикалық байланысты, сондай-ақ жұмыс iстеу бағыты жеткiлiктi түрде көрiнбей жатып, экспорттың саясатының тұрақсыздығы.

Берiлген экономикалық-статистикалық үлгi қосалқы газ өндiру үшiн сенiмдi болып шықты және компьютерлiк өңдеуден кейiн келесiдей көрiнiске ие:

Аг  333,483 Х1 + 1042,433 Х2 + 887, 897 Х3 – 43594, 995

(2)
мұнда, Аг – 1999-2001 жж. аралығында аймақтық газ өндiру, мың тонна;

Х1 – барлық бөлiмшелерде “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ газды қосалқы өндiру, мың

тонна;


Х2 – 1999-2001 жж. аралығында “Жетбаймұнайгаз” МГӨБ газды қосалқы өндiру, мың тонна;

Х3 – 1999-2001 жж. аралығында “Қаламқасмұнайгаз” МГӨБ газды қосалқы өндiру, мың тонна.


Алынған модельдiң тәжiрибелiк маңыздылығы газды қосалқы өндiру бойынша жеткiлiктi, сенiмдi болжамдық нәтижелердi алуда келе жатқан уақыт аралығында оны жоспарлау мақсаты үшiн, сондай-ақ аймақта нақты басқару мүмкiндiктерiне баға беру.

Аймақтың негiзгi салық түзушi кәсiпорын ретiнде “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ мысалы, жеке қажеттiлiктерге шығын ретiнде, технологиялық жоғалтулар және т.б. сияқты өндiру процесiнiң технологиялық ерекшелiктерiнiң күшiнде барлық өндiрiлетiн мұнайды өткiзуге жағдай жетпейдi.

Онда сол үшiн “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ-на мұнайдың және газдың товарлық шығарылымы келесiдей (12 кесте) және сәйкес келетiн суреттер 2 және 3.
1999-2000 жж.-ға “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ мұнайдың товарлық шығарылымы, мың тонна, мың теңге

2-сурет
Өтпелi кезеңде Қазақстанның аймақтары бұрын-соңды соқтығыспаған көптеген өндiрiстiк және әлеуметтiк мәселелердi өздiгiнен шешуге тәжiрибелiк түрде берiлдi / 29 /. Тiкелей және жанама шаруашылық байланыстардың толық үзiлiсi, бюджет тапшылығы, экономикалық өсу резервтерiнiң жоқтығы, төлем мәселелерi, жалақыны төлеуде кемiту – бұл мәселелердiң барлығы бұрын орталықтан шешiлдi. Бiрақ “табиғат бос орынның бар болуына шыдамы жоқ”, және өмiрге қажеттi қызметтердi орындады әйтеуiр бiреу мойнына алуы қажет. Бұндай кезде халықаралық келiсiмдердi орнына келтiретiн, басқа да кәсiпорындармен, аймақтармен, республикалармен жоғалтқан шаруашылықаралық кооперативтiк байланыстарды қайта қалпына келтiру үшiн тырысатын iрi акционерлiк компаниялар көбiнесе роль ойнайды. Мемлекеттiк басқару органдары бұл тапсырманы шеше алмайтындығы белгiлi. Аймақтарды активизациялау қажет, сондай-ақ мемлекеттiк емес құрылымдарды, ең алдымен өндiрiстiк және қаржылық жағынан күштi акционерлiк қоғамдарды активизациялау қажет.
1999-2001 жж. аралығына “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ қосалқы газдың товарлық шығарылымы, мың тонна, мың теңге



3-сурет
Жоғарыда айтылғандармен байланысты әйгiлi ресейлiк ғалымдардың қорытындысын келтiрейiк, сыртқы әрекет ету қатынасы бойынша эволюцияланған жүйенiң тұрақтылық қорының өсуi ретiнде прогресстiң (өрлеудiң) жаңа түсiнiгi тұрақты даму теориясында орталық орынға ие. Өрлеу (прогресс) элементтер жүйесiнiң аса дамуы негiзiн негiзiнен басталып, оның кiшкентай ғана бөлiгiн құрайды, сондықтан содағы жалпы тепе-теңдiктi бұзбайды.

Сонымен “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ оны анықтайтын жеткiлiктi күштi шаруашылық бiрлiк ретiнде аймақтық экономиканы ашық сипаттайтын жүйе болып табылады.



12-кесте 1999-2001 жж. аралығында “ММГ” АҚ мұнай және қосалқы газдың товарлық шығарылымы*


Товарлық шығарылым

Жылдар

1999

2000

2001




I кв.

II кв.

III кв.

IҮ кв.

I кв.

II кв.

III кв.

IҮ кв.

I кв.

II кв.

III кв.

IҮ кв.

Мұнай

Мың тн

1109

1114,5

1136

1120

958

108,7

1198

1213

1193

1186

1195

1105


Қосалқы газ

мың тг млн м3

10,7


4023,74

10,8


4061,34

10,9


4098,95

11,2


4211,76

10,7


3459,74

11,4


3686,08

11,8


3815,41

11,9


3847,75

11,9


3674,8

10,5


3754,3

12,4


3655,1

11,6


3695

* “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ мәлiметi бойынша





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет