Ақуыздың III – ші реттік құрылысы – глобулярлы құрылысы: - бұл ақуыз молекуласы-ның 3 өлшемді кеңістікте сан алуан бұрылып, оралып табиғи – термодинамикалық ең тұрақты күйінде орналасуы, яғни нативті (табиғи) құрылым деп атайды. Ақуыздың III – ші реттік құрылысы амин қышқылдарының R-дары арасындағы байланыстар арқылы тұрақтанады. АҚ радикалдары арасында (R) 4-5 түрлі байланыстар кездеседі:
- ковалентті- цистеиндер арасындағы дисульфидті байланыс, қатты (берік) байланыс, оны үзу үшін біршама қуат жұмсау қажет;
- ковалентті емес (әлсіз байланыс):
иондық байланыс - әртүрлі зарядталған (+,-) радикалдар арасында (гидрофильді);
сутектік байланыс – полярлы R арасында (зарядталған, незарядталмаған);
гидрофобтық және ван-дер-вальс байланысы полярлы емес R арасында;
Ақуыз молекуласы III-ші құрылымда : Ақуыз молекуласы III-ші құрылымда :
- қызметтік белсенділікке (егер өз қызметін атқаруға) ие болады;
- онда лигандалармен байланысатын белсенді орталықтар (домендер) пайда болады;
Ақуыз молекуласының II-, III- реттік құрылыстары туралы ақпарат оның бірінші реттік (полипептид) құрылысында болады. Ақуыз молекуласының II-, III- реттік құрылысының түзілуі, яғни 3 өлшемді кеңістікте бұралып, оралып глобула түзуін – ақуыз молекуласының фолдингі деп аталады. Фолдинг ақуыз синтезінен кейін іле – шала немесе ақуыз молекуласы денатурацияланғаннан (III – құрылымы) ыдырағаннан кейін жүзеге асады.
Фолдинг тетіктерін (механизмін) 1973ж. К.Анфинсен RНК – аза ферментіне тәжірибе жасап зерттеген.
6-сурет Глобулалы ақуыздың үшінші реттік құрылымын
Достарыңызбен бөлісу: |